Директорлар Кеңесі Төрағасының және «kegoc» АҚ Басқарма Төрағасының Үндеуі 2


БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГИЯ ЖҮЙЕЛЕРІМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУ



бет4/7
Дата25.02.2016
өлшемі3.17 Mb.
#22920
1   2   3   4   5   6   7

БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГИЯ ЖҮЙЕЛЕРІМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУ
«KEGOC» АҚ өзінің қызметінде басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен, сол сияқты Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен өзара іс-қимыл жасайды.

Ресей Федерациясы

Есеп беріліп отырған кезеңде Ресей мен Қазақстан энергия жүйелерінің қатарлас жұмысы одан әрі жүргізілді. 2010 жылдың қаңтар айында «KEGOC» АҚ мен «Орталық Азия ИНТЕР РАО» ЖШС арасындағы №13-Ш-119 шарт бойынша жоспардан тыс электр энергиясын сатып алуды ресімдеу жөніндегі операция («Шыгысэнерготрейд» ЖШС үшін электр энергиясының технологиялық шығысы мен жоспардан тыс электр энергиясын қарымталау үшін) жүргізілді. Ресей Федерациясынан жоспардан тыс электр энергиясын қабылдау 9,342429 млн. кВтс құрады.

2010 жылы «KEGOC» АҚ мен «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ арасында Ресей Федерациясына жоспардан тыс электр энергиясын сатуды ресімдеу жөніндегі операция Ресейге жоспардан тыс электр энергиясын берудің болмауына байланысты жүргізілмеді.

2010 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы ҚР және РФ БЭЖ қатарлас жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімді іске асыру шеңберінде мыналарға қол қойылды:



  • «KEGOC» АҚ мен «ФСК ЕЭС» ААҚ, «СО ЕЭС» ААҚ арасында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысы туралы шарт;

  • «KEGOC» АҚ мен «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ арасында электр энергиясының мемлекетаралық сальдо ағындарының жоспардағыдан ауытқуларының сағаттық көлемдерін қарымталау мақсатында электр энергиясын сатып алу-сату шарттары;

  • «KEGOC» АҚ мен «ФСК ЕЭС» ААҚ арасында электр энергиясын жеткізу (транзит) жөніндегі қызметті көрсету шарты.

  • 2010 жылдың мамыр айынан бастап «KEGOC» АҚ мен «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ арасындағы №02-398/2010-00001 шарт бойынша электр энергиясының мемлекетаралық сальдо ағындарының жоспардағыдан ауытқуларының сағаттық көлемдерін қарымталау мақсатында Ресей Федерациясынан электр энергиясын сатып алу жүргізілді; Ресей Федерациясына электр энергиясын жеткізу 580,301 млн. кВтс құрады.

2010 жылдың мамыр айынан бастап «KEGOC» АҚ мен «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ арасындағы №01-398/2010-00003 шарт бойынша электр энергиясының мемлекетаралық сальдо ағындарының жоспардағыдан ауытқуларының сағаттық көлемдерін қарымталау мақсатында Ресей Федерациясына электр энергиясын сату жүргізілді; Ресей Федерациясына электр энергиясын беру 586,649 млн. кВтс құрады.

2010 жылдың мамыр айынан бастап «KEGOC» АҚ мен «ФСК ЕАС» ААҚ арасындағы №013-Ш-1353 шарт бойынша электр энергиясын «KEGOC» АҚ-ның тораптары бойынша жеткізу (транзит) Ресей Федерациясы – Қазақстан Республикасы - Ресей Федерациясы бағдары бойынша жүзеге асырылды. «KEGOC» АҚ-ның транзиті бойынша көрсеткен қызметінің көлемі 2 865,38 млн. кВтс құрады.



Орталық Азия

Есеп беріліп отырған кезеңде Орталық Азия мен Қазақстанның энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеу жалғасып келеді.

2010 жылдың мамыр және қазан айларының аралығында «KEGOC» АҚ және «Электр станциялары» ААҚ (Тоқтағұл ГЭС-і) арасындағы шарт бойынша технологиялық шығысты қарымталау және «KEGOC» АҚ-ның шаруашылық қажеттіліктеріне Қырғызстан Республикасынан электр энергиясы сатып алынды. Электр энергиясын сатып алу көлемі 540,0 млн.кВтс құрады.

Есеп беріліп отырған кезең ішінде Жүйелік оператордың қажеттілігі үшін Орталық Азияның БЭЖ-нен қуатты реттеу жөніндегі қызмет 738 МВт. мөлшерінде сатып алынды

Орталық Азияның энергия жүйелерімен қатарлас жұмыстың басқа аспектілері бойынша шарттық қатынастарды ресімдеу жөніндегі жұмыс жалғастырылып келеді.
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ

«KEGOC» АҚ корпоративтік басқаруды Компания қызметінің тиімділігін арттыру, оның беделін нығайту және тартылған капиталдың шығындарын азайту құралы ретінде қарайды.

«KEGOC» АҚ-дағы корпоративтік басқару әділеттікке, адалдыққа, жауапкершілікке, айқындылыққа кәсіби шеберлікке және құзыреттілікке құрылады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы «KEGOC» АҚ-ның қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеу деп жорамалданады және Компания қызметінің табысты болуына, оның ішінде оның құндылығын арттыруға, қаржылық тұрақтылық пен пайдалылық деңгейін сақтауға мүмкіндік туғызады.

«KEGOC» АҚ корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:



  • Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;

  • Директорлар кеңесі мен Басқарманы тиімді басқару қағидаты;

  • «KEGOC» АҚ дербес қызметінің қағидаты;

  • «KEGOC» АҚ-ның қызметі туралы ақпараттың айқындылығы мен оны ашып көрсету шынайлығының қағидаты;

  • заңдылық пен әдеп-ғұрып қағидаттары;

  • тиімді дивидендтік саясат қағидаттары;

  • тиімді кадр саясатының қағидаттары;

  • қоршаған ортаны қорғау қағидаты;

  • корпоративтік дау-дамайлар мен мүдделік дау-дамайларды реттеу қағидаттары;

  • жауапкершілік қағидаты.

«KEGOC» АҚ-дағы корпоративтік басқару қағидаттары Компанияны басқаруға байланысты туындайтын қатынастарда сенім білдіруге бағытталған және ол «KEGOC» АҚ корпоративтік басқару кодексінде баяндалған.
АКЦИОНЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы «Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығы жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қарашадағы № 669 Жарлығымен және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамдарын қосу жолымен құрылды.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын арттыру және әлемдік нарықтардағы өзгерістердің еліміздің экономикалық жағынан өсуіне теріс ықпалының болуы факторларының алдын алу үшін құрылды.

Қор қызметінің негізгі мақсаты өзіне тиесілі ұлттық институттардың, ұлттық компаниялар мен басқа заңды тұлғалардың меншік құқығындағы акцияларды олардың ұзақ мерзімді құндылығын барынша арттыру үшін басқару және әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Қор мен компаниялар қызметінің негізгі бағыты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын, «Қазақстанның 30 Корпоративтік көш басшылары» бағдарламасын, компаниялардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде ұлттық экономиканы жаңғырту және әртараптандыру болып табылады.

Қор экономиканың нақты секторына инвестицияларды тарту, өңірлерде жұмысты жандандыру, сала аралық және өңіраралық байланыстар жөніндегі мәселелерді тез әрі жедел шеше отырып және қолда бар артықшылықтар мен мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша көмек көрсету.



Қордың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

  • өңірлік, ұлттық және халықаралық көлемдегі инвестициялық жобаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;

  • Қордың компаниялар тобының қолданыстағы актитерін ұстау және жаңғырту;

  • өңірлердің дамуына жәрдемдесу және әлеуметтік жобаларды іске асыру;

  • отандық тауар өндірушілерді, отандық тауарлар мен қызметтерді қолдау.


«KEGOC» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2011ж.01.01-дегі құрамы:

Құлыбаев Тимур Асқарұлы

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Директорлар кеңесінің төрағасы. «KEGOC» АҚ-ның акцияларын иеленбеген. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2009ж.02.04 бастап мүшесі болып табылады.

Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице- министрі, «KEGOC» АҚ-ның акцияларын иеленбеген. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2007ж.20.09 бастап мүшесі болып табылады.

Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы

Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭБУ) ректоры, тәуелсіз директор, «KEGOC» АҚ-ның акцияларын иеленбеген. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2006ж.26.05 бастап мүшесі болып табылады.

Балтабаев Базарбай Қабдолұлы

«ҚР Аудиторлар палатасы» КАҰ вице- президенті, тәуелсіз директор, «KEGOC» АҚ-ның акцияларын иеленбеген. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2008ж.11.03 бастап мүшесі болып табылады.

Абылғазин Данияр Рүстемұлы

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры, , «KEGOC» АҚ-ның акцияларын иеленбеген. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2010ж.13.08 бастап мүшесі болып табылады.

Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы, , «KEGOC» АҚ-ның акцияларын иеленбеген. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2009ж.01.12 бастап мүшесі болып табылады.

Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес 2010 жылғы 13 тамызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып Абылғазин Д.Р. өзінің Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін 2010 жылғы 16 тамызда мерзімінен бұрын тоқтатқан Б.У.Ақшолақовтың орнына сайланды.

Директорлар кеңесінің 2010 жылғы отырыстарына директорлардың әрқайсысының қатысуы пайызбен былайша көрсетіледі:

Құлыбаев Т.А. – 9-дың 8-не 9 – 89 %; Балтабаев Б.К. – 9-дың 9-на – 100%;

Тұрғанов Д.Н. – 9-дың 9-на – 100%; Сатқалиев А.М. – 9-дың 9-на –100 %;

Дәукеев Г.Ж. – 9-дың 7-не– 78 %; Абылғазин Д.Р. – 5-дің 5-не – 100 %;

Ақшолақов Б.У. – 3-дің 3-не – 100%.

2010 жылы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің 9 отырысын өткізді, оның 3-і сырттай нысанда өткізілді. 2010 жылы Директорлар кеңесі 72 мәселені қарады: 6 мәміле жөнінде шешім қабылданды, 5 стратегиялық мәселе мен 13 ұйымдық мәселелер қаралды, 25 ішкі нормативтік құжаттар бекітілді, барлығы 16 есептеме қаралды. Маңызды мәселелер Директорлар кеңесінің күндізгі отырыстарында қаралды. Компанияның Жарғысында дамыту стратегиясын бекіту; меншік капиталы мөлшерінің 10%-ы мен одан астамын құрайтын шамаға арналған міндеттемелерді ұлғайту; ірі мәмілелерді және мүдделілігі бар мәмілелерді жасау туралы шешімді бекіту; Дамыту жоспары мен бюджетті бекіту; инвестициялық және кредиттік жобаларды қарау, кадр мәселелері бойынша мәселелер тізбесі көзделген.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларына олардың өздерінің міндеттемелерін орындаған кезеңде Компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің функцияларын орындауына байланысты сыйақы мен өтемақы шығыстары төленеді.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларына сыйақы мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

• жылдық тіркелген сыйақы;

• «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің күндізгі отырыстарына қатысқаны үшін қосымша сыйақы.

Директорлар кеңесінің мүшелерінедиректорлардың тұрғылықты жерлерінен тыс орындарда өткізілетін директорлар кеңесінің отырысына келуіне байланысты шығыстары (жолақы, қонақ үйде тұру, тәуліктік шығыстар) төленеді.



«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің 2010 жылғы сыйақылары туралы мәлімет:

Директорлар кеңесінің мүшелері

Жылдық тіркелген сыйақы

Комитеттердің күндізгі отырыстарына қатысқаны үшін сыйақы

2010 жылғы барлығы

Балтабаев Б.К.

2 400 мың теңге

1 300 мың теңге

3 700 мың теңге

Дәукеев Г.Ж.

2 400 мың теңге

1 300 мың теңге

3 700 мың теңге

БАРЛЫҒЫ:







7 400 мың теңге


«KEGOC» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕНЕСІНІҢ КОМИТЕТТЕРІ

Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет

Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы — тәуелсіз директор — Комитет төрағасы;

Балтабаев Базарбай Қабдолұлы — тәуелсіз директор;

Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы — директор;

Оразбекова Найля Қапанқызы — «Самұрық-Қазына» АҚ Қызметкерлерді басқару жөніндегі департаменттің бас менеджері, сарапшы (дауыс беру құқығынсыз), Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің құрамына 2010 жылғы 29 желтоқсанда О.В.Әмірғожинаның орнына сайланды.

2010 жылы 4 күндізгі отырыс өткізілді. Комитеттердің отырыстарында 9 мәселе қаралды және Директорлар кеңесіне олар бойынша ұсыным енгізілді:



  • Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің 2010 жылғы жұмыс жоспары бекітілді;

  • Директорлар кеңесіне «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің қызметіне бағалау жүргізу туралы ұсыным берілді.

  • Директорлар кеңесіне Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары лауазымына кандидаттарды тағайындау, сондай-ақ «KEGOC» АҚ атқарушы органының құрамына кандидаттарды сайлау жөнінде ұсыныс беру мәселелері бойынша ұсынымдар берілді;

  • «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының (орталық аппаратының) басшы және әкімшілік қызметкерлеріне еңбек және сыйақы төлеу ережесі мен лауазымдық айлық ақыларының схемасы, Атқарушы орган басшысы мен оның мүшелерінің, Корпоративтік хатшының, «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметіның басшысы мен қызметкерлеріне лауазымдық айлық ақыларының мөлшері мақұлданды. Директорлар кеңесінің қарауына Ішкі аудит қызметінің еңбеккерлері мен Корпоративтік хатшыға сыйақы төлеу жөніндегі ұсыныстар енгізілді.

Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет

Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы — директор — Комитеттің төрағасы;

Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы — тәуелсіз директор;

Абылғазин Данияр Рүстемұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры;

П. Хауз — «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры — сарапшы (дауыс беру құқығынсыз).

2010 жылы Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет 4 отырыс өткізді, оның бір отырысы күндізгі нысанда. Комитеттің жұмыс барысында:



  • «KEGOC» АҚ Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитетінің 2010 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді;

  • «KEGOC» АҚ-ны дамытудың 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған ұзақ мерзімді стратегиясы қаралды және мақұлданды;

  • «KEGOC» АҚ-ның 2010 жылға арналған корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары алдын ала қаралды және мақұлданды;

  • «KEGOC» АҚ-ның корпоративтік басқару кодексінің жобасы жаңа редакциясында мақұлданды;

  • «KEGOC» АҚ-ның 2011-2015 жылдарға арналған корпоративтік басқару кодексінің жобасы қаралды және мақұлданды.

Аудит жөніндегі комитет

Балтабаев Базарбай Қабдолұлы — тәуелсіз директор, Комитеттің төрағасы;

Даукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы — тәуелсіз директор;

Абылғазин Данияр Рүстемұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры (2010ж.29.12 комитет мүшесі);

Баймұрзин Рысхан Қалымұлы — «Самұрық-Қазына» Аудит және бақылау департаментінің бас менеджері — сарапшы (дауыс беру құқығынсыз).

2010 жылы Аудит жөніндегі комитет 12 отырыс өткізді, оның 3-і – күндізгі нысанда. Аудит жөніндегі комитеттің отырыстарында 34 мәселе қаралды және Директорлар кеңесіне олар бойынша ұсыным енгізілді, төменде солардың негізгілері:



  • 2009 жылғы қаржылық есептеменің аудит нәтижелері қаралды;

  • «KEGOC» АҚ-ның 2009 жылғы қаржылық есептемесі алдын ала мақұлданды;

  • «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетіне арыздар мен өтініштерді алу, қарау ережесі алдын ала мақұлданды;

  • тәуекелдер жөніндегі құжаттар алдын ала мақұлданды;

  • ІАҚ қызметі туралы жылдық есеп пен тоқсандық есептер мақұлданды;

  • «2010 жылғы қаржылық есептеменің аудиті» қызметін сатып алу туралы шарттың жобасы алдын ала мақұлданды (аудиторлық қорытынды)».


«KEGOC» АҚ БАСҚАРМАСЫ

«KEGOC» АҚ-ның ағымдағы қызметіне басшылық жасауды атқарушы орган – Басқарма жүзеге асырады, ол басқа органдардың құзыретіне жатпайтын Компания қызметінің мәселелері бойынша шешім қабылдайды.



«KEGOC» АҚ Басқармасының құрамы 2011ж.01.01 былайша жасалды:

Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы


Оспанов Серік Кеңесбекұлы

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары

Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы

Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары

Бексары Жаңабай Мұратбекұлы

Басқарма төрағасының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары

Ли Валерий Константинович

Жүйелік қызметтер және МТҚ жөніндегі басқарушы директор

Ақмурзин Абат Аманұлы

Филиалдармен жұмыс жөніндегі басқарушы директор

Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы

Құқықтық қамтамасыз ету және қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор

Ботабеков Айбек Төлеубекұлы

Экономика жөніндегі басқарушы директор

2010 жылы «KEGOC» АҚ Басқармасының 28 отырысы өткізілді, онда 182 мәселе қаралды, атап айтқанда:

  • «KEGOC» АҚ-ның 47 ішкі нормативтік құжаттары бекітілді, 19 ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілді;

  • Бір көзден тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы 12 шешім қабылданды.

  • «KEGOC» АҚ бекітілуі Директорлар кеңесінің құзыретіне жататын 18 ішкі нормативтік құжатты қарады және мақұлдады; Атқарушы дирекцияның ұйымдық құрылымы мен лауазымдық айлық ақыларына қатысты мәселелер; тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі рәсімдерге қатысты мәселелер, атап айтқанда:

  • «KEGOC» АҚ-ны дамытудың 2010 жылға арналған жоспарына өзгерістер;

  • «KEGOC» АҚ-ның 2010 жылға арналған корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

  • «KEGOC» АҚ-ны дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған жоспар;

  • 2010-2013 жылдарға арналған тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары

  • Жасалуында «KEGOC» АҚ-ның мүдделілігі бар мәмілелерді жасау туралы мәселелер мақұлданды және Директорлар кеңесінің бекітуіне берілді. Атап айтқанда, «KEGOC» АҚ мен «Батыс Транзит» АҚ арасында электр энергиясын өндіру тұтынуды теңгерімдеу және электр энергиясын жеткізуді ұйымдастыру жөніндегі қызметті көрсетуге арналған шарттар.

Басқарма өзінің әрбір отырысында Компанияның демеушілік және қайырымдылық көмегін көрсету жөніндегі мәселені қарап отырды.

«KEGOC» АҚ Басқармасының мүшелеріне сыйақы төлеу тәртібі «KEGOC» АҚ Басқармасы туралы ережемен, сондай-ақ «KEGOC» АҚ –ның әкімшілік-басқарушы қызметкерлеріне еңбек және сыйақы төлеу туралы ережеге сәйкес айқындалды. Басқарманың төрағасы мен оның мүшелеріне сыйақы төлеу жүйесіне лауазымдық айлық ақы және жылдық жұмыстың қорытындылары бойынша сыйақы кіреді. «KEGOC» АҚ-ның басқарушы қызметкерлеріне «KEGOC» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері аудиттелген қаржылық есептеменің негізінде белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін қаржылық есептің нәтижелері бойынша сыйақы төленеді. Жылдық есептің қорытындылары бойынша сыйақы төлеу тұрақты түрде болып тұрмайды. Сонымен, Жалғыз акционер мемлекет басшысы Н.А. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау жөніндегі мәселелер бойынша берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қордың 2008 -2010 жылдардағы топ ұйымдарының басқарушы қызметкерлеріне бонустар төлемеу жөнінде шешім қабылдады.

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы мен оның мүшелеріне 2010 жылы сыйақы төлеу туралы мәліметтер:


Басқарма мүшелері

2010 жыл үшін барлығы, мың теңге

Сәтқалиев А.М.

8 628,84

Оспанов С.К.

7 523,47

Қажиев Б.Т.

7 259,52

Бексары Ж.М.

4 774,91

Ли В.К.

5 964,73

Ақмурзин А.А.

2 317,29

Жақыпбаев К.Т.

6 623,35

Ботабеков А.Т.

6 031,64

БАРЛЫҒЫ:

49 123,76

«KEGOC» АҚ-ның Басқармасына тәуекелдерді басқару мәселелерін алдын ала қарау және ол бойынша ұсынымдарды дайындау мақсатында Басқарма жанынан консультативтік-кеңес беру органы – Тәуекелдер жөніндегі комитет құрылды. Тәуекелдер жөніндегі комитеттің жұмыс жоспарына сәйкес 2010 жылы 8 отырыс өткізілді, онда тәуекелдер жөніндегі нормативтік құжаттар таллқыланды және мақұлданды және 2010 жылға арналған тәуекелдер Тізілімдемесі мен Картасы мақұлданды, Компанияның тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралары әзірленді және олардың орындалуы жөніндегі есептемелер қаралды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет