Әлеуметтік факторлар. Кәсіпорын белгілі бір мәдени ортада қызмет атқарады, оның қызметкерлерінің табыстылығына ел тұрғындарының:
мәдениеті;
тарихи ерекшеліктері;
менталитеті мен әдет-ғұрыптары әсер етеді.
Саяси факторлар қоғамның саяси жағдайын және оның тұрақтылық деңгейін анықтайды. Бұл – мемлекеттің, заң органдарының және соттардың кәсіпорынмен қарым-қатынас барысында ұстанатын көзқарасы.
Осы көзқарас:
табысқа салық салу;
салық жеңілдіктерін белгілеу;
тұтынушыларды қорғау жөніндегі заңдарды әзірлеу;
айналадағы ортаны қорғау;
бағаға бақылау жасау;
жалақыны реттеу мәселелерінде үкіметке ықпал етеді
Лекция 15 Кәсіпорынның банкроттығы және оның алдын алу
Сабақтың мақсаты – кәсіпорында банкроттықты алдын алу шараларын сипаттау
1. Кәсіпорын қызметінің тоқтауы
2. Банкроттық
3. Банкроттың алдын алу
1. Кәсіпорын қызметінің тоқтауы
Банкроттық - борышқордың сот таныған төлем қабілетсіздігі. Борышқордың мүлкін басқару сот қаулысы бойынша несие берушінің мүддесін көздей отырып жүзеге асырылады. Ерікті банкроттық несие берушілердің сотка арыздануына байланысты пайда болады. Банкроттык туралы заңда несие берушілердің жағдайын жеңілдететін баптар бар. Қолданылу мерзімі біткен облигацияларды сатып алуға қабілетсіз корпорациялардың бұрынғы басқарушылар басшылығымен немесе қамқоршылар бақылауымен қайтадан ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуіне, қарыз мөлшерін азайтуына немесе нысанын өзгертуіне рұқсат етіледі. Борышқорларға өзіне несие берушілер заң негізінде келісім жасау және карызды төлеу уақытын ұзарту мүмкіндігі беріледі. Шығынды (пайда келтірмейтін) кәсіпорындардың өнімі мемлекеттік жоспарға енгізіледі, сөйтіп ондай кәсіпорын жсоспарлы-шығынды кәсіпорын деп аталынады. Оның шығынының орны мемлекеттік дотация (жәрдемақы) есебінен толтырылады. Кәсіпорынның шығынга ұшырауын, әрдайым бірдей нашар жұмыс істеудің немесе төмен сапалы өнім шығарудың нәтижесі деуге болмайды. Әдетте, ол енгізілетін өндіріс жоспарына жоғарыдан тауарлардың мемлекеттік бағасының төмен деңгейде болуынан туындайды.
Алайда нарықты экономикаға көшуге байланысты экономикалық жағдай күрт өзгеруде:
* банкроттық - шаруашылық өмірінің обьективтік не-месе субьективтік себептерінен туындайтын белгілі бір табиғи құбылыска айналып келеді;
* мемлекеттік дотациялар елеулі түрде тарылуда, бага неғұрлым икемді бола түсіп, сұраным мен ұсынымды айқынырақ көрсетуде. Сондықтан тиімсіз жұмыс істейтін кәсіпорынның баикротқа ұшырауы мүмкін, оны тиісті өкілеттік орган куэландырады. Ондай кәсіпорындардың мүлкі қосымша каражат табу үшіи басқа кэсіпорынға (ұйымға) сатылуы, жалға берілуі немесе акционерлік мен-шіккеөткізілуі мүмкін.
Банкрот жүйесінің мақсаты мен приициптері Кез-келген кәсіпорын қызметтері көлемінің осу шегі болады, осыған орай әрбір процесс экономикалық өсуді ынталандырушы немесе тоқтатушы рөлін атқаруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |