«Дивани лұғат-түрік», «Құтадғу білік», «Махабат-наме»



бет3/3
Дата26.10.2022
өлшемі315.91 Kb.
#463400
1   2   3
6 практика Мәд жабықбаева Қ уиа 21-11

«Мұхаббатнаме» – жазба ескерткіш. Еңбек 1353 жылы Сыр бойында жазылған, авторы Хорезми. Туынды 473 бәйіттен (946 тармақ) тұрады: 156 бәйіті (312 тармақ) парсыша, 317 бәйіті (634 тармағы) қыпшақ-оғыз тілдерінде. Біздің заманымызға «Мұхаббатнаменің» екі нұсқасы жеткен: бірі – араб (1508 – 09), екіншісі – ұйғыр (1432) жазуымен жазылған. Екеуінің де түпнұсқасы Лондондағы Британ музейінде сақтаулы. Сонымен қатар 1971 жылы Стамбұл кітапханасынан арабша екі көшірмесі табылды. Бұл көшірмелер жырдың толық нұсқасы емес, жеке үзінділері ғана. Дағстанды В.В. Бартольд (1924), А.Н Самойлович (1928), Ә.Нәжіп, т.б. ғалымдар зерттеп, А.М. Щербак орыс тіліне аударды. «Мұхаббатнаме» 1954 жылы орыс тілінде (Т.Жололов), 1985 жылы қазақ тілінде (А.Қыраубайқызы) басылды. Дастанда Хожа бек атына дәріптеу, мадақ сөздері айтылғанымен, тұтастай махаббат тақырыбын жырлауға арналған хаттар жинағы деуге болады. Еңбекте бүгінге дейін құнын жоя қоймаған философиялық, эстетикалық ойлар көп кездеседі. Жырда сопылық поэзияға тән – жар, отқа ұмтылған көбелек, теңіз бен тамшы, бұлбұл т.б. астарлы мәні бар ұғымдар кездеседі. «Пақырлықта азға қанағат ете білсең, Сонда өзіңе шаһ һәм әмірсің» немесе «Өтті өмір құмарлықпен өзіңе, қанша жүзбек адам дария ішінде» секілді сопылық таным аясындағы ой-түйіндердің молдығы шығарманың орта ғасырдағы түркі жазба жәдігерліктері арасында шоқтығы биік еңбек екендігін танытады.

  • «Мұхаббатнаме» – жазба ескерткіш. Еңбек 1353 жылы Сыр бойында жазылған, авторы Хорезми. Туынды 473 бәйіттен (946 тармақ) тұрады: 156 бәйіті (312 тармақ) парсыша, 317 бәйіті (634 тармағы) қыпшақ-оғыз тілдерінде. Біздің заманымызға «Мұхаббатнаменің» екі нұсқасы жеткен: бірі – араб (1508 – 09), екіншісі – ұйғыр (1432) жазуымен жазылған. Екеуінің де түпнұсқасы Лондондағы Британ музейінде сақтаулы. Сонымен қатар 1971 жылы Стамбұл кітапханасынан арабша екі көшірмесі табылды. Бұл көшірмелер жырдың толық нұсқасы емес, жеке үзінділері ғана. Дағстанды В.В. Бартольд (1924), А.Н Самойлович (1928), Ә.Нәжіп, т.б. ғалымдар зерттеп, А.М. Щербак орыс тіліне аударды. «Мұхаббатнаме» 1954 жылы орыс тілінде (Т.Жололов), 1985 жылы қазақ тілінде (А.Қыраубайқызы) басылды. Дастанда Хожа бек атына дәріптеу, мадақ сөздері айтылғанымен, тұтастай махаббат тақырыбын жырлауға арналған хаттар жинағы деуге болады. Еңбекте бүгінге дейін құнын жоя қоймаған философиялық, эстетикалық ойлар көп кездеседі. Жырда сопылық поэзияға тән – жар, отқа ұмтылған көбелек, теңіз бен тамшы, бұлбұл т.б. астарлы мәні бар ұғымдар кездеседі. «Пақырлықта азға қанағат ете білсең, Сонда өзіңе шаһ һәм әмірсің» немесе «Өтті өмір құмарлықпен өзіңе, қанша жүзбек адам дария ішінде» секілді сопылық таным аясындағы ой-түйіндердің молдығы шығарманың орта ғасырдағы түркі жазба жәдігерліктері арасында шоқтығы биік еңбек екендігін танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет