«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» КеАҚ
Сапа менеджменті жүйесі
Магистрлік диссертация (жоба) туралы ереже
30 беттің 8 беті
Олар диссертация мәтінінде кездесуіне қарай берілген қажетті талдау мен
түсініктемеден тұрады. Анықтамалар, белгілеулер және қысқартуларды
«Анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар» деген құрылымдық элемент
ретінде де беруге болады.
6.2.9 Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен жаңашылдығы, басқа ғылыми-
зерттеу бағдарламаларымен байланыстылығы, сонымен бірге зерттеудің мақсаты
мен міндеттері, оның жалпы ғылыми-зерттеу жұмысында алатын орны
көрсетілуі керек.
6.2.10 Диссертацияның негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың негізгі
әдістемесі және негізгі нәтижелік көрсеткіші берілуі тиіс.
6.2.11 Негізгі бөлімге:
зерттеу бағытын таңдау және оның негіздемесі, мәселені шешу әдістері
мен олардың салыстырмалы бағасы, жұмысты орындауда таңдалынған
әдістемені мазмұндау;
теориялық және (не болмаса) эксперименттік зерттеу процесі, сонымен
бірге теориялық зерттеулердің ерекшелігі мен мазмұнын, зерттеу әдістерін,
есептеу әдістерін, эксперименттік жұмыстың қажеттігін негіздеу;
зерттеу жұмыстарының нәтижелерінқорытындылау және жұмыстың
келешектегі бағыттары бойынша ұсыныстар, алынған нәтиженің дұрыстығын
бағалау және оны отандық, шетелдік жұмыс нәтижелерімен салыстыру;
әрбір тарау, бөлім бойынша қысқаша қорытындылар енеді.
6.2.12 Қорытынды:
диссертациялық зерттеу нәтижесі бойынша қысқаша қорытындыларды;
қойылған міндеттердің толық орындалуының бағалауын;
жұмыс нәтижесін білім берудің инновациялық қызметінде, ғылым мен
өндірісте нақты пайдаланудың ұсыныстары мен деректер талда¬ма¬сын;
орындалған жұмыстың техникалық-экономикалық деңгейін осы саладағы
жақсы жетістіктерімен салыстыруды не бизнес-жоспарды қамтуы тиіс.
6.2.13 «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» жаратылыстану, техникалық
бағыттар бойынша
соңғы 10 жылды, гуманитарлық бағыттар бойынша
соңғы
5 жылды қамтуы тиіс. Тізім Д қосымшасыға сай рәсімделеді
6.2.14 Қосымшасыға диссертациялық жұмысты орындауға байланысты
қандай да бір себептермен негізгі бөлімге ендірілмеген материалдарды:
эксперименттік
зерттеу
мен
сауалнама
нәтижелерін,
статистикалық
көрсеткіштерді ендіру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |