«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» КеАҚ
Сапа менеджменті жүйесі
Магистрлік диссертация (жоба) туралы ереже
30 беттің 13 беті
6.3.9.4
Қосымшасының тақырыбы болады, ол мәтінге симметриялық түрде
үлкен әріппен бөлек жолға жазылады.
6.3.9.5 Қосымшасы алфавиттің бас әрпімен «А» әрпінен басталып (Ё,З,Й,Ң,
О,И,Ь,Ы,Ъ әріптерінен басқа) белгіленеді. Қосымшасының ретін көрсететін әріп
«қосымшасы» сөзінің алдына жазылады.
6.3.9.6 Қосымшасы құжаттың өзге бөлімдерімен бірге беттердің жалпы
нөмірлеу санына кіреді.
6.4 Магистрлік диссертацияны (жобаны) плагиатқа тексеру тәртібі
6.4.1 Магистрлік диссертация (жоба) міндетті түрде плагиатқа тексерілуден
өтуі тиіс, мұндай тексерісті жүргізу қағидалары мен тәртібін ЖОО-ның өзі
анықтайды.
6.4.2 Осы ережемен реттелетін академиялық
нормаларды бұзушылыққа
келесілер жатады:
жазба жұмыстарында басқа автордың мәтіні мен идеясын (плагиат)
сілтемесіз қолдану;
материал мен жұмыс нәтижелерін фабрикациялау.
6.4.3 Плагиат екі түрде жүзеге асады:
өзгенің мәтінін сөзбе-сөз баяндау;
астарлап айту – бөгде мәтінді мағынасын сөздер мен сөйлемдерді
ауыстыру арқылы баяндау.
6.4.4 Магистрлік диссертация (жоба) көлемі 100 Мб аспауы тиіс
.
6.4.5 Магистрлік диссертацияның (жобаның) өз бетінше орындалу
дәрежесін анықтау үшін тексеру 3 реттен артық өткізілмейді. 3-ші
рет тексеру
ақылы түрде өткізіледі.
6.4.6 Магистрлік диссертацияны (жобаны) «Антиплагиат» жүйесі негізінде
тексеру 3 жұмыс күні ішінде іске асады.
6.4.7 Білім беру бағдарламаларының магистрлік диссертацияларын
(жобаларын) қорғау бойынша АК жұмысы басталардан 1 ай
бұрын магистрант
магистрлік диссертациясын (жобасын) «Антиплагиат» жүйесіне тексеруге
ұсынады.
6.4.8 Магистрлік диссертацияларды (жобаларды) плагиатқа тексеруді
Бағдарламалық және техникалық қызмет көрсету бөлімі (БТҚКО) жүзеге
асырады.
6.4.9 Маман даярлаушы кафедраның менеджері
магистрлік диссертацияны
(жобаны) плагиатқа тексеру үшін БТҚКО-ға тапсырады. Менеджерлерді кафедра
меңгерушісі тағайындайды.
6.4.10 Кафедра менеджері бітірушілердің магистрлік диссертацияларының
(жобаларының) электрондық нұсқаларын жинақтап,
БТҚКО-ға арнайы кесте
бойынша тексеруге тапсырады.
6.4.11 Магистрлік диссертацияны (жобаны) «Антиплагиат» жүйе арқылы
плагиатқа Ережеде көрсетілген мерзімде тексеру бітірушінің жауапкершілігіне
жатады.