Логопедиялық зерттеу жұмысын бағалау. Мұғалім-логопед жалпы білім беретін мекемелер мұғалімдер үшін белгіленген тәртіпке сай тағайындалады және жұмыстан босатылады.Мұғалім-логопед балалардың сөйлеу бұзылыстарын уақытылы анықтауға, пунктті жинақтауға, түзете оқытудың сапасына жауап береді. Мұғалім-логопедтің міндеттері:1ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің кемшіліктерін түзету бойынша балаларға сабақ жүргізуі және біріншілік кемістікке байланысты үлгермеудің алдын алуға жәрдемдесу; сөйлеу бұзылыстарына байланысты үлгермеушілік мәселелері бойынша педагогтар мен ата – аналарға ( заңды өкілдерге) нұсқаулар беру; логопедтік пункттерге баратын балалармен жұмыс істейтін педагогтармен жүйелі түрдегі байланысты жүзеге асыру;мектепке дейінгі мекемелермен, жалпы білім беретін мектептермен,сөйлеу тіл кемістіктері бар балаларға арналған мектептермен, логопедтермен, балалар емханаларының дәрігер-мамандарымен, ПМПК, оңалту орталықтарының, психологиялық –педагогикалық түзету кабинеттерінің дәрігер мамандарымен байланысты жүзеге асыру;
Достарыңызбен бөлісу: |