Дипломдық жоба мамандыгы 5В072900 Құрылыс Қарағанды 2019



бет19/34
Дата03.01.2022
өлшемі0.89 Mb.
#450964
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
туржан пояснилка

4.4.3 Өрт қауіпсіздігі

Құрылыс алаңында өртке қарсы шаралар құрылыстық-құрастыру жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес орындалуы тиіс. Өрт сөндіру үшін қолданыстағы және жобаланатын су құбыры желісінен алынған су пайдаланылады. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру объект құрылысының бастығына жүктеледі. Ол өрт күзетін ұйымдастыру үшін, қажетті өртке қарсы шараларды белгіленген мерзімдерде орындау үшін жауапкершілік алады. Жұмысшылар мен қызметкерлер міндетті түрде өрт қауіпсіздігі ережелері мен өрт туған жағдайда әрекет ету бойынша нұсқаулықтан өтеді.

Учаскеде орналастыру кезінде жобада келесі өртке қарсы шаралар ескерілген:

- көрші ғимараттардан нормативтік бөлінулерді олардың отқа төзімділік дәрежесіне сәйкес белгіленеді;

- өрт автомашиналарының ғимаратқа кіретін жағынан асфальт;

- бетонмен жабылған жол бойымен кіруі қарастырылған;

- сырттан өрт сөндіру үшін тұрақты су құбыры желісінде өрт гидранты жабдықталады;

- құрылыс алаңы аумағында өрт бұйымдарының (балталар, сүймендер, күректер, өрттік ілгектер, шелектер) жинағы бар қалқан орнатылады;

- қалқанның жанына – өрт сөндірудің бастапқы құралдары (құмы бар жәшік, суы бар ыдыс, өрт сөндіргіштері бар стенд) болады.

- барлық жұмысшылар өрт бұйымдарын пайдалануға үйретілген және өрт -туған жағдайда өздерін қалай ұстауды білуі керек, бұл үшін өртке қарсы

-қауіпсіздік шаралары бойынша сәйкес нұсқаулықтар жүргізілді;

- битум жаққан кезде жөндеулі қазандықты және қақпақтарды пайдалану және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге рұқсаты болуы керек;

- тұрмыстық бөлмелер арасында өртке қарсы бөлінулер 3,5 м белгіленген;

- телефон байланысы жүргізілген. Елді мекенді жерлерде және іс жүзіндегі кәсіпорындар аумағында құрылыс алаңын қоршайды. Егер құрылыс алаңын қоршау мүмкін болмаса, оның шекараларын сәйкес белгілермен және жазулармен белгілейді. Құрылыс алаңына кірер жерде эмблема мен қалқанды орналастырады, онда құрылыстың негізгі сипаттамаларын көрсетеді. Құрылыс басталғанға дейін алаңда кіреберіс жолдарды және алаң ішілік жолдарды жабдықтайды. Жолдардың өтер бөлігінің минимум ені көлік бір бағытта қозғалған кезде - 3,5 м және екі бағытта қозғалған кезде 6 м болуы керек. Кіреберістерде және құрылыс алаңының өзінде сәйкес жол белгілерін орнатады, жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз өтер жерлерді белгілейді. Жұмыс жүріп жатқан жерге жақын автокөліктің қозғалыс жылдамдығы тік учаскелерде - 10 км/сағаттан және бұрылыстарда 5 км/сағаттан аспауы керек. Тәуліктің қараңғы мезгілінде жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс орындалуы мүмкін жерлердің бәрі СН 81 – 80 нормаларына сәйкес жарықталады.

Қауіпті аймақтарды сәйкес белгілермен және жазулармен белгілейді. Ұдайы әрекет тететін ОПФ аймақтарына төмендегілер жатады:

- электр қондырғыларының оқшауланбаған ток жүретін бөліктеріне жақын аймақтар;

- биіктігі бойынша 1,3 м және одан көп қоршалмаған құламаға жақын учаскелер;

-машиналарды жылжыту орындары;

- жоғары зиянды заттар мөлшерінің болаты жерлері;

-жүктерді крандармен жылжыту жүретін жерлер.

Потенциалды әрекет ететін аймақтарына мыналар жатады:

- құрылысқа жақын аумақ учаскелері;

- конструкцияларды құрастыру жүретін бір қамтымдағы ғимараттардың қабаттары.

Қауіпті аймақтардың шекаралары

Қауіпті аймақтардың шекаралары жұмыс аймағы ауасында зиянды заттардың артуы болатын жерлерде бекітіледі. Потенциалды әрекет ететін аймақтарын МЕСТ 23407 – 78 бойынша сигналдық қоршаулармен қоршаған жөн. Сигналдық қоршаулар – потенциалды әрекет ететін сақтандыруға және шектеулі қол жеткізу аймақтарын белгілеуге арналған құрылғылар. Қоршаулар төмендегідей бөлінеді:

- қорғаныш-күзеттік – қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар аймаққа және учаскеге бөтен адамдардың кіруін болдырмау және материалдық құндылықтарды күзетуді қамтамасыз ету;

- қорғаныштық – қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар аймаққа және учаскеге бөтен адамдардың кіруін болдырмау;

-сигналдық – қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар аймаққа және учаскелердің шекаралары туралы ескерту.

Тиым салатын белгілер – белгілі бір әрекеттерге тиым салу. Белгі түрі: ішінде ақ жиегі бар қызыл түсті дөңгелек, ақпен жиектелген және қара түс бейнеленген.

Ескерту белгілері – жұмысшыларды қауіптің мүмкіндігі туралы ескерту. Белгі түрі: жұмырланған бұрыштары бар тең қабырғалы үш бұрыш.

Нұсқағыш белгілер – түрлі объектілер мен құрылғылардың тұрған жерлерін, медициналық көмек пункттарын, тамақтану пункттарын, өрт посттарын көрсету және т.б. Белгі түрі: шеті ақпен жиектелген көк тік бұрыш, квадраттың ішінде символдық бейне немесе қара түсті түсіндірме жазба.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет