Қоғамдық ғимараттың сумен жабдықтау, жылу кәріз жүйелерін жобалау кезінде келесі құжат түрлерін басшылыққа алдық:
- ҚНменЕ 2.08.02-89* "Қоғамдық ғимараттар мен үймереттер";
- ҚНменЕ 2.04.05-91* "Жылу, вентиляция және кондиционерлік ауа";
- ҚНменЕ 2.04.01-85* "Сумен жабдықтау және кәріз".
Инженерлік желілер бөлімін орындау үшін берілген мағлұматтар:
1. Қысқы бескүндік сыртқы ауа температурасы есептік жылу жүйесі үшін tнхп= - 32 ˚С, қысқы ауаның неғұрлым суық тәуліктік температурасы tнхс = -36˚С, ал жазғы есептік желдету жүйесі үшін tж=19°С.
2. Ішкі бөлмелер температуралары:
Тұрғын бөлмелер - tт.б.=20°С;
Тазалық бөлмелері - tт.б.=25°С;
Кіреберіс - tкір.=16°С;
Асхана - tасх.=15°С.
3. Сумен қамтамасыз ететін қалалық тораптардың кепілденген арыны Нкеп=20 м. су ст.
4. Орталық жылумен қамтамасыз ету үшін жылу тораптарының шамасы 120-70 °С.
5. Тәуліктік ауыз-шаруашылық су шығыны Qх.в.=6,45 м3/сут.
6. Тәуліктік ыстық су шығыны Qг.в.=6,88 м3/сут.
Достарыңызбен бөлісу: |