) қалыпты жагдайда жасуша ішінде калий концентрациясы жасушааралық кеңістікке қарағанда едәуір көп. Плазмолемма өткігіштігі артып кеткеңде, жасуша ішіне натрий иондары көптеп өтіп кетіп, калийді жасу
3) қалыпты жагдайда жасуша ішінде калий концентрациясы жасушааралық кеңістікке қарағанда едәуір көп. Плазмолемма өткігіштігі артып кеткеңде, жасуша ішіне натрий иондары көптеп өтіп кетіп, калийді жасушадан ығыстырып шығады.
Гидропиялық дистрофияда қалыптасқан жасушадағы ауыр өзгерістер нәтижесінде жасуша өз тіршілігін жояды.
Патологиялық тулеу.Патологиялық түлеу - түлеу үрдісінің күшеюімен {гиперкератоз) немесе оның қалыпты жағдайда кездеспейтін жерлерде ұшырауымен сипатталады (9-сурет). Пато-логиялық түлеудің тума түрі ихтиоз деп аталады. Ихтиоз теріде балықтың қабыршағыңдай қатты қатпарлардың пайда болуымен ерекшеленеді. Бұл сырқатқа байланысты балалар өлі туылады немесе туғаннан кейін тез арада өледі. Түлеу үрдісі жалпақ эпите-лийден өсетін эпидермалық рак үшін де тән құбылыс болып, рак жасушаларының арасында кератинизация нәтижесінде рак інжулері деген қабат-қабат болып жайғасқан құрылымдар түзіледі.
Түлеудің екінші түрі қалыпты жағдайда түлемейтін шырышты қабықтарда ұшырап (ерінде, жыныс ағзаларында) лейкоплакия деген аталған. Лейкоплакия ошақтарынан кейін қатерлі ісік (рак) өсіп шығу қаупі бар.
Майлы паренхималық дистрофия- деп жасуша цитоплазмасында майдың көбейіп кетуін, кейде майдың қалыпты жағдайда кездеспейтін жерлерде пайда болуын немесе химиялық құрамы басқаша майлардың жинақталып қалуын түсінеміз. Жасушада негізінен үш глицеридтер, холестерин эфирлері және фосфолипидтер жиналады.Майлы дистрофия көбінесе жүректе, бауырды, бүйректе кездеседі. Май жиналу үрдісі жасушаның жойылуына соқтырады.Бауырдың майлы церрозының дамуының негізінде осы механизмдер жатады.
Жасушаларда майды анықтау үшін арнайы гистохимиялық әдістер қолданылады. Май судан III және шарлах бояуымен сарғыш- қызыл түске, осмий қышқылы мен судан IV бояуымен қара түске боялады.