Диссертация «экономика ғылымдарының магистрі»


Коммерциялық банктердің несиелік саясатының проблемалары мен жетілдіру жолдары



бет8/8
Дата09.01.2024
өлшемі204.5 Kb.
#488743
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
Қырбасова Ш.Д.

3 Коммерциялық банктердің несиелік саясатының проблемалары мен жетілдіру жолдары

Тұтынушылық несие негiзгi әлеуметтiк мәселелердi шешуге әсер етедi, атап айтқанда жеке тұлғалар тұтынушылық мүмкiндiктерiн көтеру арқылы тұрғындардың өмiрлiк деңгейiн көтеруге әсер етедi.


Тұтыну деңгейiн көтеру өз кезегiнде келесi әлеуметтiк мәселелердi шешедi:
Қоғамда маргинальды элементтер мөлшерiнiң азаюынан, қоғамдағы тұрақтылықты жоғарылату;
Мәдениет бiлiм денсаулық сақтау деңгейiн көтеруге әрекет етедi;
Қоғамдық барлық мүшелерiне әлеуметтiк сипатқа ие (тұрғын үй, тұтыну тауарлары, бiлiм алудағы қызметтер, денсаулық сақтау) жағдай жасайды, және қоғам мүмкiндiктерiн көтередi.
Тұтынушылық несиенiң тұрғындар өмiрiн көтерудегi мәнiн анықтаудағы маңызды мәселе, ол келесi тұтынушылық несие өндiрiс секторына, үй шаруашылығы кiрiсiне және соңғысының тұтыну және сақтауға бөлiнуiне қалай әсер етедi деген сұраққа жауап беру болып табылады.
Коммерциялық банктердің нарыққа өту шарттарындағы қызметті есепті – кассалық операциялардың дамуы мен жетілдіруі сұрақтары бойынша және де ең алдымен тұрғылықты халықтың нақты ақшасыз есептесуді ұйымдастыру аясындағы жаңа шешімдерді талап етеді. Соңғы жылдарда тауарлар мен көрсетілген қызметтерге нақты ақшасыз есеп айырысуды қолдану аясы мағыналы түрде кеңейтілді. Есептік чектер тұрмыстық заттар кәсіпорындарымен ұсынылатын операцияларға төлем жүргізу кезінде, саяхатшылардың шетел валютасын шетелге шығу үшін сатып алу кезінде, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорын –дары ұсынатын операцияларға төлем жасау кезінде қолданыла бастады.
Тұрғылықты халыққа көрсетілетін электронды банктік қызметтер. Нарыққа өту шарттарында экономикалық механизмнің жетілдірілуі ақша айналысы жүйесінің қызмет етуіне, жеке тұлғаларға есептік және кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға аса жоғары талаптар қояды. Төлемдік айналымның өсімі мен онымен шартталған айналыс ұстанымдарының біруақытылы төмендеуі мен еңбек шығындарын қысқарту кезінде төлемдердегі тез өспелі қажеттіліктер мен ақша құралдарының айналымдылығын тездетуді қамтамасыз ететін ақша айналысының принципиалды түрдегі жаңа механизмін құру қажеттілігін айқындап отыр[27].
Берілген мәселе ақшаның сәйкес формаларын массалық қолдану кезінде шешіле алмайды, өйткені өзінің физикалық табиғат күшіне олар қозғалмалық шегіне иелік етеді, қаржылық есептемелердің жоғары еңбек сыйымдылығын шарттайды, есептесу буыныңы үзіліссіздігін қамтамасыз етпейді және де өз қозғалысына бақылау жасауды қиындатады. Оны шешудің негізгі жолы -бұл тәжірбиде нақты ақшаны кеңінен қолдану мен оларды автоматты өңдеу үшін мамандандырылған техникалық құрылғыларды құру аясында нарықтық экономикасы бар индустриалды дамыған елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесінің негізінде аталмыш “қағазсыз” технологияларды қолдану.
Біздің елде тұрғындарға нақты ақшасыз есеп айырысудың кешенді амортизациялық жүйесін құрудың Концепциясы жалпы шығарылған еді. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге нақты ақшасыз есеп айырысу сұрақтарынан басқа, Концепцияда кешенді түрде тұрғылықты халыққа банктік қызмет көрсету мәселелері қарастырылған. Консепция әртүрлі банктік жүйелердің идеологиялық және техникалық біртұтастығы мүмкіндігін қарастырады, бұл ақша айналысының біртұтас жалпы мемлекеттік жүйесін құрудың міндетті шарты және де қандай да болмасын банктің жоғары тиімділігінің кепілдемесі болып табылады.
Амортизация процесі несие –қаржы аясында бірнеше деңгейлерде орындалады. Бір жағынан қарағанда, несиелік институттармен қалыптасқан банкішінаралық және банкаралық жүйелер, сондай-ақ көтерме банктік кәсіпкерлік саласына қызмет көрсететін электронды техникалық құралдар енгізілуде. Басқа жағынан алғанда, клиенттерге-заңды да, жеке де тұлғаларға бөлшектік амортизациялық қызмет көрсету жүйелері енгізілуде.Банктік несие қызметтің керекті және болашақ бағыттарының бірі -вексельдер операциясы. Бірақ қазіргі кезде біздің елімізде осы операциялар басқа банк операцияларымен салыстырғанда оқшау сипаттамаға ие, біртұтас механизмдерді жандандыруға қатыспайды.
Екінші деңгейде субъект болып тек қана несиелік мекемелер табылады: бір жағынан Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, 2-ші жағынан — банк жүйесінің 2-ші деңгейіндегі мекемелер, соның ішінде коммерциялық банктер . Нарықтың осы деңгейіндегі операциялардың негізгі жиынын 1-ші класты вексельді қайта есептеу және қайта кепілге салу құрайды. Вексельдер айналысты түрлі операцияларды қамтуы мүмкін. Біріншіден, банктік қарыздарды несиеге беруде банк пен клиент арасындағы қатынас, екіншіден, қоғам мемлекет арасындағы қатынас(қазыналық вексель), үшіншіден, банк делдалсыз занды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастар.
Қазақстандағы банктер қызметінде көбірек тараған несие операцияларының болашақты түрлерінің бірі ипотекалық несиелендіру. Бұл пәтер сатып алу үшін қажетті 30% сомасы бар, ал қалған 70%-і кепілге тұрғын үйін қою арқылы алатын адамдар бойынша жүзеге асатын несиелендірудіқ бір түрі.
Ипотекалық несиелер кепілдікке жылжымайтын мүлік (үй, жер т.б.) қоятын жеке тұлғаларға келесі мақсатта ұсынады:
- тұрғын үй, квартираларды сатып алу немесе құру;
- қаладан тыс үйлерді сатып алу немесе құру;
- үйлерді, квартираларды қайта құру, күрделі жөндеу жүргізу;
Несиені өтеу және беруге байланысты, банк сыйақы ставкаларының мөлшері олардың өзгерістеріне байланысты барлық сұрақтар құқықтың өз аралық міндеттемелерін және жан-жақты жауапкершіліктерді анықтайтын несиелік келісімдердегі қарыз алушылар мен банк арасындағы қорытындылар негізінде шешіледі[28].
Банк қарыздардағы тұтынушылықты анықтау арқылы қарыз алушының тұтыну есебін алады. Несиенің шектелген саласы мен мерзімі негізгі банктың несиелік комитеті шешімдеріне сәйкес белгіленеді. Қарыздар (несиелер) ликвидтік кепілдің қолда бары, тұрақты төлемдерді өндіруге және табыстың басқа көздеріне ие, төлем қабілеті бар қарыз алушыларға ұсынылады.
Қарыз алушыға берілген несиенің мөлшері банк бағасы бойынша кепілдік мүлік құнының 70% - тен аспау керек. Қазіргі кезде шағын және орта бизнес республика ЖІӨ-ге 25% береді, және үкімет жақын 5-6 жылда бұл цифрды 60% - ке дейін апаруды болжап отыр. Бұл өсім банктік несиелендіру кеңейтумен байланысты болуы керек. Екінші деңгейдегі ресми банк бойынша 2004 жылы шағын кәсіпкерлік үшін несие көлемін 64,3% - ке 122 млрд. теңгеге дейін ұлғайтты. Үлкен деңгейде өндірістік проекттер қаржылынатын болды.
Мемлекеттік өндірушілерге салықты азайтуға, жер учаскелерін алуда процедура сұрақтарын көбейтуге, лицензиялау міндеттемелерін қысқартуға және қадағалау органдарынын, тексерісін қысқартуға уәде берді.
Әрине, ақшаны инвистициялауда кәсіпкерлерге бағдарлану мүмкіндігін беретін консалтингтік оперецияларды принципиалды түрде нығайту қажет.
Бүгінгі күндегі Казкоммерцбанк айналымындағы шағын және орта кәсіпорындардың үлесі 8%- ті құрайды. Қарыздық портфельде шағын және орта бизнестердің ағымдағы жылдардың 7-шілдеде Т13,6 млрд. немесе 12%-ке жетті. Үлесі өткен жылдың сол кездерінде шағын және орта бизнестің үлесі Т.2,8 млрд. көтерілді.
Банк жоба шегінде көбірек сапалы жеңілдікті ставка — валютада 12% жылдың жобаны қаржыландырды. Сол кезде орта бизнестерде жабдықтарды сатып алу үшін, айналым қаражаттарын толтыру үшін несие алу мүмкіндігі туды. Нарықта сенбестік күрделі жобалармен жұмыс істеу ретінде Казкоммерцбанктің бейнесі қалыптасты.
Жаңа басталған бизнесті несиелендіру барлық уақыт қауіпті. Бірақ бірінші қауамды шағын кәсіпорындармен кездесуге жасап, банк солармен болашақта жұмыс жасайды. Мысалға ЖШС «Оргстрой» гранитті өндіреді және экспорттайды. Осындай кәсіпорындар арасында — «Аян», «Технопорм», «Тайлан», «Аруана ТСТ» т.б. Осылардың әрқайсысына банк 150мың доллорға дейін несие ұсынды. Бұл өзінің сақтануына қарамастан, орта және шағын бизнестер үшін қарыздың орташа мөлшері. Қазкоммерцбанк барлық уақыт ұзақ мерзімді ынтымақтастық дамуындағы мәнін көреді.
Қазіргі кезде ұзақ мерзімді ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуына ақшаны жұмылдыру және тұрғын үй нарығындағы халықтың төлем қабілетті сұранысының несие қаржы саласын кеңейту үшін жақсы алғы шарттар пайда болды. Осы жүйені нығайту және дамытумен халық ипотекалық несие түрінде ұсынылған қаражаттардың есебінен еркін нарықта дайын тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Тұрғын үй құрылыстарының қаржыландыру механизмдерінің енгізу мақсатында халықтың кең көлемінің тұрғын үй бағасын түсіру, Қазақстан Республикасының үкіметінің 2003 жылы 21 тамызынан бастап шығарған 31290 қаулысы бойынша Қазақстан Республикасынын, ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту және тұрғын үй құрылыстарын ұзақ мерзімді қаржыландыру концепциясын мақұлданды[29].
Қазақстан Республикасының Ұлттык Банкі концепциясына сәйкес несиегерлерді қайта қаржыландыруды жандандыратын, халыққа ұзақ мерзімді ипотекалық несиенің егіншілік нарығы операторын енгізу туралы шешім қабылданды.Сол сияқты операторлардың рөлін Қазақстандық ипотекалық компания — Ұлттық Банк айналды.
Келесі көздерде халықаралық қаржы ұйымдардың және қазақстандық банктердің есебінен басқа да акционерлерді жұмылдыру жоспарланады.
Компания ақша нарығындағы ұзақ мерзімді ресурстарды жұмылдыруды жандандырады және осы ақшаларды банктерді қайта қаржыландыру арқылы тұрғын үй сатып алу үшін халыққа берілетін ипотекалық несиені банктерден сатып алуға бағыттайды. Компанияларды құру мақсатының бірі облигация эмиссиялары жолымен банктердің және сақтандыру ұйымдарының зейнетақы қорлары сияқты, сондай институционалды қызығушылықтардың еркін ақшаларын шоғырландыру болып табылады.
Осылай, экономиканың толық ішкі инвестициялау механизмдерін қамтамасыз етіледі, банк несиегерлерінің актив және пассив сәйкессіз келіп шығатын қауіп қатерлер азайтылады. Бұдан басқа ипотекалық несие қамтамассыз етілген, сенімді бағалы қағаздарға институционал инвесторларға өз активтерін салу мүмкіндігін беретін қаржы нарығының толықтырылған сегменті енгізіледі.
Қазақстандық ипотекалық компаниялар қызметінің тағы бір керекті бағытының ипотекалық несиелердің қызмет етуі және қарызга берудің процедурасын стандарттау. Осы мәселенің шешімі ипотекалық нарық субъектілері қатерін азайтуға және екіншілік нарықтағы ипотеканың айналым процесстерін оңайлату болып табылады.
Ипотекалық нарықтық қатысушыларының өзара әсері келесі схема бойынша жүзеге асырылады:
Банк — несиелері қарыз алушыға тұрғын үй кепілдігімен қамтамасыз етілген ипотекалық несие береді.
Компания банк-несиегерінен ипотекалық несие бойынша талаптар құқығын сатып алады және белгіленген талаптар құқығымен қамтамасыз етілген ипотекалық бағалы қағаздарды жібереді.
Институционал инвесторлар екіншілік нарықта ипотекалық нарықты қаржыландыруды жүзеге асыру және ипотекалық тұрғын үй несиелеу үшін ақша түсімін қамтамасыз ету арқылы ипотекалық бағалы қағаздарды сатып алады[30].
Қаржы нарығында осылай қызықтырылған инвесторлар ақшасы қайтадан ипотекалық тұрғын үй несиелеу көлемін кеңейтуге бағытталады.
Несиелеу түрлері толықтырылды, енді қалаушылар ипотекалық несиені компания програмасы бойынша тек қана сатып алу үшін емес, ал үйлерді ремонттау үшін де ала алады.
Қазақстандық Ипотекалық Компания программасы бойынша ипотекалық несиені алу шарттары:
Несиені алу үшін сіз Қазақстандық Ипотекалық Компанияға хабарласуыңыз мүмкін және тұрақты табыс мөлшері және анкеталарды толтыру туралы информациямен танысу арқылы алғашқы біліктіліктен өтуіңіз мүмкін. Дереу несиені алу мүмкіндіктер, оның максималды сомасы мен мөлшері туралы алғашқы ерекшкліктер ұсынылады[31].
Несие беру процедурасын жүзеге асыратын компанияның серіктестіктері есептелетін банктердің немесе банктік емес ұйымдардың біріндегі компанияның дұрыс қорытындысы жағдайында қайтарылады. Банкке арыз беру үшін көрсетілген тізімге сай құжаттарды ұсыну талап етіледі.
Тұрғын үй сатып алуға несиелер тұрғын үй құнынан 70 пайызға дейінгі мөлшерде ұсынылады, ал қалған 30 пайызын қарыз алушы өзі төлейді.
Компания сақтандыру компаниясындағы қалған 15 пайыз сақтандыру шарты мен тұрғын үй құнының 15 пайызы төлеу арқылы несие алу мүмкіндігін береді.
Тұрғын үйді жөндеу үшін несиелер жөнделген тұрғын үй құнынан 15 пайызға дейінгі мөлшерде ұсынылады.
Сатып алуға және түрғын үйді жөндеу үшін несиелер 3 жылдан 10 жылға дейінгі марзімге ұсынылады, ұзақ мерзімге несиені өтеуді бірқалыпты қайта бөлуге мүмкіндік береді. Несиені өтеу әдісі былай қүрылған: әр айлық төлемінің мөлшері несиені қаншалықты ұзақ марзімге алынса соншалықты аз болады. Бұл құн бойынша түрғын үйге қол жететіндей қылады және тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін көбейтеді.
Несиелік сыйақы ставкасы (процентік ставка) құбылмалы болып табылады және жылдық көрсеткіштегі инфляция индексінің өзгеруіне тәуелді әр 6 ай сайын қарастырылады.
Халық аралық тәжірибені оқыту негізінде сыйақы ставкасының жоғарғы шегін пайдаланумен, сыйақы ставкасын бақыланбаған ұлғаюынан сақтану механизмдері өндірілген. Сыйақы ставкасының жоғарғы шегі жағы шаппалы жағдайдан тәуелсіз түрде белгіленуі мүмкін болатын, ставкалардың максималды мәні.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен белгіленген методикаға сәйкес, календарлық жыл арасында сыйақы ставкасы 4,5%-ға өсуі мүмкін.
Қазақстандық Ипотекалық Компаниялар программасы шегінде берілетін несиелердің приципиалды ерекшелігі, ал шетел валютасына байланыссыз теңге түрінде ұсынылады.
Қазіргі кезде жұмыс жасайтын халықтың аз ғана бөлігі шетел валютасы курсымен индекстелетін табысқа ие, олай болса халықтың көпшілігі табысты теңге түрінде алады. Осы байланысты компания жобасындағы барлық несиелер теңге түрінде ұсынылады.
Бастапқы қажетті салымға (жарна) тұрғын үйі барларға толық қамтамассыз ету сапасында ұсыну мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда несие соммасы қайта сатып алынған тұрғын үй құнының 10 пайызын құрайды. Осыған байланысты тұрғын үйі барлардың құны осы құнның және қайта сатып алынған тұрғын үйдің 30 пайызын құрауы керек.
Құбылмалы сыйақы ставкасы несие мерзімі уақытында оны қайта құрастыру мүмкіндігін білдіреді. Қайта қараудың барлық шарттары мен мерзімдері банктік қарыз келісім шарттарда ескертіледі.
Демек, несие бойынша ставка индекстің өсуінен немесе түсуіне байланысты. Негізгісі, мынаны ескеру қажет: АҚШ доллары қатынасы бойынша инфляция индексі және теңге курсы — бір және тек сол емес, Қазақстан шартында АКШ доллары мен теңге курсынын, салыстырғандағы курстың түсу процессі тұрақты сипатты көрсетеді. Сонда да шетел валютасы несие бойынша қарыз алушы банкке курс өзгеруінен келіп шыққан айырымды төлейді[32].
Несие алу шарттарының бірі сатып алынған не зиян келген қауіптен кейінгі ремонтталынған тұрғын үйді сақтандыру, сондай-ақ еңбек қабілеттіліктің өмірі мен өнімін сақтандыру. Бұл әлемдік қаржы кризисінен өзін ақтайтын, жалпы қабылданған әлемдік тәжірибе.
Сақтандандыру жағдайлары басталған жағдайдағы сақтандыру ұйымдары ұсынады, несие саласын өтеу үшін қажетті банкке және банктік емес ұйымға аударады. Сіз төлем мерзімін 30 күнге дейін, жылына екі реттен ұзарту құқына иесіз. Егер бұл уақыт жеткіліксіз болған жағдайда 90 күн ішінде мерзімінен бұрынғы берешекті өтеу мүмкіндігі ұсынылады.
Ипотекалық несиенің артықшылықтарының бірі болып, несиені алу мен бір уақытта сатып алынған үйді жекеменшікке алу құқығын сатып алу табысы сатып алынған үйді, несие сомасын тандағаннан кейін келесі келісім шарттарды қорытасыз:
- барлық алу несие және несие өтеу шарттары көрсетілген, Сізбен банк немесе банктік емес ұйым арасындағы несиелік келісім- шарт;
- сіз бен сатушы арасындағы тұрғын үйді сату-сатып алу келісім- шарты
- сатып алынған үйдің кепілдік келісім шарты (ипотекалық келісім-шарты);
- тұрғын үйді сақтандыру келісім шарты;
- сіздің өміріңіз бен еңбек қабілетін жоғалтуды сақтандыру келісім- шарты. Несиені рәсімдеу процесінде несие ұсынатын банктегі немесе банктік емес ұйымдағы арнайы есепшотқа алғашқы жарна енгізілді. Несиені ұсынғаннан кейін тұрғын үйдің толық құны сатушыға аударылады. Келесі басқыш сатып алынған тұрғын үйді және оны банкке кепілге беру жекеменшігін рәсімдеу болып табылады. Сату-сатып алу келісім-шарты рәсімделген мезеттен бастап, тұрғын үйдің меншік иесі боласыз.
Қазіргі әлемді тұтыну қоғамы деп те атайды. Осы қоғамдық тұтыныс бұрыннан бері жеке адам қызметінің және тұтас алғанда өндіріс пен экономиканың дамуының басты қозғаушы күші ретінде саналған.
Қазіргі уақытта, нарықтық шаруашылықтың ең негізгі категорияларының бірі болып тұтынушылық сұраныс табылады. Қазіргі заманғы экономика жағдайында тұтынушылық сұранысқа алуан түрлі факторлар әсер етеді. Тұтынушылық сұраныс мазмұнының, формаларының, тұтынушы талғамдары мен қалауларының өзгеруі, нарық жағдайларының, әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет ету шарттарының өзгеруі, сондай-ақ, тұтынушылық сұраныстың нарықтың көптеген аса маңызды үдерістеріне әсерінің күшеюімен байланысты осы тұтынудың және оған әсер ететін факторлар табиғатының тәжірибелік маңыздылығы бүгінгі күні арта түсуде. Сонымен қатар, экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруда, әртүрлі нарықтардың теориясы мен ұйымдастырылуын зерттеуде тұтынушылық сұраныстың рөлі көтеріліп келеді.
Тұтынушылық сұраныс теориясы неоклассикалық нұсқада сұранысты нарықтың ажырамас элементі ретінде, оның бағалық және бағалық емес факторларын, сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігін, тоғыспалы икемділігін, икемділік коэффициенттерін, сұраныс заңын және оның ерекше жағдайларын (Гиффен қайшылығы, Веблен әсері) зерттейді.
Адамдар қажеттілігінің дамуы бойынша, тұтынушы қалауларының өзгеруіне, тұтынуға ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің көбеюіне, демалысты ұйымдастырудың әдістеріне байланысты тұтынушылық сұраныстың және оның факторлары мен құрауыштарының арнасы кеңейіп, олардың арасындағы өзара байланыстар бара-бара күрделене түсуде.
Адамдардың тұтынушылық сұраныспен байланысты іс-әрекеттерінің кеңістігі өмір сүру тіршілігінің барлық жақтарына еніп келе жатқан қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың аса қарқынды түрде дамуы жағдайларында тіпті кеңейіп барады. Адамдар ресурстарының маңызды бөлігін (еңбек, қаржы, уақыт) өздерінің тұтынушылық сұранысымен, тұтынушылық таңдауымен, көптеген факторларды анықтап бағалауға байланысты іс-әрекеттерге жұмсайды.
Сонымен, сұраныс дегеніміз – бұл кең мағынада, тұтынушылардың белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын төлем қабілеттілігі бар қажеттіліктері мен талаптары [1, 38 б.].
Тұтынушылық сұраныстың дамуының институционалдық бағыты шеңберінде «институционалдық детерминанттар» категориясы ерекше бөліп көрсетіледі. Тұтынушылық сұранысқа әсер ететін осындай институционалдық факторлар мынадай негізгі белгілерге ие болып табылады:

  • ресми және ресми емес институттармен тығыз байланыста болу;

  • адамдардың тұтынушылық таңдауы мен тұтынушылық мінез-құлықтық іс-әрекетінде белгілі бір ережелер мен нормаларды қалыптастыру;

  • адамдар іс-әрекетінің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық жақтарын біріктіру.

Тұтынушылық сұраныстың институционалдық детерминанттары осы аталған белгілеріне байланысты классикалық бағалық және бағалық емес факторлар сияқты қас-қағым сәтте қалыптаспайды. Өйткені, индивидтер өздерінде өмір бойы ұзақ уақыт қалыптасқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына негізделген қалаулары мен дағдыларын бірден өзгерте алмайды. Сондай-ақ, қандай да ел болмасын, ондағы қалыптасқан ресми институттар, мәселен, меншік құқықтары, заңдылық базасы, жұмыс істеп тұрған ұйымдық құрылымдар да жылдам өзгере қоймайды. Сондықтанда, бағалық және бағалық емес факторларға қарағанда, институционалдық факторлардың қалыптасу үдерісі өте күрделі. Тұтынушылық сұраныстың институционалдық детерминанттары әсіресе, жеке тұтынушылық сұранысқа әсер етеді.
Қазіргі уақытта, кейбір жағдайларда нарықтың жекелеген түрлерінде тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс неоклассикалық тәртіппен жүрмегендіктен тұтынушылық сұраныстың дамуының институционалдық бағытының қажеттілігі мен маңыздылығы артып келеді. Адамдар тұтынысының дамуымен және күрделілігімен, тауарлардың олардың әртүрлі категориялары бойынша ассортиментерінің кеңеюімен байланысты сұраныстың бағалық факторға деген тәуелділігі сондай бір салыстырмалық сипатқа ие болып барады. Тауарлардың функционалдық сипаттамаларына және дизайнының жақсаруына байланысты сұраныс заңына қайшы келетін құбылыстар да жиі орын алады, яғни сапасы жоғары тауарға сұраныс оның бағасы өссе де артып отыратындығын сипаттайтын тура тәуелділік қалыптасуы мүмкін.
Институционалдық факторлардың әсерінен бағалар мен табыстарға байланысты тұтынушылық сұраныстың байланысы бұзылуы мүмкін. Баға және табыс сияқты дәстүрлі факторларға қарағанда мұндай дәстүрлі емес факторлардың табиғаты аса күрделі болып табылады және олар өзіне экономикалық сипаттағы әртүрлі компоненттермен бірге, психологиялық және физиологиялық сияқты экономикалық емес факторларды да біріктіреді. Осыған байланысты, қазіргі дамыған қоғам жағдайында тұтынушылық сұраныстың осындай факторлары бірінші орынға шығады, сол себепті, мұндағы негізгі мәселелер ретінде халықтың тұтынушылық сұранысын реттеу қарастырылады, ал тұтынушының алдында «не сатып алу керек?» және «қай жерден сатып алу керек?» деген маңызды сұрақтар туындайды [2, 18-19 б.].
Көптеген экономистер тұтынушылық сұраныстың институционалдық детерминантары ретінде беделді тұтыныс, тұтынушылық несие және тұтынушының трансакциондық шығындары сияқты дәстүрлі емес факторлары бөліп көрсетеді.
1. Беделді тұтыныс.
Беделді немесе ауқатты тұтынудың бірқатар ерекшеліктері бар:

  • беделді сұраныс құбылысы Веблен бойынша ауқаттылардың парықсыздығымен тығыз байланысты;

  • беделді сұраныс олигархиялық топтарға тән және ол оның беделі мен абыройынан хабардар етеді;

  • беделді сұраныс қоғамдық өндіріс үшін ысырапшылдыққа алып келеді;

  • беделді сұраныс құбылысы жеке меншікпен және ең алдымен, өндіріс құрал-жабдықтарын иемденумен байланысты;

  • ауқатты топ өкілдерінің қоғамдық ысырапшылдығы әмбебап сипатқа ие бола отырып қоғам дамуының «қыр көрсетушілік» және «жыртқыштық» кезеңінің заңды құбылысын сипаттайды.

Қазіргі жағдайларда беделді тұтыныс басқарушылық қызметпен айналысатын індеттік топтарға ғана тән құбылыс емес, сонымен қатар, өндірістік топпен де байланысты болып табылады. Соңғы топтың өкілдері тауарлар мен қызметтерді, соның ішінде, ақпараттық өнімдерді өндірумен байланысты әртүрлі қызмет түрлерімен айналысады. Оның айқын дәлелі ретінде әлемдік табыс табудың көшасшысы, Microsoft компаниясының негізін қалаушы Б.Гейтстің беделді сұранысын айтуға болады.
Беделді сұраныс өндіріс құралдарына нақты меншікті иемденумен қатар, әртүрлі ресурс көздеріне қол жеткізетін іскерлік және жеке байланыстар ретіндегі әлеуметтік капиталды иеленумен де байланысты болып келеді. Шенеуніктер сияқты субъектілердің байлығы осындай байланыстарды игерумен байланысты қалыптасады, олардың тұтынушылық беделді сұранысы (қызметтік шетелдік көліктер, чартерлік рейстер, т.б.) олардың қоғамдық статусын, мүмкіндігін, беделді орнын және билігін көрсетеді.
Беделді сұраныс тек олигархиялық топ өкілдеріне ғана тән құбылыс емес, сонымен қатар, халықтың басқа да орташа тап өкілдеріне, яғни салыстырмалы бай адамдарға да байланысты болып келеді. Беделді сұраныс тіпті төменгі тап өкілдеріне де тән, бірақ ол ерекше сирек жағдайларда (үйлену тойын өткізу) ғана орын алуы мүмкін.
Қаржы саласындағы жұмыскерлердің де тұтынушылық сұранысын беделді сұранысқа жатқызуға болады. Олар қымбат киім-кешек, аяқ киім, шетелдік автокөлік маркалары, жабық спорт клубтарында демалу, атқа міну, гольф ойнау және басқа да сұраныстың түрлерінен көрініс табады.
2. Тұтынушылық несие.
Қазіргі уақытта, әсіресе елімізде тұтыну несиесіне сұраныс тез қарқынмен өсіп келеді және банктер де оны белсенді түрде дамытып келеді. Бұл әртүрлі әдістерден көрініс табады:

  • несие желілерінің алуан түрлілігі;

  • жаңа өнімдерді өмірге әкелу;

  • әртүрлі әділ бағдарламаларды жасау.

Тұтыну несиесін кеңейту үшін банктер үнемі екі негізгі сенімді механизмді қолданады: белгілі бір дүкендердегі тауарлардың өткізілуін несиелеумен айналысу және нақты сауда құрылымдарына қатысы жоқ еркін несие берумен айналысу.
Қазақстанда бүгінгі күні қажеттіліктері мен сұраныстары толығымен қарыз құралдарына тәуелді болып табылатын тұтынушылардың жаңа бөлігі (сегменті) қалыптасып келеді. Көбінесе, несиелердің 45%-ы тұрмыстық техниканы, телефондарды, аудио және бейнетехниканы сатып алу үшін алынады, 20-25%-ы мақсатсыз несиелерге тиесілі, ал қалған үлесін жылжымайтын мүлік бойынша ипотекалық несие мен автонесиелеу теңбе-тең бөліседі [3].
Ал банктердің экономикаға берген несиелерінің жалпы көлемін төмендегі кестеден көруге болады.
Тұтынушылық несие тұтыну сұранысының негізгі институционалдық детерминантасы ретінде экономикалық субъектілерге нарықтық мінез-құлықтың келесідей нормаларын сақтауға итермелейді:

  • қарызға өмір сүру, бұл қазақстандық тұтынушылардың өмір сүру құндылықтарына біртіндеп еніп бара жатқан құбылыс;

  • инфляциялық үдерістерге бейімделу;

  • тұтынушылық сұранысты қысқа мерзімде ғана кеңейтуге ұмтылу.

Сонымен, тұтыну несиесі институционалдық детерминанта ретінде тұтыну сұранысына оны кеңейту жағына қарай әсер етеді деп айта аламыз. Алайда, құқықтық нормалардың жеткіліксіздігі мен реттеудің экономикалық тетіктерінің дамымағандығы кезінде тұтыну несиесі керісінше, тұтынушылық сұранысты тарылтуы мүмкін, яғни несиеленбейтін тауарларға сұранысты, тіпті басқа нарықтардың тауарлардың сұраныстарын төмендетіп жіберіп мүмкін. Отандық экономикада тұтыну несиесінің кейбір салаларда дамуының кері жақтары болуы мүмкін, яғни несиені уақытылы қайтармау, қаржылық пирамидалар сияқты бірқатар институционалдық тосқауылдар орын алуы мүмкін. Ұзақ мерзімді кезеңдерде тұтыну несиесін қайтармаушылық үлесінің артуы банктік саланың күйреуіне және тұтыну нарығында диспропорцияларға алып келуі мүмкін. Осыны ескере отырып, банктерге барлық факторларды өлшеп барып қана тұтыну несиесін беру қажет және оны мемлекет тарапынан саналы түрде реттеу қажет.
3. Трансакциондық шығындар. Тұтыну сұранысының институционалдық детерминантасы ретінде трансакциондық шығындар тұтынушылардың игіліктерді сатып алу келісімдерімен байланысты болып табылады. Қазіргі экономикалық теория «трансакциялар» арқылы жұмыс істейді. Тұтынушының трансакциялары ең алдымен, тауарлармен айырбас жүргізуді сипаттайды. Осындай айырбастаулар арқылы тұтынушылардың игіліктерді сатып алу тұрғысында меншік құқығын иемдену бойынша қатынастары қалыптасады. Нәтижесінде, белгілі бір трансакцияны іске асырғаннан кейін келісімге қатысушы тұлғалардың әл-ауқаттылық деңгейлері артады – тұтынушы тауарды сатып ала отырып өз қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандырады, ал сатушы өз тауарын сата отырып өз пайдасын арттырады.
Тұтынушылардың трансакциондық шығындарына тұтыну нарығындағы қазіргі институттар – желілік ритейлорлар әсер етеді. Сауда желілері тұтынушылардың трансакциондық шығындарын маңызды түрде қысқарта алады, яғни ақпарат іздеу шығындарын, сатушылармен келіссөздер жүргізуге кететін шығындарды едәуір төмендетеді. Мұнда сатып алушылар мен сатушылардың өзара тәртіптері мен қарым-қатынастарының ережелері нақты анықталған, кез-келген тауарға кез-келген уақытта еркін түрде қол жеткізіледі. Тауарлардың үлкен көлемдегі ассортименті және олардың маркетингтік тұрғыдан дұрыс орнығуы тұтынушылардың тұтынушылық сұраныстарының кеңеюін, олардың жекелеген дүкендерге қарағанда үлкен көлемде тауар сатып ала алуын ынталандырады.
Сауда желілерінің ірі супермаркеттеріндегі тұтынушылық сұраныстың осындай тәртібі «көпшілікке ілесу» әсерімен және игіліктерді сатып алуға уақытты үнемдей алумен байланысты болып келеді.
Қазақстандық тұтыну нарықтарында тұтынушылардың трансакциялары отандық және шетелдік сауда желілерінің өзара бәсекелесу объектісі болып табылады. Қазақстанда желілік ритейлорлардың даму көрсеткіші ел тұрғындарының тұтынушылық талғамдарының бірқатар ерекшеліктерімен байланысты.
Осыған байланысты, қазақстандық экономикада соңғы өнімдерге деген тұтынушылық сұраныстың бірқатар ерекшеліктерін ашып көрсетуге болады:

  • тұтынушылық сұраныстың үздіксіз өсіп отыруымен бірге үнемі кейінге қалдырылып отыратын сұраныстың да орын алуы;

  • көлеңкелі экономиканың аса маңызды ауқымымен байланысты тұтынушылық шығындар мен табыстардың сәйкессіздігі;

  • өте кең диапазондары бар тұтынушылық қалаулармен сипатталатын халық табыстарының едәуір теңсіздігі мен дифференциациясы (қазір елімізде Джини коэффициенті 0,3-ке тең);

  • тұтыну құрылымында импорттық тауарлар үлесінің артуы;

  • жекелеген тұтынушылардың бағаға деген толеранттылығы, ал ол өз кезегінде Гиффен тауарлары тізімін арттыруға алып келеді;

  • тұтынушылардың бір сауда белгісінен екінші бір сауда белгісіне жылдам ауысып отыруы;

  • белгілі бір тұтынушылық мәдениеттің қалыптасуы;

  • тұтынушылық сұраныс бағытында мінез-құлықтың үнемі өзгеріп отыруы;

  • отандық тұтынушылардың беделді сұранысында аймақтық өзгешеліктердің орын алуы.

Қазақстандық экономикада сауда желілерінің дамуына мүмкіндік беретін және әсер ететін макродеңгейдегі және микродеңгейдегі факторлар да бар.
Макроэкономика деңгейіндегі факторлар:

  • тұрғындардың орташа жалақыларының және нақты ақшалай табыстарының өсуі;

  • Қазақстанның сыртқы сауда айналымының өсуі;

  • азық-түлік тауарлары мен тұтыну заттары сияқты ең негізгі сегментті қамтитын тұтынушылық нарықта отандық сауда желілерінің жоғары қарқынмен өсуі;

  • қазақстандық нарықты аса қарқынды түрде жаулап келе жатқан шетелдік сауда ритейлорларының жоғары бәсекелік қабілеттілікке ие болуы;

  • электрондық коммерция саласында сауда желілері қызметінің негізін құрайтын ІТ-технологиялардың қарыштап дамуы.

Микроэкономика деңгейіндегі факторлар:

  • желілік емес ритейлор­-фирмалардың бәсекелік қабілеттілігінің салыстырмалы әлсіздігі;

  • басқа елдерде кеңінен таралған бизнесті жүргізудің әртүрлі формалары мен үлгілерін белсенді түрде қолданып соларды сырттан импорттау;

  • өндірісті ұйымдастыру, басқару, қызметкерлерді ынталандыру, инвестициялау, табыс таба білу бойынша желілік ритейлор ретінде қатысатын фирмалардың көп пайдаға кенелуі.

Сонымен, тұтынушылардың трансакциондық шығындарына тікелей әсер ететін, қазіргі уақытта өзінің өміршеңдігін дәлелдеп үлгерген және дамудың аса жоғары әлеуетіне ие болып отырған сауда желілері немесе ритейлорлық желілер бүгінгі күні тұтыну нарығының аса дамыған заманауи инфрақұрылымдық институты болып табылады.
Қорытындысында мынаны айтуға болады, яғни тұтыну теориясы микроэкономиканың аса маңызды бөлімдерінің біріне жатады және тұтынушылық таңдау мен тұтынушылық сұраныс теориясының қыр-сырын зерттеу арқылы біз қандай да бір нақты тауарлар мен қызметтерге сұраныстардың қалыптасу үдерістерін қарастыруға мүмкіндік аламыз.
Банктік несие, коммерциялық несие субъектілері жеке, заңды тұлға және осы ұлғалар еңбекке жарамды өздерінің материалдық құралдармен жабдықталған, экономикалық қатынастарда өзінің кепілдігі бар несие қатынасқа түсе алатын тұлғалар. Несие субъектілері бойынша несие бергенде жүйесіне, несие түріне қарай беріледі. Клиентке несие еңбекке жарамды өздерінің материалдық құралдармен жабдықталған, экономикалық қатынастарда өзінің кепілдігі бар несие қатынасына түсе алатын тұлғалар. Несие субъектілері бойынша несие бергенде жүйесіне, несие түріне қарай беріледі. Клиентке несие беруде оның келесі элементтері зерттеледі; капитал қозғалысы мен несиенің байланысы, несиені қолдану ортасы, несие тізімі, өнімділігі, несиенің қамтамасыз етілуі.
Несие субъектілері - несиені алушылар мен берушілер,
Несие объектісі - несие алушы мен берушінің арасындағы ақшалай, мүліктей зат.
Банктік несиені несиелендіру объектісіне қарап тармағында «объект» - бұл зат, яғни несиелік келісім шарт бекіту кезінде қарыз ретінде берілетін құрал, зат. Несие берілу мерзіміне қарай: қысқа, орта, ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді 1 жылға дейін, орта-1-3 жылға дейін, ұзақ-5 жылдан жоғары.
Қысқа мерзімді несие - өндірістік қорлардың әр түрлі элементтеріне беріледі; өнеркәсіп, ауылшаруашылығына, сауда және тағы басқа.
Ұзақ мерзімді несие - өндрістік объектілер құрылысына, қайта құруға, техникалық жаңартуларға, әр түрлі техникалық игерулерге, жаңа өнім шығаруға қолданылады. Банк қарызын бергенде олардың критериіне мен қағидаларына байланысты несие көлемі меншікті капитал көлеміне ғана тәуелді емес, сонымен қатар тартымды ресурстарына әсерін тигізеді. Несие жүйесін іс жүзіне асыруда басты элементі- келісімшарт.
Несиенің қағидалары: несиенің жұмсалған мақсаты, несиенің көлемі, несиенің мерзімі, несиенің проценттік ставкасы, несие кепілдемесі. Несиелендіру келісім шарт объектісі; субъект, объект, несиені қамтамасыз ету кепілдігі.
Несие беру Ұлттық банк ережелеріне сай жүргізіледі. Осы ережеге сай коммерциялық банктер және оның филиалдары жеке заңды тұлғаға несие беруде көлемін анықтайды негізгі талаптарын қояды, оның жүргізу процедурасын бас банкпен байланыса отырып жүргізеді, Несие жеке тұғаларға; үй заттарын алуға, емдеуге, оқу орындарын, бала оқытуға тағы басқа[33].
Несие беру кезінде белгілі бір сомма анықталған мерзімге беріледі және оның бойынша максималды шектелуі тағайындалмайды. Жеке тұлғаға несие беру теңгеде, шетел валютасында жүргізіледі. Жеке тұлға несие алуда келесі құжаттарды ұсынуы керек; өзінің еңбек ақысы туралы анықтама, мұнда бас бухгалтердің қолы мен мөрі болуы керек, жеке тұлғаны куәландыратын жеке құжат, жан ұя жөнінде анықтамалар, салық инспекциясымен берілген клиентің тіркеу анықтамасы және оның көшрмесі жанұя мен иелерінің табыс анықтамасы. Клиент өзінің алған несиесін қамтамасыз ету үшін кепіл құжаттарын ұсынады. Жұмыс істегендігі соңғы 12 айға орташа айлық табысы, соңғы 12 айға еңбек ақыдан ұсталынған төлемдер түрлері. Бұл анықтама ұйым басшысымен бас бухгалтермен мөрлену керек.
Жеке тұлғаға несие беру кезінде клиентің несиелік қабілетін, оның келісім егер бұрын қарыз алса, оның көлеміне қарай. Несие бөліп клиенттің төлем қабілеттілігін оның жұмыс орнына әкелген орташа еңбек ақысы негізінде және зейнетақының тағайындаған сомасынан тағайындалады.
Анықтамаларға келесілер жатады; анықтаманы берген ұйымның толық аты, оның пошталық адресі, банктік реквизиттері, клиентің сол ұйыммен тұрақты жерде істеген мерзімі клиенттің сол ұйымда қандай қызметкер болып 3 жақты 4 данада толтырылады, Сондықтан жеке тұлға гарант тұлғаа болып қатысқанда кепіл қолдары өзінің жеке куәлігімен тексеріледі. Несие қызметкері құжаттарды толтыру кезінде келесі талаптарға сүиенуі керек;
1. Клиент шотынан немесе карточкалық шотынан төлемнің кезекті түсінуін;
2. Мәтінді құжаттардың ақшалай соммасы, күні және олар жазбаша түрде болуы керек, мекен жайы, аты, тегі толық жазылуы керек;
3. шетел валютасында алынған қарыз бойынша құжаттар тек кепілдік
туралы келсім -шарттан басқа, себебі қарыз валютада беріледі, сол түрнде толтырылады
4. Кепіл келісім шарты мен кепілдік келісім шарты банкелік қарыздың номері, күні болуы керек;
5. Келісім шартта банк атынан қатысатын тұлғалардың аты- жөні және қарыз алушының жағдайы мәтінде толық көрсетілуі керек. Осыны тексергеннен кейін несие қызметкері банктік қарыз келісім шартын және кепіл келісім шартын клиенттің өтінші бойынша тіркеу журналына тіркеледі.
Рәсімделгеннен кейін екі жақ қол қойғанан кейін несие кызметкері несие жөнінде құжаттарды топтастырды, яғни 1-ші дана, жедел міндеттеме көшірмесін сақтандыру полисі, құжаттың толық пакетін жинап, жеке папкаға тіркеп қатарлы номер береді.
Несие қызметкері бағдарламаға сай қарыз алушы, жөнінде электронды несие жұмысын қалыптастырады[34].
Мұнда банктің қарыздық келісім шарты; жеке тұлғаның кепіл жөнінде келісім шарты қарыз алушының жедел міндеттемесі, қарыз соммасы және ол бойынша төлеп отыратын соммасы мен сый ақы пайызы.
Несиені қайтару ай сайын бөлшектенген түрде 1 күннен келісілген келісім шартта тағайындалған тәртіп бойынша жүргізіледі, қолданылған қарыз бойынша проценттерді аудару жеке тұлғаның шотына аударылған қарыз сомасының күшінен басталады. Қарыз алушы қарызы мен процетін қайтаруда келесі жолмен жүргізіледі:
1) шоттан немесе карточкалық шоттан аударады, егер қарыз АҚШ долларымен берсе, ал оның еңбек ақысы теңгеде берілсе, бақылаушы кассир оның шотынан соманы алып, сол күнгі курсты АҚШ долларына аударады;
2) кіріс кассалық ордері арқылы қолма қол ақшаны енгізу.
Осы қолданылған құжаттар бойынша бақылаушы кассир күнделікті бағдарламаға сай салымдар бойынша қарыз алушының жүктеулері бойынша олардың шотынан ақшаның аударылуын бақылап ай сайын қаржы басқару мен бухгалтер бөліміне есеп беруді тапсырып отырады.
Банктік келісім шарттың іс әрекет кезеңі бойынша несие қызметкерлері келесілерді бақылайды.
1) қарыз алушының келісім шартының дұрыс орындалуын және төлемдердің кезекті түсуін бақылайды;
2) қарыз алушы жөнінде қосымша ақпараттарды енгізеді;
3) қарыздың дер кезінде қайтарылуы мен проценттің төленуі жөнінде іс
шаралар жүргізіледі.
Осы жағдайларда банктер берілетін жаңа несиелердің спектрін әжептәуір кеңейтті және олардың көлемін арттырды, ал қазір несие беру олардың артықшылықты қызмет түрі болып қалды[35].
ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда банк несиесі Қазақстан Республикасында қанат жайып дамып келе жатқан несиенiң түрi болып табылады. Соңғы дәлелдер бойынша тұтыну несиесi өте пайдалы несиенiң түрi болып, оны банктер адамдарға өте үлкен сенiммен бере алды. Шынында да әлемдегi ең үлкен банктердiң бiрi - “Ситикорп оф Нью-Йорк” - өзiнiң мыңдаған бөлiмшелерi арқылы өзiнiң өсiп келе жатқан қаржы ресурстарын тұтынушыларға ұсынып отырады (мысалы: маркетинг, несие карточкалары, тұрғын үйлерге және үй шаруашылық заттарын сатып алуға, күттiрмейтiн жағдайларға). Бiрақ банктiк қызмет тұтынушыларға бағытталған, сонымен бiрге бұл қызмет түрi банктерге өте тәуекелi жоғары әрi қымбат тұратын банктiк қызметтiң түрi болып табылды.


Несиенiң бұл түрiнде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкiн. Несие қатынастарының нақты көрiнiсiн несиенiң формалары мен түрлерi сипаттайды. Несиенiң мазмұны мен түрi диалетикалық бiрлiкте болады. Өндiрiстiк қатынастардың өзгеруi несиенiң мазмұны мен оның қолданылатын түрiн өзгертедi. Несиенiң негiзгi екi формасы: коммерцилық несие және банктiк несие болады. Бүл несие бiр-бiрiнен несие субъектiлерi, құрамы, қарыз объектiсi, динамикасы, процент мөлшерi және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Тұтыну несиесiнiң дамуы әр түрлi елдерде әр қалай дәрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдiң iшкi жиынтық өнiмiнiң 10 % - ын, Германия мен Францияда – 30 % - ын, ал Ұлыбритания мен АҚШ – та 60 % - ын құрайды екен. Бұл елдердiң тәжiрибелерiнде тұтыну несиесiнiң ең қымбат таурларды: автокөлiк, электр тұрмыстық құралдарды, жиhаздарды және т.с.с. Сатып алу барысында жиi пайдаланады. Бұл елдердiң тұтыну несиесiнiң жартысынан көп бөлiгi автокөлiктердi сату үлесiне тиедi. «кономикалық мазұмыны жағынан тұтыну несиесi банктiк несиенiң бiр бөлiгi ретiнде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалар мен тiкелей байланысты болып келедi. Сондықтан да, несиенiң бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңiнен пайдалануының екi түрлi себебi бар: бiрiншiсi, субъективтi, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игiлiктерге қол жеткiзуге қолайлы жағдай жасаса;
екiншiсi, объективтi, яғни кез келген қоғамның дамуының басты бiр экономикалық мәселесi – бұл дайын өнiмдi өткiзу десек, ендеше тұтыну несиесiн қолдану аталған мәселенi шешуге мүмкiндiк бередi. Тұтыну несиесi көптеген елдердiң экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттiк ұйымдар тарапынан белсендi түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеудi екi түрге бөледi: берiлуi және пайдалану деңгейiнде реттеу. Берiлу деңгейiнде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиiс.
Қазақстан Республикасында тұтыну несиесi кеңiнен дамып отырған несиеге жатады. Екiншi деңгейдегi банктер тәжiрибесiнде тұтыну несиесiнiң мынандай түрлерi қолданылуда:
автокөлiктiк несие;
ұзақ мерзiмде пайдаланылатын таурлар сатып алуға берiлетiн несие;
тұрғын үйдi жөндеуге берiлетiн несие;
кейiнге қалдырылмайтын қажеттiлiктерге (оқу, емделу, демалу, және т.б.) берiлетiн несиелер.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тұтыну несиесi экономикада үлкен рөл атқарады. Сондықтан оған мемлекет тарапынан реттеу шаралары жүргiзiледi. Несиенi беру деңгейiнде және оны пайдалану деңгейiнде реттеу тұтынушыны сыйақы ставкасының мөлшерi, несиенiң мерзiмi тағы басқада, шаралар арқылы ынталандыру немесе несиелеу тәртiбiн қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылып отырады.
Әр елдiң жеке тұлғаларды несиелеу саласында әртүрлi заңдары болады, алайда ол заңдарды бiр ғана жағдай бiрiктiредi – ол: тұтынушылардың өмiр сүру деңгейiн арттыру мақсатында несие жеткiлiктi көлемде қол жетерлiк, қарапайым болуы тиiс.
Бiздiң елiмiзде (1987 жалға дейiн) тұтыну несиесiнiң көбiне екi түрi қолданылып келдi: ұзақ мерзiмдi пайдаланатын тауарларды сатып алуға несие беру және тұрғын – үй құрылысына (жеке және кооперативтiк) несие беру. Несиенiң бiрiншi түрi жанама сипатта болды, себебi оны Мемлекеттiк Банкiнiң қатысуымен түрлi сауда ұйымдары берiп отырған, несиенiң екiншi түрiн тiкелей несие мекемелерi (Мемлекеттiк Банк пен Құрылыс банкi) берiп отырған.
Сонымен, жоғарыда көрсетiлген тұтыну несиесiнiң жiктелуi оның түрлерiнiң сан алуан болатындығын дәлелдеп отыр, бiрақ жiктелу оынен шектелiп қоймайды. Сондықтан оны басқа да белгiлерi бойынша жалғастыруға болады.
Төлемдердiң мерзiмдерi ұзартылған несиелердi тiкелей және жанама банк несиесi деп бөлуге болады. Тiкелей банк несиесiн берген кезде ссуданы пайдаланушы клиент пне банк арасында несие келiсiмi жасалады. Жанама банк несиесiнде клиент пен банк арасында делдал болуымен сипатталады. Мұндай делдал ретiнде көп жағдайларда бөлшек сауда кәсiпорындары қатысады. Несие келiсiмi тауар сататын дүкен мен клиент арасында жасалып, сауда орны өз кезегiнде банктен ссуда алады. Несиелеудiң мұндай формасының кеңiнен тарап отырғандығын, американдықтардың автокөлiгiн сатып алуына арналған ссудалардың 60 пайыздан астамы жанама түрде алынып отырған несие екендiгiн нақты мәлiметтер көрсетiп отырған болса, бiздiң елiмiзде мұндай статистикалық деректер жоқ. Алайда, барлығымызға мәлiм, соңғы кездерi тұрғын халықты сауда ұйымдары арқылы несиелеу белсендi түрде қанат жаюда. Тұтынушылар қымбат тұратын тауарларды (автокөлiк, тоңазтқыш, кiр жуу машиналары, компьютер және басқа да ұзақ мерзiм пайдаланатын таурлар) төлем мерзiмiн ұзартып сатып алуда.
Тұтынушылардың қажеттiлiктерiн тiкелей және жанама түрде банктен несиелеудiң өзiндiк ерекшелiктерi мен терiс жақтары да болады. Бiрiншiден, тiкелеу банктен несиелеу, жанама несиелеуге қарағанда ерекшелiгi – оның несиелiк процестi ұйымдастырудағы қарапайымдылықта. Мұнда несиелеу объектiсi нақты анықталады, берiлiп отырған ссуданың экономикалық тұрғыдан алғанда мақсатқа сәйкес екендiгiн анықтау мүмкiн болады, суданы пайдалану барысында бақылау жасалып өтелуiн банк тiкелей қадағалап отырады. Аталған процестердiң барлылғы да қарыз алаушымен несиелiк қатынастарды реттеп отыруға нақты жағдайлар туғызады.
Екiншiден, банктiң тiкелей несиелеуiмен байланысты терiс жақтарына жанама түрдегi несиелеуге қарағанда тәуекелдiлiктiң деңгейiнiң жоғары болуы жатады. Мұндай қорытындыны қалай негiздеуге болады?
Бiрiншiден, елiмiзде жеке азаматтарды несиелеудiң қазiргi кездегi тәжiрибесi бiрқатар күрделi жағдайлармен байланысты:
а) ссуданы беру алдындағы кезеңде, жеке клиенттердiң несиенi қайтару
қабiлетiн түгелдей барлық банктер тексере бермейдi;
б) клиентiң несиелiк қабiлетiн анықтау барысындағы әдiстердiң көбi дерлiк iс жүзiнде қалыптасқан талаптарға сай келмейдi;
в) несиенiң қамтамасыздығы көбiнесе сөз жүзiнде қалып қояды, яғни нақты қамтамасыз етiлмейдi.
Екiншiден, елiмiздегi қалыптасқан макроэкономикалық жағдай (экономикалық, саяси, әлеуметтiк тұрақсыздық, инфляция т.б.) банктiң жеке азаматтарды несиелеуде дұрыс ұйымдастыруына терiс әсерiн тигiзедi.
Тұрғын халықты жанама түрде несиелеу банкке тәуекелдердiң (несиелiк, валюталық, нарықтық, сыйақылық) әсерiн қысқартуға мүмкiндiк туғызады. Жанама түрде несиелеукезiнде клиент банкке несие сұрап бармай-ақ, өзiне қажеттi тауарларын сауда орындарынан сатып алуына болады.
Жанама түрде несие берген кезде рыноктың қатысушыларына өзара дилерлiк шарттармен сауда индосаментiн кепiлге қою арқылы жүзеге асырылады. Неисе берудiң мұндай түрiнде банк қосымша шығындарсыз өзiнiң несие портфелiн ұлғайтуға мүмкiндiк алады. Қазақстан Республикасында тұтынушыларды тiкелей несиелеу олармен жеке әңгiмелесудi қажет ететiн болғандықтан, ол қосымша шығындармен байланысты болады. Сондықтан да дилерлiк келiсiм шарт пен сауда индосаменттерiн сатып алу арзанға түседi.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI


1. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы // Оңтүстік Қазақстан , 4 наурыз, 2013 жыл.


2.Н.А. Назарбаев “Концепция внешней политики требует адаптации к современным условиям”/ Казахстанская правда, 04.10.2011
3. 1-12.2011,1-12.2011,1-12. 2011 ҚР Ұлттық Банкiнiң статистикалық бюллетендерi
4. ҚР Президентiнiң 31.08.2005 ж. “ҚР банктер және банк қызметi туралы” Жарлығы, 68, 68-1, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76 және т.б баптары
5. Аллахвердян Д.А. Финансово-кредитный механизмм развитого социализма- М.: Финансы, 1976 ж.
6. Ачкасов А.И. Активные операции коммерческих банков – М.: Консолтбанкир, 1996 ж.
7. Банки на развивающихся рынках. Укрепление руководства и повышение чувствительности к переменам. 2 том/ Д.Мак Нотон и др. – М.: Финансы и статистика, 1996 ж.
8. Лаврушин О.И. Банковские операции- М.: Инфро,2005
9. Банковский портфель – 1. Книга банкира. Книга клиента. Книга инвестора/ О.Н. Антипова және басқалары – М.: СоминтЭк,1996 ж.
10. Банковский портфель – 1. Книга менеджера. Книга банковского финансиста. Книга банковского юриста/ О.Н. Антипова, Г.М. Антонов және басқалары – М.: СоминтЭк,1996
11. Лаврушин О.И. Банковское дело– М.: БиБНКЦ,2005 ж.
12. Колесникова В.И, Кроливецкая Л..П. Банковское дело– М.: Финансы и статистика, 2005 ж.
13. Белоглазова Г.Н. Коммерческие банки в условиях формирования рынка- Л.: ЛФЭИ, 1991 ж.
14. Белугин М.И. Сберегательное дело. Есептiк-несие техникумдарына арналған оқулық - М.: Финансы и статистика, 1985
15. Бор М.З., Пятелко В.В. Стратегическое управление банковской деятельностью.-М.: Приор,2005 ж.
16. Бухвальд Б.Р. Техника банковского дела-М.: ДИС,1993
17. Валравен К.Д. Управление рисками коммерческого банка/М.Э. Ворд редакциясымен жазылған оқу құралы- Дүниежүзiлiк банктiң экономикалық даму институты.-Вашингтон,2005 ж.
18. Василишен Н.И. Регулирование деятельности коммерческого банка-М.: Финансист информ,2005 ж.
19. Гамидов Г.М. Банковское и кредитное дело – М.: ЮНИТИ,1996
20. Деятельность банков: современный опыт США – М.:Экономист,1992
21. Долан Э.Дж., Кэмпбел К.Дж. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика, ағылшын тiлiнен аудармасы.- СПб,2005 ж.
22. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег-М.: 1978
23. Котлер Ф. Основы маркетинга- М.: Прогресс, 1996
24. Льюис К.Ф. методы прогнозирования Экономических показателей. – М.: Финансы и статистика,1993 ж.
25. Мамонова И.Д. Банк и платежная дисциплина. – М.. финансы и статистика, 2005 ж.
26. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. – М.: Банки и биржи:ЮНИТИ,2005 ж.
27. Нуреев Р.М. Деньги, банки и денежно-кредитная политика. – М.: Финстат информ,2011 ж.
28. Лаврушин О.И. Основы банковского менеджмента-М.: Инфра- М, 2011 ж.
29. Озиус М.П. Пужном Б.Б. Банковское дело и финансовое управление рисками-Вашингтон,2005ж.
30. Рид Э, Коттер Р, Гилл Э. Смит Р. Коммерческие банки-М.: Космополис,1991
31. Лаврушин О.И. Российская банковская Энциклопедия-М.: Инфра- М, 2005 ж.
32. Тосупян Г.А. Банк для клиента – М.: Златоцвет,1993
33. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк. Управление и операции. –М.: Все для Вас,1993ж.
34. Қаржы-несие сөздiгi. –Алматы,2011 ж.
35. Хейне П. Экономический образ мышления в банковской практике-М.: Новости,1996 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет