Дістемелік кешені


Қазақтың ұлттық рухына қызмет ету- Серік Ақсұңқарұлы поэзиясының басты темірқазығы



бет11/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Қазақтың ұлттық рухына қызмет ету- Серік Ақсұңқарұлы поэзиясының басты темірқазығы.Асқақ рухты өршіл халықтық тарих қойнауындағы дүбірлі кезеңін қазіргі тәуелсіздік талаптары биіктеріненжырмен айшықтағантабиғатынан табандытума таланттығ ерекшелігі сонда, Серік ақын оқырмандыелеғ еткізген ең өткір тақырыптардыжай ғана жазбайды, ешкімге ұқсамайтын қисынмен, айтпақ ойының мән - маңынасы мен тақырыбына өлең формасын иірген жаңа әдіспен жазады.
Қарапайым халықтың тағдыр - тауқыметімен, қуаныш - үмітімен үндес Серік поэзиясы аз уақыт аралығында ұлттық өре биігінен оңай асып түсіп, бүкіладамзаттық мәнге ие болады. Ол өлең, жырларында туған халқы атынан үн қатады, бірақ ол- бүкіл түркі әлемнің ақыны.Оның өлеңдерінің негізгі өзегң де осы төркі мүңы, түркі арман - мүддесі, түркілік рух мәртебесі мен абыройы, қасиетті Көк бөрі киесінің қайтып оралуы. Сондықтан да Серік Ақсұңқарұлы жаңа ғасыр көгінде қазақ поэзиясын ғана емес, бүкіл түркі поэзиясын жаңа биікке көтерген ақын деп тану керек.
Көрнекті ақын әрі аудармашы, ҚР мәдениет қайраткері, Жамбыл Жабаев атындағы Халықаралық сыйлықтың,, Ілияс Жансүгіров атындағы Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының иегері, Ұлы Абайдың 150 жылдығы құрметіне өткізілген республикалық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері.
Көрнекті ақын Есенбай Дүйсенбайүлыңың Қожа Ахмет Иасауи хикметтерінің дәстүрімен жырлаған «Қырық хикмет» топтамасы философиялық-дидактикалық сарындылығы мен ерекшеленғен. Бұл - қазақ поэзиясындағы имандылық туралы дәстүрлі жырлардың жаңа дәуір ұрпақтарын тәрбиелеуге арналған ұлағат үні. Бұл орайда, ислам діні орныққан мемлекеттердің (Араб мемлекеттері, Түркия, Иран, т.б.) медреселерінде, мектептерінде тұрақты қолданыста келе жатқан «Мұхтасар» окулығындағы «Иман» және «Иманның шарттары» анықтамаларының акындар жырларына арқау болуын назарға аламыз:
«Иман - Пайғамбар ғалайһиуәс-сәламның Алла атынан (тарапынан) түсірілген хабарламалары мен бұйрықтарын қалтқысыз қабылдауды, мойындауды және мүлтіксіз орындауды сөзсіз парыз деп білу, оларға шын көңілден илану, бүтіндей ден кою. Иман шарттарын мойындау, ислам дінінің акиқаттығына сену - мұсылманшылыктың жігі ажырамас құрамдас сипаты. Бұл мойындау және осы ең басты парызды орындау шын ниетпен, ешбір зорлаусыз, ықтиярлы, ықырар жүректен тууы керек. Бұл әрбір мұсылманнын тірлігінде де, дүниеден өткеннен кейін де өмірлік һәм о дүниелік іс-әрекеті бүтін болмысы үшін ләзім» [32. 7 б.].
Ақындардың жырларында «Иманның шарттары» да негізгі идеялық-құрылымдық желіні құрайды: «1. Алла - тағалаға иман келтіру; 2. Оның періштелеріне иман келтіру. 3. Кітаптарына иман келтіру. 4. Пайғамбарларына иман келтіру. 5. Ахирет күніне иман келтіру. 6. Жазмыш пен қазаға (өкім барлығына) иман келтіру» [31. 8 б.].
Ақындардың иман хақындағы толғаныстары - казақтың ұлттық көркемдік ойлау кеңістігін, тереңдігін айқын аңғартатын көрсеткіштер, ақын Есенбай Дүйсенбайүлының «Қырық хикметіндегі» иман хақындағы бейнелі тармақтары ұлттық сөз өнеріндегі халықтық сананы танытатыны ақиқат:
... Нәпсіні тежеп бүгін ұстау да ерек,
Даңғой боп дарияға тышпау керек.
Иманнан береді екен үш тау дерек –
Қанағат, Ынсап, ұят дейтін биік [1. 140 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет