Диссертация «экономика ғылымдарының магистрі»


«Казкоммерцбанк» АҚ экономикалық сипаттама



бет7/8
Дата09.01.2024
өлшемі204.5 Kb.
#488743
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
Қырбасова Ш.Д.

«Казкоммерцбанк» АҚ экономикалық сипаттама.


... Financial Times медиатобына кіретін The Banker журналы әлемнің үздік банк институттарын анықтау рәсімі үшінші рет, 2000 жалдан бастап өткізді. Бизнес өкілдері мен жетекші журналдардың редакторлары кірген құзырлы қазылар алқасы алты аймақтық (Батыс Европа, Орталық және Шығыс Европа, Азия, Латын Америкасы, Таяу Шығыс және Африка) және жаһандық номинацияларда жеңімпаздарды анықтады. Сонымен бірге әлемнің 137 елінің үздік банктері анықталды.
Жылдың үздік банктерін анықтау дәстүрлі түрде банктердің алдыңғы жылдың қаржылық көрсеткіштері-капиталдың, активтер артуы мен табыстылығы, өз жұмысындағы технологиялық инновациялар, нарықтық жетістіктер мен даму стратегиясы туралы сұрақтарға жауап беретін журнал сауалдамасын талдау негізінде өткізіледі. Қатарынан алтыншы рет The Banker Казкоммерцбанктің «Қазақстандағы жыл банкі» деп танылды.
Қаржы нәтижелері
2017 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша 376,1 млрд. теңге көлеміндегі таза залал сатуға арналған бірқатар қарыз бен активтердің құнсыздануымен түсіндіріледі. Банктің 2017 жылғы 4 шілдеде жұмысқа кіріскен жаңа менеджменті осы қарыздар мен активтер бойынша келуі тиіс ақша ағымдарының сомасы мен мерзімін, қолданыстағы және аяқталмаған жобалар бойынша инвестициялық жоспарларды қайта қарастырып, осы шығынды мойындады.
Жаңа акционерлер тарапынан қаржы құйылғаннан кейін, банктің корпоративті және бөлшек сауда саласында несиелеу жұмыстары қайта жандандырылды және банктің капитал мен өтімділік көрсеткіштері қалпына келгеннен соң, банк 2017 жылғы 4 шілдеден 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңнің қорытындысы бойынша 16,6 млрд. теңге көлемінде пайда тапты.
Құнсыздануға қор жинақтауға дейінгі таза пайыздық кіріс 2016 жылдың осыған сәйкес кезеңіндегі 203,4 млрд. теңгемен салыстырғанда 2017 жылы 87 млрд. теңгені құрады. Таза пайыздық кіріс көлемінің азаюы «БТА Банкі» АҚ-тың 2,4 трлн. теңге көлеміндегі қарызын сатып алумен байланысты 2017 жылы банктің несиелік қоржын көлемінің азаюымен негізделген.
Таза пайыздық емес кірістер 2016 жылғы 15,3 млрд. теңге көлеміндегі шығынмен сатылыстырғанда 176,7 млрд. теңгені құрады. Бұл кіріс негізінен «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-тың (бұдан әрі – Қор) салымы бойынша дисконттың қалыптастырылуы, сондай-ақ әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері мен міндеттемелері бойынша пайданың есебінен қалыптасты.
Операциялық шығындар 2016 жылғы 12 айдағы нәтижелермен салыстырғанда 21,6% азайды және 65,9 млрд. теңге құрады. Бұл көрсеткіштің азаюы банктің жаңа ұйымдық құрылымын қалыптастыру мақсатында персоналға кететін шығынның оңтайландырылуымен байланыстырылады.
Активтері
Банктің активтері 2017 жылғы 12 айдағы көрсеткіш бойынша 4 865,8 млрд. теңгеден 3 574,4 млрд. теңгеге дейін азайды. Бұл көрсеткіштің азаюы несиелік қоржынның және қаржы институттары депозиттерінің 433 млрд. теңгеге қысқаруы мен өзге клиенттер қаражатының 433 млрд. теңгеге, яғни 2 483 млрд. теңгеге төмендеуімен түсіндіріледі. Сатуға арналған қолда бар активтер 2016 жылғы 31 желтоқсандағы 19,7 млрд. теңгемен салыстырғанда 1 704,5 млрд. теңгеге ұлғайды. Бұл сома 1 трлн теңгеге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарын сатып алу, сондай-ақ өтелуге дейін ұсталатын барлық бағалы қағаздар қоржының қайта жіктеуге және оларды сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар қоржынының есебіне қосуға байланысты өсті. Қайта жіктеу күніне сәйкес қайта жіктелген бағалы қағаздардың теңгерімдік құны 219 млрд. теңгені құрады.
ҚРҰБ әдістемесі бойынша есептелген 90 күннен асып кеткен, мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың үлесі 2016 жылғы 31 желтоқсандағы 6,32%-бен салыстырғанда 2017 жылғы 31 желтоқсанда 29,59%-ға дейін өсті. Бұл ретте 2017 жылдың екінші жартыжылдығында банктің несиелік қоржынын сауықтыруға бағытталған белсенді жұмыстың нәтижесінде NPL90+ деңгейі 2017 жылғы 1 қазандағы 40,28%-дан 2017 жылғы 31 желтоқсандағы 29,59%-ға төмендеген.
Міндеттемелері
Клиенттердің қаражаты 2016 жылғы 31 желтоқсандағы 2 915,4 млрд. теңгемен салыстырғанда 14,8 %-ға, яғни 2 482,6 млрд. теңгеге дейін азайды. Бұл көрсеткіш 2037 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге 0,1% мөлшерлемесі бойынша тартылған Қор алдындағы банктің жаңа қаржылық міндеттемесінің әділ құнын мақұлдау нәтижесінен қалыптасты.
Банктермен өзге де қаржы институттарының несиесі мен қаржысы 2016 жылғы 31 желтоқсандағы 491,5 млрд. теңгемен салыстырғанда 88,1 %-ға, яғни 58,5 млрд. теңгеге дейін азайды. Бұл көрсеткіштің азаюы РЕПО құралдары бойынша тартылған қаражаттың толық көлемде өтелуінен және ҚРҰБ алдындағы Банктің ағымдағы өтімділігін қолдау бойынша тұрақтандыру шаралары аясында банкпен тартылған 401 млрд. теңге көлемдегі қарыздың өтелуінен пайда болды.
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 2016 жылғы 31 желтоқсандағы 587 млрд. теңгемен салыстырғанда 22,4 %-ға, яғни 455,3 млрд. теңгеге дейін азайды. Бұл көрсеткіш 2007 жылдың ақпанында шығарылған еурооблигацияларды ішінара өтеу нәтижесінде пайда болды (орналастырудың бастапқы сомасы 750 млн. еуро).
Капитал
Меншікті капитал 2017 жылғы 31 желтоқсанда 268,1 млрд. теңгені құрады. 2017 жылдың екінші жартыжылдығында банк акцияларын «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ және «АЛМЭКС» Холдингтік тобы» АҚ-тың сатып алуына байланысты банктің меншікті капиталы 250,2 млрд. теңгеге ұлғайтылды. 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайға сәйкес аталған акционерлер «Казкоммерцбанк» АҚ-тың 99,77% жай акцияларына иелік етеді.
ҚРҰБ әдістемесі бойынша есептелген капиталдың баламалық коэффициенті 2018 жылғы 1 қаңтарға: k1 – 18.0%, k1-2 – 19.9%, k2 – 26.9% құрады.
Осымен «Казкоммерцбанк» АҚ (бұдан әрі - Банк), акционерлердің талабы бойынша жүргізілген акциялардың бөлігін сатып алуын ескеріп, 2018 жылғы 16 ақпандағы Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған шарттармен, тәртіпте және мерзімде Банктің орналастырылған артықшылықты акцияларын Банктің жай акцияларына айырбастау рәсімі табысты аяқталғаны туралы хабарлайды.
Банктің артықшылықты акцияларының бөлігі Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 27 бабы бойынша, акционерлерден алынған сатып алу өтінішіне сәйкес Банкпен сатып алынған. 2018 жылғы 19 наурызда Банктің артықшылықты акцияларының қалған бөлігін жай акцияларына айырбастау жүзеге асырылды. Аталған сатып алу мен айырбастау Банк капиталының құрылымын оңтайландыру мақсатында жүргізілді.
Сонымен, қазіргі уақытта Банктің акция шығару құрылымында «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми тізіміне енгізілген тек жай акциялары ғана ұсынылған. Жарияланған жай акциялардың саны – 24 175 000 000 дана, оның ішінде орналастырылғаны – 3 027 271 879 дана және сатып алынғаны – 113 469 045 дана.
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассвтер, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімі бойынша – қысқа мерзімді(1жыл), орта мерзімді (1-ден 5 жылғам дейін) және ұзақ мерзімді(5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты – активтік және пассивтік қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына байланысты – негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздыр.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттерліп жасалған несиелік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісімшарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат болып табылады[16].
Лизингтік операциялар. «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беру.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз, немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал – жабдықпен, алдыңғы техникамен материалдық – техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогресивті формасы. Лизинг түрлері әр түрлі:
1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдық төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал – жабдықтар.
2.Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал – жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.
Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.
Факторингтік операциялар – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге асады. Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді[17].
Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.
- қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында несиелеудің болуында;
- жабдықтаушымен бухгалтерлік есеп жүргізу мен өткізу есебінен;
- жабдықтаушы қарызын инкассалау;
- несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру;
Факторингтік келісімнің бірнеше типі бар. Толық қызмет ету туралы келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса, қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді қарыздардың пайда болуынан толық қорғау, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір мерзімге төлем формасындағы несиелеу.
Регистік құқы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы – факторингтік компания жабдықтауды көрсететін несиелік тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.
Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап, өздерінің жеке және корпаративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды. «Траст» - сенім дегенді білдіреді. Капитал иесі өз капиталын басқа тұлғаға оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп аталады.
Коммерциялық банктер трасталық операциялармен қасымша табыс алу үшін айналысады. Сол сияқты корпарациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.
Трасталық қызметтер үшін комиссиондық төлемақыны әрбір операцияға дифференциалды түрде қояды: агенттік қызметтер үшін келісімді түрде, басқаларына заңмен немесе сот шешімімен қойылады[18].
Инвестиция дегеніміз – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал – жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке, мемлекеттікғ шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалды.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты - қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.
Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер).
Қордық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік, немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.
Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқтар мен талаптарды білдіреді(купондар, талондар).
Мәлімдеуші бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге коммерциялық банктерде мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе басқарма басқарма, орташалары мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктердің инвестициялық саясатын банк есебінен, немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомостволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.
Бағалы қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздарға деген қызығушылық та төмендеп тұр. Жалпы айтқанда, Республикамызда банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму самтысында[19].
Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитентердің бағалы қағаздармен сауда – саттық операцияларды жүргізеді. Берілген опрерациялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық коньюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер коммиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.
Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер банктер тарапынан пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты көрсетіледі.
Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телекоммуникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен қатар, банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншік капиталы – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10 %-ын құрайды[20].
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктің қорғаныс кепілдік қоры, осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің кленттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығын түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастару жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі
құалады. Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады[21].
Тұтыну несиесiн рәсiмдеу, беру және өтеу тәртiбi. Құжаттарды несиелеу барысын ұйымдастырудағы маңызды кезең - олардың несиелiк қабiлетiн анықтау болып табылады. Клиенттiң төлем және несиелiк қабiлетiн анықтау үшiн несие берушi мекеме олардың айлық табыстарымен бiрге шығындары көлемiн де қарастырады.
Табыс көзiн көбiнесе үш бағыт бойынша анықтайды:
еңбек ақы;
жинақтар мен бағалы қағаздардан алатын табыстар;
басқада табыстар.
Қарыз алушының негiзгi шығындарына банк табысқа салынатын және басқа да салықтарды, алименттерндi, ертеректе алынған судалар мен тауарлар бойынша ай сайынға төлемдерi, комуналдық және басқада төлемдердi жатқызады.
Ссуда беру мүмкiндiгiн анықтайтын негiзгi көрсеткiштердiң бiрi қарыз алушының қаржылық және әлеуметтiк тұрақтылығы болып табылады. Осы жағдайларды ескере отырып, банк несиенi өтеуге мүмкiндiк беретiн тұрақты табыс көзi кәсiпорында ұзақ уақыт жұмыс стажы бар және де соңғы көрсетiлген мекен жайында ұзақ уақыт тұратын клиентке несие бередi.
Тұтынушылық несие берудi талдау шарттары:
Тұтыну несиеснiн талдаудың мақсаты – жеке тұлғаларға тұтынушылық қажеттiлiктерге несие берудегi жұмыстар әдiсi, процедуралар және шарттарды стандарттау, атап айтсақ: Банк қаржысы есебiнен үй алу, авто транспорт алу, кезек күтпейтiн қажеттiлiктер үшiн және жеке тұлғаларға қорындағы ақшасының кепiлдiгi арқылы несие беру.
Ереже банк бөлiмдерi және несие жұмысшылары үшiн оқуға мiндеттi және жеке тұлғаларға тұтынушылық несие беру бағдарламасы бойынша несие беруде бұлжытпай орындауға мiндеттi болып саналады[22].
Ереже Қазақстан Республикасы заңына, iшкi несиелiк саясат ережесi және Банк басқа нормативтiк құжаттарына негiзделедi.
Осы ережедегi қолданылатын терминдер мен қысқартулар:
Банк – АҚ «Банк Каспииский»;
Клиент (немесе несие алушы) – тұрақты ай – сайын айлық түрiндегi кiрiске ие және ликвидтi кепiлдiктi қамтамасыз ететiн, потенциалды Несие алушыға қойылатын барлық талаптарға сай келетiн, тұтынушылық несие алу бағдарламасы бойынша несие алушы – жеке тұлға;
Кепiлдiк берушi – кпiлдiк берушiнiң өз меншiгi болып табылатын меншiгiн қарыз алушының мiндетiн орындауды қамтамасыз ету үшiн берушi жеке тұлға. Несие алушы және кепiлдiк берушi неси ешығару үшiн әртүрлi жеке тұлға болуы мүмкiн;
Тұтынушылық несиесi - клиентке әртүрлi мақсаттар үшiн кәсiпкерлiк iскерлiгiн жүргiзу үшiн емес сол немесе басқа формада 3 000. 00 (үш мың АҚШ долларынан) кем емес көлемде берiлген несие. Тек, банк хабар алмаған немесе формальды емес хабарлаған мақсаттар үшiн, қарыз алушы кiрiсiн талдаусыз кезек күттiрмейтiн қажеттiлктер үшiн қарыз берiлмейдi;
Үй алу үшiн несие – Жеке тұлғаға үй сатып алу үшiн берiлетiн несие (тек көп пәтерлi тұрғын үйлерден және жер жер учаскесi бар жеке тұрғын үй салу үшiн);
Автокөлiк алу үшiн несие – өз мақсатын қолдану үшiн жеке тұлғаларға берiлетiн автокөлiк үшiн несие;
Кезек күттiрмейтiн қажеттiлктер үшiн несие (кiрiсiн талдау арқылы) – жеке тұлғаларға медициналық қызметтi төлеу үшiн, саяхат, той және басқа ритуалды шараларды өткiзуге, мүлiк және автокөлiктi жөндеуге және бақа кәсiпкерлiк iскерлiктi жүзеге асырумен байланысты емес автокөлiк алудан басқа және мүлiк алуға төлеуге берiлген несие;
Тұтынушылық қажеттiлiктерi үшiн берiлген несие (кiрiстi талдаусыз) – жеке тұлғаға нақты мақсаттар үшiн кепiлдiк беру арқылы және автокөлiк қою арқылы ақша беру кезiнде несие алушы;
Ақшаны кепiлдiкке қойып несие алу - несие бойынша үш айда аударылатын, негiзгi несие және пайызды жаба алатын сомада банк есебiнде кепiлдiкке ақша қою арқылы берiлетiн несие категориаларының кез-келген түрi;
Кредиттiк эксперт – Банк филиалы фронт – кеңсе несие бөлiмiнiң Несие алушыға кеңес берушi, несиелiк жобаны талдаушы, несие жобасының мониторингiн және де несиесiн құжаттаманы жүргiзушi – маман;
Заң кеңесшiсi – Банк филиалы фронт – кеңесiнiң жоғары заң бiлiмiне ие және қарыз алушының құқық қабiлетiн және кепiлдiк берушi кепiл мүлiкке меншiгiнiң құқын талдаушы және де несие беру жайлы шешiм қабылдау моментiнде несиелiк досьенiң толық құрылымын бақылаушы – маман;
Қауiпсiздiк қызметi – Банктiң қарыз алушының мекен жайын және заңды тыңдамасын, репутациялық тексеру бағдарламасы көлемiнде тексерудi жүзеге асырушы маман;
Несиелiк администратор – бэк кеңсенiң несие операцияларын тiркеудi жүзеге асырушы және банктiк несиенi берiлгеннен кейiн несиелiк досьенi енгiзудi жүзеге асырушы және мүлiкпен кепiлзатты қамтамасыз етудi тiркеушi маман;
Несиелiк бөлiм – Фронт-кеңсе несиелiк бөлiмi ереже бойынша жеткiзушiлерден және несиелiк эксперттен тұрады;
Несиелiк комитет – банк құрылымы iшiндегi iшкi несиелiк саясатты және жеке филиалдарды (филиалдар несие комитеттерi) жүзеге асырушы әрiптестiк басқару органы;
Несиелiк досье – несие алушыларды несие жайлы, оның жүргiзiлуi, қамтамасыз етiлуi, орындалуы немесе басқа негiздер бойынша тоқтатылуы туралы мәлiметтер жинақталған жеке құжаттама жинағы сөмкесi;
Несиелiк модуль – Банктiк хабарлардың жүйесiмен БИСквит автоматтандырылған «несиелер және депозиттер» модулi;
Тәуелсiз бағалаушы – ҚР қозғалмайтын және қозғалмалы мүлiктi бағалауды жүргiзуге лицензиясы бар – заңды тұлға
Резервтiк компания – қозғалмайтын мүлiкке құқықты мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруда және қозғалмайтын мүлiк ипотекасы келiсiмiн жүргiзуде меншiк қызығушылығын көрсету бойынша қызметтер жүргiзушi компания;
Бағдарлама операторы – Тұтынушылар несие бағдарламасын жүргiзудi және енгiзудi, өңдеуге жаупты, Банктiң Алматылық филиалы;
Атқарушы орган – сатуды және сатып алуды тiркеудi (сату және сатып алу, кепiлдiк) қозғалмайтын мүлiк (жер комитетi, қозғалмайтын мүлiк бойынша орталық) немесе автомобиль көлiктерi (ол полициясының басқармасы), бойынша тiркеулердi жүргiзушi мемлекеттiк орган;
Сақтандыру компаниясы – кепiлдiк меншiгiн және бақытсыз жағдайлардан несие алушы өмiрiн сақтандыруды жүзеге асырушы АҚ СК «Алматы Халқаралық Сақтандыру Тобы».
Тұтынушылық несие беру бағдарламасы аясында тыиым салынатындар:
Ай сайын айлық түрiнде кiрiсi жоқ, тұтынушылық қажеттiлктерге несие алушы кiрiсiн талдамай жеке тұлғаларға несие беруге;
Коммерциялық қозғалмайтын мүлiк алуға, соның iшiнде қозғалмайтын мүлiк алып, оны келесi бүтiндей қолдануға алмастыру мақсатында несие беруге;
Қарыз бойынша кепiлдiк көлемiнен негiзгi несие көлемi 5 есе асатын, қамтамасыз етуге несие беруге;
Кiрiстi талдамай тұтыну қажеттiлiгiне, егер кепiлдiк берушi үшiншi тұлға немесе меншiк иесi екi жеке тұлғадан көп болса (несие алушы және оның жұбайы) несие беруге;
Кез келген сақтандыру операцияларын Сақтандыру компаниясынан басқа ұйымдардың жүргiзуiне;
Кепiлдiк мүлiгi нарықтық құнын өзбетiнше бағалауды жүргiзуге;
Несиенi беру кезiнде, белгiлi ережеден немесе Банк Тарифтiк комитетi бекiту нәтижесiнде қабылдаған Банк комиссиясынан басқа комиссияны қолдануға;
Несиелiк ағын түрiнде тұтынушылық несие беруге;
Тұрғын үй салуға қатысты үлестiк қаражатт ы қаржыландыруға;
Ақшалай кепiлдiң басқа кез – келгенiмен комбинирленуi;
Тұрғын үй немесе автокөлiктi үшiншi тұлға үшiн алуға несие беруге;
Кепiлдiк қозғалмайтын мүлiгi ретiнде жалға алған құраушы жер учаскесiн қабылдауға;
30 000. 00 USD (4. 200. 000. 00 теңге) жоғары мөлшерде несие беру процедурасы кiшi мөлшерде несие беру бағдарламасы аясынан ерекшелiгi ол банк үшiн үлкен тәуекелдiлiкпен байланысты[23].
Банк несие алушымен банк несие келiсiмi шартына және күшiндегi заңға сәйкес, несиенiң мiндеттi және екi жақ жауптылықтарын және оның келiсiмiне сәйкес, кепiлдiксiз келiсiмiнiң болашағын қамтитын келiсiм құрады.
Несиелiк операциялар бухгалтерлiк есептерi Қазақстан Республикасы бухгалтерлiк есеп шоты жоспары және Банк есеп саясаты ережесiне сай жүзеге асырылады.
Банк мамандары несиелiк операцияны жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Банк комитетi Несие шешiмiмен, банк iшкi құжаттамаларымен, осы ережемен және iскерлiгiмен регламенттелетiн нормативтiк құжаттармен актымен жетекшiленедi.
Жеке тұлғаларды тұтынушылық несие беру бағдарламасы аясындағы несие шарты өзгеруi Бас Банк Несиелiк комитетiмен бекiтiледi. Осы жағдайда жалпы несие беру шартына жататындар:
Тұтынушылық несие беру бағдарламасына қосылатын несиелiк өнiм құрамы;
Берiлетiн несиелердiң минималды және максималды көлемi;
Несие берудiң стандардты мерзiмдерi;
Қамтамасыз етуге қойылатын талаптары;
Төлеу методикасы және пайызды төлеу;
Несиенi беру валютасы;
Әртүрлi қамтамасыз ету категориясы үшiн берiлетiн несие және несие алушы кiрiсiне әртүрлi өлшемде берiлетiн несиенiң максималды мөлшерi.
Нақты несиелiк операцияны жүргiзуде шешiм қабылдауда Филиалдар несиелiк комитетi немесе белгiлi бiр ереже аясындағы атқару несиелiк талдаушылармен жүзеге асырылады.
Бағдарлама қатысушылары функциялары
Бағдарлама операторы:
Бас Банк Несиелiк комитетi қарауы бойынша Ереже аясында несие беру жалпы шартына өзгерiстер енгiзудi қарап және реттейдi;
Банк барлық несиелiк бөлiмдерiне бағдарлама енгiзедi, соның iшiнде ДБИТ үшiн дехникалық тапсырмалар, керек болған жағдайда банк несиелiк бөлiмдерi қызметкерлерiн аттестациялайды, керектi локальды нормативтiк актiлердi және т.б. жасайды;
Осы ерженi Банктiң барлық бөлiмдерiнiң орындауын бақылайды;
Несиенi талдаушы тұлғалық-несиелiк бөлiм:
Банк несиелiк өнiмдерi ассортиментi, нақты өнiмдердi ұсыну шарттары, несие бберу аспектiсiн жүзеге асырушы керектi құжаттамалар тiзiмi жайлы клиенттi хабардар етедi;
Несие алушыға несие беру бойынша керектi құжат жинағын жинайды;
Несиелiк досьенi реттеудi жүзеге асырады және жобаға несиелiк талдау жүргiзедi;
Несие алушының тәуелсiз бағалаушымен, риэлтерлiк компаниямен қарым – қатынасын ұйымдастырады және банк пен несиелiк операция жүргiзумен және несие алушыны үшiншi жақпен қатынасы жайлы кеңестерде қолдау көрсетедi;
Жобалық сараптамалық заң кеңесшiсiмен және қауiпсiздiк қызметiмен жүргiзiлуiн қадағалайды;
Сақтандыру компаниясы агентiнiң функциясын жүргiзедi;
Заң кеңесшiсi:
Несие алушының тапсырған құжаты негiзiнде Несие алушы құқығын және кепiлдiк берушiнiң меншiкке кепiлдiк иелiгiне құқығын тексередi;
Банкпен жасалынатын келiсiмнiң заңды тазалығын қамтамасыз етедi;
Несиелiк жоба бойынша мiн iздеу жұмысын жүргiзедi.
Қауiпсiздiк қызметi жұмысшысы:
Несие алушының iс жүзiндегi мекен-жайын анықтайды;
Қарыз алушының сотталмағандығын, iшкi iстер органымен шатысы, несие алушыға азаматтық iс бойынша берiлген арыздар, тiркеу органы және iздеу iстерiнiң несие алушыға қатысы жоқтығын тексередi;
Несие алушының фактiлi жұмыс орнын және оның еңбек жолы тарихын анықтайды;
Несие алушының нақты отбасы құрамын, оның отбасында тұрушылары құрамы және санын тексередi;
Мүмкiндiгiнше несие алушының iскерлiгiн тексередi;
Несие ресурсының қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында проблемалық несие алушылармен жұмыс жасайды;
Несиелiк администратор:
Банктың хабарлама жүйесiнде қаржылық операциялардың көрiнiс табуын жүзеге асырады;
Банктiк несие берудi , келiсiм шарт жасауды, меншiк және кепiлдiк құқығын мемлекеттiк тiркеудi жүргiзедi;
Банктiк несие беруден кейiнгi несие досье жүргiзiлуiн, соның iшiнде кредиттiк бөлiм тарапынан несиелiк жоба мониторингiн ұйымдастырады.
Несие берудiң жалпы шарттары Бағдарлама операторлары дайындайтын Бас Банк Несие комитетi шешiмi бойынша қайта қаралуы мүмкiн. Несие беру жөнiнде Банк Комиссиясы осы ереженiң №3 қосымшасында келтiрiледi. Несие бойынша комиссияға кез-келген өзгерiс Бас Банк Тарифтiк Комитетiмен бағдарлама опраторы көрсетуi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн[24].
Филиалдың несие бөлiмi жетекшiсi мiндеттi түрде туәелсiз бағалаушы және оның бағалау бойынша есебiн бекiтушi жұмыстары қорытындысын және де тәуелсiз бағалаушы – заңды мемлекеттiк тiркеу куәлiгi көшiрмелерiн сақтауы керек.
Барлық несие бойынша кепiлдiк мүлiктi оның жоғалу тәуекелiнен Сақтандыру компаниясымен сақтандыруы мiндеттi. 30. 000. 00 USD жоғары мөлшердегi (4 200 000. 00 теңге) несие немесе 50 жастан асқан несие алушы үшiн несие алушы өмiрiн бақытсыз жағдайлардан мiндеттi сақтандыру керек. Егер кепiлдiк берушi – үшiншi тұлға жасы 50 – ден асатын болса, кепiлдiк берушi – үшiншi тұлға бақытсыз жағдайлардан мiндеттi түрде сқтандырылуы керек. Бiр жылдан артық мерзiмиге несие беруде мүлiктi және сақтандыруды мiндеттi ұзарту арқылы өмiрiн бiр жылға сақтандыруға рұқсат етiледi. Мүлiктi және өмiрiн бақытсыз жағдайлардан сақтандыру негiзгi несие суммасына несие жолымен жүзеге асырылады. Егер несие алушының несиеге қойғалы 30. 000. 00 АҚШ долл. (4. 200. 000. 00 Қаз теңгесi) мөлшерiнен асып түсетiн болса, онда негiзгi несие мөлшерi 30. 000. 00 сомасы төмендеуiнен өмiрдi сақтандыру мiндеттi емес.
Несие алушы графигiн сақтай отырып несиенi өтеу бiр реттiк аударымды өз қорынан Банк ҚРБ немесе филиалдарға ай сайын аудару жолымен жүргiзiледi. Мерзiмiнен бұрын немесе уақыты кешiктiрiлген жғдайда несие алушы қарызын өтедi тек Банктiң оған несие берген филиалына ғана жүргiзiледi[25].
30. 000. 00 АҚШ долл. Мөлшерiнен асаты барлық несие үшiн мiндеттi түрде қауiпсiздiк қызметi жұмысшылармен жобаны сараптауды жүргiз қжет. Аз мөлшердi несие бойынша ұауiпсiздiк қызметi жұмысшылары сараптамасын несиелiк сараптаушы немесе филиал несиелiк комитетi қарауы бойынша жүргiзедi.
Барлық неиселер бойынша негiзгi қарызды қайтару бойыша және банктi марапаттау төлемiне ай сайын төлемдер анықталады. Тұтынушылық несие бойынша жеңiлдiк периодтар ұсынылмайды. Негiзгi несиенi және банкке сай төлеу графигi Ережеге және оған Технологиялық картаға сй аннуитеттер негiзiнде есептеледi.
Банктiк несиенi 10. 000. 00 АҚШ долл. (1. 400. 000. 00 Қаз теңгесi) шегiнде беру жайлы шешiм барлық шарттар осы ережеге сай қатаң, несиелiк комитеттен келiспей несиесiн бөлiм жетекшiлерiмен қабылданады.
Несиелiк сараптаушы сараптауды жүргiзгенде талдауға несие алушы отбасы кiрiсi немесе барлық мүшелердiң бiрiккен кiрiсi талданады. Талдауға тек жалақы түрiндегi кiрiстер жүргiзiледi. Отбасының қандай бiр мүшесiнiң еңбекақысы 500. 00 АҚШ долл. немесе 70000. 00 қаз. теңгесiнен асатын болса, онда отбасының осы мүшесi бойынша зейнетақы қоры жазбасын көрсетуi қажет. Егер отбасы кiрiсi несие төлемiн жауып және отбасы күн көру минимумы үшiн отбасының әрбiр мүшесiне 7 500. 00 6 000. 00 қаз теңге қалдық құрайтын болса, ода отбасылық кiрiс жеткiлiктi болып саналады.
Несие алған моменттен бастап бiр күнтiзбелiк уақыт iшiнде жүзеге асырылуға тиiс несие категориялары бойынша мақсатты қолдану мониторингi.
Мүлiк кепiлi жағдайы мониторингi тәртiптi негiзде жылына бiр реттен аз емес жүргiзiледi.
Несие алушы кiрiсi мониторингi жылына бiр реттен кем емес кiрiс жайлы құжатарды қайтара көрсету жолымен жүзеге асырылады.
Типтiк және азаматтандырылған операцияларды атап айтқанда келiсiм шартты тiгу, әртүрлi құжаттар көшiрмесiн түсiру операцияларын жүргiзу үшiн барлық филиалдарда келiсiм бойынша жас мамандарды және оларды штатты қабылдауға тәжiриблерi жеткiлiксiз жастар үшiн қызметке тарту ұсынылады. Сонда да бұл жұмыстар, операциялар несиелiк сараптаушылар компетенциясы саласына жатады.
Егер несиенi втокөлiк немесе мүлiк алу үшiн алған болса, онда клиент Банктi ол нақты зат алуын шешкенi жайлы несиелiк жобаны қайа таладу өкеншi 30 күнге дейiн хабардар етпейдi[26].
Қозғалмайтын мүлiк стау – сатып алу бойынша iстi мемлекеттiк тiркеудi жүргiзу үшiн, оны қозғалмайтын мүлiктiң несиесiн өтеу үшiн кепiлдiкке беруiн мемлекеттiк тiркеуде мiндеттi түрде риэлтерлiк компаниялар тартылады.
Несие алушы негiзгi қарызды төлеу уақытын мерзiмiнен кешiктiрсе және сыйақы екi айдан аса кешiксе, Несие алушының толық төлеуiне негiзгi қарыздың кешiккен сомасы, сыйақы және де өсiмi сонымен бiрге айыппұл, Банкке Несие алу Келiсiм шарты бойынша саналады, Филиал Крдиттiк Комитетi өзiнiң несиесi бойынша қосылуын тоқтату туралы шешiм қабылдай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет