Ызың (Ш, Ж, Ч, Щ) дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету жолдары Ызың дыбыстарға тән парасигматизмнің түрі ызың дыбыстардың ысқырық дыбыстарымен алмасуы /шана-сана, қонжық-конзық, ашы-асы т.б./. Парасигматизмнің бұл түрі ысқырық сигматизм деп аталады және бұл көбінесе балабақша балаларының арасында кездеседі. Ш мен Ж дыбыстарын жігерлі айтуын да ұрт томпаяды, соған сай келетін оны ұрт сигматизмі дейді. Ш, Ж дыбыстарын айтудағы кемшіліктер қатарына оларды X дыбысына жақын немесе сай келетін, оның үнді түрімен дыбыспен алмастыруда кездеседі. Есте болатын жай жуан Ш мен Ж дыбыстарын айту кемшілігі болса да кейде жіңішке Ч, Щ дыбстары дұрыс айтылады. Бұған сигматизмнің аталған екі түрі жатады.Қатаң және жұмсақ ызың дыбыстардың мұндай айырмасы соңғысы тіл ұшын таңдайға көтермей айтудан болады. Щ, Ч дыбыстарының артикуляциясын салалауда таңдайға жабысуды тілдің алдыңғы шетімен емес, тіл үстінің алдыңғы тұсымен жасайтын адамдар кездеседі. Бұнда тіл түсіріліп С дыбысы артикуляциясына тән қалыпқа кейін шегінеді, сөйтіп тіл мен алдыңғы тістер арасындағы саңлау ұлғаяды .Кейде, қуыс жеткілікті кең болғанда төменгі қатаң Ш, Ж дыбыстары пайда болуы мүмкін.