Дірістер жинағы дәріс- 1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау



бет6/20
Дата11.11.2022
өлшемі125.68 Kb.
#464582
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Лекция Ғылыми

Бақылау сұрақтары:

  1. Зерттеу объектілері дегеніміз не?

  2. Зерттеу объектілерін сипаттау?

  3. Биология бағыты бойынша ҒЗЖ жүргізуде қолданылатын әдістемелер.



Әдебиеттер тізімі

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.


2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.
3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.
4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.
5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

Лекция 5.
Тақырыбы: Ғылыми-зерттеу жұмыстарының іс тәжірибелерін жоспарлау.



  1. ҒЗЖ жоспарлау

  2. ҒЗЖ жұмыс жоспарын түзу принциптері.

Ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау келісілген және бекітілген ғылыми жұмыс жоспары барлық жұмыс орындаушыларға міндетті.


ҒЗЖ жоспарлау барысында күнтізбелік жұмыс жоспары зерттеу жұмысын жүйелі түрде жүргізуді қамтамасыз етеді.
Түзілген жақсы жұмыс жоспары зерттеу кезеңдерін бақылау мүмкіндігін береді.
ҒЗЖ орындалу жоспары айлық, тоқсандық, жылдық, перексктивалық және сратегиялық болып түзіледі.
Іс тәжірибе жүргізуге және жұмыс жоспары түзіледі. Жұмыс жоспарында орындалатын іс шараның бөлімдерінің орындау кезеңдері, жауапты орындаушы, әр бөлімге жауаптылар, күтілетін нәтижелер қарастырылады.
Жұмыс жоспары кесте түрінде түзіледі. (кесте 1).

Кесте 1. Ғылыми-зерттеу жұымыстарының орындалу жоспары.


«ОҚО биологиялық алуан түрлілігін қорғау және сақтау мәселелері»







Орындалатын ҒЗЖ, бөлімдері

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушы,орындаушылар

Күтілетін нәтижелер

1.

1.1

1.2


ОҚО биологиялық алуантүрлілігін қорғау және сақтау мәселелері
Өсімдіктер көптүрлілігін қорғау және сақтау.
Жануарлардың дүниесін қорғау және сақтау мәселелері

2011-2015ж
2011-2015ж
2011-2015 ж

Иванов А

Өсімдіктер мен жануарлардың түрлік құрамын анықтау, сирек кезедсетін түрлерін қорғау сақтау жолдары қарастыру,әдістемелік нұсқау дайындалады.

Зерттеу әдістері. Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу; ғылым мен өндіріс салаларындағы прогресті анықтау; жұмысшы кадрларды дайындаудың озық тәжірибелерін зерделеу; байқау, анкета, хронометраж, педагогикалық эксперимент.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: кәсіби оқытудың ғылыми негіздерін және мазмұнын түзу; жұмысшы кәсібін меңгерудің тиімді формаларын, әдістерін және оқытудың дидактикалық құралдарын түзу.

Зерттеудің практикалық маңызы: оқушылардың кәсіби оқыту мазмұнын дайындау; “Кәсіби оқытудың мазмұны, формалары мен әдістемесі” - әдістемелік оқу құралы; “Оқушылардың кәсіби дайындығының дидактикалық негіздері” монографиясын дайындау.

Тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстар келесі бағыттарда ұйымдастырылады: жастардың кәсіби дайындығы бойынша жинақталған тәжірибелерді оқып үйрену; оқушыларды кәсіби оқыту бағдарламаларын эксперименттік тексеру; әдістемелік нұсқауларды тексеру және оларды оқу процесіне ендіру.

Алға қойылған шешуде практикада орын алған әлеуметтік жағдайларға және алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерге сүйену қажет.


Тәжірибелерді талдау жасауда бақылау, әңгімелесу, анкета, әртүрлі құжаттарға талдаулар және т.с.с. әдістер жиынтығын пайдалануға болады. Мұның ішінде өте мұқият дайындықты, әзірлеуді анкета мазмұны қажет етеді. Оларды дайындау барысында:


  • сенімді ақпарат бере алатын, зерттелетін құбілісқа нақтылы сипаттама беретін сұрақтарды таңдай білу;


  • тура және жанама сұрақтар ескерілуі;


  • сұрақтарды түзгенде жауапқа бағдар берілмеуі;


  • сұрақтың екі жақтылай мәні болмауына;


  • жабық сұрақтары шектеулі анкеталар және респонденттің өз пікірін білдіруге мұрсат берерлік сұрақтардың түзілуіне;


  • алдын-ала сұрақтардың жауап беруге ыңғайлы, жеңілдіктерін бақылауға байланысты жағын респонденттермен жұмыс жүргізуге және осының негізінде ішінара өзгерістер жасауға назар аудару керек.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет