Сабақтың мақсаты - кәсіпорынның айналым қорлары, оның құралы мен құрлымын оқыт танысу және кәсіпорынның негізгі қорларын қалыптастыру мен пайдалануды негізін ашып қарастыру.
Айналым капиталының мәні ,оның құрамы мен құрылымы
Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
Айналым құралының нормалануы(мөлшерленуi)
Ұсынылатын әдебиеттер - 1-12
Айналым құралдарының айналымдылығын талдауды келесі кесте мәліметтерін пайдаланып жүргізініз (кестеге жетіспейтін цифраларды жазып толтырыныз):
№
|
Көрсеткіштер
|
Алдынғы жыл
|
Есепті
|
Өзгерісі
(+,-)
|
1
|
Түсім, теңге
|
58000
|
63000
|
|
2
|
Талданатын мерзімдегі күндер саны
|
360
|
360
|
|
3
|
Айналым құралдарының орташа қалдығы, теңге
|
5133
|
5207
|
|
4
|
Бір айналым ұзақтығы, күндер
|
|
|
|
5
|
Айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті, айналымдар
|
|
|
|
6
|
Айналыстағы қаржыларды жүктеу коэффициенті, тиын
|
|
|
|
Айналым құралдарының айналым жылдамдығы өзгерісіне келесі факторлар әсерін табуыныз керек: 1) түсім көлемінің өзгерісі; 2) айналым құралдарының орташа қалдығының өзгерісі.
Есеп 10
І кварталда кәсіпорын 250 млн. теңгенің өнімін өткізді, айналым құралдарының орташа қалдығы 25 млн теңгені құрады. Екінші кварталда өнімді өткізу көлемін 10 ℅-ға, ал айналым құралдарының бір айналым ұзақтығы бір күнге қысқартылу көзделіп отыр.
Анықтау керек:
І кварталдағы айналым құралдарының айналымдық коэффициентін және бір айналым ұзақтығын;
ІІ кварталдағы айналым құралдарының айналымдығын және олардың абсолютті мәнін;
Айналым құралдарының бір айналым ұзақтығын қысқарту нәтижесінде айналым құралдарының бекіту коэффициентін.
Есеп 11
85 000 мың теңге айналымдағы құралдары бар кәсіпорынның айналымдағы құралдарының айналым коэффициенті 3,7 болған кезде жылдық өнім өткізу көлемі 9 % қысқарды.
Күндер бойынша алдындағы бір айналымның ұзақтығын анықтаңыздар.
Есеп 12
Химиялық зауыттың есепті жылы мөлшаерленетін айналымдағы құралдарының жылдық орта қалдығы 2,4 млн теңгені құрайды.
Жоспарлы жылы өткізілетін өнім көлемі 6 ℅ көбейтіліп, құралдардың айналымын 2℅ жылдамдату қарастырылып отыр.
Жоспарлы жылдағы химиялық зауыттың айналымындағы құралдарының мөлшнрін анықтаңыз.
Есеп 13
Химия зауыты есепті жылы 110,5 млн теңгенің өнімін өткізді. Келесі жылы зауыт жоспар бойынша өткізілетін өнім көлемін 8,6 млн теңгеге көбейтіп, айналымдағы құралдардың 1 айналымының орташа ұзақтығын 0,8 күнге қысқартуы керек.
Айналымдағы құралдардың айналымнан босатылуын анықтаңыз.
Есеп 14
Айналымдағы құралдардың бір айналымының ұзақтығы 32 күн болған кезде, өткізілетін өнім көлемі 32,4 млн. теңге деп жоспарлануда. Есепті жылы мөлшерленетін айналымдағы құралдарының жылдық орташа қалдығы 2,7 млн. теңге.
Жоспарлы жылы кәсіпорын айналымдағы құралдарының мөлшнрін қаншаға көбейту қажет екендігін анықтаңыз.
Есеп 15
Кәсіпорынның көтерме бағамен тауарлық өнімдерін өткізу өткен жылы факт бойынша 1935,5 млн. теңгені құраған, ал жоспар бойынша 2160 млн теңге мөлшерінде қарастырылған. Айналымдағы құралдардың жылдық орташа қалдығы өткен жылы 285,7 млн. теңге, ал жоспар бойынша 312 млн теңге болды.
Айналымдағы құралдардың айналымының жылдамдығын және жоспар бойынша босатылу мөлшерін анықтаңыз.
10 Құрылыстағы еңбек ресурстары.
Достарыңызбен бөлісу: |