Зерттеу әдістері - зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-зерттеу әдебиеттерін талдау, белгіленген тақырып бойынша ғылыми еңбектерді іріктеу және жүйелеу. Арнайы әдістер ретінде жиналған нақты мәлімет арқасында фактілер ұқсас болады. Түсінуге және жүйелеуге мүмкіндік беретін салыстырмалы әдіс қолданылды.
Зерттеудің мақсаты. Ақмола облысының геоэкожүйені сақтау және туризмді дамытуда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын анықтау болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес міндеттер анықталды:
- геоэкожүйені сақтау мәселелерін зерттеу;
- табиғатпен қарым-қатынас мәдениетін арттыру, табиғи ортада этикалық мінез-құлық нормаларын қалыптастыру, табиғат пен оның жеке элементтерінің тағдыры үшін әркімнің жеке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
- экотуризмді зерттеудің негізгі терминдері мен жалпы теориялық-әдіснамалық тәсілдерін қарастыру;
- Ақмола облысындағы рекреацияның табиғи негізі ретінде аумақтың физикалық-географиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- Ақмола облысының Щучье-Бурабай курорттық аймағында туризмді дамыту бағдарламасымен танысу.
Зерттеудің гипотезсы. Президенттің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамыту бағдарламасының "Экологиялық туризм – орнықты даму факторы" 5.3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында экотуризмді дамыту қажеттілігі айқындалды. Бұл тек экономикалық факторға - жаңа жұмыс орындарының құрылуына, шалғай аймақтардағы жергілікті қауымдастықтардың дамуына ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік тапсырысқа – халықтың денсаулығы мен бос уақытын пайдалану проблемаларына біртұтас, жүйелі көзқарасқа деген қажеттіліктеріне байланысты.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: қорғауға шығарылған зерттеу жұмысының нәтижелері әр түрлі деңгейдегі оқу орындарында, семинар сабақтарда, ғылыми-тәжірибелік семинарларда, озық педгогикалық тәжірибемен бөлісу кезінде талқыланатын дереккөз және қосымша ақпарат ретінде қолдануға болады.
Зерттеудің дереккөз базасы. Геоэкожүйені сақтауда және туризмді дамытуда Ақмола облысының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, экологиялық туризм мәселелері Н.В. Дроздовтың [1], Н.Р. Данилиннің [2], Н.С. Мироненконың [3], И.Т. Твердохлебовтың [4] және басқалардың еңбектерінде қарастырылады. Бұл еңбектерде экологиялық туризм ұғымы талданады; оның әртүрлі аспектілері қамтылған. Шетелде экологиялық туризмді дамыту проблемаларына көп көңіл бөлінеді, ал Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту проблемалары аз дәрежеде қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |