Дістемелік кешені



бет30/72
Дата17.06.2023
өлшемі7.87 Mb.
#475169
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
umkd - str-22-31

Сабақтың мақсатықұрылыс нарығына, оның инфрақұрылымына сипаттама беру
1 Құрылыс нарығының ерекшеліктері.
2 Құрылыстағы кәсіпкерлік қызмет. Құрылыстағы мердігелік сауда.
3 Құрылыстағы лизинг.
4 Құрылыстағы бәсекелестік, бәсекені тудырушы факторлар.

1. Құрылыс нарығының ерекшеліктері.


Құрылыстың басқа саладан ерекшеленетін және құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың айрықша нысандарын қажет ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл – құрылыс объектілерінің қайталанбаушылығы, құрылыс өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс үдерісіне қатысушылардың алуан түрлілігі, капиталдың салыстырмалы түрде баяу айналушылығы мен тәуекелдің жоғары дәрежесі.
Өнеркәсіп және азаматтық құрылыстар мен ғимараттардың сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдануды алдын ала болжайды.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4 546,9 млрд. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 2,1%-ға жоғары.Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерін игеру көлемі 1 825,7 млрд. теңгені немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 86,8% құрады.Тұрғын үй құрылысына 290,4 млрд. теңге жіберілген және жалпы алаңы 6,4 млн. шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілген немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 93,4%. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің шұғыл деректері бойынша өткен жылы ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі құрылыс үлесі 8%-ды құраған[15].
Құрылыстағы техникалық реттеудің жай-күйін талдау 1992 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық базасы мына негізгі бағыттар бойынша қалыптасады:
бірінші – ТМД елдерінің Құрылыстағы стандарттау, техникалық нормалау және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссияның (ҚМҒТК) жұмысына қатысу шеңберінде нормативтік құжаттама әзірлеу. Бұл ретте, 253 норматив қабылданып, қолданысқа енгізілді;
екінші – республикалық бюджет қаражат есебінен отандық ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының күшімен нормативтік құжаттама әзірлеу және қайта өңдеу. 440 норматив әзірленіп, қолданысқа енгізілген.

2 Құрылыстағы кәсіпкерлік қызмет. Құрылыстағы мердігелік сауда.


Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Нарықтық экономика жағдайында өндірістік немесе басқа да іспен айналысатын кез келген кәсіпорынды негізінде кәсіпкер деп айта аламыз.
Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. «Кәсіпкер» ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады.Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке адамдар, жеке немесе жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы бола алады.Мұндай кәсіпкерлер өз еңбегінің шығынымен ғана шектеледі.
Әріптестердің бірлестігі кәсіпкерлік істің субъектілері ретінде шаруашылық қауымдастықтың әртүрлі формасында көріне алады. Мысалы: серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және т.б.
Шаруашылық қауымдастыққа- бұл нақты мақсаттарды шешу үшін құрылған жеке адамдардың немесе кәсіпорындардың келісім негізіндегі бірлесуі.Қауымдастықтың қатысушылары меншігіндегі қаржы және материалдық ресурстардың белгілі бөлігін ғана біріктіреді.
Кәсіпкерлік істің маңызды белгілеріне біздің ойымызша келесі шамаларды жатқызуға болады:
1) шаруашылық субъектілердің дербестігі, тәуелсіздігі, өзін-өзі билеушілігі. Кез келген кәсіпкер құқықтық нормалар негізінде кез келген мәселелер бойынша өзі дұрыс деп айтқан шешімді қабылдай алады.
2) кәсіпкердің экономикалық мүдделілігі, қызығушылығы. Кәсіпкердің ең басты мақсаты - жоғары деңгейде пайда түсіру, сонымен қатар кәсіпкер пайда түсіре отырып,қоғамның да сұранысын қанағаттандырады.
3) шаруашылық қауіп пен жауапкершілік. Кез келген нақты есептеулердің өзінде белгісіздік, екіұштылық, қауіп жағдайы туындайды.
Жоғарыда көрсетілген кәсіпкерлік істің маңызды нышандары бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін керекті анықталатын жағдайлар: экономикалық, әлеуметтік және құқықтық т.б.
Экономикалық жағдай – бұл бірінші кезекте тауарға ұсыныс және оларға сұраныс; сатып алушылардың сатып алатын тауар түрлері; сатып алуға жұмсалатын ақша құралдарының көлемі; еңбек ақы деңгейіне әсер ететін жұмыс орындары, жұмысшы күшінің артықшылығы немесе жетіспеушілігі және олардың тауарды сатып алу мүмкіндігі.
Жалпы экономикалық жағдайға ақша ресурстарының болуы, оларды алудың ыңғайлы жолы, инвестицияланған капиталдың кіріс деңгейі, қарызға алынған құралдардың шамасы елеулі әсерлерін тигізеді.
Мұның барлығымен нарық инфрақұрылымын құрайтын әртүрлі ұйымдар айналысады. Олардың көмегімен кәсіпкерлер іскерлік қарым-қатынастармен коммерциялық операцияларды жүргізеді. Оларға банктер (қаржылық қызмет көрсету), жабдықтаушылар (шикізатпен, материалмен жабдықтау бұйымдарымен, энергиямен, машина және қондырғылармен, құралдармен және т.б. қамтамасыз ету), көтерме және жеке сауда жасаушылар (тауарды тұтынушыға жеткізу қызметін көрсету), мамандандырылған фирмалар мен мекемелер (құқықтық, бухгалтерлік, делдалдық қызмет көрсету), жұмысқа орналастыру агенттіктері (жұмысшы күшін таңдау қызметін көрсету), оқу орындары жұмысшы мен маман-қызметкерлерді дайындау), т.б. агенттіктер (жарнамалық, көлік, сақтандыру), байланыс құралдары мен ақпаратты жеткізу жатады.
Кәсіпкерлік істі қалыптастыруда экономикалық жағдайларға әлеуметтік жағдайлардың жақын болуы қисынды болып табылады. Ең алдымен сатып алушылар әр уақытта өздеріне сай, көңілге қонымды тауарларды сатып алуға тырысатынын естен шығармау керек. Уақыт аралығы өткен сайын сұраныстың өзгеруі мүмкін. Оған әлеуметтік-мәдениеттік ортаға қатысты әртүрлі факторлар әсер етеді. Мұндай жағдай тұтынушылардың өмір салтына да ықпал жасай алады. Өз кезегінде өмір салты тұтынуға, тауарға деген сұранысқа қатысы бар екендігін білдіреді. Әлеуметтік жағдай жеке адамның жұмысқа деген ықыласына да әсерін тигізбей қоймайды. Ол өз кезегінде еңбекақы шамасына, еңбек жағдайына әсерін тигізеді.
Кәсіпкер өз кәсіпкерлік ісіне қанағттана білуі керек. Ол өз қызметкерлерінің еңбек ісіндегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыспен қамтамасыз ету және т.б.
Кәсіпкерлік істі қалыптастыруда кәсіпкерлердің, жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылату, оларды қайта дайындау, оқыту маңызды роль атқарады: атап айтқанда, кәсіпкерлік істі жүргізудің жаңа тәсілдерін оқытуды ұйымдастыру; жетілген мемлекеттерде жұмыскерлерді оқыту, стажировка жүргізу; кәсіпкерлік істі жүргізуді оқытатын оқытушыларды дайындау немесе жалдау; кеңес беру орталықтарының жүйесін жасау.
Кез келген кәсіпкерлік іс өз қызметін белгілі бір құқықтық нормалар бар ортада жүзеге асырады. Сондықтан белгілі бір құқықтық жағдайлардың болуы маңызды. Оған бірінші кезекте – кәсіпкерлік істі реттейтін, оның дамуына дұрыс жағдай жасайтын, заңдардың болуы. Атап айтқанда, кәсіпорындарды ашу және тіркеу рәсімінің (процедурасының) қарапайым түрде болуы; кәсіпкерді мемлекеттік бюрократизмнен қорғау; салық заңдылықтарының өндірістік кәсіпкерлік істі дамыту бағытында жетілдіру және Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің шетел мемлекеттерімен бірлесіп жұмыс істеуін дамыту. Бұның ішіндекіші кәсіпкерлікті қолдайтын орталықтарды ашу, статистикалық есеп беру формалары және санау тәсілдерін жетілдіру жатады. Кәсіпкерлік істің құқықтық кепілдігі болуының маңызы зор (мысалы: меншіктік құқық, міндеттемелер бойынша жауап беру және т.б.).
АҚШ-тың кәсіпкерлік іс ортасында бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан заңдар жүйесін мысал етіп көрсетуге болады.
Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің керектігін негіздей отырып, Ф.Котлер осы заңдардың пайда болуын үш негізгі себептің әсер етуімен түсіндіреді:
1. Фирмаларды бір-бірінен қорғаудың керектігі. «Кәсіпкерлердің барлығы бәсекелестікті бір кісідей жақтайды, бірақ өз мүддесі туралы сөз болғанда оларды барлығы да бәсекелестікті бейтарап қалдыруға тырысады» (Ф.Котлер, 168-бет). Сондықтан бәсекелестік арасындағы заңсыздыққа жол бермеу заңдары қабылданады.
2. Тұтынушыларды арам ниетті іскерлік практикадан қорғаудың қажеттілігі. Сондықтан бақылаусыз қалған фирмалардың нашар тауарларды шығаруына, жарнамаларда жалған ақпарат беруіне, әдемі қораптаумен және баға деңгейімен шатастыруына қарсы заң шығарылды.
. Қоғам мүддесін кәсіпкердің жеке мүддесінен жоғары ұстау. Ф.Котлер бұл жағдайда «кәсіпкерлік іс кейбір жағдайларда өмір деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз ете алмайды», - деп өте жұмсақтап атап кетті.
Нарықтық қатынастарға өту барысында Қазақстанда «кәсіпкерлердің жүгенсіздігі» жиі көрінеді. Қазақстан Республикасында заңдар жүйесі енді қалыптасып келеді.
Нарықтық экономика, оның жағымды қасиеттеріне қарамастан, қоғамның және әрбір азаматтың мүддесіне сай экономикалық және әлеуметтік процестерді реттей алмайды. Ол кірістің әлеуметтік тұрғыда дұрыс бөлінуін қамтамасыз етпейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, халықтың әлеуметтік деңгейі төмен бөлігін қолдай алмаумен бірге нарықтық экономика көптеген басқа да өзекті проблемаларды шеше алмайды.
Осындай жағдайлардан туындаған кәсіпкерлік мәселелерді реттей отырып, мемлекеттің бір бағытта айналысуы қажет. Басқа дамыған Батыс елдерімен салыстырғанда, Қазақстан бұл процесті тез арада жүзеге асыруы тиіс.
Кәсіпкерлік қызмет:
- өндірістік;
- коммерциялық;
- қаржылық;
- кеңестер беру болып бөлінеді.
Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен жетістіктері бар
Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:
- өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;
- ақпараттарды өңдеу және жинау;
- рухани құндылықтарды игеру;
- тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.
Бұлардың негізгі қолдану өрістері:
-өндірістік кәсіпорын және мекемелер;
- коммерциялық сауда мекемелері;
- тауар-қор биржалары;
- банктер мен халықтар.
Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму теңденциясы, тауарларды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.
Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі.
Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын.
Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.
Мұндағы ең басты мәселер:
- "нені сатып алу керек";
- "нені сату керек";
- "қайда сату керек" деген сұрақтарға жауап іздеу."
Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды.
Міне, осылардың қорытындысында:
- сатып алу
- сату мәмілесін жүргізу;
- тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есепайырысулар;
- шығын мен ақырғы нәтижелер;
- жұмысшылардың саны;
- көлік жұмысының ауқымы;
- жарнама;
- коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы анықталады.
Бизнес-жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады:
- тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу;
- ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және оларға төлем жасау;
- тауарларды сақтайтын қоймалар мен тұрғын үйлер жалдау, өнімдерді өткізетін сауда орындары;
- тауарларды өткізу нысандары;
- несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері;
мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті төлемдерді өтеу.
Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға етуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар:
- коммерциялық банктер;
- қор биржалары;
- кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;
- кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.
Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің іс-әрекеттерін құнды қағаз нарығы мен марке-тингтік қызметті ұйымдастырудан бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды қағаздардың көздерін табады. Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір нысаны — меншіктік акцияға, облигацияға, несие билеттеріне және коммерциялық құнды қағаздарға (ақша міндеттері, век-сель) қатысты құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асырады.
Құнды қағаздар айналымының аса тараған нысаны:
- құнды қағазды кәсіпкердің өзінің сатып алуы (Да);
- оны басқа сатып алушыға жоғары сомада сатуы (Дв);
- Дв мен Да арасындағы айырма оған табыс әкеледі.
Егер кәсіпкердің құнды қағаздарды сатып алатын ақшасы жоқ болса, онда ол несие алады немесе несие жөнінде банктермен келісім жасасады (Дк).Қаржылық кәсіпкерлік жүйесі нақты мәліметтермен толықтырылуды және жоғары дәрежеде ұйымдастыру ісі техникаларымен қамтамасыз етуді қажет етеді. Қаржы-несие жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкер тұтынушыға ақшаны, валюта мен құнды қағаздарды қарызға береді, ал белгілі бір уақьптан кейін берілген соманы қарыз процентімен қоса, яғни жоғары көлемде қайтарып алады. Мұндай мәміле кезінде кәсіпкер сатып алушылардың қаржылық мүмкіндіктері жөнінде хабардар болуы немесе алдын-ала кепілдік мәселесін шешіп алуы қажет.
Кеңес беру қызметіне;
- жалпы басқару;
- әкімшіліктік басқару;
- қаржылық қолдау;
- маркетинг;
- ақпаратты технология; - арнайы қызметтер жатады.
Сонымен қатар халыққа ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп, қызметтер көрсетіледі.
3 Құрылыстағы лизинг.
«Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беруді айтады.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады:
Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдырунсыз немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады.
Екіншіден, бұл өнідірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті формасы.
Лизингті мәміледе 3 қатысушы болады. Олардың өзара қатынастары мәмілемен реттеледі: бірінші қатысушы – мүлік иесі (лизинг беруші), екінші – мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы), үшінші – мүлікті сатушы. Олардың өзара қатынасы келесідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша-қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қатысуын сұрайды, ол лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг алушыға төлемді шартымен жалға береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға (оған қаржылық қызмет көрсете отырып) береді. Шын мәнінде олар осы мүліктің несиесін береді, сөйтіп несиелік қатынастар пайда болады. Мұнда несиелеудің барлық приципі бар: мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік (ақылық). Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне кайтарып береді, қызметті төлейді, яғни жалақысын төлейді. Формасы бойынша бұл ақшалы несие емес, бұл өндірістік, негізгі қорларға тауарлық несие.

Лизинг түрлері әр түрлі:


1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдік төзу қарқыны өте жөғары машиналар мен құрал-жабдықтар табылады.
2. Қаржылық лизинг аңағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялык тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, кушін тоқтата алмайды. Онда мүліқті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіңдігі көрсетілген.
3. Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал-жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.
Лизингтік бизнестің дамуы үшін, лизингке беретін арнайы лизингтік компаниялар құрылады. Олардың негізгі қаражат көзіне құрал-жабдықтарды сатып алу үшін берілетін банктік несиелер жатады.
Құрылып жатқан лизингтік компанияларға қарағанда банктердің артықшылығы – лизингті жүзеге асыру үшін, ұйымдастырылған лизинг жүргізу үшін олар арнайы бөлімдер мен топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын жүргізген тиімді: ол жоғары рентабельді, тәуекел дәрежесі төмен, нақты материалдық қамтамасыз етілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет