Дістемелік кешені



бет28/72
Дата17.06.2023
өлшемі7.87 Mb.
#475169
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
umkd - str-22-31

С = ( Zөнд. / Xдайын өнім ) + (Zөнд.емес / Xөнд.өнім )

Мұндағы Zөнд. - өндірістік шығындар
Xдайын өнім – кезең ішінде шығарылған дайын өнім данасының саны
Zөнд.емес – кезеңнің өндірістік емес шығындары
Xөнд.өнім – кезең ішінде өндірілген өнім данасының саны
Өзіндік құнды есептеудің бұндай нұсқасы тек қана өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтауға ғана емес, сонымен қатар осы кезеңде дайындалған, бірақ өндірілмеген өнімді бағалауға мүмкіндік береді.
Қайта бөлу әдісі процесстік әдістің логикалық дамуы болып табылады, себебі біріншісі де, екіншісі де бір өндіріс үрдісін ұйымдастыруда қолданылады.
Қайта бөлу өзіндік құнды анықтау тәсілі өнім өзінің технологиялық циклі кезінде бірнеше кезеңдерден (қайта бөлулерден) өтетін және әрбір кезеңде жаңа шығындар қосылатын кәсіпорындар мен салаларда қолданылады.
Қайта бөлу – бұл технологиялық операциялардың мазмұнды және кеңістік жалпыланған жиынтығы, соңғы өнімді өндірудің толық технологиялық үрдісінің құрамдас бөлігі. Әрбір қайта бөлу нәтижесінде шалафабрикат пайда болады, ол технологиялы тізбек бойынша әрі қарай өңделуге немесе шет жаққа өндірілуі мүмкін. Шығарылатын өнімнің үлкен көлемі өндіріс үрдісінде әрбір дананы жекешелендіруге мүмкіндік бермейді, сол себепті бұндай өндіріс жалпылама деп аталады.
Егер қайта бөлу ішінде бұйымды (шалафабрикатты) өндіру циклі үлкен болмаса және есептік кезеңнің соңында цехішілік аяқталмаған өндіріс болмаса, онда өзіндік құнды есептеу үшін қарапайым көпсатылы әдіс қолданылады. Ол жай екі сатылы әдісінің жалғасы болып келеді.
Әрбір қайта бөлуде есептік кезең ішінде жинақталған өндірістік шығындар осы қайта бөлу шеңберінде шығарылған өнімге апарылады, ал өндірістік емес шығындар (кезең шығындары) өндірілген өнімге қатысты. Өзіндік құнды есептеу формуласы (3):



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет