Дипломдық жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары № Жұмыс түрлері



бет9/20
Дата21.12.2023
өлшемі2.34 Mb.
#487183
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Бейметалдар тарауын оқыту барысында окончательный (4)

Азоттың табиғатта таралуы
Атмосферада азоттың көп болуына қарамастан тау жыныстарында және топырақта салыстырмалы түрде сирек кездеседі.1,9•10-3 % мәнімен азот Ga-мен бірге көптігі бойынша 33-орында; ал Nb (2,0•10-3%) және Li (1,8•10- 3%) мәндері жақын болып келеді. Негізгі оның табиғаттағы қосылыстары: KNO3(Үнді селитрасы) және NaNO3 (Чили селитрасы). Екеуі де кең таралған, әдетте аз мөлшерде, құрғақ жерлерде тұз шөгіндісі ретінде жиі кездеседі. KNO3 негізгі кен орындары Үндістанда және аз мөлшері Боливияда, Италияда, Испанияда және бұрынғы Кеңес Одағында кездеседі. NaNO3 үлкен кен орындары NaCl, Na2SO4 сияқты басқа минералдармен бірге Солтүстік Чили шөлдерінде кездеседі. Сонымен қатар, KNO3 жағалаудағы 1200−1500 м биіктікте орналасқан тау жоталарының шығыс беткейлерінен кездестіруге болады. Синтетикалық аммиак және азот қышқылы өндірісінің дамуына байланысты бүгінгі күні бұл кен орындары нитраттардың негізгі алынатын орны болып табылмайды. Бірақ 1920 жылға дейін бұл кен орындары ауыл шаруашылығы үшін ықпалы зор болған.
Тыңайтқыштар.
Өсімдік үшін қажетті қоректену элементі болып табылатын заттарды минералдық тыңайтқыштар деп атайды. Жоғары өнім алу мақсатынында оны топыраққа береді. Өсімдіктердің өсіп жетілуі үшін қажетті негізгі химиялық элементтер болмақ: C, O, H, N, P, K, Ca, Mg , Fe, S.
Аммоний сульфаты - ақ түсті кристалдық ұнтақ, құрамына 21% азоты
бар;
Аммиакты селитра – онда 33% азот болады. Топыраққа жақсы әсер
етеді, бірақ ылғалды ауада тез суланады, кепкенде жентектеледі, құрғақ түрінде қопарылысқа бейім;
Аммоний сульфат – құрамында 26% азоты бар, картоптың, қант қызылшасының т.б өнімділігін көтереді.
Калий селитрасы – ондағы калий азоттан 3 есе көп. Сондықтан оны тыңайтқыштармен бірге қолданады;
Норвег селитрасы 13% шамасында азоты бар; Чили селитрасы 15-16% азоты бар;
Хлорлы аммоний 25 % азоты бар;
Карбамид өте құнды тыңайтқыш, 46% азоты бар. Барлық өсімдікке жарайды, яғни әмбебап [19].
Күкірт табиғатта таралуы және алынуы.
Жер қыртысында күкірттің мөлшері 0,1 проценттей. Ол бос күйінде және қосылыс күйінде де кездеседі. Бос күйінде күкірт Түркменияда, Еділ жағалауында, Кавказда, Камчаткада бар. Америка, Италия және Жапония да бос күкіртке бай. Бұрынғы кезде Италияда бос күкірттің көп болғаны сонша, оны отын ретінде пайдаланған. Қосылыс түрінде күкірт пириттің FeS2, мыс жылтыры Cu2S, қорғасын жылтыры PbS, мырыш алдамшысы ZnS, киноварь HgS құрамына кіреді. Сонымен бірге күкірт сульфаттар түрінде болады: гипс CaSO4*2H2O, ангидрит CaSO4, ащы тұз MgSO4 *7H2O және мирабилит
Na2SO4 *10H2O. Күкірт SO2 және H2S түрінде табиғи су көздерінде, минерал суларда (Мацеста, Пятигорск) болады.
Өнеркәсіпте күкіртті бос күйінде болатын жерлерінен, күкіртті сутегінен, күкіртті (IV) оксидінен, пириттен FeS2 өндіреді. Күкіртті бос күйінен өндірген кезде, оны құм, топырақ, т.б. қоспадан бөліп, автоклавқа толтырып қызған бу жібереді. Балқыған күкірт төменгі жаққа жиналды. Күкіртті пириттен алу үшін, оны арнайы пеште қыздырады:
FeS2 = S + FeS
Автоклавтарда алынған күкірт таза емес, құрамында қоспалар болады, оны кесек күкірт дейді. Оны арнайы пештерде қыздырып қайта кристалдап тазартады. Сонда аса таза сары түсті күкірт алынады. Ауыл шаруашылығында кесек күкіртті ұнтақтап күкірт және коллоид күкірт қолданады. Олармен өсімдіктерді әр түрлі грибоктарға қарсы өңдейді.
Күкірттің қасиеттері. Таза күкірт - сары түсті кристалл зат. Ол суда ерімейтін, алайда күкіртті көміртегінде бензолда анилинде жақсы ериді. Күкірт жылу және электр тогін нашар өткізеді. Күкірттің бірнеше аллотропиялық түр өзгерістері бар: ромб тәрізді, призма тәрізді және пластикалық. Ромб тәрізді күкірттің пішіні октаэдр сияқты, 112,8°С-та балқиды. Балқыған күкіртті біртіндеп суытқан кезде призма тәрізді күкірт біртіндеп ромб тәріздіге айналады, ромб тәрізді кристалдары түзіледі, балқу температурасы 119°С. Призма тәрізді күкірт біртіндеп ромб тәріздіге айналады, өйткені ромб тәрізді түрі неғұрлым тұрақты. Егер балқыған күкіртті өте тез суытса, оның пластикалық түрі пайда болады. Бірақ ол да біраздан соң ромб тәрізді күкіртке айналады.
Күкірт кристалл күйінде сегіз атомнан тұрады S8. Оның аллотропиясы осы сегіз атомның структурасына байланысты. Кристалды күкірттің атомдары сегіз атомдық сақина түзеді. Қыздырғанда сақина үзіліп, ашық тізбек түзіледі. Күкірт балқығанда S8, S6-дан тұрады. Күкірттің буы S6, S4 және S2-ден тұрады. Күкіртті жеке атомдарға бөлу жоғары температурада жүреді (1700°C). Ол металдармен сульфидтер түзеді. Көптеген
бейметалдармен (О2, H2, галогендер) әрекеттеседі. Күкірт металдармен -2, бейметалдармен +4,+6 тотығу дәрежесін көрсетеді. Таза күкірт ауыл шаруашылығында грибоктарға қарсы күрес үшін қолданады. Оны өсімдік зиянкестеріне қарсы ұнтақ не тозаң түрінде пайдаланады. Сонымен қатар, қоймаларда болатын әртүрлі кеміргіштерге, зиянкестерге қарсы өңдейді. Күкірт мал дәрілеу үшін күкіртті майлар ретінде тері ауруларына қарсы пайдаланады. Ол көптеген медициналық дәрілердің құрамында болады (сульфидин, сульфазол).Техникада күкірттің аса көп мөлшері каучукты вулканизациялап, резина алу үшін пайдаланылады. Күкірттен қара оқ дәрі, күкіртті көміртегі, сіріңке, т.б. заттар алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет