Дистрофия: себептері, жіктелуі, патогенезі



бет2/4
Дата09.09.2022
өлшемі2.47 Mb.
#460464
1   2   3   4
450695.pptx

Паренхималық дистрофия

  • Паренхималық дистрофия деп зат алмасу үрдісінің тек жасуша ішінде бұзылуын айтады. Бұлар:
  • 1) белоктық (диспротеиноз-дар);
  • 2) майлы;
  • 3) көмірсулы паренхималық дистрофиялар деп бөлінеді.

Белоктық паренхималық дистрофиялар

  • Жасуша ішіндегі белоктар әдетте майлармен қоспа түрінде (липопротеинді кешен) кездеседі. Тек ферменттер ғана таза химиялық зат түрінде болады.
  • Жасушада белок алмасуының бұзылуымен қатар су-электролит алмасуы да өзгеріп, цитоплазмада су мөлшері өте көбейеді.
  • Белоктық паренхималық дистрофияларға: гиалин-тамшылы дистрофия, гидропиялық (сулы) дистрофиялар және түлеу жатады.

Гиапин-тамшылы дистрофия

  • Гиапин-тамшылы дистрофия жасуша цитоплазмасында гиалин белогіне ұқсас ірі-ірі белок тамшыларының (коагуляттардың) пайда болуымен сипатталады. Электрондық микроскоппен қарағанда бұл тамшылардың өте ірі, ыдырап жатқан лизосомалар екені анық-талған. Бүл өзгерістер негізінен бүйрек өзекшелерінің эпителиінде, бүйрек шумақтары сүзгісінің өткізгіштігі күшейгенде немесе бе-локтардың бүйрек өзекшелерінде қайта сорылу (резорбция) бұзыл-ғанда көрінеді. Сонымен гиалин-тамшылы дистрофия гломеруло-нефритке байланысты дамыған нефроздық синдромда, бүйрек амилоидозында, диабетте айқын көрінеді. Бүйректің сыртқы көрінісі осы дистрофияныц қай науқасқа орай шыққанына байланысты. Әдетте бұл қайтымсыз, жасушаның коагуляциялық некрозына соқтыратын, үрдіс болып бүйрек қызметінің өте төмендеуімен, егер осы дистрофия ұзаққа созылса, бүтіндей бұзылуымен сипатталады.
  • Гиалинге ұқсас заттар гепатоциттерде алкогольдік гепатит кезінде эозинофильдік қоспалар түрінде көрінеді. Қазіргі кезде алкогольдік гиалиннің (Маллори денешіктері) негізінен аралық филаменттерден тұратындығы анықталған, ол алкоголизмнің морфологиялық таңбасы (маркері) болып саналады.

Гидропиялық дистрофия

  • Гидропиялық (сулы вакуольді) дистрофия жасуша цитоплазмасында сұйықтықпен толған вакуольдердің пайда болуымен сипатталады. Кейде цитоплазманың ультрақұрылымдары толығымен деструкцияланып жасуша сүйықтықпен толған баллонға ұқсап қалады, оның ішінде тек жүзіп жүрген ядросы ғана көрінеді (8-сурет). Бүл өзерістерді баллондық дистрофия немесе жасушаның фокальды колликвациялық некрозы деп атайды. Электрондық микроскопта митохондридің ісінгені, цитоплазмалық тор өзектерінің кеңігендігі және жасушада сұйықтық жинальш қалғандығы көрінеді. Ағзаның сыртқы көрінісі гидропиялық дистрофияда көп өзгермейді. Бірақ та, ағза қызметі едәуір бұзылады. Даму себептері гидропия-лық дистрофия гипоксия нәтижесінде, әр түрлі инфекция, улану, ыстық немесе суық температура әсерінде болады. Жасушада вакуольдердің пайда болуы бірнеше себептерге тәуелді:
  • 1) онкотикалық және осмостық қысымның жоғарылауына байланысты судың қоршаған ортадан жасуша ішіне өтуі;
  • 2) жасуша ішіндегі судың тасылу (транспорт) механизмінің бұзылуы"нәтижесінде жиналып қалуы. Демек, гидропиялық дистрофияда тек қана белок алмасуы емес, су-электролит алмасуының да бұзылуы деп қарау керек;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет