Дістемелік кешені



бет73/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
tzha keshen-2022-2023

Ситуация ( фр. – situs – жағдай). Қатысушылардың қарым-қатынастары, күрес тартыстарының нәтижесінде әртүрлі эпизодттарда кездесетін жағдайларды ситуация дейді. Сюжетке құрылған қандай шығармада бөгетсіз дами бермейді. Айнабай Әбдірахман қызына үйленбейтін болғаннан кейін, Әбдірахманның қас жауы болып шыға келеді. Әбдірахманға бұрынғы көзқарасы өзгеріп шыға келеді.
Шиеленісу (лат. – intrigare – шиеленіс). Көркем әңгіме, роман, поэма, драма сюжеттеріндегі оқиғаның шытырманданып, қиыннан қиысуын, қатысушылардың араларындағы тартыстардың бірден екі асқына түсулерін шиеленісу деп атайды.
Көркем шығарманың қызықты, тартымды, болуының шын сыры оқиғаның шиеленісуінде.
Шарықтау шегі(лат. – suimen – шыңы, биігі) Шығарма аяқталуға жақындағанда сала-сала болып, таралып кеткен оқиғалар қоюланып, күшейе түсуін шарықтау шегі деп атайды. Шарықтау шегі шығарманың көлеміне, құрылысына, идеялық мазмұны на қарай біреу де бірнешеу де болуы мүмкін. Автор шарықтау шегіне айрықша мән беріп, өзінің айтайын деген ойына сәйкес, оқушыларының көңілінаударайын деген оқиғаны шарықтау шегі етіп алады.
«Шұғаның белгісіндегі» Шұғаның ауруының күн сайын асқындауы, әкесі мен ағаларының иілуі, Қасымжанды шақыртып алғанын, Әбдірахманның тұтқыннан босануын оқиғаның шарықтау шегі еткен.
Шешу (орысша – развязка). Шығармада суреттелетін адамдардың амал, іс-әрекет, қарым-қатынастары дамиды, өзгереді, сан алуан оқиғалар болады, ақыры келіп бір нәрсемен тынады.Шығарманы оқып отырғандағы оқырман білсем деген сұрақтарына оқиға аяқталғанда ғана толық жауап алады. Шығармада суреттелген оқиғаның , қатысушылардың тартыстарының немен тынғандығын баяндау – шешу (орысша – развязка) делінеді.
«Шұғаның белгісіндегі» оқиғаның шешуі Әбдірахманның босанып келуі, Шұғаның өлімімен аяқтауы.
Шұғаның өлімімен аяқталуының екі себебі бар. 1) революцияға дейінгі қазақ ауылының өмір шындығына сәйкестендіру. 2) ескілік, кертартпалық, зұлымдық, аулы аруды өлімге жеткізу, әркімнің де аянышты сезімін оятып, ескілікке, жауыздыққа нәлет айтқызады.
Шығарманың түрлі бөлімдерін таңдап алып, оларды қиюластырып және байланыстыруын шығарманың композициясы дейді.
Пролог (гр. –prologjs –алғы сөз). Көркем шығармалардағы суреттелетін оқиғалар туралы әңгіме әлі басталмас бұрын, жазушы, ақындар өлең не қара сөз түрінде сол жазылмақ шығарманың идеясын меңзейтін қысқаша таныстыру жазады. Ондағы мақсат – шығарманың идеялық бағытын оқушының дұрыс түсінуіне бағыт сілтеу
Эпилог Шығармада суреттелелінген оқиғалар әбден аяқталып болғаннан кейін жазылатын автордың қорытынды сөзін эпилог дейді. Пролог сияқты эпилогтың шығарма құрылысымен тікелей байланысы жоқ. Эпилогтың шығарма құрылысымен тікелей байланысы болиаса да, идеясы жағынан байланысты. Прологта шығарманың идеялық мазмұнын оқушылары дұрыс ұғынуына ьағыт сілтелсе, эпилогта сол көркем шығармалағы автордың образ арқылы айтайын деген ой-пікірлерінің дұрыстығы дәлелделінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет