Дістемелік кешені



бет36/37
Дата23.02.2024
өлшемі447.02 Kb.
#492988
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Оқу-әдістемелік кешен. Педагогика 23-24 уч.год

Критериалды бағалау- бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын- ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс.
Қорытынды тест – сыналушының белгілі бір пән бойынша білім, білік, іскерлік дағдыларын анықтауға арналған тест.
Құзыр, білік жалпы алғанда - қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау.
Құқықтық тәрбие – оқушыларға еңбек әрекеті саласында заңдар мен заңдық күші бар нормалар туралы мәліметтер беру. Құқықтық тәрбие адамның құқықтық мәдениетімен байланысты. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпыадамзаттық рухани мәдениет мазмұнына енеді. Сондықтан да құқықтық тәрбие адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырылады. Құқықтық тәрбиенің мақсаты - оқушыны мемлекет заңдары мен қоғамда өмір сүру ережелерін құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу.
Мектептану - мектеп ісін басқару әдістерін, мазмұнын, міндеттерін, білім беру мекемелерінің басқару жүйесін зерделейтін педагогикалық зерттеулердің бағыты.
Мектепішілік инновациялық жағдай - мектеп басқаруды қайта құруға жағымды не жағымсыз әсер ететін маңызды жаңа енгізулер жиынтығы. Оған мемлекеттік және әлемдік білім практикасындағы инновациялық процестер ықпал етеді.
Мораль адамгершілік, адамның қоғамға және өзіне басқа адамдарға қатысты мінез-құлық нормалары мен принциптерінің жиынтығы, қоғамдық сананың ежелден бергі нысаны, адамның мінез-құлқын реттеу функцияларын атқаратын әлеуметтік институт. Мораль тұлғаға қатысты адамгершілік тәрбие мазмұнының негізі болып табылады.
Моральдық нигилизмадам өмірінің мағыналылығын, барша қабылдаған адамгершілік және мәдени құндылықтардың маңыздылығын жоққа шығаруға саятын дүниетанымдық ұстаным. Қандай да болса беделді мойындамау.
Оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат.
Оқу жоспары – оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, оның оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет