Дірістер жинағы дәріс- 1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау


Дәріс-13 Тақырыбы: Интелектуальдық меншік обьектілері



бет16/20
Дата11.11.2022
өлшемі125.68 Kb.
#464582
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Лекция Ғылыми

Дәріс-13
Тақырыбы: Интелектуальдық меншік обьектілері
Ғылыми интеллектуалды зерттемелер

1.Ғалымдардың жаңалықтарды ашуы

2. Авторлық құқық объектілері

Ғылыми идея мен зерттемелер табыс, кіріс беретін өнімге айналған. Осыған байланысты интеллектуалды өнімді жасаушы-ғалымдардың авторлық және мүдделік құқын қорғау міндеті көкейтесті болып табылады. Қайсыбір ғылыми немесе техникалық идеяның интеллектуалды өнімді жасаушының авторлық және мүдделік құқын растайтын мемлекеттік қорғау құжаттарын беру жүйесі бар.


Егер азамат өзінің жаңа ғылыми жетістіктерін сауатты қорғамаса, оларға патент алмаса, онда осы жасаманың авторы екенін, осы техникалық мәселенің шешімін тапқанын ол еш дәлелдей алмайды. Моральдық қанағаттанудан басқа, ғылыми өнертапқыштық жетістігі материалдық көтермелеумен құпталу керек. Қаржы - қаражат ғалымның өмір сүруіне, тұрмыс мәселелерін шешуге, толық демалуына, баска ел мен қаладағы әріптестермен байланыс жасауға, жақсы ғылыми аппаратураны алуға, т.б. сұраныстарды қанағаттандыруы қажет.
Осы орайда Швецияның талантты өнертапқышы, өндірісші ғалым Альфред Нобельдің (1833 - 1886ж.) өмірін үлгі ретінде айтуға болады. Ол 1862 жылы қопарғыш - динамит пен шатырлауық сынап капсулін ойлап тауып, оған Ұлы Британияда патент жасады. Нобельдің жасамасы дер кезінде ойластырылып, тұтынушылардың сұранысына ие болды. XIX ғасырдың ортасында топырақ массасын аударып, көптеген ірі құрылыс жүргізіліп отырды, ондай жұмыстар қопарғыштың көп жұмсалуын қажет ететін. Осыған дейін қолданыста жүрген нитроглицерин өте қауіпті болатын. Динамит қопарғыш көмегімен Суэц, Панама каналдары, Швейцариядағы Сен-Годар төннелі, Трансамерикан темір жолы және көптеген басқа объекттер құрылды. Өз жасамасынан және динамитті өндеуге лицензия сатудан Нобель өте үлкен табыс тапты, өмірінің соңында оның байлығы 35 млн. швед кронымен, қазіргі курс бойынша АҚШ-тың 1 млрд. долларына жуық бағаланды. А. Нобель атындағы сыйлықтың құрушысы ретінде белгілі, ол сыйлық 1901 жылдан бері адам іс-әрекетінің 6 саласында-физика, химия, медицина, әдебиет, бейбітшілікті нығайту және экономика - ірі табыстары үшін беріледі. Қазіргі уақытта сыйлыққа шамасымен 1 млн. доллар белгіленген. Сыйлықты тапсыру рәсімі 10 желтоқсанда, Нобельдің қайтыс болған күні, Стокгольм мен Осло (Ослода бейбітшілікті нығайту үшін сыйлық беріледі) қалаларында өтеді. 1957 ж. Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 102 элементіне Нобелий деген ат қойылды.

Өз жасалымын патенттеудің мәнін жете бағаламаудың мысалы ретінде радионы ойлап табу тарихын айтуға болады.


1895ж. 25 сәуірде (7 мамыр) орыс инженері А.С. Попов Кронштадта радиосигналды беретін аспапты көрсетті. Ол кезде Попов өз жасалымының мәнін түсінбей, оған патент жасамады.Одан кейін бүкіл жаз бойы Нижний Новгородтағы жәрмеңкеге кетіп, онда электрик болып жұмыс жасады. Тек 1896 ж. қаңтар айында орыс физика - химия қоғамының журналында "Электр тербелісті аңғаратын және тіркейтін аспап" деген мақаланы жариялады. Дәл сол уақытта италиядағы жас студент Т. Маркони Поповтың тәжірибесі туралы ешнәрсе білмей отырып, 1895 жылдың жазында ұқсас сынамаларды өткізіп, 1896 жылдың маусым айында сигналды радио арқылы жіберу идеясына Англияда патент жасады. Ағылшын патент сарапшылары А.С. ІІоповтың жарияланымын байқамаған. Патент алысымен Т. Маркони қаржы көзін тауып радионы өндіріске енгізуді ұйымдастырды. Ал А.С.Поповтың радиоға жасаған патенті жоқ болғандықтан радио өнертапқышы ретінде тек ТМД елдерінде танылды, басқа шет елдерде радионы ойлап тапқан болып Т. Маркони саналады. Айта кететін жай, А.С Попов Т. Марконимен радио патенті үшін ешқашан таласқан емес. Олардың өзара қатынастары сыйластықта болған. 1901 жылы А.С. Попов радиосигналдарды телефон арқылы қабылдау аспабын ойлап тауып, бірден оған патент алды.
Көптеген ірі жасамалар өз жасаушыларының аттарын мәңгі тарихта қалдырған. Олардың басым көпшілігі адамның күнделікті тұрмысында қолданылатын құрылғылар. 1905 жылы американдық Жиллет қауіпсіз ұстараны ойлап тауып, патенті АҚШ-та алды. Ол екі жағынан да қайралып, ұстайтын таяқшасын перпендикуляр орналастырған ауыспалы жүзін қоюды ұсынды. Мұндай конструкциядағы ұстараны казірде әлемдегі миллиондаған ер кісілер пайдаланады. Жиллет "Жиллет Индастриз Лимитед" фирмасын құрып, осы күнге дейін әлемдегі ұстара жасаушылардың ең ірі өндірушісі болып саналады. 1974 жылы фирма мамандары жүздері бірінің астына бірі орналасқан және бір жаққа қараған екі жүзді, жаңа ұстарыны ойлап тауып, патент алды. Қазіргі кезде ұстараның осындай конструкциясы барлық жерге таралған.
Өз құқығының саласын түсіну мен қамту үшін, зерттеуші техникалық идеяның мәнін патент арқылы қорғайтын патент құқығының және шығарманың мәтінін қорғап, бірақ сол шығарманың идеясын, мәнін қорғамайтын автор құқығының саласын анық ажырата білуі керек.
Авторлық құкық шығармашылық іс-әрекеттің нәтижесінде туындаған ғылым, әдебиет және өнер шығармашылығына қатысты болып, ол шығарманың құндылығына, оны көрсету тәсіліне байланысты емес. Авторлық құқықпен байланысты іс-қимылдар "Авторлық және шектестік құқық туралы заңмен" реттеледі. Бұл заң жарияланған әртүрлі формада өмірде бар бірақ жарияланбаған да шығармаларды қорғайды.

Авторлық құқықтың объектілері:

1. Әдебиет және өнер шығармалары:

- барлық жанрдағы әдеби шығармалар;

- драмалық және музыка-драмалық шығармалар, сценарийлер;

- ғылыми мақалалар мен монографиялар;

- хорюграфиялық шығармалар мен пантомималар;

- сурет, мүсіндеу, графика шығармалары;

- графикалық әңгімелер, комикстер;

- қолданбалы және сценографиялық өнердің шығармалары;

- архитектура қала құрылысы мен бақша салу өнер шығармашылығы;

- фотографиялық шығармалар мен фотографияға ұксас тәсілдер мен жасалған шығармалар;

- география, геология және басқа карталар, жоспарлар, нобайлар, география, топография және басқа ғылымдарға жататын пластикалық шығармалар;

- авторлық аудиовизуалды шығармалар (кино, - теле-, видеофильмдер, слайдтар, диафильмдер және басқа кино - телешығармалар).

2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар және кез-келген тілдер мен формадағы мәліметтер базалары.

3.Интегралды микросхемалардың топологиясы;


Авторлық құқық ережелерімен қорғалатын шығарманың міндетті белгісі ретінде, оның шығармашылық сипаты мен объективті формада өрнектелуі болып табылады, Туындының шығармашылық сипатының көрсеткіші - оның бірегейлігі, жаңалығы, - жаңа идеяда, жаңа ғылыми тұжырымдамада, жаңа мазмұнында, жаңа формада айқындалады. Демек, шығармашылық туындама өзінің бірегейлігі мен біртумалығымен сипатталады.

Авторлық құкық шығарманың мазмұнын емес, формасын ғана қорғайды. Мысалға, көптеген авторлар өздерінің авторлық әңгімелерінде криминалды сюжетті пайдаланады - кісі өлтіру, оның мәтінін табу, ақылды тыңшы, сүйкімсіз персонажға күмәндану, кісі өлтірушіні ұзақ іздеу және ең соңында ол алдымен ешқандай күдікті шақырмайтын кісі болып шығады. Бұл белгілі жазушылар А. Конан - Дойл, Агата Кристи, Эдгар По және көптеген басқа аты шықпаған жазушылар. Бірақ олардың шығармалары өнер шығармашылығының туындысы болып есептелінеді де авторлық құқықпен қорғалады.


Авторлық шығарманың мазмұнын қолдану мысалы ретінде, оқулықтарды жазу болып есептеледі. Бір пәннен жазылған оқулықтардың мазмұны бір болып келеді, мысалға "Физика, Механика", бірақ әрбір автор оны өзінше баяндайды, өз сөзімен, материалды баяндау тәртібін өзгертеді, езінің мысалы мен есептерін береді. Авторлық құқық оқулықтың материалды баяндау формасын қорғағанымен, оның мазмұнын қорғамайды.
Авторлық құқықтың әсер ету мерзімі автордың өмір бойы және ол дүниеден қайтқан соң 50 жыл бойы сақталады. Авторлықтың моральдық мүдделік емес құқығы мерзімсіз сақталады.
ЭЕМ- ге арналған бағдармалар мен мәліметтер базасына құқықтық қорғау авторлық құқықтың жаңа бағыты. Бұл мәселе соңғы уақытта көп елдердің мамандарымен қаралып, талқылануда. ЭЕМ - ге арналған бағдарламалар авторлық қорғауға ие болғанымен, мәселе шешілмей отыр. Себебі мұндай қорғау бағдарламаның сыртқы формасын қорғағанымен, оның құрылымын, ұстанымдарын қорғамайды. Кейбір елдерде, мысалы АҚШ-та, компьютерлік бағдарламаларға патент беріледі. Мұндай патент алудың шығыны өте көп. Мысалға, жаңалығын тексеру сарапшысына 2000 долларға жуық, өтінішті беру және оны карауға
10000-25000 доллар көлемінде төлеу керек. Бағдарламаның өнімдер жайындағы патент құқы қалыптасу және даму кезеңінде табылып отыр.
Қазақстан мен Ресейде ЭЕМ бағдарламалары авторлық кұқық объектісі, оларға патент берілмейді.
Интегралды электрон микросхемалары немес чиптер авторлық құқықтың объектілері болып есептелінеді. Қорғау объектісі - пәрменді және пәрменсіз элементтердің геометриялық орналасуымен, оның арасындағы немесе жартылай өткізуші материалда компонентаралық орналасуын белгілейтін схема топологиясы.
Авторлық қорғауға ие болу үшін топология бірегейлі болып, қалыпты немесе белгілі конструкциялардан құрылмау керек.

Микросхема топологиясына авторлық құкық алу үшін автор интеллектуалды меншікті қорғау комитетіне арнайы өтініш өткізеді.


Жаңалығы мен бірегейлігі тексерілгеннен кейін топология Ресейге тіркеліп, авторға арнайы куәлік беріледі. Чип күрделі құрылымы мен конфигурациясы бар материалды объект болып табылады. Сондықтан көптеген жасаушылар куәлікті алумен қатар өзінің жасалымдарын техникалық шаралармен қорғайды (Ноу-Хау ұстанымы), мысалға, чипті бөлшектегенде өзінен- өзі бұзылу әрекетін, жасау технологиясын жасырады, т.б.
Шектестік құқық — авторлық құқықты жүзеге асыратын орындаушы, фонограмма жасаушы, радио мен телевизия ұйымдарының азаматтарының құқы. Бұл құқықтар екі жақты келісім негізінде іске асады. Авторлық құқық объектілерді жүзеге асыру ісі өзінен-өзі бірегейлі авторлық іс болып табылғамдықтан, авторлық құқықтың аясына кіруі мүмкін. Мысалға, әнші жаңа әнді орындау барысында, композитор мен ақын сияқты, осы әнді орындауға авторлық құқыққа ие болады, бірақ тек өз орындауында ғана. Ешкім келісімсіз оның орындауындағы осы әнді коммерциялық тыңдау үшін мысалы, радиода жаңғыртуға құқы жоқ. Мұндай шектестік авторлық құқық алғашқы орындаудан немесе авторлық құқық объектісін жаңғыртудан кейін елу жыл бойында сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет