Тұтықпаны жою пәнінің мақсаты, міндеттері. Арнайы әдебиеттерде тұтықпаның механизміне қатысты әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ерте заманда тұтықпаны бас миы мен тілдің ылғалдылығының кемшіліктерінің салдарынан болатын ауру деген түсініктер болған. ХІХғ аяғында тұтықпаны күрделі психофизикалық бұзылу деген пікір тұрақтала бастады. Кейбір авторлардың пікірінше, ақаулықтың негізінде физиологиялық бұзылыстар біріншілік, ал психологиялық көріністер екіншілік сипат алды деген. Ал көптеген зерттеушілер психологиялық ерекшеліктері көрініс табады, ал физиологиялық көріністер соның салдарынан болады деп есептейді.Тұтықпа балаларды клиникалық зерттеу нәтижесінде В.С.Кочергина тұтықпаны симптом да емес, синдром да емес, ол орталық нерв жүйесінің ауруы деп тұжырымдайды. Тұтықпаның пайда болуына бас ми қыртысының жүйке процестерінің өзара қатынастарының бұзылуының маңызы зор. Қазіргі уақытқа дейін тұтықпаның механизмін зерттеушілер тек клиникалық және физиологиялық жағынан ғана емес, нейрофизиологиялық, психологиялық тұрғыдан қарастыруға әрекеттеніп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |