1.Тарихи-генетикалық әдіс
2.Модельдеу әдісі
3.Бақылау әдісі
Тарихи – генетикалық әдіс зерттеу проблемасына тарихи талдау негізінде жүргізіледі. Содықтан да, проблема – қайдан, қашан, неге пайда болды? Оған қандай факторлар себеп болды? – деген сұрақтар алға тартылады. Осы себепті, зерттелетін мәселенің себеп-салдарын анықтауда дитерменистік приципті басшылыққа алу керек. Бұл принцип мәселенің не екенін біліп, танысу емес, оның не себепті осындай болғанын ұғындыруға бағытталады.
Талдау (анализ) мақсаты – бүтіннен-бөлікті, күрделіден-қарапайымды, жекеден-жалпыны, салдардан-себепті анықтау, табу болып табылады.
Жинақтау (синтез) – негізінен келесі теориялық мәселелерді шешу:
зерттелетін пән, тікелей байланысқан және өзара бағынышты байланыс жүйесі және жетекші бола алатын жағдайы;
құбылыстар элементтерінде, табиғатында жеке-жеке тұрған элемент болғанымен оларда барлығына тән біркелкілік барлығы;
бірдей объектілердегі заңдар мен заңдылықтардың арасында байланыстардың барлығы жатады.
Сондықтан синтез – жеке бөліктерді тек жинақтау, біріктіру емес, ол конструктивті іске асыратын логикалық жүйе болып табылады.
Модельдеу әдісі. Модель деген не? Ол қашан пайда болды және қайда, не үшін пайдаланылады? Адамдардың қоғамдық практикасында, ғылымда қандай роль атқарады? Осы сұрақтардың негізінде оның мазмұнына назар аударар болсақ, ол көбінесе объектілердің сыртқы көрінісі туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Ал ұғым ретінде, модель сөзі латынның modus, modulus, яғни, үлгі, тәсіл, өлшем деген мағынаны білдіреді.
Оның алғашқы мәні, мағынасы, құрылыс санатымен байланысты шыққанын ескеретін болсақ, ол барлық уақытта, затты, үлгіні белгілеуде қолданылған.
Мүмкін, осындай оның жалпы мағынадағы сөз ретінде ашылуы, техникада, жаратылыстануда, математикада және басқа да ғылымда, ғылыми термин ретінде қалыптасуына негіз болса керек.
Адамдар модельді, тіпті ұқсастық теориясы түгілі, ешқандай да, физикалық теорияларды білмеген заманда да қолданғаны белгілі. Мысалы: Ежелгі Египетте бекіністерді, Римде су құбырларын жүргізуде өздерінің жоспарларын құмнан, лайдан және тастан жасалған модельдерде сынап көрген.
Олай болса, модель – оған ұқсас объектілер арқылы пайымдалған. Яғни, модель – деп, құбылыстарды (процесс, ситуация және т.б.) жасанды түрде оқып үйренуге, оларды зерттеуге қиын соғатын немесе зерттеуге мүмкін болмайтын ұқсас құбылыстарға құрылған жасанды құралған нәрсені айтамыз.
Модельдеу – зерттеу әдісі, жобалау, конструкциялау ретінде ғылымда кең қолданыс тапты.
Модельдеу – көбінесе қандай да бір құбылысты, процесті, немесе объектілер тұрғызу арқылы және олардың модельдерін оқып үйрену арқылы зерттеу болып табылады.
Модельдеу – ғылыми танымның әдісі ретінде құбылыстың дамуын, соңғы нәтижесінен озық болжап білуге мүмкіндік береді.
Мысалы, оқытушының іс-әрекеттік құрылымын оның негізгі атқаруға тиіс қызметтері арқылы:
конструктивтік;
ұйымдастырушылық;
коммуникативтік (қарым-қатынастық);
ақпараттық;
дамытушылық;
бағдарлық;
мобилизациялық;
ізденушілік;
техникалық т.с.с. анықтылса,
жеке тұлғалық сипаттағы, оның білімдеріне қатысты:
идеологиялық;
социологиялық;
психологиялық;
педагогикалық;
жаратылыстану-ғылыми;
техника-технологиялық;
экономикалық;
демографиялық;
құқықтық;
эстетикалық;
жалпы мәдени,
ұйымдастырушылық сфералар, біліктіліктері мен дағдыларына қатысты:
интеллектуалдық;
педагогикалық;
жалпы еңбектің құрылымдары анықталады.
Бақылау сұрақтары
1.Тарихи-генетикалық әдіс
2.Модельдеу әдісі
3.Талдау мақсаты дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |