Ш, ж, ч, щ дыбыстарының жасалу механизмдері. Ш дыбысының жасалу механизмі манындай. Ерін аздап дөңгеленеді. Тістер не қысылған, не жақындаған, арасында жіңішке саңылау 1-1,5 мм болады. Тіл таңдайға «ожауланып» көтеріледі. Оның бүйірлері жоғарғы азуларға тиеді. Алдыңғы ұшы альвеол артындағы таңдайға тиіп, ортасында жарты ай қуысын жасайды. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді. Дауыс перделері ажыраған, шығатын демді жұтқыншақ пен ауыз қуысына еркін өткізеді.Жұмсақ Щ дыбыс ш-дан тіл үстінің жоғарырақ орналасуымен, оның ілгері ығысуымен, одан тіл мен алдыңғы тіс арасы тарылуымен, сонын нәтижесінде шыжылдаған шудың күшеюімен ерекшеленеді. Ч дыбысы жабысқан Т мен Щ дыбыстарының тығыз бірігуін танытады. Алғашында тіл альвеол астындағы таңдай алдына жабысады. Тіл үсті мен бүйірлері Щ дыбыстарындағыдай қалыпта болады. Жұмсак таңдай кетеріледі, дауыс перделері ажырайды. Оның ізінше жабысу бүзылады да тіл алды щ артикуляциясына тән кейін серпіледі.Щ, Ж, Ч, Ш дыбыстарын айтқанда С, Ц, 3 дыбыстарын сипаттағанда кездесетін көптеген кемшіліктер кездеседі. Оған еріндік-тістік, тісаралық тістөңіректік, бүйірлік, мұрындық сигматизм түрлері жатады.