Дірістер жинағы дәріс- 1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау


Жасалым патент қабілеттілігінің шарттары



бет17/20
Дата11.11.2022
өлшемі125.68 Kb.
#464582
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Лекция Ғылыми

Жасалым патент қабілеттілігінің шарттары

1.Жасалым объектілері, жасалым сыныпталуы
2.Патенттеу жүйесі
3.Патент пайдаланудың мерзімі және патент пошлинасы
4.Халықаралық патент құқы

Жасалым объектілері

1) Құрылғы - бұл конструкциялар мен бұйымдар машиналар, аспаптар, әбзелдер, механизмдер, т.б. құрылғы келесі қасиеттермен сипатталады: 1) конструктивті элементтер болуы; 2) элементтер арасында байланыс болуы; 3) элементтердің өзара орналасуы; 4) элементті орындау формасымен; 5) элементтер арасындағы байланысты орындау формасымен; 6) элементтердің параметрлері басқа сипаттамалармен және олардың өзара байланысымен; 7) элементтерді орындау материалы.

2) Тәсіл - бұл материалды объектілермен әрекет жасау үрдісі. Тәсілдің құрылғыға қарағанда көлемді көрсеткіштері жоқ, ол әрекеттің жаңа амалдарын қоюға, олардың қолдану тәртібін айқындауға, белгілі әрекеттердің жаңа мөлшерін орнатуға көмектеседі. Тәсілдің қасиеттері: 1) Әрекеттің немесе әрекет жиынтығының болуы; 2) Осындай әрекеттердің орындалу тәртібі (бірінен соң бірі, бір уақытта, түрлі тіркесте) 3) Әрекетті орындау шарты, режимі, құрылғы, заттарды қолдану және т.б.

3) Зат - бұл даралық косылымдар, бұған шартты түрде жоғары молекулярлы құрамалар және гендік инженерия объектілері жатады, мысалы, нуклеин қышқылдары, композициялар, құрамдар, ядерлік айналдыру өнімдері. Заттың қасиеттері: 1) Сапалы және санды құрамы; 2) атом аралық байланыс пен олардың өзара орналасуы, жаңа химиялық формуласы; 3) физика-химия және басқа сипаттары, оның ішінде затты алу тәсілдерінің белгісі; 4) заттың молекулярлық құрылысы.

4) Микроағзалар штаммдары - бұл дара микроағзалар, өсімдік пен жануарлар жасуша дақылдары. Штаммдарға - вирус, микроскопиялық саңырауқұлақтар, ашытқы, қыналар, микроскопиялық омыртқасыз жануарлар, т.б. жатады.

5) Қолданыс - бұрыннан белгілі құрылғы, тәсіл, зат, штаммдарды жаңа тәсілдермен қолдану. Жасалым деп есептелінбейтін ұсыныстар: 1) Жаңалықтар, ғылыми теориялар мен математикалық әдістер; 2) Шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдістері; 3) шартты белгілеулер, кестелер, ережелер; 4) Ойлау операцияларын орындау әдістері мен ережелері; 5) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар мен алгоритмдер; 6) Құрылыс, ғимарат, жер жобалары мен жоспарлау схемалары; 7) Бұйым сырт пішініне қатысты ұсыныстар; 8) Интегралды микросхемалар; 9) Өсімдік сорттары мен жануарлар тұқымы; 10) Қоғамдық мүддеге, адамгершілік пен моральдық ұстамымдарға қайшы келетін ұстанымдар.

Қазіргі уақытта әлемдегі патент қорларында он миллионнан астам жасалым патенттері жинақталған. Оларды сыныптамай және жүйелемей зор ақпарат материалды игеру мүмкін емес. Барлық жасалымдар тақырыптар бойынша қатая құрылатын, Халықаралық сыныптау (МКИ) бойынша реттеледі. Тақырып сыныпталуы техникалық іс-әрекеттін негізгі салаларынан басталады, барлығы 8 бөлімі әрқайсысы латын алфавитінің әріптерімен белгіленеді:

А - адамның өмірлік мұқтаждығын қанағаттандыру

В - түрлі технологиялық үрдіс, транспорттау

С - химия және металлургия

D - текстиль мен қағаз

Е - құрылыс

Ғ - колданбалы механика, жарық пен жылыту, козғалтқыштар, насос, қару мен оқ-дәрі, жарық жұмыстары

G - техникалық физика

Н - электр



Әрбір бөлім 99 сыныпқа бөлінген. Әрбір сыныпқа жасалымның қолдану аясын нақты айқындайды. Мысалға, А бөлімдегі 63 сынып спорт, ойын, жаппай көңіл көтеру саласындағы жасалымдарды қамтиды. В бөліміндегі 23 сынып металл кесу станоктары, металды өңдеу тәсілдері мен құрылғылар бойынша жасалымдарды жинақтаған. Әрбір сыныпта латын алфавиті әріптерімен белгіленген сыныпшалар бар. Сыныпшаларда жасалым тақырыптары одан сайын тарылады. Мысалға, А бөлімінің 63 сыныптың сыныпшасында (А63С) коньки, роликті коньки, шаңғы бойынша жасалымдар жинақталған; В бөлімінің 23 сыныптың В сыныпшасында токарь және бұрғылау өңдеу бойынша жасалымдар тіркелген.
Әрбір сыныпшада тақсыз сандармен 1 ден 99 дейін белгіленген топтар бар. Топтар өз кезегінде топшаларға бөлінген, олар 2 ден 98 дейін тақ сандармен белгіленеді. Сыныптаудың соңғы редакциясында кейбір топтар 900 дейінгі тақ сандармен белгіленеді, мысалға, жоғары молекулярлы химиялық қосындылар. Мұнда жасалым тақырыптарының одан сайынуы тарылу жүргізіледі. А бөлімінің 63 сыныпта С сыныпшасының 11 тобында шаңғы туралы барша мәліметтер, ал осы топтың 22 топшасында шаңғы таяқтары туралы барлық жасалымдар жинақталған. В бөлімінің 23 сыныбының 3 тобында токарь станоктары туралы барлық мәліметтер, ал осы топтың 16 топшасында токарь - револьверлы станоктар туралы барлық мәліметтер жиналған. Егер зерттеуші немесе конструктор шаңғы таяқтары саласында белгілі жасалымдар бойынша патент ақпаратын алғысы келсе, онда МКИ А63С11/22 индексі бойынша патенттерді іздеуі керек, ал токарь - револьверлы станоктар туралы МКИ В23В 03/16 индексі бойынша ақпарат алады. МКИ-дің ұсынылған жүйесі, сыныптардың 50млн. жуық сыныптау ұяшықтары бар. Ол бір тақырып бойынша жинақталған жасалым топтарына, техникалық зерттеме тақырыптарын нақты үлестіруіне мүмкіндік береді. Пайдаланушыға патенттің мұндай топтарымен жұмыс жасау өте ыңғайлы, себебі оны тақырыпқа қатысы жоқ қызықтыратын ақпаратты қараудан сақтайды.
Сыныптаудың ұяшықтарының көп саны техника және ғылым даму барысында, жаңа ғылыми зерттемелердің, идеялардың, техника дамуының жаңа бағыттары пайда болғанда МКИ жүйесін толықтыруға, жақсартуға мүмкіндік береді.
МКИ сыныптардың нақты индексін анықтау үшін, МКИ-ді үнемі толықтырып, жетілдіріп отырған арнайы сыныптаушысы болады. Қазіргі уақытта МКИ сыныптаушысының соңғы 2001 жылдың 1 каңтарында бекітілген 7 редакциясының күші бар. Қазіргі күнде МКИ жүйесі жасалым патенттерін тіркейтін барлық елдерде қабылданған. МКИ жүйесі қабылдауғанға дейін, әрбір мемлекет сыныптауда өзінің ұлттық жүйесі болып, көптеген ыңғайсыз мәселелерді тудыратын. МКИ жүйесі қабылдауына дейін ССРО-да сыныптаудың неміс жүйесі болған. Онда 89 сынып, 20000 жуық топ пен топшалар болып, 4 санатында — сынып, сыныпша, топ, тоншаны қамтып, әріпті-цифрлі белгілеу қолданған. МКИ жүйесі 1951 жылы ағылшын жүйесі негізінде жасалынды, ССРО да 1961 жылы қабылданды.
Кез-келген дамыған елдер патент қорының сан алуан жасалым суреттеуін жинақтаған. Бұл қорлар зерттеушілер, ғалымдар, инженерлер үшін маңызды зор ақпарат көзі болып табылады.
Ақпарат пайдаланушыларға жеткізу үшін жасалымдарды сыныптау ғана жеткіліксіз, оған жеңіл жету жолдары болу керек. Ол үшін патент ведомствосы бар және жасалымдарды тіркейтін барлық елдерде жаңа жасалымдар хабардар ететін арнайы басылымдар бар.

1924 жылдан бері шығатын ССРО-да "Жаңалық, жасалым, өндіріс үлгі және тауар белгілері" атты бюллетенде ғылым мен техника мемлекет комитеті жанындағы жасалым мен жаңалық істері комитетінде тіркелген жасалым, жаңалық т.б. бойынша қысқаша ақпарат берілетін: авторлық куәліктің нөмірі, автордың аты-жөні, өтініш беру күні, МКИ индексі, жасалымның аты, формуласы. Мәліметтер авторлық куәліктерінің нөмір өсуінің тәртібімен тақырып бөлінбей берілетін. Бұл бюллетень айына 4 рет шығатын. 1972 жылдан бастап ССРО-да "Шет елдегі жасалымдар" атты бюллетенді шығаратын, онда 5 ірі дамыған елдердегі - АҚШ, ФРГ, Франция, Ұлыбритания, Жапония - мәліметтері басылатын.


1976 жылдан бері ол "ССРО және шет елдегі жасалымдар" деп аталып, онда советтік жасалымдар туралы қосымша мәлімет беретін болды. Тақырыптық жинаққа шет елдегі мен советтік жасалымдар туралы мәліметтер арнайы топталатын, мысалға "Тасу машиналары", "Ішкі жану қозғалқыштары" т.б. жинақтар болған. Мәлімет авторлық куәлік немесе патент нөмірін, МКИ индексін, автордың аты-жөнін, приоритет датасын, жасалым атын, оның мәні туралы қысқаша рефератын, түсіндірме схемаларын және сызбаларын қамтитын.

Бюллетень ақпараты орыс тілінде берілетін, тек Жапония рефераттары өз тілінде басылатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет