Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Келімбетов Н. «Көркемдік дәстүр жалғастығы» Астана: Елорда. 2000-288 б.
Екі мың жылдық дала жыры. (Құрастырған Е. Дүйсенбайұлы, Ә. Қайырбеков) – Алматы ; 2000-752 б.
2. Шаңғытбаев Қ. «Азаттық күнгі жыр» Қазақ әдебиеті, 1999жыл, 24-желтоқсан.
Мырза Әли Қ. « Заман-ай» Алматы; Жазушы,1997-352 б.
3.Медетбек Т. «Тағдырлы жылдар жырлары» Алматы; Атамұра,1999-176 б.
4.Дәдебаев Ж. «Қазіргі қазақ әдебиеті» Алматы; Қазақ университеті, 2002-311 б.
5.Қайырбеков Ә. Заманхат немесе Қ. Мырза Әлидің «Заман-ай» дастандар кітабын парақтағанда туған ойлар; Ақиқат №3, 68-73 б.
Лекция2.
Тақырып: Қазіргі қазақ поэзиясындағы тарихи бейнелер мен көркемдік шешім
2.1 Тәуелсіздік жылдарындағы лиро-эпикалық балладалар мен поэмалар
2.2 Баянғали Әкімжанов, Өтеген Оралбайұлы т.б. ақындар өлеңдеріндегі философиялық- психологиялық ерекшеліктері
2.3 Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының зерттелу жайы.
Дәулетбек Байтұрсынұлы өлеңдеріндегі бүгінгі жаңа ұрпақтардың нағыз иманды тұлғаларының реалистік келбетін, жан ділі әлемін айқын танимыз:
Бисмиллаһы Рахманир Рахим,
Жолын қуған мен Абайдың бір ақын.
Құдай, Құран, Сенім - мәңгі серігім,
Арлы, иманды болу менің мұратым!
Құдай рас, шын сенімнен таймаңдар,
Ғасыр бойы арқандалды, қайран нар!
Абай деген - данышпаны қазақтың,
Аллаһ жайлы айтып кеткен байламдар [17. 32-33 б.].
Ақындардың өлеңдеріндегі лирикалық қаһармандар - қазіргі тәуелсіз Қазақстанның жаңа ұл-қыздарының көркем жинақталған тұлғаларының көрсеткіштері. Өлеңдердегі поэтикалык жинақтаулармен бейнеленген лирикалық қаһармандардың Жаратушы Аллаға мүнәжәтынан қазақтың рухани тазалықпен дараланған табиғи келбетін танимыз:
Белгілі бір Аллаһқа үтір, нүктем,
Жаратқан, жаңылдырма шүкірліктен,
Дінімді беріктей түс мұсылмандық,
Шайтаннан сақтанайын, күпірліктен.
Нұрландар жүрегімді иманың мен,
Өзіңе тәуелділігін үй, жаныммен.
Бір Аллаһ, саған ғана сәжде қылам,
Ант етем өзің берген ми-қаныммен [17. 46 б.].
Ақын Нұрперзент Домбайдың «Мұсылманның баласымын» өлеңінде Ислам дініне тән гуманистік басты ұстанымдар соғысқа карсылы, бейбітшілік, халықтар достығы, тіршілік құбылыстарының бәріне ғашықтық, бақиға кеткендерді ұмытпау \«Бісімілла» деп бастасам, ұйығандай бабам да,,/ лирикалық кейіпкердің жан ділі шыншылдығы болып төгілген:
Ислам - дінім, сенерім,
Пір тұтып соны келемін.
Қиналған кезде дем беріп,
Аллам! Өзің демедің.
Ислам - иман, ар - ұят,
Имансыздық оған жат...
Тиіспе дінғе - сұрарым,
Ислам - кәусар бұлағым.
Киесі атып жүрмесін,
Қасиетті Құранның [20. 10 б.].
Қазіргі қазақ поэзиясындағы аталған ақындардың иман шарттары хақындағы өлеңдерінде Алланың екі дүние - фәни мен бақи тұтастығындағы мәңгілік тіршілік қозғалыстарындағы пенделер тағдырларын карама- кайшылықтардың күресі мен бірлігі жүйесіндегі болмысын реалистікпен жырлауын аңғарамыз. Иман шарттарының орындалуы хақындағы өлеңдерде сыншылдық сарын басым байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |