Дістемелік кешені


-дәріс. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі



бет13/15
Дата31.05.2022
өлшемі202 Kb.
#458848
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Дістемелік кешені

13-дәріс. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.
Дәріс мазмұны:
1.Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі
2. Инверсия құбылысы
Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі: Инверсия құбылысы. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің тарихи қалпы мен кейінгі өзгеру себептері. Түпкілікті орын тәртібінің сипаты. Түпкілікті орын тәртібінің өзгеруі (инвариант), оған әсер ететін факторлар. Сөйлемде сөздердің актуализация мақсатына қарай орын ауыстыруы.
Тіліміздегі сөйлем мүшелерінің орналасуы: сөйлемнің бастауышы -бірінші, ал екінші - баяндауышы тұрады. Бұл тіке тәртіп. Сөйлем тек тұрлаулы мүшеден ғана тұрмайды. Осы екеуінің айналасына топталатын тұрлаусыз мүшелер бар. Ондай жағдайда бастауыш пен толықтауыштың маңына анықтауыштар орналасады. Ал баяндауыштың айналасына толықтауыштар мен пысықтауыштар орналасады. Осылардың орналасуында орынды алшақтық болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі

2 Инверсия құбылысы
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.


14-дәріс. Сөйлем мүшелеріндегі синкретизм элементтері.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Сөйлем мүшелеріндегі синкретизм элементтерінің қолданысы
Сөйлемдегі оқшау сөздер, олардың түрлері. Окшау сөздердің сөйлемдегі орны, окшау сөздерді сөйлемнен алып тастау немесе керісінше пікірлер, түрлері.
Қаратпа сөз, сөз тіркесі, сөйлем, олардың әрқайсысының жасалу жолдары.
Қыстырма сөз, сөз тіркестері.
Одағай сөздер.
Оқшау сөздерге байланысты тыныс белгілері.
Сөйлем синтаксистің ең негізгі единицасы. Сөйлемнің танымдық, коммуникативтік қызметі. Сөйлемнің коммуникативті қызметінің сөз, сөз тіркесінен айырмашылығы. Сөз тіркесі мен сөйлем, олардың бір-біріне ауысуы. Сөйлемнің анықтамасы, ол туралы әр түрлі пікірлер. Сөйлемнің зерттелу аспектілері: конструктивті аспект, коммуникативті аспект, семантикалық аспект.
Сөйлемнің эволюциясы. Сөйлемнің калыптасуында сөз таптарының орны. Есімді сөйлемдер, олардың тіл-тілдегі орны. Етістікті сейлемдер.Ерте дәуірге байланысты есімді, келе-келе етістікті сөйлемдердің қалыптасуы. Аналитикалық, синтетикалық тәсілді сөйлемдер, олардың қалыптасуы. Сөйлемдегі предикативтік, тіл-тілдердегі анықтамасы, ол туралы көзқарастар. Предикативтілік: субъекті мен предикат, тема, рема, бастауыш пен баянцауыштардың қатынасы. Сөйлемнің тілдің басқа салаларымен байланысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет