Әдебиеттер тізімі
1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.
2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.
3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.
4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.
5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.
6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.
7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980
8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.
9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.
10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.
Дәріс- 2.
Тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы және өзектілігі.
1.Зерттеу жұмысының бағытын таңдау және негіздеме.
2.ҒЗЖ-құрылымы.
3.Зерттеу жұмысының өзектілігі.
ҒЗЖ тақырыбын таңдау бағыты бойынша:
-оқу барысы;
-биология жүйесінен;
-табиғат қорғау бағыты.
Тағдап алынған ғылыми зерттеу бағыты зерттеу жұмысынан тақырыбын анықтаумен жалғасу қажет. Таңдалған тақырып өзектілігімен және ғылым мен техниканың заманауи талаптарына сай болу керек.
Тақырыптың атауы нақты, қысқа қойылған мақсатын, міндетін және мазмұнын ашып көрсету керек. Сонымен қатар, таңдалған зерттеу жұмысының тақырыбы қоғамдық сұраныс талаптары анықтайды. Жұмыстың мақсаты таңдалған ғылым саласын дамытуға қажеттілгімен айқындалады.
ҒЗЖ – орындау техникалық тапсырмалар мен келісім шарт, ҒЗЖ бюджеттік тақырыптар бойынша орындалады және төменгі талаптар қойылады:
Адам өмірі мен денсаулығын сақтау, қорғау және қоршаған орта мен байланысын қамтамасыз ету;
Экономикалық және тиімді пайдалану, материалдық ресурстарды қамтамасыз ету;
Дайындалатын өнімнің бәсекелестікке сай болуы.
Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымына қойылатын талаптар:
Орындалған ҒЗЖ-ның өңдеуге қойылатын талаптар мен мазмұнын анықтау жұмыстың тақырыбына және ұсынылған әдебиеттерге сай студент өзі анықтайды.
ҒЗЖ құрылымына:
1.Титулдық бет.
2.Реферат.
3.Мазмұны
4.Анықтама
5.Қысқартылған сөздер
6.Кіріспе
7.Негізгі бөлім
8.Қорытынды
9.Пайдаланылған әдебиттер
10.Қосымшалар
ҒЗЖ құрылымының элементтеріне қойылатын талаптар.
Титулдық бетте келтірілетін мәліметтер:
1.Мекеменің,министрліктің атауы
2.Жұмыстың түрі
3.Жұмыстың тақырыбы
4.ҒЗЖ орындалған жері, уақыты.
Реферат:
1.Жұмыстың көлемі, көрнекілік саны,кестелер, қосымшы, пайдаланылған әдебиеттер саны.
2.Кілттік сөздер тізімі (5-15 сөз немесе сөзтіркестер пайдаланады).
3.Реферат мазмұны - зерттеу объектісі, жұмыстың мақсаты, зерттеу әдістері және аппараты, алынған нәтижелермен талдаулар, жаңалығы.
Жұмыстың мазмұны:
Кіріспе, барлық бөлімдерінің атауы, тараулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер.
Көлемі 10 бетке дейінгі орындалған ғылыми жұмысқа мазмұн түзбеуге болады.
Жұмыстың «Кіріспе» бөлімінде келесі мәселелер қарастырылады:
1.Жұмыстың өзектілігі.
2.Жұмыстың мақсаты.
3.Жұмыстың міндеттері.
4.Жұмыстың жаңашылдығы.
5.Жұмыстың практикалық маңызы.
6.Басқа ғалами жұмыстармен байланысы.
7.Апробация,ҒЗЖ нәтижесінің жарық көруі.
8.Жұмыстың құрылымы.
Орындалатын ҒЗЖ өзектілігі анықтау үшін тақырып және зерттеу бағыты бойынша қысқа түрде ақпараттық анықтама келтіру керек. Осы тақырып бойынша алынған ғылыми жаңалықтар жүргізілген жұмыстарға салыстырмалы талдау жұмысы жүргізіліп аз (нашар) зерттелген объектілері, процестер мен сапасын анықтау керек. Сонымен қатар негізгі әдебиеттерге сілтеме жасай отырып (авторларына сілтеме жасау керек) өткен 30 жыл және соңғы 3-5 жылғы жасалынған сараптама жұмысы, жұмыстың өзектілігін анықтауға үлкен көмек көрсетеді.
Жүргізілген сараптау жұмысының дәрежесі ғылыми+-зерттеу жұмысының өзектлігін көрсетіп, осы жұмыстың орындалу қажеттілігіне ой туғызуы қажет.
ҒЗЖ туралы мәліметтерді монография, оқулық, оқу әдістемелік құралдар, ақпараттық басылымдар, рефераттық журналдар, петент, интернетте алуға болады.
Өңделген ақпараттық мәліметтерді келесі түрде жинақтауға болады:
Шифр
(библ.)
|
Ғылыми басылымдарда мақалалар,негізгі патент атауы
|
Авторы
(аты,тегі)
|
Журналы,шыққан жері,жылы,том,беті
|
Резюме
|
581
|
Ботаника
|
Камалов М.Р
|
А.А.Ғылым,1990 184 б
|
Өсімдіктердің
анатомиялық,морфологиялық
және системаикалық
белгілері
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімін көркемдеуге қойылатын талаптар.
1.Әметов А.А Ботаника – Алматы.Атамұра 2002-352 б.
2.Әметов А.А Өсімдіктер систематикасы// халықаралық ғылыми – практикалық конференция: «Қазақстан өсімдіктер дүниесін қорғау» Алматы,2009-154-153 б.
Достарыңызбен бөлісу: |