Дислалия тіл кемістігі туралы Дислалия


Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың (Ұ, Ү, Ө, Ә, І, Һ, Қ, Ғ, Ң) артикуляциялары және сипаттамасы



бет27/60
Дата02.01.2022
өлшемі54.03 Kb.
#454301
түріМонография
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60
тутықпа жауап

Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың (Ұ, Ү, Ө, Ә, І, Һ, Қ, Ғ, Ң) артикуляциялары және сипаттамасы. Ұ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмеңгідей болады. Еріндері құбырға ұқсап, ұшы сүйірленіп алға созылады. Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасында белгілі бір қашықтық сақталады. Тілдің ұшы астыңғы тістің артына қарай сәл тартылады, үсті деңгейдегі қалпын сақтап көлбеу жатады да, ауа ауыз қуысымен еркін шығады. Ү дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндері құбырға ұқсап ұшы сүйірленіп алға созылады. Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де екі жағы көтеріліп үстінгі азу тістерге қабысадыӨ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Астыңғы тістер мен жоғарғы тістер арасындағы ара қашықтықтан бір шама үлкендеу болады. Тілдің ұшы төмен түседі де сәл артқа қарай тартылады. Ортасының көлбеулігі бір денгейде сақталады, ауа еркін шығады Ә дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Екі езу сәл кері тартылып жымиып күлген кісінің кейпін көрсетеді. Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а дыбысын айтқандағыдан гөрі жақынырақ қашықтықта сақталады. I дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндер дыбыстың шығуына қатыспай жатады. Үстіңгі тістер бір- біріне өте жақын келіп тұрады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де үсті көсіліп көлбеу жатады. һ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндері өзінің алдындағы немесе соңындағы дауысты дыбыстардың айтылу ыңғайына қарай өзгеріп отырады. Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а дыбысын айтқандай қашықтықта болады. Қ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндер өзінің алдыңғы немесе соңындағы қосылып айтылатын дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы қо, қа, құ, қу Ғ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндер өзінің алдыңғы немесе соңында қосылып айтылған дауысты дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: ға, ғо, ғу, ғү.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет