Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары



бет2/2
Дата06.03.2024
өлшемі118.95 Kb.
#494476
1   2
Курстык жұмыс әдістемесі Бух.есеп (ко

Орындау Көлемі уакыты

Орындау Көлемі уакыты


Әдебиет:_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________

Тапсырма берілді:___________________________________________________________

Жетекші:___________________________________________________________________

Тапсырманы орындауға алдым:_____________________________________________

Мазмұны


Кіріспе........................................................................................…… 3


І. «Акцияға келетін пайда» стандартына сипаттама.


Акция ұғымы және түрлері..................................................……… 5


«Акцияға келетін пайда» стандартының мақсаттары мен қолданылу ортасы................................................................…………………… 8
ІІ. Акция келетін пайдасының есептеу әдістері және олар бойынша ақпараттың берілуі мен ашылуы.

2.1. Акцияға келетін базалық пайда есебі.....................................10


2.2. Акцияға келетін азайтылған пайда есебі................................16


2.3. Ақпараттың ашылуы мен берілуі...........................................23


ІІІ. Жетілдіру жолдары..............................................................…..25


Қорытынды мен ұсыныстар......................................................….28


Пайдаланылған әдебиеттер........................................................…29


Курстық жобалауды орындау бойынша әдістемелік нұсқау

КІРІСПЕ
Курстық жұмыс өзектілігі:


Курстық жұмыста қозғалған мәселелер нарықта еркін қозғалатын қарапайым және әлеуетті қарапайым акцияларына ие болатын немесе сондай құралдарды шығару үрдісі үстіндегі ұйымдармен байланысты және халықаралық стандарттарда көрсетілген принциптерді біздің еліміздегі ұйымдарға енгізе келе бірегей ақпараттарды беру немесе қазіргі таңда қолданылып отырған әдістерді жақсартумен, әр түрлі кәсіпорындардағы қызметтерінің көрсеткіштерінің бір есеп беру уақытында сәйкес келуімен айналысады. Ал сол нысандарды жүзеге асыратын құралдар негізінен екі көзден қарастырылып отыр:
қаржылық есептің халықаралық стандарттары;
сол стандарттарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жасаған методикалық ұсыныстары.

Тақырыпты зерттеу барысында жоғарыда аталған көздерден басқа еліміздегі беделді ұйым сарапшыларының еңбектері мен ой-пікірлері қолданылды.


Курстық жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Бірінші тарауда акцияның түсінігі мен түрлері көрсетілсе, екінші тарауда бір акцияға келетін пайданың базалық және азайтылған түрлерінің есептелу жолдары мен есепте ашылуы талданған. Қорытындыда, негізінен, стандарттың қаржылық ортаға керектілігі туралы шолып көрсетілген.


І. «Акцияға пайда» стандартына сипаттама.


1.1. Акция ұғымы мен түрлері
Акция, Оразалиннің экономикалық сөздігінде (фр. аction – құнды қағаз) – акционерлік қоғамның жарғылық қорына енгізілген белгілі мөлшердегі қаржыны куәландыратын және өз иесіне азамат, заңды құқығы бар адам осы қоғамнан түскен пайданың бөлісін дивиднет ретінде алуға, сонымен қатар акционерлік қоғам таратылғанда оның мүліктерін үлестіруге қатысуға құқық беретін бағалы қағаз.
Сонымен қатар, акция, Кеулімжаевтің айтуынша, дегеніміз –акционерлік қоғамда, яғни шарушылық субъектісін дамытуға қаржы салғаны туралы куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін құнды қағаз. Шаруашылық субъектісін басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар, қарапайым (жай) және артықшылығы бар – деп аталатын түрлерге бөлінеді.
Қарапайым акциялар – акционерлік қоғамды басқаруға құқық беретін акция түрі. Бір акция осы субъектідегі акционерлер жиналысында шаруашылық субъектіге қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Қарапайым акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынанрезервтер жасалғаннан (толтырылғаннан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін ғана жүргізіледі. Сонымен бірге, әлеуетті (потенциалды) қарапайым акциялар ұғымы бар. Әлеуетті қарапайым акциялар – бұл қаржылық құрал немесе қарапайым акцияларға меншік құқығын беретін кез келген төмендегі шарттар: қарыздық немесе үлестік құралдар, оның ішінде қарапайым акцияларға айналатын артықшылығы бар акциялар;
варанттар мен опциондар (варант – эмитенттің белгілі бір кезең ішіндегі, яғни белгілі бір кезең арасындағы белгіленген баға бойынша акциялар сатып алуына жеңілдік құқығын беретін құнды қағаз болып табылады; опцион – алдын ала келісілген мерзім ішінде, яғни қандай да бір уақыт аралығында белгіленген баға бойынша немесе келісілген баға бойынша белгілі бір активтерді, оның ішінде құнды қағаздар, валюта, сатып алу, сату үшін құқық беретін екі жақты жасалған келісім-шарт);
жұмыскерлердің пайда алуға қатысу құқығы;
басқа шарттарға сәйкес құқықтар, мысалы, ұйымдар мен басқа активтерді сатып алу шартттары.
Артықшылығы бар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты белгіленген мөлшерде дивидентер алу құқыған береді, яғни белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акцияларшаруашылық субъектісінің таза табысын акционерлер арасында бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде қарапайым акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болып табылады.
Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес оларды атаулы акциялар және ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге бөледі.
Атаулы (иелік) акциялар дегеніміз – олардың иелері міндетті түрде шаруашылық субъектісінің реестірінде (тіркеу орында) тіркеуге тиісті акциялар. Бұл ережелер бойынша акционерлер кітабында сатып алған акцияларының алынған уақыты мен саны көрсетіліп, басқа да тиісті жазулары жазылған азаматтар ғана акционерлер болып саналады. Атаулы акциялардың иесі бұл бағалы қағазды сатып алған кезде шаруашылық субъектісінен барлық акциялар үшін олардың өз иесінің қолында екендігін куәландыратын бір ғана сертификат алады. Акциялардың мұндай түрін сату барысында сертификаттың теріс жағында екі тараптың да қолдары қойылған ( сатушы мен сатып алушы) табыстау туралы келісім-шарт жасалынуы қажет. Содан кейін бұл сертификат акционерлер тізіміне тиісті өзгертулер енгізу үшін шарушылық субъектісіне жөнелтіледі. Осыдан кейін барып акцияның жаңа иелері өзінің сатып алған бұл құнды қағазына жаңа сертификат алады.
Ұсынбалы акциялар иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен мәліметтер шаруашылық субъектісінде тіркелмейді. Шарушылық субъектісі, әдетте, ондай акциялар иелерінің кім екендігін де біле бермейді. Акциялардың бұл түріне, яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек қана шарушылық субъектілерінің акционерлері бар деп айтуға заңды түрде негіз бола алады. Ұсынбалы акцияларды сатып алу немесе оларды қайта сату операциясы құнды қағаздың бұл түрінің бір меншік иесінен екінші меншік иесіне тікелей ауысуы болып табылады.
Акциялар және облигациялар бағалы қағаздар болып саналады және қаржылық инвестициялар көзі де болып табылады, яғни субъектінің табыс алу маұсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивиденттер және жалға ақысы) инвестицияланған капиталдың өсісі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі).
Акциялар, Топарбаеваның көрсеткеніндей, кәсіпорынның меншік құқығын көрсететіндіктен, ол акционерлік меншік, яғни белігілі бір даму кезеңінде өндіріс масштабы, технология деңгейі, қаржыны ұйымдастыру жүйесі акционерлердің еркін қатысуы негізінде өндірістің жаңа ұйым түрін шығаруға себеп болатын кездегі жеке меншіктің трансформациясы мен даму үрдісінің заңдылы нәтижесі болып табылады.
Бухгалтерлік есепте акциялар қаржылық инвестиция ретінде актив бөлімінде көрсетіледі. Есебі 401 шотында жүргізіледі. 401 «акциялар» шотында кәсіпорынның, басқа кәсіпорындардың, банктердің және т.б. субъектілер акцияларын алуға жұмсалған сомалары есептеледі. Акция – акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын және ол оның иесіне дивиднеттер түрінде табыстың бір бөлігін алу құқығын беретін бағалы қағаз.
Акциялардың негізгі көрсеткіші яғни, оның рентабельділігі, қасиеттері – оның пайдалылығы. Акцияға түсетін пайданы есептеу, оны реттеу мен қарастыру қаржылық есептің халықаралық стандарттары бойынша 33-стандартта жүреді.
«Акцияға келетін пайда» мақсаттары мен стандартының қолданылу ортасы.
«Акцияға келетін пайда» стандартының негізгі мақсаты, Қаржы министрлігіндегі бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснемесі Департаментінің келтіруінше, Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына (БЕХС-орыс.МСБУ) сәйкес акциялардың пайдасын есептеу мен ақпарат беру принциптерін түсіндіріп талқылау болып табылады. Бұл өз кезегінде стандарттың кәсіпорында қолданылуына көмегін тигізеді және әр түрлі ұйымдар көрсеткіштерін бір уақытта туралап көрсету және бір ұйымның әр түрлі есептік кезеңдегі көрсеткіштерін реттеу болып табылады.
Қырғызстан Республикасы бекіткен халықаралық стандартта көрсетілгендей, стандарттағы негізі қаралатын жағдай акцияға келетін пайданы есептеудегі формуламен байланысты делінген. Әр түрлі есеп саясатын қолдана отырып анықталатын «пайда» туралы ақпараттың қолданылуындағы шектілігіне қарамастан, кәсіпорындармен бір әдісті қолданып есептеген көрсеткіш қаржылық есептің сапасын жоғарлатады.
Ал В.Ф. Палийдің көрсетуі бойынша, БЕХС-33 «Акцияға келетін пайда» кәсіпорынның әр түрлі есеп кезеңдеріндегі және әр түрлі компаниялардың бір есептік кезеңдегі қызмет нәтижелерін туралауда қолданылатын бір қарапайым акцияға келетін пайда мөлшері туралы ақпараттарды ұйымда дұрыс көрсету үшін барлық субъектілерге бірдей ережелер орнатады, атап айтқанда «пайданың акциялар санына қатынасы» формуласы қаоданылады. Стандартқа сәйкес оны ашық нарықта айналыста жүретін немесе енді орналастыру үрдісіндегі қарапайым акциялар мен қаржылық құралдарды ұстаушы ұйымдар қолданады деп көрсетілген.
Құнды қағаздар нарығында акциялары немесе қаржылық құралдары еркін айналыста жүрмейтін жабық акционерлік қоғамдар (Ресей заңнамасы бойынша) мен басқа да ұйымдар бұл стандартты қолдануы міндетті шарт болып табылмайды. Ал егер олар өз қаржылық есептерінде акцияға келетін пайда туралы ақпарат ашса, онда олар осы стандарттарта көрсетілген нұсқауларға жүгінуіне міндеттенеді. Бұл әр түрлі кәсіпорындардағы қаржылық есептерді сәйкестендіруге жол ашады.
Бұл стандарт қарапайым акциялары немесе әлеуетті қарапайым акциялары бар ұйымдарға қатысты қолданылады және есепті кезең соңында қаржылық есеп бергенде маңызды болып саналады.
«Акцияға келетін пайда» стандарты, Аудиторлы-консалтингтік орталық директоры – Ю.Лесно ваның пікірі бойынша, келесідей субъектілермен қолданылады, яғни қолданатын ұйымдар типтері мынадай:
бағалы қағаздар нарығындағы айналымда жүретін қарапайым немесе әлеуетті қарапайым акциялары;
шығару үрдісіндегі қарапайым акциялары мен әлеуетті қарапайым акциялары;
нарықта еркін айналыста жүрмейтін қарапайым акциялар мен әлеуетті қарапайым акциялары, бірақ акциялар пайдасы туралы ақпараттың ашылуы және халықаралық стандарттың 33-стандартына сәйкес акция пайдасының міндетті есептелуі мен ақпараттардың ашылуы.
Әрине, бұл жоғарыда аталған акция типтері ұйымдардың басым көпшілігінде бар екенін ескерсек, бұл стандарт ұйымдар арасында маңызды болып табылады. Сертификатталған бухгалтер-практик – Нүрсеитовтың айтуындай, «Акцияға пайда» есебі біздің елде өз актуалділігіне ие болып отыр. Ол еліміздегі акционерлік қоғамдардың ҚЕХС-ке өтуімен байланысты.
Сонымен бірге, бас кәсіпорынның қаржылық есебімен бірге көрсетілген біріктірілген қаржылық есепте акцияға келетін пайда көрсеткіші беріледі және бұл өз кезегінде бас кәсіпорынның қаржылық есебіндегі дәл осындай көрсетштерді көрсетпеуге де мүмкіндік береді. Бұл стандарттан шығатын түсінік қаржылық есепті қолданатындардың барлығы толық топқа деген қызығушылығымен көрсетіледі, яғни бұл стандарттарды қолданушылар ортасы бір кәсіпорын айласында болмай, біріктірілген есепте топтың ортақ көрсеткіші масштабында да жүреді.

2.2. Акцияға келетін азайтылған пайда есебі.


Қарапайым акциялар ұстайшысына келетін таза пайда сомасы және кезең бойы айналыста жүрген жай акциялардың орташа есептелген саны барлық азайтушы әлеуетті қарапайым акциялар әсерлерін ескере акцияның келетін азайтылған пайдасы табылады.
Акцияға келетін азайтылған пайданың талабы азайтушы әсері бар келісім-шарттарды қарапайым акцияларға конвертациялануы кезінде пайда болатын нәтиженің зиян не пайда мөлшеріне әсер етуін ескере негізгі акцияға келетін пайданың түзетілуі болып табылады. Оған мысал ретінде салық төленгеннен кейінгі конвертацияланған қарыз бойынша пайыздарға құн қосылуы және де конвертация себебінен акциялардың орташа санының жоғарлауын айтуға болады.
Акцияға келетін азайтылған пайда (зиян) мөлшері акционерлік қоғамдардағы қарапайым акцияға келетін пайданың максималды мүмкін төмендеу деңгейін (зиянның үлғаюы) акционерлік қоғамдарда келесі жағдайларда көрсетіледі:
конвертацияланатын бағалы қағаздардың қарапайым акцияларға конвертациялануы;
эмитентердегі әділетті құнынан төмен қарапайым акциялар бойынша барлық сатып алу-сату шарттарының орындалуы кезінде (мысалы, акциялар иесінің қалауы бойынша акционерлік қоғамда конвертацияланатын облигациялардың болуы, яғни бұл, ең бастысы, оларға тиісті табыс көлемінің әлеуетті төмендеуі, себебі ол табыс көзімен жаңа акционерлермен бөлісуге тура келеді).
Әлеуетті және нақтылы акционерлерге өздерінің капиталдағы үлестерін білу керек, өз кезегінде, ұйымның пайда мөлшерінде қарапайым акциялардың шығарылуы бойынша өз міндеттемелерін орындаған кезде «азаюы», яғни кемуі мүмкін. Мұндай міндеттемелер «қарапайым акцияларға конвертацияланатын келісім-шарттар» деп аталады, яғни бұл – қарапайым акцияларға әлеуетті түрде өзгертіле алатын құралдар.
Пайданың азаюы оның акцияның бөлінуі (бірігуі) және акцияның әділетті құнынан төмен бағамен шығарылуынан басқа, болашақта қарапайым акциялардың қоғамда сәйкесінше ұлғаюынсыз әсерінен азаюы (зиянның көбеюі) деп түсіндіріледі.

Азайтатын әсері бар келісім-шарттарды қарапайым акцияларға конвертациялағаннан кейін конвертацияланатын келіс-шарттарға жататын дивидент, пайыз және басқа да табыстар мен шығындар таза табысты есептегенде ескерілмейді, яғни осы конвертацияланатын келісім-шарт бойынша танылған шығындар сомасында таза табыс. Оның орнына қарапайым акциялар ұстаушыларына келетін таза табыс алу құқығына ие болады.


Акцияға келетін азайтылған пайда есебі келесі формуламен анықталады:
Акцияға келетін азайтылған пайда = таза пайда (азайтылған)
АОС (азайтылған)
=түзетілген базалық табыс ;
түзетілген АОС
Акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу үшін қарапайым акциялар ұстаушыларына келетін табыс не зиянды салық салынғаннан кейінгі әсерді ескере түзету керек: азайтатын әсері бар қарапайым акцияларға конвертацияланатын келісім-шарттарға жататын кез келген дивиденттер мен басқа да баптар;
азайтатын әсері бар қарапайым акцияларға конвертацияланатын келісім-шарттарға жататын кезеңде танылған пайыздар;
азайтатын әсері бар келісім-шарттардың қарапайым акцияларға конвертациялануы әсерінен болатын табыстар мен шығындардағы кез келген өзгерістер.
Мысалы 3 облигация 1 акцияға есебі бойынша, облигациялар қарапайым акцияларға конвертациялануы мүмкін. Конвертация нәтижесінде 250 қарапайым акция алынды.
Акцияға келетін базалық пайда Акцияға келетін азайтылған пайда
Кезең ішіндегі таза пайда -2600
Айналыстағы қарапайым акциялар-1000
Акцияға келетін базалық пайда-2.6
Облигациялар бойынша марапаттауды төлеуге кеткен шығындар-40
Марапаттауды төлеу бойынша ағымдық және қалдырылған салықтар-14
Кезең ішіндегі түзетілген таза пайда: 2600+40-14 2626
Конвертациядан кейінгі акциялар саны:1000+250 1250
Акцияға келетін развод пайдасы: 2626/1250 2.1

Акцияға келетін пайда көрсеткішін есептегенде есептік кезеңдегі таза табысты, мысалда көрсетілгендей, акцияға конвертацияланатын келісім-шарттарды орындағандағы әсерін анықтау үшін қолданады: олар азайтатынға қарсы әсер көрсетеді


Қарапайым акцияларға конвертацияланған әлеуетті қарапайым акцияларға жататын дивиденттер, пайыздар және басқа да табыстар мен зияндар болашақта есептелмейді. Оның орнына жаңа қарапайым акция иелері қарапайым акцияларға тиесілі таза табыс алу құқығына ие болады. Сонымен, кезеңді қарапайым акция иелеріне келетін азайтылған әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға конвертациялау арқылы үнемдеп, дивиденттер, пайыздар және басқа табыстар мен шығындар сомасына ұлғайтады.
Пайданың белгіленген жолымен жасалған түзетулерге ескеретін жиналым, шегерім және сыйақылар – бұл әлеуетті қарапайым акцияларға жатқызылатын шығындар.
Дивиденттер, пайыздар және басқа да табыстар мен шығындар сомасы ұйыммен төленетін және оларға тиісті салықтарды ескере түзетіледі.
Ал облигациялар қарапайым акцияларға конвертацияланған жағдайда, сол облигациялар бойынша марапаттауға кететін шығындар қысқарады, яғни сол көлемде ұйымның таза пайдасы ұлғаяды. Екінші жағынан, облигация бойынша марапаттауға кететін шығындар табыстан алынатын салық базасын төмендетеді, сол арқылы ұйымның табыс салығы төлейтін сомасын кішірейтеді. Нақты жағдайда акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу үшін таза пайда облигациялар бойынша марапаттау сомасына ұлғайып салықтық үнемдеу сомасына азаяды.
Акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу үшін қарапайым акциялар саны акцияға келетін базалық пайданы табу мақсатын көздеген орташа есептелген акциялар саны болуы керек, оған қоса барлық азайтатын әсері бар әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға конвертациялануы тиіс немесе кейінірек, яғни әлеуетті қарапайым акциялар шығару мерзіміне. Қарапайым акцияларға конвертацияланатын әлеуетті қарапайым акциялар азайтатын әсері бар деп тек олардың конвертациясы акцияға келетін пайда мөлшерін төмендеткен жағдайда ғана саналады.
Конвертация коэффициенті немесе шығарылу шарттары немесе келісім-шартпен анықталған опционның орындалу бағасы белгілі бір уақыт бойы ауысуы мүмкін. Бұл жағдайда акцияға келетін азайтылған пайданы есептегенде әлеуетті қарапайым акция ұстайшының көзқарасы жағынан ең тиімді коэффициенті немесе орындалу бағасы қолданылады.

Мысалы, АҚ 2004 жылдың 1-қаңтарынан бастап конвертациялық коэффициенті әрбір облигацияға 10 қарапайым акция болатын облигациялар шығарды. Ол 2005 жылдың 1-қаңтарынан бастап. 2006 жылдың 1-қаңтарынан 12 қарапайым акция 1 облигацияға конвертацияланды, 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап – 15 қарапайым акция. Акцияға келетін азайтылған пайданы есептегенде 1 облигацияға 15 қарапайым акция коэффициентін қолданады.


Кезең бойы айналыста жүрген қарапайым акциялар саны айналыстағы барлық әлеуетті қарапайым акциялар санын конвертациялағандағы қарапайым акциялар санына ұлғаяды.
Акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу үшін кезең бойы айналыста жүрген қарапайым акциялар санын анықтағанда айналыстағы акциялар санын есепке алу керек:
1) әлеуетті қарапайым акциялар кезең бойы айналыста болған орташа есептелген акциялар санының есебіне қосылатын кезең:
а) есепке алу мерзімінің бастамасы – не есепті кезең басынан, не акция, опцион. Варрантқа конвертацияланатын әлеуетті қарапайым акцияларды шығару мерзімінен бастап, егер бұл мерзім есепті кезең бастамасынан кешірек болғанда. Мысалы, егер облигациялар 2001 жылға болса, онда осы облигацияларға конвертацияланатын акциялар 2002 жылдың қаңтарынан есепке алынады. Егер есеп беру 2001 жылға болса, онда әлеуетт қарапайым акциялар 2001 жылдың қыркүйегінен есепке қосылады;
ә) есептен шығарылу мерзімі – егер есепті кезең бойы әлеуетті қарапайым акция ұстаушыларының қарапайым акцияларды иелену құқығы тоқтатылса (мысалы, құнды қағаздар қарапайым акцияларға конвертациялану мерзімінің аяқталуы, келісім-шарт күшінің тоқтауы, опционның қызмет мерзімінің аяқталуы, т.с.с.), әлеуетті қарапайым акциялар сондай құқық берілген кезде есепке алынады. Мысалы, егер облигациялардың қарапайым акцияларға конвертациялануының соңғы мерзімі – есепті жылдың 1-қазаны, онда олар есепті жылдың 9 айы ішінде есепке алынады.
2) конвертациядан кейін қарапайым акциялардың орналастырылатын бағасы, егер АҚ әлеуетті қарапайым акциялардың конвертациялануынан кейін әлеуетті құны өзіне тең акцияларды шығарған жағдайда, пайданың азаюы (кемуі) (шығынның ұлғаюы) болмайды. Пайданың азаюы болады, егер ұйым әлеуетті қарапайым акцияларды конвертациялағаннан кейін өз әділетті құнынан төмен акцияларды шығарған кезде.

Акциялар өз әділетті құнынан төмен бағада шығарылған кезде, кезең бойы айналыста жүрген орташа есептелген акциялар санын есептеу үшін олардың санын түзету керек. Ол үшін орналастырылатын акциялар әділетті құнымен төленеді, дегенмен олардың саны сәйкесінше азаяды. Сонымен бірге, акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу үшін акцияларды конвертациялану арқылы шығарған кезде олардың бір бөлігі тегін деп болжанады. Акцияға келетін азайтылған пайданы есептегенде тек тегін орналастырылған акциялар ғана саналады.


Ұйым акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу үшін азайтатын әсері бар опциондарды және басқа да азайтатын әсері бар әлеуетті қарапайым акцияларды орындауға жол беру керек. Мұндай шығарылған акциялардан келіп түсетін ақша қаражаттары әділетті құнымен шығарылған акциялардан келіп түскен қаражаттар ретінде қарастырылуы тиіс. Шығарылған акциялар саны мен әділетті құны бойынша шығарылған акциялар санының арасындағы айырма ешбір материалдық қайтарымсыз шығарылған акциялар ретінде саналуы тиіс. Бұл мақсаттар үшін әділетті құн кезең бойындағы қарапайым акциялардың орташа баға негізі бойынша есептеледі.
Опцион келісім-шарты немесе басқа келісім-шарттар екеулі ретінде қарастырылады, егер олардың нәтижесі ретінде қарастырылады, егер олардың нәтижесі ретінде қарапайым акциялардың әділетті құнынан төмен бағамен шығарылуы болса, онда әділетті бағасымен шығарылған акциялардың бөлек бөдшегі көрсетіледі, ал екіншісі – бағасыз шығарылған акциялар.
Мысалы, опциондағы болжам бойынша, 1 акцияға 250 теңге келетін 1 жылға жасалған орташа сандық есеп бойынша 12000 қарапайым акция шығарылмақшы. Опционды өтеген кездегі әділетті құны бір акцияға 300 теңгені құрады. Салық бойынша шығындарды шегергендегі опционға кеткен қызмет шығындары 320000 теңгеге теі болды (яғни опционды қарапайым акцияға конвертациялау бойынша шығындар). VP
Акцияға келетін базалық пайда Акцияға келетін азайтылған пайда
Кезең ішіндегі таза пайда 4520000 42000
Кезең бойы айналыста жүрген орташа алынған акциялар саны 480000 492000
Акцияға келетін базалық пайда 9.42 теңге
Әділетті құнымен шығарылған акциялар саны (10000)
Акцияға келетін азайтылған пайда 8.71 теңге

Егер қарапайым акцияларға конвертацияланатын келісім-шарттар немесе қарапайым акциялар саны өссе, онда салыстырмалы берілген ақпараттардағы барлық кезең бойынша базалық және азайтылған пайданы есептеулер ретроспективті түрде түзетулері тиіс, тіпті ондай өзгертулер есептік мерзімнен кейін болса, да бірақ қаржылық есептің берілуі мен баспаға шығарылуына дейін. Егер өзгерістер қолданған істерде немесе келісім-шарттарды қарапайым акцияға конвертацмялануында болса, онда есепте көрсетілген кезеңдерде азайтылған пайда қайта есептелмейді.


Әлеуетті қарапайым акциялар азайтушы ретінде олардың қарапайым акцияларға конвертациясы күнделікті қызметіндегі акцияға келетін пайданы азайтқан кезде саналады.
Азайтатын не азайтатынға қарсы және қарапайым акцияға конвертацияланптын келісім-шарттар ма екенін білу үшін ұйым «бақылау саны» ретінде тоқтамайтын қызметтен түсетін таза пайданы қолданады. Тоқтамайтын қызметтен түскен таза пайдадан артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттерді алып тастағаннан және тоқтаған қызметтерге жататын баптарды шегергеннен кейін кәдімгі (күнделікті) қызметтен түсетін таза пайда болады. Сонымен, төтенше жағдайдағы нәтижелер, есеп саясатының өзгерістеріне іс-әрекеттер және қателер түзетулермен алынып тасталады. Азайтушы әсері қарапайым акциялар өздерінің әділетті құнынан төмен бағамен шығарылып орналастырылған кезде болады.
Мысалы, «Тұлпар»АҚ акцияға 150 теңге бойынша 300 қарапайым акцияларды орналастырды. Акциялардың нарықтағы бағасы 250 теңге болып тұр. Ал акцияларды орналастырған кездежоғартатын капитал мөлшері келесіні құрайды: 300акциялар*(250 теңге – 150 теңге) = 30000 теңге. Сол уақытта орналастырылған акциялар саны мен әділетті құнымен орналастыруға тиісті акциялар арасындағы айырмашылық құнының ешбір қайтарымысыз орналастырылған акция болып есептеледі. Сонымен. Акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу үшін 120 акция (30000 теңге/бір акцияға келетін 250 теңге) олардың қайтарымысыз орналастырылды деп есептеледі және соған байланысты акцияға келетін азайтылған пайданың «акцияға келетін» көрсеткіші нақты орналастырудың нәтижесінде 420 акцияға (300+120 акция) көбейді.
Әлеуетті қарапайым акцияларға конвертацияланған жағдайда тоқтамайтын күнделікті қызметтен түсетін акцияға келетін пайданы ұлғайтса, әлеуетті қарапайым акциялар азайтушыға қарсы әсері бар екенін білдіреді. Әлеуетті қарапайым акцтялармен шығарылатын азайтушыға қарсы әсері акцияға азайтушы пайданы есептегенде ескерілмейді.
Ұйым шығарған әлеуетті қарапайым акциялар ұандай әсері бар екенін (азайтушы не азайтушыға қарсы)білу маңызды:

    1. әлеуетті қарапайым акцияларды әрбір түрі және шығарылымы бойынша қарастырылады:

а) әлеуетті қарапайым акцияларды конвертациялау нәтижесінде болған таза пайданың әлеуетті өсімі (ПӘӨ);
ә) әлеуетті қарапайым акцияларды конвертациялау нәтижесінде қарапайым акциялар санының әлеуетті өсуі (АӘӨ);
б) таза пайданың әлеуетті өсімінің айналыстағы акциялардың әлеуетті өсіміне қатынасы (ПӘӨ/АӘӨ).
Алынған көрсеткіш өсуі бойынша қойылады: ең төмен мөлшерінен жоғарысына дейін, демек, азайтушы немесе азайтушыға қарсы әсері үшін кезектілік тізімі алынады (РАК).
2.акцияға келетін базалық пайданы есептеудегі формуланың алымын (таза пайда) және бөлімін (кезең бойы айналыстағы қарапайым акциялардың орташа есептелген саны) әрбір шығарылған әлеуетті қарапайым акцияның шығарылымы мен түрі бойынша жеке ПӘӨ/АӘӨ өсімінің кезектілігіне сай түзетіледі. Алымы пайда әлеуетті өсімі мөлшерінде көбейеді, ал бөлімі – белгілі бір түрі мен шығарылымы бойынша әлеуетті қарапайым акциялардың конвертациялануы нәтижесінде кезең бойы айналыстағы қарапайым акциялардың әлеуетті өсімі мөлшерінде көбейеді. Сонымен, әлеуетті қарапайым акциялардың әрбір түрі мен шығарылымына түзетілген акцияға пайда мөлшері есептеледі
2.3. Ақпараттың ашылуы мен берілуі 
Ұйым қарапайым акциялардың әрбір тобына акцияға келетін базалық және азайтылған пайдаларды табыстар мен зияндар туралы ақпаратты есеп берудің беткі бетінде көрсетуі міндетті болып табылады, егер олар кезең ішінде әр түрлі табыс алу құқықтарына қатысқан жағдайда. Ұйымға акцияға келетін базалық және азайтылған пайдаларды берілген барлық кезеңдерде бірдей дәрежедегі теңдікпен берулері тиіс.
Акцияға келетін пайда бойынша ақпарат пайда мен зиян туралы есеп берудің барлық кезеңдерінде беріледі. Егер акцияға келетін азайтылған пайда кем дегенде бір кезеңде берілсе, онда ол басқа да есеп беру кезеңдерінде көрсетілуі керек, тіпті ол акцияға келетін базалық пайдаға тең болатын болса да. Акцияға келетін базалық және азайтылған пайдалар тең болған жағдайда, онда олардың көрсетілуі тиісті түсінікпен бір жолда көрсетілуі мүмкін.
Сонымен бірге, қаржылық есепте акцияға келетін пайданы есептеген формуланың алымы мен бөліміндегі көрсеткіштер де көрсетілуі керек. Акцияға келетін базалық және азайтылған пада көрсеткіштері есепті кезеңдегі таза пайдамен (зиянмен) салыстырылуы тиіс. Оған қоса формула бөліміндегі акциялардың орташа алынған саны да нақтылануы тиіс.
Тоқтатылған операциялар жайлы ақпарат ашатын ұйым пайда мен зиян туралы есеп берудің беткі бетінде немесе қаржылық есептегі ескертулерде тоқтатылған операциялардан түскен акцияға келетін базалық және азайтылған пайдалар көрсетілуі керек.
Акцияларға келетін базалық және азайтылған пайдалар қаржылық есепте теріс көрсеткішті сомалар болған жағдайда да (кезең ішіндегі зиян) көрсетілуі тиіс.
Қаржылық есептегі ақпараттар келесілерді көрсетуі керек:
а) акцияға келетін базалық және азайтылған пайдаларды формуламен есептегенде, алымы ретінде қолданылған мөлшерлерді және сол мөлшерлерді құқық ішіндегі таза пайда немесе зиянмен салыстырып көрсету керек,
ә) акцияға келетін базалық және азайтылған пайдаларды формуламен есептегенде, бөлімі ретінде қолданылған орташа алынған акциялар санын және өзара бөлімдерін салыстырып көрсету керек;
б) әлеуетті түрде болашақта пайданы азайтатын қаржылық құралдар туралы ақпараттарды ( шартты шығарылатын акцияларды қосқанда), бірақ акцияға азайтылған пайданы есептегенде есепке алынбағандары, себебі олар азайтушыға қарсылар болып табылады.
Егер ұйым қарапайым акцияларға келетін, кезең ішіндегі таза пайда немесе зияннан өзгеше есептік таза пайдамен бірге қолданылған акцияға келетін пайда туралы қосымша ақпараттар көрсетме, онда мәліметтер кезең ішіндегі айналыста жүрген орташа алынған акцияларсаны көмегімен есептелуі тиіс. Егер есептеуде пайда мен зиян туралы есепберуде жеке бір жолда көрсетілмеген таза пайданың мөлшері қолданылса, онда қолданылған мөлшер мен пайда мен зиян туралы есеп берудің сәйкес бабы арасында тексеріс жүргізу керек. Акцияға келетін базалық және азайтылған пайдаларының сомалары бірдей дәлдікпен ашылулары керек. ІІІ. Жетілдіру жолдары. 
«Акцияға келетін пайда» стандартындағы негізгі көрсеткіш пен қаржылық ортаға керек ақпарат көзі – ол, аты атап тұрғандай, бір акцияға келетін пайда мөлшері. Қаржылық ортада кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен мүмкіншілігін, экономикалық дамуы мен тиімділігін дәл осы көрсеткіш көрсетеді. Сол себепті бұл көрсеткіш маңызды болып табылғандықтан, оны мақсималды түрде дәл анықтап көрсеткен дұрыс болады.
Айналыстағы орташа алынған акциялар санының күн бойынша есептелуі:
(1700*0,414) + (2500*0,501) + (2250*0,082) = 2142 акциялар.
Ал егер әдеттегі әдісті қолданғанда, бұл көрсеткіш біршама өзгеретін еді.
Сонымен қатар, акцияға келетін пайданы есептеуге керек акциялардың орташа алынған санының көрсеткіші көп жағдайларда өзгеріп кетеді. Ол құқықтарды шығарған кезде опциондардың орындалу құны көбінесе акциялардың әділетті құнынан төмен болуымен байланысты, ал ол өз кезегінде премияның (бонустік элемент) пайда болуына алып келеді. Бұл жағдайда акцияға келетін пайданы есептеуге керек акциялардың орташа алынған саны былай есептеледі:

ҚОРЫТЫНДЫ 


«Акцияға келетін пайда» ҚЕХС-33 біздің еліміз 2005 жылдан бастап қаржылық есептің халықаралық стандарттарына көшуіне байланысты маңызды орын алып отыр. Бұл стандартты бағалы қағаздар нарығында еркін айналыста жүретін акция ұстаушылары қолданатынын ескеретін болсақ, аталған стандарт көп кәсіпорындар үшін керекті деректер болып саналады <акцияға келетін пайда» стандартының қаржылық ортада акцияға келетін базалық және азайтылған пайда мөлшерлерін есептеумен және ақпараратты берудегі ережелерді талдайды. Сонымен бірге, акцияға келетін пайда мөлшері кәсіпорынның экономикалық белсенділігін де көрсетеді, яғни акция кәсіпорын мүлкінің құрауышы, қаржылық құралдары (негізігі табыс көзі) болғандықтан инвесторлар әлеуетті сатып алынатын ( инвестиция құйылатын) кәсіпорындарды таңдағанда осы көрсеткішке жүгінеді.

Пайдаланылған әдебиеттер


«Международные стандарты финансовой отчетности.2001». Бішкек: 2001 жыл, 681-бет.
«МСФО. Теория и практика». Э.О. Нүрсеитов, Д.Э. Нүрсеитов. Алматы: 2007 жыл, 310,311-беттер.
«Методические рекомендации по применению международного стандарта бухгалтерского учете (IAS) 33 «Прибыль на акцию». «Бизнес класс». 2005 жыл, №7, 2-14-беттер.
«Международные стандарты учета и финансовой отчетности». В.Ф. Палий. Мәскеу: 2007 жыл, 412-414-беттер.
«Прибыль на акцию (EPS) и разводненная прибыль на акцию». Ю. Леснова. «Учет и финансы». 2007 жыл, №8, 2-4-беттер.
«Раскрытие информации о прибыли на акцию в финансовой отчетности». Д.Нурсеитов. «Учет и финансы». 2006 жыл, №3, 27-28-беттер.
«Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі». К.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов. Алматы: 2001 жыл, 23-бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет