Дірістер жинағы дәріс- 1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау


Жаңа білімнің қажеттілігі жєне ѓылыми шыѓармашылыќ методологиясы



бет8/20
Дата11.11.2022
өлшемі125.68 Kb.
#464582
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Лекция Ғылыми

Жаңа білімнің қажеттілігі жєне ѓылыми шыѓармашылыќ методологиясы

1.Проблема жєне ќарама-қайшылық түрлері


2.Ѓылыми шыѓармашылыќ
3. Ѓылыми шыѓармашылыќ кезењдері

Ғылым танымдық процестің объектісі және жемісі. Сондықтан, ғылыми танымдағы және оқу процесіндегі пайда болатын проблеманы айыру үшін танымдағы проблеманың объективті маңызы мен оқытудағы оның объективті мәнін айыру қажет.Танымдағы проблеманың мәні - ғылыми білімді түзуге, маңызы- дүниенің даму заңдылықтарын ашуға кемектеседі.


Проблема- деп, негізінен практикалық мақсаттың синонимін немесе ғылымдағы белгісіз болып тұрған жәйтты түсінеміз. Проблеманы шешу дәлелдер жүйесі арқылы түзілуі керек.Қандайда бір ақиқатқа көз жеткізуде тәжірибеге сүйенуді және онда, оның орындалу шарттарынын ескерілуі жайлы жоғарыда айтылды да.Сол себепті, проблеманы қоюда келесі педагогикалық талаптар орындалуы қажет:
- тапсырма, меңгерілген білім мен біліктілікке негізделуі керек;
- белгісіз нәрсе жалпы заңдылықты және жалпы әрекет тәсілін түзуі керек.
Проблема - шешуді қажет ететін келелі мәселе болып табылады.
Проблема- қағида мен практикалық құбылыстар арасындағы қарама - қайшылықтар арқылы анықталады. Біз дүниедегі құбылыстарды бақылап, олардың өзара бағыну деңгейлерін белгілей отырып, олар жөніндегі ұғымдар мен түсініктерді анықтаймыз. Бұл талдау әдісі - делінеді. Осы әдіс нәтижесінде- проблеманың мәнін -ғылыми фактілермен олардың қағидалық (теориялық) танылуындағы қарама - қайшылықтар және бір - біріне таласқа түскен ғылыми қағидалар (теориялар) - деп түсінеміз.
Қарама - қайшылық деген не?
Қарама - қайшылық қандай көріністерден пайда болады?
Алға қойған тапсырмалар, міндеттер мен сұрақтар -шығармашылық іс - әрекеттің тиімді құралдары деуге болады.
Әсіресе, олар проблемалық болатын болса, яғни, мазмұнында қарама - қайшылық жүретін болса. Қарама - қайшылық келесі түрде көрініс табады: ақпараттық - танымдық; танымдық; логикалық.
Ақпараттық - танымдық, зерттелінетін құбылыстар, процестер мен пәндердің мәндерінде жүретін болады. Ол көбінесе, мағыналық конфликт түрінде көрініс алады. Мысалы: - Не себепті червякті беріліс қайтымды беріліс бола алмайды? Шындығында, мұнда айналыс тек червяк арқылы ғана берілуі керек, ал доңғалақ арқылы червяктің қозғалысы емес. Осындай қарама - қайшылық әсерінен адамда жағдайды (ситуация) түсінуге құштарлық пайда болады. Бұл жағдайды адамның психологиялық күйі, яғни, проблемалық ситуация -деп атайды.
Таным процесіндегі қарама - қайшылық теориялық және практикалық мәселелердің танымдық сипаттағы және адамда бар білім деңгейі, түсінуі мен дамуы арасында орын алады. Жеке жағдайда:
1) көптеген әрекеттер арасындағы және олардан қажетті, ыңғайлысын таңдау;
2) бар біліммен және оны практикада пайдаланудың шарттары арасындағы;
3) мәселені шешудің теориялық мүмкіндігі мен оның практикалық іске асырылуының қиындығы арасындағы.
Бұйымды конструкциялауда, технологиясын құруда, пайымдауда және диагностикалауда, оқыту материалдарының құрылымын түзуде, бір ғана нәрсенің төңірегінде әр түрлі пікір пайда болады және мұндай жағдайда пікір дәлелін практика шешеді. Мұндай қарама - қайшылық - логикалық делінеді. Ал, таным процесі мен логикалық қарама - қайшылық арасындағы қарама - қайшылық, адамда объектілердің, құбылыстың немесе процестің мәнін түсінуден пайда болады.
Қарама - қайшылықтар мазмұнында пайда болған құштарлық -ғылыми бағдарлаудың элементар дәрежесі ретінде, көрініс тапқанның мәнін, маңызын ұғынуға тырысу, танып білу.
Жоғарыда аталған факторлар жаңа білімнің қажеттілігін туындатады және ғылыми шығармашылыққа негіз болады. Өйткені, іс-әрекеттің қозғаушы күші, белсенділік көзі, қажеттілік болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет