Дипломдық жобалау» 5В072800 «Өңдеу өндірісінің технологиясы»


Жарма зауытындағы аршу бөліміндегі құрылғыларды таңдау мен есептеу



бет6/7
Дата07.07.2016
өлшемі2.41 Mb.
#183882
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

5.5. Жарма зауытындағы аршу бөліміндегі құрылғыларды таңдау мен есептеу


  1. Қабықтау машинасын есептеу.

Тарыны және қарақұмықты өңдегенде аршитын таспаның ортақ ұзындығы, L (см).

L= (Qзад – 100)\ q


Мұнда, q – ұзындығы 1 см білікті таспаға тиеудің техникалық нормасы. 11(2)қосымша.

Күрішті өңдегенде аршитын таспаның ұзындығы , L (см)


L= Qзад \ q
Сұлыны өңдегенде аршитын диірмен тастарының ортақ санын анықтайды.

n=Qзад \ q

Тары, бидай, бұршақ өңдеген кезде машиналарды бір машинаға түсетін жүктеме бойынша таңдап алады:

n=Qзад \ q




  1. Тегістейтін және жылтырататын машиналарды есептеу.

Тегістеу және жылтыру машиналарының санын бір машинаға тиеу арқылы анықтайды (қосымшаны қараңыз). Алынған тегістейтін машиналар саны барлық жүйеге ортақ екенін ескеру қажет. Бірнеше тегістеу жүйе анықталған жағдайда машиналар барлық жүйеге бөлінеді.
n=Qзад \ q

мұнда, q – ұзындығы 1 см білікті таспаға тиеудің техникалық нормасы. 11(2)қосымша




  1. Елейтін бетті есептеу

F=1000•Qзад\q,


Мұнда, q –1 м2 елейтін бетке тиелген, кг\ (сут•м2).


  1. Жарма бөлу машиналарын есептеу.

Сұлыны аршылатын және аршылмайтын астыққа бөлгенде дискті триерлер және падди-машиналар қолданады; күрішке – падди-машина. Дискті триерлер бір машинаға тиегенде таңдалады.
n=Qзад \ q
Падди-машиналарының түрлері көп болғандықтан, тиелгеннен бір каналға жүктеледі. Зауыт өндірушілігін және каналға тиеуді білу арқылы каналдар санын табады:

nк=Qзад \ qк


мұнда, qк – каналға тиеу, т\тәу

Сосын, падди-машиналарды анықталған канал санымен m қабылдайды, машиналар санын есептейді:


n=Kk\m ,
мұнда, К – падди-машина каналдарының жалпы саны;

m – бір падди-машина канал саны.


Астық тазарту машиналары, аспирациялық колонкалар, аспираторлар және басқа да машиналарды өндірушілікке тәуелді түрде таңдайды және түскен шикізат мөлшеріне тәуелді болады. Магнитті сепараторлар белгілі формула арқылы есептеледі.


  1. Аршу бөлімі есептерін берілген кестеге енгізу қажет.






А

марка

к

өндірістік



















Паспортты

Фактылық



























6 БӨЛІМ. Ұн тарту және жарма зауыттарының жабдықтарын жинақтау
6.1. Жабдықты жинақтаудың қағидалары
Өндірістік ғимарат қабаттарында жабдықты орналастыру, жобаланатын технологияға сәйкес оны жинақтау кешенді жүзеге асады. Яғни, бір уақытта немесе технологиялық, көлікті, аспирациялық, электротехникалық жабдықтардың, сонымен бірге бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарының өзара байланысында жинақтау қажет. Жабдықты технологиялық сызба есебімен орналастыру керек, бұл көлікті механизмдердің минималды санымен өндірістің үздіксіздігін және ағымдығын қамтиды. Техникалық талаптар қызмет көрсету, пайдалану, жабдықты жөндеу жайлылығын, үрдістің кешенді механикалануы мен автоматтандырылуы үшін жағдайлар жасауды ескереді.

Технологиялық үрдісті басқару, жабдық жұмысын бақылау, жабдықты жөндеу жұмыс орындарының жақсы жаратылысты және жасанды жарықтандырылуын талап етеді. Басқа тең шарттарда, жаратылысты жарықтандыру көздеріне жақын кіші габаритті өлшемдерге ие жабдықты орналастыру керек. Жүйелік қызметті талап етпейтін жабдықты жаратылысты жарықтандыру көзінен үлкен қашықтықта немесе жабдықтау екінші қатарына орнатуға болады. Мысалы, соратын сүзгілерді, үлкен биіктікке ие батарейкалық және жалғыз циклондарды терезеге таман орналастыру өндірістік ғимарат тереңдігінде орналасқан жабдықпен бөлменің жаратылысты жарықтануын төмендететін болады. Сондай-ақ, терезе ауданында орналасқан норий құбырлары, өнім жолдары, аспирациялық ауа жолдары, өздік ағысты көлік бөлшектері жаратылысты жарықтануды төмендетеді.

Үлкен жабдықтарды жаратылысты жарықтану шығындары минималды болатындай етіп орналастырады. Мысалы, сүзгілерді қабырға жазықтығына бейімдеп, терезелерге қысқа жағымен орнатуға болады. Жобаның үнемділігі мен тиімділігі сондай, аспирациялық ауа жолдары мен көлік құрылғыларының ұзақтығына да байланысты болады. Ауа жолдарының ұзақтығын азайту үшін аспирациялық жабдықты технологиялыққа жақындатады.

Ұн тарту және жарма зауыттарында еңбектің сау және жайлы жағдайларын жасау тікелей шу мен вибрация деңгейін төмендетуге байланыты. Сонымен бірге, вибрация бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарының жұмысына теріс әсер етеді. Ондай жабдықтарды (автоматты таразылар, шығын өлшегіштер, түс өлшегіштер т.б.) вибрацияның жоғары деңгейін тудыратын жабдықтар (сілкитін механизммен соратын сүзгілер, жоғары қысымды желдеткіштер, ауа үрлеу машиналары т.б.) жанына орналастыруға болмайды. Жоғары қысымды желдеткіштер мен ауа үрлеу машиналары жақсы дыбыс виброшектеу мен жеке бөлмелерде, бірінші қабатта орнатады. Осындай жабдықты орнату аэродинамикалық шуды басушылар мен виброшектеу жастықтарын орнатуды талап етеді.

Жеке бөлмелерде қоршаған кеңістікке артық қысым бөле алатын жабдықтарды (жуу машиналары, дымқыл аршу машиналары, дән аулағыштар, жуу қалдықтарын сығатын престер, т.б.) орналастыру ұсынылады. Ондай бөлмелердегі қабырғалар мен еден гидрошектеуге ие болуы керек.

Машиналар мен механизмдер қызметіне тиімді жағдайлар жасау, еден деңгейінің үстінен жабдықты орнату биіктігін өзгертуге мүмкіндік беретін, арнайы құрылымдарды (жақтаулар, станина) пайдалануды талап етеді және ондай жабдықтарға ылғалдаушы аппараттар, шлюзді қоректендіргіштер, магнитті аппараттар т.б. жатады. Визуальді бақылауды талап ететін реттеу мен автоматты басқару құралдары, жабдықтар, аспаптардың тақталары мен шпалдары еден деңгейінен 1,4-1,6 м биіктікте болуы керек. Егер қызмет физикалық күш шығындарымен байланысты болса, онда қызметтегі телім еден деңгейінен 0,8-1,2 м биіктікте болуы керек. Егер еден деңгейінен жетекті білік өсіне дейінгі биіктік 1,8 м-ден асса, норий бастарының қызметіне арнайы алаңдар құрылысы міндетті болып табылады. Жабдықты орнатуда жоғары қабатты жабуға, жүйелі қызметке мұқтаж механизмдер мен машиналарды бекітуді болдырмау керек.

Өндірістік алаңды үнемдеу үшін, әсіресе, қайта жобалау жобасын орындауда, жабдықты екі ярустан орнатуға рұқсат. Осылай металомагнитті қоспаларды бөлуге арналған аппараттарды, аспирациялық бағандарды, триерлерді орнатуға болады. Стационарлы жабдықтың барлық түрлері арасындағы минималды рұқсатты өткелдер мен ажыраулар өнеркәсіптік санитария мен қауіпсіздік техникасы бойынша бекітілген нормаларға сәйкес регламенттеледі.

Рис.1. Білікті станоктардың топпен орналасуы


Ұн тарту және жарма зауыттарының барлық қабаттарындағы жабдықтарды 1 м-ден ке емес жол топтары арасында, аралас бөлмелерге немесе баспалдақты торларға тікелей шығумен байланысты, бос көлденең және бойлық өткелдер қалдыра отырып орналастырады. Жеке машиналар арасындағы өткелдер 0,7 м-ден кем емес болуы керек. Өз қызметіне барлық жақтан қатынасты талап етпейтін машиналарды топтап орнатуға рұқсат беріледі.

Білікті станоктар екі қарама-қарсы жақтардан ұдайы қызметті талап етеді, сондықтан оларды топпен орналастыруға болады. Топтап орналастыруда станоктар тобының жалпы ұзындығы 12 м-ден артық болмауы керек. (1 сурет.)

Төрт жақтан қызметті талап етпейтін центрифугаларды, бураттарды шығару және тегістеу машиналарын 0,25-0,3 м аралықпен топта екі машинадан орнатуға болады. Бұл кезде машиналар топтары арасындағы өткелдер шамасы 0,8 м-ден кем емес болу керек. Шеңберлі түсетін немесе тура сызықты қайтымды-түсетін қозғалысқа ие машиналар (тас бөлу, машиналары, шкафты айырғыштар, сепкіштер, падди-машиналар, т.б.) үшін, машиналар арасындағы өткел шамасын эксцентриситетке немесе екі эксцентриситетке ұлғайтады.

Аралас бөлмелереге және баспалдақты торға шығумен, сепкіштер қабатындағы өткелдер 1,15 м-ден кем, қысқа жақта-дестелі сепкіштер үшін 1 м-ден кем және шкафты сепкіштер үшін 1,25 м-ден кем болмауы қажет.

Қысқа жақтарында шкафты сепкіштер арасындағы қашықтықты ұлғайту електерді алмастыру үшін ұлғайған өткелге ие болу қажеттілігімен түсіндіріледі (2 сурет)

А= 0,8+2а,

Мұндағы а - эксцентриситет, м.
Барлық жағдайда өткел үлкендігі 1,2 м-ден кем болмауы керек.

Қозғалыссыз жабдықтар,мысалы нориялар,және турасызықты қайтымды түсу қозғалысына ие машиналар расындағы өткен шамасы кем емес болуы керек.

А2 = 0,8+а
Ортақ жетекпен екі сұрыптау үстелдерін орнатуда араларындағы қашықтық 0,6м болу керек.

Жылжымалы електерімен магшиналар қызметінде електерді алмастыру мүмкіндіктерін ескеру керек,ол үшін ұлғайтылған өткелдерді қарастырады 50,100,одан көп т/сағ. Өндірушілікті ака-електі айырғыштар үшін електерді алу жағынан өткел шамасы 1,4 мм-ден кем емес болу керек, ауа електі айырғыштардың 5-20 т/сағ өндірушілігінде өткелдер 1,2-1,0м құрады. Аз өндірушілікті мен жармасұрыптауларда өткелдер шамасы 0,8м-ден кем емес болу керек. Шкафты айырғыштарды орнатуда өткелдер өлшемін сепкіштерге секілді алу керек.

Норийлер, пневмокөлік пен өздікағысты көліктің өнім жолдары және қозғалысты бөлшектері жоқ, тұрақты қызметті талап етпейтін жабдықтар бункерелер немесе ғимарат қабырғаларынан 0,15 м қашықтықта орнатылуы мүмкін. Басқа үш жақтан 0,8-1,0 м ден кем емес өткелдерде, циклон-шаңбөлгіштерді, циклон-жүктеулерді, желдеткіштерді қабырғаларадан 0,25м алшақтықта орнатуға болады.

Сурет 2. Тұқымды орналастыру (а, б) және падди – машиналарды (в)


Дән мен өнімдердің көлденең жылжуына бұрандалы, тізбекті конвейерлер мен аэронауалар қолданады. Бұл жабдықтар қабырға жанында орналасуында бойлық өткел шамасы 0,7м-ден кем емес болу керек, ал параллель орналасқан жабдық арасындағы өткел 0,8м-ден кем емес болу керек.

Пневмоаспираторлар, дәндер өлшегіштерімен конвейерлер, норийлер,т.б. қызметі алаңдардан және галерейлерден жүзеге асады. Алаңдар құрылысына келесі талаптар қойылады:

-алаңнан жабу құрылымына дейінгі қашықтықты 2,0м-ден кем емес деп алады;

-алаң еден деңгейінен 0,2м биіктіктен терең борт құрылысымен және 1,2м-ден кем емес биіктікпен қоршауға ие болу керек;

-алаңды 10м-ден артық ұзындықта екі баспалдақты марштармен және 10м-ден кем емес ұзындықта бір баспалдақты маршпен жабдықтайды.
6.2.Жабдықтар арасындағы өткелдердің нормалары
Жабдықтардың орналасуы кәсіпорындардағы өндірістік санитария мен қауіпсіздік техникасының ережелеріне сәйкес болу керек. Барлық жабдықтарды монтажы, жөндеуі, қызметі ыңғайлы және қауіпсіз болатындай етіп орналастырады.

Тікелей баспалдақ торларына немесе аралас бөлмелерге шығумен байланысты көлденең және бойлық өткелдер, сондай-ақ станоктар немесе машиналар топтары арасындағы өткелдер ені 1м-ден кем емес болу керек, ал жеке машиналар мен станоктар арасында 0,8м-ден кем емес кеңдікте болуы қажет. Қызметке барлық жақтан қатынасты талап ететін сепкіштерді, айырғыштарды, жармасұрыптау, жуу машиналарын топпен орналастыруға рұқсат берілмейді.

Егер әр топта электрқозғалтқыштармен бірге 15 м-ден кем емес жалпы ұзындықты 5 станоктардан көп емес болса және топтағы басқаларын тоқтатпай ақ, кез келген станокта жұмыс біліктерін ауыстыру мүмкіндігі қамтылса ғана білікті станоктарды топпен орнатуға болады. Топта орналасқан білікті станоктардағы шкивтер арасындағы ажыраулар, станокпен бір жабындыда орнатылған жеке электр қозғалтқыштардан станоктар жетгінде 0,7м-ден кем емес кеңдікте болуы керек, ал төмен жатқан қабатта орналасқан электрқозғалтқыштардан жетекте 0,35м-ден кем емес.

Сепкіштер немесе шкафты түрдегі айырғыштар мен ғимарат қабырғалары арасындағы бойлық және көлденең өткелдерін 1,25м-ден кем емес деп алады, ЗРШ түрдегі сепкіштер арасындағы өткелдер қысқа жағында 1,15м-ден кем емес, ұзын жағында 1м /сепкіштердің бірқатармен орналасуында, сепкіштердің екіқатарлы бойлық орналасуында қысқа және ұзын жақтары бойынша өткелдер 1,5м-ден кем емес болуы керек.

Машиналар мен механизмдер/норий бастары,шнектер, т.б./ қызметіне арналған алаңдарда, көпіршелер мен галереяларда бойлық және көлденең өткелдерді 0,8м-ден кем емес кеңдікпен жасайды. Өткелдерде өздік ағысты құбырларды және басқа жабдықтарды орнатуға рұқсат берілмейді.

Қозғалысты бөлшектері мүлдем немес бір жағынан жоқ және бұл жағынан қызметті талап етпейтін жабдық /өздікағысты құбырлар, өнімжолдары, ауажолдары, норий құбырлары,т.б./ 0,25м-ден кем емес алшақтықпен қабырғалар жанына орнатылуы мүмкін. Таспалы конвейерлер мен шнектерді орналастыруда келесі негізгі өткелдер болуы керек:

- қабырға мен конвейердің бойлық жақтарының бір-бірімен арасындағы кеңдік 0,7 м-ден кем емес, басқа жағынан 0,35м-ден кем емес кеңдікпен;

- екі параллель конвейерлер арасында 0,8м-ден кем емес кеңдікті өткел жасайды.

Жоғары орналасқан жабдық/триерлер, норий бастары, магнитті қоршаулар, аспирациялық және пневмокөлік құрылғылары,т.б./ қызметі үшін 2м-ден төмен емес биіктікте баспалдақтармен және 1м биіктікті таяныштармен стационарлы алаңдарды қарастырады. Бір қабатта ауырсалмақты жабдық/білікті станоктың біліктерін алуға, жылжытуға, орнатуға арналған/ орналасуында ұстіне электротельфермен монорельс орнату қажет. Еденнен монорельске дейінгі қашықтық 0,7м-ден кем емес болуы керек.

Дистанциялық басқарумен ысырмаларды еденнен 2м-ден жоғары емес орнатады. Өздікағысты құбырдың қызмет бөліктерін-бөлу және аудару қақпақшаларын, тізелерді еденнен 1,5м-ден артық емес деңгейде жобалау ұсынылады.көлденең аспирациялық ауажолдарын еден деңгейінен 3м-ден жоғары емес орнату керек.


6.3. Бункерледі орналастыру және дайындау бөлімінің өлшемдерін анықтау

Есептердің нәтижесінде алынған технологиялық жабдық бункерде біртұтас жүйеге біріктірілуі керек, ол дәннің өңдеуге дайындығының жүрісіне лайықты болуы керек. Жобалаудың алдын-ала нәтижесінің кезеңінде ауқымды қағазда көлденең сызықтың қатарын жасайды, аралары таңдап алынған қабаттың санына сәйкеседі. Технологиялық сызбамен сәйкестікте және ғимараттың қабаттарында шыққан есептерді қатал бақылаусыз барлық технологиялық жабдықты және бункерді безейді. Үстіңгі және төменгі қабаттарды көліктің жабдығын (басы және норий кебістерінің, пневмоқабылдағыш және түсіргіш) орналастыру үшін арнайды.

Технологиялық жабдықтың үстіңгі және төменгі қабаттарда орналастырылуы оның компоновкасының көліктің жабдығының элементтерімен бірге өндірілуі керек. Сол себеппен, әзірлеу аулақтануда жеке технологиялық сызықтар жоғары қабаттан төменгіге дейін болады. Кейін бункерлер мен бірінші технологиялық сызықтың жабдығының орналастырылуы дәнді жоғарғы қабатқа тасымалдау көмегімен көтереді.

Дәннің ауыспалылығын суретте тұтас вертикалды сызық түрінде белгілеген, ол норий құбырдың өтуін немесе пневмотранспорта материалопровод өндірістік ғимараттың қабаттары арқылы өткенін көрсетеді. Аналогиялық бейнемен бункердің барлық технологиялық жабдығын орналастырады. Жасалынған жұмыстың нәтижесінде мынадай технологиялық сызықтың санын анықтауға болады, қандай қабатта нақты қажетті жабдықты тағайындауға және дәннің тік өрлеуі үшін көліктің тетіктерінде шынайы қажеттілікті көруге болады.

Ұн-жем зауыттарының орташа өндірісінде мұндай сызықтар саны алтау немесе жетеу. Демек, сәйкесінше алты, жеті дәннің өрлеуіболу тиіс. Кейін негізгі жабдықты орналастырғаннан соң қалдықтарды тексеру құрылғысын орналастыруға көшеді. Тексеру сызықтары бірнеше технологиялық операцияларды сепарация, металмагнитті қоспаларды белгілеуі, ұсақтау, тарту және шұғыл сақтауды ескере отырып, жақсы нәтижелерге жетуге болады, қалдықтарды өңдеуге арналған құрылғыны орналастыра отырып, әзірлеу бөлімшесі ғимараттың жоғарғы қабаттарынан бастауға болады. Жиынға және бақылау операциясына қалдықтарды өткізу үшін пневмотранспорттық сызықтарды қайтадан жобалау қажет. I,II,III санатты қалдықтар, қуыршақтар қалдықтары жеке жіберіледі. Жуылатын және минералдық қоспалар бақылау операциясына мүмкіндігінше самотек арқылы жұғады. Ақырында, негізгі дәннің алты,жеті өрлеуіне қалдықтың төрт-бес өрлеуі қосылады. Суретте сабақтастырылған және жабдықтың және әзірлеу бөлімшесінің бункерлерін дәннің тік өрлеуінің санының және қалдықтың санын болжам бойыншакөрсетілген. Ақырында, дайындықтың ағылмалы үдерісінің орындалуы үшін төрт норки және алты дәннің және қалдықтың пневматикалық транспорттеуінің материал өткізгіштігін орнату қажет. Сонымен бірге бидайдың және ржи мен жарма зауыттар үшін барлық әзірлеу бөлімшелерінің бункер жабдығын біріктіреді.

Дайындау бөлімінің жабдығын алдын-ала орналастыру ғимарат қабаттарының жоспарларында оның соңғы орналасуымен сәйкес келуі мүмкін. Соңғысы жобалаудың нақтылы шарттарымен және әртүрлі белгілеудегі жабдықтардың үлкен санын бірыңғай кешенге байланыстыру қажеттілігімен байланысқан. Технологиялық жабдықтардың өзара, бункерлермен және тасымалдау механиздерімен байланысынан басқа, жобалаудың алдын ала кезеңінде дайындау бөлімінен ұнтақтауға және элеватордан дайындау бөлімінедәннің берілуі қағидалы өңделуі тиіс.




3 сурет. Ұн-жарма заутының дайындайтын бөліміндегі көлденең транспорттың және құрал-жабдықтың этапты орналасуы.

1-тазаланған астыққа арналған бункерлер; 2- астыққа арналған өлшеуіштер; 3- автоматты таразылар; 4-жылытқыш; 5- нори кебіс; 6 - нори басы; 7-сепаратор; 8 –тас бөлетін машина; 9 - триер-қуыршақ саралау; 11- жылдамдық кондиционері; 12- жуғыш машина; 13-ылғал түсіруші; 14 - ылғалдандырушы машина; 15 – сақтауға арналған бункер; 16 - магнитті аппарат; 17- түс қағазды машина; 18-пневмосепаратор; 19-щеткалы машина; 20 - түсіруші циклон; 21 - бурат; 22 - аспиратор; 23 - дробилка: 24-қалдықтарға арналған бункерлер; 25 – зерноуловитель; 26-кептіргіш; 27-1драналы жүйелі сақтауға арналған бункер; 28-білікті станок; қысқартулар: О-овсюг: К –куколь: ЖС-жуатын сулар.
Ұн-жем және жарма зауыттарында бункерлер тазартылмаған дәннің қорын сақтауға және термиялық өңдеуіне арналады. Одан басқа, кейбір құрылғыларға жинақтау бункерлеріне орналастырады, ол оның тоқтаусыз жұмысын қамтамасыздандыру үшін.

Тазартылмаған астықтар үшін бункерлерді көбінесе 3000×3000×1200мм өлшемді құрама темірбетонды элементтерден жасайды. Бункерлер элементтерін бірін үстіне бірін жатқызады, құрыш кепілдіктің бөлшектері қайнатады ал түйістерін монометтейді. Тұтас элементтің биіктігі ғимараттың қабатының биіктіктеріне еселік, бұл қабаттың шегінде бункерлерді элементтің толық санынан теруге мүмкіншілік береді. Бункердің биіктікгіне сай элементтің толық санын орналастырады. Бункердің биіктікгіне сай ғимараттың қабаттарына, технологиялық процестерінің қиындығына және зауыттың өндіріс күшіне тәуелді екі, үш қабатқа орналастырады. Бункердің түптерін қиылысқан пирамидалар немесе конус түрінде жасайды, оның шыңы шығару болып табылады. Түптің қисықтығының бұрышы дәннің бункерде тоқтаусыз майдалануын қамсыздандыруға керек, ол жай жағдайда 15̊ С-тан төмен болады.

4сурет.Бидайға арналған бункер түбінің конструкциясы.

а-с бір шығару тесігі бар; б- с бункерді 4 бөлікке бөлу арқылы: в-бункерді бөлікке бөлмейді.


Соңғы уақытты конструкция түбінің таратуын тапты, ол астық массасын өздігінен сортталудвнсақтайды. Ол үшін түпте 16 шығару ойықтарын жасайды,қиылысуы бойынша біркелкі. Ойығының диаметрі мм. Астықтың жиыны үшін әрбір бункердің астында құрама бақыр оймышты жасайды. Бункердің қабырғасының қалыңдығы конструкция түбіне тәуелсіз. Бір шығаруы бар бункерді тазартылмаған астықтарға пайдаланады. Сол себептен технологиялық үдеріске сапаның көрсеткіштерінің уақыт бойынша өзгеретін астықтар түседі. Соңғысы астықтазарту машинасының жұмысын тиімділігіне кері әсер етеді және оның түпкілікті күйттеуін сұрайды.

Шығару тесіктерінің жеткілікті үлкен санымен бункерлердің құрылысында бункер қимасының бүкіл кеңдігімен дәннің бағанмен ағуы қамтылады. Бұл дәннің өздік сұрыпталуына мен қабырғаларда және түбінде шөгу аймақтарының түзілуі жояды. Осындай бункерлер тазартылмаған дән үшін және үздіксіз әдісте дәнді суландыру үшін қолданылуы мүмкін /4 сурет/.

Бункерлер қабырғаларын стандартты темірбетонды элементтерден жасайды, олардың жалпы түрі 5 суретте берілген. Мұнда құрама элементтерден жасалған бункерлердің екі және төрт қатарларын жинақтау сызбасы көрсетілген.

Ұн тарту және жарма зауыттарын жеке жобалауда /мысалы, сейсмикалық қауіпті алаңдарда /бункерлерді мономентті темірбетоннан жасайды. Бұл жағдайда жоспарда бункерлер өлшемдерін зауыт өндірушілігіне, құрылымына және ғимарат қабаттығына байланысты таңдайды.

Тазартылмаған дәнге арналған бункерлерді элеваторға қаратып, дайындау бөлімінің торцінде орнатады. Элеваторлардан дән беруді тасымалдау галереяларымен немесе өздік ағысты тасымалдаумен жүзеге асырады. Таспалы конвейерлер көмегімен дән беру ең тиімдісі болып саналады. Бұл жағдайда дәнді дайындау бөліміне беретін конвейер тазартылмаған дәнге арналған бункерлерге өздік ағыспен дән таралуын қамтитын биіктікте жүреді. Оларды дайындау бөлімінің торцінде ғимараттың бүкіл енінде орнатады немесе арнайы блокта суландыру үшін бункерлермен жинақтайды.

Жалғыз бункерлерге дәнді тазарту көбінесе өздікағысты құбырлар немесе тырмалы конвейерлер көмегімен жүреді. Сондай-ақ олардың сәйкесуі де мүмкін.Өздік ағысты құбырлар көмегімен дән таратылуын олрнатуға барлық бункерлердің бір уақытта немес кезектесіп бірқалыпты жүктелуі қамтылуы керек.Бұл дән ағымдарын бөлуде аударма қақпақатар немесе өздік ағысты құбырдың тік теліміндегі ысырмалар құрылуымен жүзеге асады.

Суландыруға арналған бункерлер технолоиялық жабдықпен бірыңғай жүйеге байланысуы керек.Сондықтан олардың ұнтақтау бөлімінің қабырғасына таман орналасуы ықтималды, бұл суланудан кейін ұнтақтауға дәннің ыңғайлы /қысқа бағытпен/ берілуін қамтиды. Осындай шешім ұнтарту зауыттарын жеке жобалауда және құрылыста мономентті темірбетонды пайдалануда ақталады.

Құрама темірбетонды элементтерден ұнтарту зауыттарын жобалау және құрылысын салу тәжірибесінде суландыруға арналған бункерлерді тазартылмаған дәнге арналған бункерлермен бірге дайындау бөлімі жақтан ғимарат торцінде немесе бөлек тұрған ғимаратта орнатады. Бұл дән беруді біршама күрделендіріп, қосымша тасымалдау механизмдерін талап етеді. Бірақ бұл кезде бункерлер мен ғимарат негізін көтерудегі құрылыс монтаж жұмыстарын мәнді жеңілдетеді. Суретте сулауға және тазартылмаған дәнге арналған бункерлерді орналастыру мысалдары көрсетілген. Суландыруға арналған бункерлерді бұрандалы конвейерлер көмегімен жүктейді. Дәннің бірқалыпты ылғалдануын қамту үшін оның ұзындығы м-ден кем емес болу керек. Белгіленген ұзындықты бұрандалы конвейерлерді орналастыру мүмкін еместігінде оларды бір-бірінің үстіне, екі яруста орнатады.

-------------------------------------------------------------------------

5сурет. Бункер қабырғаларының темірбетонды элементтері мен олардың блокка біріккен сызбасы


Әзірлеу аулақтанудың ұзындығын есептік жолмен анықтауға болады. Ол үшін әлдеқайда габаритті технологиялық жабдық орналасатын қабат таңдап алу керек,кейін оның жоспарда болжама орналастыруынан соң әзірлеу аулақтанудың ұзындығының жақындатылған мағынасын есептеп шығару қажет. Ереже бойынша, әзірлеу аулақтанудың ең габаритті жабдығы болып сепаратор, тасбөлу машиналары, триерлер, сонымен қатар ғимараттың ұзын кіндігінің үлкен жағымен жуу машиналары орналасады.

Өлшемді анықтағанда негізгі технологиялық жабдықтың габаритті өлшемдерін ғана ескеру тиіс, қосалқы жабдық ғимараттың еніне сай негізгі жабдықтың арасында орналасады деп болжайды. Өңдеуші және әзірлеу аулақтанудың арасында болатын баспалдақтың торы да ескерілуі керек. Ақырында, әзірлеу аулақтанудың болжама ұзындығының есебінде бункердің, жабдықтың, норий немесе өнімөткізгіш, сонымен қатар баспалдақтың торының орналасуын алдын-ала анықтау қажет. L4 әзірлеу аулақтануының ортақ ұзындығы, сөйлемшеден алынады:

L3 = Lо + Lб + Lл ,
L0 - жабдықты орналастыратын ғимараттың ұзындығы, м; Lб -ғимараттың бункерін орналастыру үшін ұзындығы, м; Lл - ғимараттың баспалдақтың торының орналастыру үшін ұзындығы, м .

L0 аумағы басқаратын қабат бойынша анықталады, онда әлдеқайда габаритті құрылғылар орналасқан. Бұл ретте жабдықтың арасында өтудің аумақтарын ескереді: n n

Lо = ∑ l0i +∑ ln

i=1 i=1
l0i - ғимараттың ұзындығы,жалғыз құрылғымен айналысады, м; lпi - бірліктің өтуінің аумағы, м. Кей жағдайларда арадағы L0 үлкендігін екі қабат бойынша айқындап алу керек.

Баспалдақтың торын орналастыру үшін ғимараттың ұзындығын баспалдақтың торының құрылымына тәуелді етіп қабылдайды, көбіне 6 м қабылдайды. 6 суретте ұн-жем зауыттың әзірлеу аулақтануының ұзындығының ұйғарымының нобайы жабдықтың, баспалдақтың торының бункерінің нұсқасында келтірілген.

Сурет.6. Дайындау бөлімшесінің ұзындығын анықтау схемасы:

1- тазартылмаған астыққа арналған, 2- отволаживания арналғанбункера, 3- нория, 4- ауа сепараторы, 5- баспалдақты клетка.

Әзірлеу бөлімінің ұзындығының есептік мағынасын үлкен жаққа дейін дөңгелектейді, еселік 6 м және аумақтың арасында қажетті қадамның санын қатар-қатар ғимараттың ұзындығы бойынша ескереді. Қабылдаған мағына бойынша l3 барлық қабаттың жоспарын өшіреді, ұнтақтан аулақтану зауытындағыдай тор санын қатар бойынша қабылдайды. Бұл ретте қабаттың жоспарларында масштабта жіңішке немесе пунктирлі сызықтармен ригельдерді, қосалқы өзектерді оның ақиқаттық құрылыстық өлшемдерімен сәйкес көрсетеді. Бұдан әрі жабдықтың және бункердің ақырғы орналастырыуына кірісе бастайды. Бұл ретте әзірленген аулақтанудың ұзындығы нәзік болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет