«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» КеАҚ
Сапа менеджменті жүйесі
Магистрлік диссертация (жоба) туралы ереже
30 беттің 11 беті
6.3.6.2 Кесте диссертацияда міндетті түрде мәтіннен кейін орналасады, ол
туралы алғашқы мәлімет қоса беріледі, не кейінгі бетте беріледі.
6.3.6.3 Кестені ендіруде графаның тақырыбынан кейін графаның нөмірі
көрсетілген жол қосу керек. Кестенің жалғасына графаның аты ендірілмейді, тек
графаның нөмірі көрсетіледі.
6.3.6.4 Диссертацияда барлық кестелер үшін сілтемелер болуы керек.
Сілтеме кестенің нөмірінен кейін сызықша арқылы ендірілген «кесте» сөзінен
тұрады.
6.3.6.5 Көп жолды кестелерді келесі параққа (бетке) бөліп орналастыруға
болады. Кестенің бөлігін келесі параққа (бетке) енгізгенде, оның нөмірі мен
«кесте» сөзі кестенің алғашқы бөлімінің оң жағында бір рет қана көрсетіледі,
қалған бөліктерінің үстінде кестенің нөмірі мен «жалғасы» сөзі жазылады,
мысалы «1-кестенің жалғасы». Кестені басқа параққа (бетке) бөліп
орналастырғанда тақырып оның тек алғашқы бөлігінің жоғары жағында ғана
жазылады.
______-кесте
___________________________________________
(Кестенің нөмірі) (Кестенің атауы)
1-сурет. Кестені рәсімдеу үлгісі.
6.3.6.6 Кестені екіге бөлу барысында оның алғашқы бөлігінің соңғы жатық
жолынының астыңғы сызықтары сызылмауы тиіс.
6.3.6.7 Қосымшасыдағы кестелерден басқа кестелерді араб цифрларымен
бірінен соң бірін нөмірлеу керек.
6.3.6.8 Графалардың тақырыптары мен кестелердің жолдары үлкен әріппен
жекеше түрде, ал графалардың кіші тақырыптары, егер олар тақырыппен бір
сөйлем құрса, кіші әріппен жазылады. Ал егер олар өз алдына мағыналы болса.
онда үлкен әріппен жазылады. Кестелердің тақырыбынан және кіші
тақырыптарынан кейін нүкте қойылады.
6.3.6.9 Кестелер сол, оң жағынан міндетті түрде сызықтармен шектеледі.
Кестеде мәтін қарпіне қарағанда көлемі кіші қаріпті қолдануға жол беріледі.
|