Аудитория, зертханалық кабинет: 105
Офис-сағаттар (оқытушының бекітілген жеке кестесі бойынша) -сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін
Қызылорда, 2022
Силлабус Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының мәжілісінде қаралды
Хаттама № __ «__»___________ 2022 ж.
Кафедра меңгерушісі м.а. Алмауытова Ә.Б.
Силлабус бағыты бойынша Академиялық кеңестің мәжілісінде қаралып, бекітілді
Хаттама № __ «__»___________ 2022 ж.
Академиялық кеңестің төрағасы Майгелдиева Ж.М.
Пәннің мақсаты: Студенттерге адамзат баласының әдеби жетістіктері жүйесіндегі қазақ әдебиетінің Тәуелсіздік жылдарындағы жаңа туындылары мен көркемдік жалғастық заңдылықтары меңгертіледі. Студенттердің өз бетінше көркем шығарманы эстетикалық талғаммен танып, қаламгерлердің даралық дарынды қасиеттерін, шеберлік сырларын эстетикалық таныммен игеруге, кәсіби біліктілігін тереңдетуге жан-жақты ғылыми-теориялық, негіздемелік бағдар беріледі.
Пәннің міндеттері:
-Тәуелсіздік дәуіріндегі туындылардың жанрлық ерекшеліктерін поэтикалық заңдылықтар тұрғысында зерделеу;
-көрнекті қаламгерлердің шығармашылық-зертханалық болмысын сараптап анықтау;
-Тәуелсіздік дәуірінің поэзия, проза, драматургия жанрларына қатысты туындылардың көркемдік сипатын талдау, бағалау;
-қазақ әдебиетінің Тәуелсіздік дәуіріндегі туындыларын әлем әдебиеті әдеби үдерісі жүйесінде дәстүр сабақтастығы, поэтикалық үндестік заңдылықтары аясында таныту.
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер (коды, атауы):
Пәнді игеру нәтижелеріне талаптар пәнді оқып-үйрену үдерісі кәсіптік құзыреттіліктің қалыптасуы мен дамуына бағдарланған:
1. Қазақ әдебиетінің Тәуелсіздік дәуіріндегі жаңа мазмұнды шығармалардың мұғалімдік қызметтегі педагогикалық, психологиялық,оқу-әдістемелік талаптарға сәйкес меңгерілуі негізгі бағдар болып саналады.
2. Тәуелсіздік дәуіріне арналған пән материалдарын педагогикалық-психологиялық кәсіптік құзыреттілік бойынша меңгеру арқылы студенттер әлем өркениеті және қазақ рухани құндылықтары сабақтастығын гуманизм ұстанымы тұрғысында меңгерген деңгейде қалыптасады.
«Қазақ әдебиеті: Тәуелсіздік дәуірі» пәнін оқып-үйрену үдерісі пәндік құзыреттіліктің қалыптасуы мен дамуына бағдарланған:
1.Студенттер Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ әдебиеті туындыларын тарихилық, мазмұн мен пішін поэтикасы (тақырып пен идея, сюжет пен композиция, образ және типтілік, көркемдік жинақтау, стиль, т.б.) заңдылықтарға сәйкес пән маманына тиісті құзыреттілікке ие болады.
2.Қазақ әдебиетінің Тәуелсіздік дәуіріндегі көрнекті қаламгерлер шығармашылығындағы тарихилық, лирикалық және эпикалық, драмалық жанрлар поэтикасы, қазақ және әлем үндестіктері және т.б. көркемдік заңдылықтар негізделген пәндік құзыреттілік меңгеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |