Түзету жұмыстарының негізгі принциптері. . Балалардағы тұтығуды жоюда көбінесе ата-аналар мен тәрбиешілердің көмегінің арқасында көп жетістікке жетуге болады. өйткені, олар логопедтің жетекшілігімен баланың жалпы сөйлеу /режимін/ тәртібін ұйымдастырады, жаттығулар, шынықтыру әрекеттерін жасатады, сонымен бірге логопедтің кеңесі мен тапсырмасын орындайды. Тұтығатын балалар өте тынымсыз, ашуланшақ келеді. Оларды түнде 10-11 сағат, күндіз кемінде 2 сағат ұйықтау керек. Ұйықтаған баланың нерв жүйесі демалады, сабақта жұмыс істеу қабілеті артады. Сабақ кезінде балалар логопедтің көмегімен тоқталмай мүдіріссіз айта алады. Ал, басқа уақытта ата-аналар, тәрбиешілер осы дағдысын сақтап, қолдау жасап, сөйлеуін қадағалап отырулары тиіс. Балаға шектен тыс сұрақ қойып, артық әңгімелетуге де болмайды. Бала әңгімесінде тұтыға бастаған мезетте-ақ сөзін немесе сөз тіркесін аяқтауға көмектесу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |