Тұтықпаның алдын алу жолдары. Балалық шақта күйзелістік жағдайларды болдырмау 2Тілі жаңа шыққан балаға сөйлеу тілінің дамуына дұрыс жағдай жасау;3Бала тілін ойын, ертегілер және логоритмикалық жаттығулар арқылы дамытып отыру4Баламен жай әрі асықпай сөйлесу және оның жауап беруіне уақыт беру;5Балаға сөйлеу барысында дұрыс тыныс алып, мәнерлі және ырғақты сөйлеуді ерте бастан үйрету қажет.
Тұтықпаның басқа сөйлеу тілінің ырғағы мен қарқынының бұзылу өзгешелігі.Тұтықпаның пайда болу жолдары, түрлері тұтықпаның пайда болуына бірқатар факторлардың маңызын атайды.1. Баланың жасы.2. Баланың орталық жүйке жүйесінің жағдайы.3. Жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты сөйлеу онтогенізінің өтуі.4. Бас миының функциональдық ассиметриясының қалыптасу ерекшіліктері.5. Психикасының зақымдалуы.6. Генетикалық фактор.7. Жыныстық деформизм.
Тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік қатынастарын қалыптастыруда жүргізілетін түзету жұмыстары Мектепке дейінгі жастағы балалардың тұтығуын түзету қажеттілігі. Қазіргі кезде тұтығу пайда болған уақытта бірден түзету шараларын қолдану керектігі көпшілікке мәлім. Әдетте бұл кемістік бастапқы сатысында жеңіл түрде болады, бірақ жеңілде әрең байқалатын тұтығу бірте-бірте күшейе түсуі мүмкін. Тұтығуды басталған мерзімінен көп уақыт өткен сайын, баланың мінез-құлқының өзгеруіне себепкер болатын ауыр да, тұрақты кемістікке айналады. Сонымен қатар ол баланы қалыпты қарым-қатынастан айырады және жақсы оқуына жиі кедергі жасайды. Сондықтан аталған сөйлеу кемістігін баланың мектепке келмей тұрған кезінде түзету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |