Дістемелік кешені


Серік Ақсұңқарұлының өлеңдерінде ислам дінінен рухани қуаттанған ежелгі түркілік берік ұстанымды



бет10/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Серік Ақсұңқарұлының өлеңдерінде ислам дінінен рухани қуаттанған ежелгі түркілік берік ұстанымды қазақ ұлтының қаһарман, мәрт тұлғасы көркем шындықпен бейнеленғен. Ислам құдіретін ұлықтаған ойшыл акындардың періштелер қаумалаған мәңгілік мекен қабір-ғимараттары да әлемді әзәзіл сайтандардан қорғап тұрғанын («Қожа Ахмет Яссауи мазары», Көк Тәңірі - Алла құдіретінен қуаттанған қазақ ұлтының түркі халықтарымен бірге мәңгілік дамудағы айбынды сипатын бейнелей жырлайды:
Рух берген Тәңірі, ақыл-маған,
Сары аязда тоңдырмай - сақылдаған...
Су да мұны сезеді,
От та мұны,
Қорқыт,
Абай,
Низами
Тоқтағұлы.
Түркі жұрты тартады Күнге карай
Көк аспанда тұрғанда Көк Тәңірі [16.395 б.].
Ақын ғарышқа ұшқандардың астронавтары («Айға қонған американ астронавтары Алла даусын естіп мұсылман болып кетіпті деседі») да ислам ықпалына түскенін жырлайды.
Қазақ даласындағы Ислам дінінің қайраткер абыздары ғұлама молдалардың фәнидегі тіршілік қозғалыстары жүйесіндегі кұдіретті әрекеттері («Жынды қуса, сұмды да, дертің менен, рұқсатсыз үстіне ел кірмеген. Ақ жарықтан Көпекең зікір салса Ақтоғайда алпыс үй селкілдеген». «Алла бар!» - деп айтыпты сол атамыз Итжеккенді жиырма жыл кезіп жүріп»), қара жерге сүйегі көмілсе де мұсылмандық рухы ғарышқа самғағаны («Көкке рухы қанатын жайғаны анық»), халықтың көз алдында болған құдіретімен дәйектелген:
Ол күңіренсе - Көк пен Жер жылағандай,
Мәйітке де тіл бітіп тірі адамдай.
Арбағанда жыланды мерт бопты о да,
Алламыздың кәріне шыдай алмай! [16.395б.].
Ақын Серік Ақсұңқарұлының бірқатар өлеңдерінде Алланың кітабы Құран Кәрімнің діни-исламдық дүниетаным негіздерін адамзат ұрпақтарына ұқтырудағы құдіретін, ондағы сүрелер аяттарындағы ұлағат ықпалын әзәзіл азғыруындағы босқа өткен өмірі кезеңдеріне өкінген («Тірлікте бірде – дана, бірде - есермін, Құдай-ау, бұған дейін кімге сендім?») қазіргі қазақ ұлтына тән жаңаша ойлау серпілісін айқын бейнелейді:
Құранның құдіретімен дінге сендім,
Мен енді Тәңірімен тілдесермін.
Адамың жылан сынды аяр болса,
Аллаға сенбегенде -
Кімге сендім?!
Көргенде көңілім нұрға бөленбеген,
Пендемен пенде болып өлем бе мен?
Алланың айтқан сөзі Құран Кәрим,
О дағы жазылған ғой өлең менен [16. 343 б.].
«Құран жыры» өлеңіндегі мазмұн мен пішін тұтастығының поэтикалық мағынасымен фәни мен бақи сабақтастығы («Бақи дүние фәниге - айна, бәрі - өлгеннен соң өзіне сай болады») адамдардың мінез-құлық психологиясы тұрғысында дәйектелген. Қараниетті қызғаншақ, күншіл адамның қара итке, залым қудың түлкіге, ұсақ ойлы пенделердің құрт-қыбырға, құрбақаға, өңез ойлы пендені жапалаққа, лас тоғышардың шошқаға, асқақ ойлылардың кыран құсқа («Мұқағали рухы сұңқар еді, Алатаудың ақ басын айналып жүр») айналатынын ислам дүниетанымы аясында бағалаған.
Жаратушыға мүнажаттық арнау өлеңдерге Алланың бүкіл ғарыштық- ғаламдық кеңістіктегі жанды және жансыз денелерді, құбылыстарды, касиеттерді жаратқан құдіретін ұрпақтарға ұқтыра, ұғындыра жырлау діни- исламдық ағартушылық дүниетанымының басты көрсеткіші болды. Ал, Казақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланған тарихи жылдардың азаматтық-отаншылдық ұстанымы ақындардың мүнәжат арнау, имандылық туралы өлеңдеріне арқау болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет