Дислалия тіл кемістігі туралы Дислалия


Ызың дыбыстардың дұрыс айтылуының артикуляциялық қалпы



бет59/60
Дата02.01.2022
өлшемі54.03 Kb.
#454301
түріМонография
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
тутықпа жауап

Ызың дыбыстардың дұрыс айтылуының артикуляциялық қалпы. Ш дыбысының артикуляциясының /сондай-ақ ж, р, л/ қысқарған тіл асты желбезегінің қимылын қиындатқан жағдайда, логопедиялық жұмыстан бұрын тіл желбезегін айыру операциясы өтуге тиіс. Алайда тәжірибеде бұл әдісті операцияны қажет етпейтін балаларға қолдану орын алып жүр. Көбінесе аздап қысқарған желбезегін жаттығу көмегімен де созуға болады.Өте сирек жағдайда, тіл ұшынан механикалық әдіспен көтеруге болмағанда ғана операция қажет болады.Ш артикуляциясын меңгерген жағдайда Ж дыбысының айтылу кемшілігін түзету қиынға түспейді. Бала Ш дыбысын созып айтып, оған даусын қосса жеткілікті. Оны логопедтің өзі жасап көрсетеді, ол үшін баланың қолын аузына тақайды /ауа ағынын сезіну үшін/, екінші колын тамағына тигізіп ұстайды /тербелісті сезіну үшін/, содан кейін бала өзінің Ш және Ж дыбыстарын айтуын өзі тексере алады.Нәтижеге жеткен соң буын, сөз, сөз тіркесі материалдармен дыбыстың дұрыс айтылуын бекітеді, оны Ш дыбысынан ажыратып алады. Ш дыбысы болса Щ, Ч дыбыстарын айтуда қателік бола бермейді. Ол тек Щ мен С, Ч мен Ц парасигматизмі жағдайында ғана кездеседі.Щ дыбысын түзету үшін, ол С түрінде айтылса № 5 зонд немесе шпатель қолданылады. Онда тілді механикалық құралмен аздап көтеріп және кейін ығыстырып /жоғарғы артикуляция/ немесе тек кейін ығысқан /төменгі артикуляция/ дыбысты дұрыс айтуға қол жеткізеді, одан соң әуелі механикалық көмектен кейін оның жаттығулармен бекітеді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет