Джаншанло Р. Е



бет42/73
Дата27.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#484563
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73
annotation101972 2

үдерістік қызметтен алынатын таза ақшалай ағым оң болуы қажет.Үдерістік қызметтен алынатын оң ақшалай ағым – бұл ұйымның табысты қызметінің және алдағы уақытта өз қаражаты есебінен даму мүмкіндігінің дәлелі;

  • инвестициялық қызметтен түсетін таза ақшалай ағым теріс болуы тиіс (яғни, төлемдер түсімдерден жоғары болуы тиіс, өйткені инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді алумен және өткізумен байланысты), бұл ұзақ мерзімді активтерге айтарлықтай инвестиция іске асырылатындығын және де ұйымның өндірістік қуатының артқандығын дәлелдейді;

  • қаржылық қызметтен түсетін таза ақшалай ағым оң болуы тиіс (өйткені бұл қызмет жеке инвестицияланған капиталды және қарыз қаражаттарын өзгертумен байланысты). Бұл ұйымды кеңейту қызметін сыртқы көздер есебінен оның өзі қаржыландыратынын көрсетеді.

    Ақшалай қаражаттардың қозғалысын талдау мыналар бойынша біршама негізделген қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
    - ұйымға келіп түскен ақшалай қаражаттар қандай көлемде және қандай көздерден алынды және де оларды қолданудың негізгі бағыттары қандай;
    - ұйым қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға қабілетті ме;
    - инвестициялық қызметті орындау үшін ұйымның жеке қаражаттары жеткілікті ме;
    - алынған пайда көлемі мен қолда бар ақшалай қаражаттардың және т.б. айырмашылығынемен түсіндіріледі.
    Ақшалай ағымдарды талдау жалпы ұйым бойынша, сондай-ақ оның негізгі қызмет салалары, құрылымдық бөлімшелері («жауапкершілік орталығы») бойынша келесі саты бойынша жүргізіледі.
    Талдаудың бірінші сатысында ұйымныңақшалай айналымының жалпы көлемінің динамикасы зерттеледі. Талдау үдерісінің осы сатысында ақша айналымының жалпы көлемінің өсу қарқыны ұйымның активтерінің, өндіріс көлемінің және тауарлар мен қызметтерді өткізудің өсу қарқынымен салыстырылады. Ұйымның шаруашылық қызметі үдерісінде ақшалай ағымдардың жасалу деңгейін бағалау үшін қолданылатын активтер бірлігіне сай келетін ақшалай айнылым көлемінің салыстырмалы көрсеткіші қолданылады. Бұл көрсеткіш динамикасының өсуі ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыру үдерісінде ақшалай ағымдардың жасалуының қарқындауын көрсетеді және керісінше.
    Талдаудың бұл сатысында ұйымның үдерістік қызметіндегі ақшалай айналымның жалпы көлемінің динамикасын қарастыруға ерекше назар аударылуы қажет. Осы мақсатта ұйымдағы өткізілетін өнім бірлігіне қатыстыақшалай айналымның меншікті көлемінің көрсеткіші қолданылуы мүмкін.
    Бұл көрсеткіш динамикасын түсіндірген кезде, өнімді өткізу көлемінің операциялық қызметтегі жиынтық оң ақша ағымы сомасының басым бөлігін құрайтынын есепке алу қажет. Демек, ақша айналымының меншікті көлемінің бірлік өнімді өткізу көлеміне ұлғаюы басқа да өзге тең шарттар болғанда, яғни өндіріс пен өнімді өткізу шығындарымен сипатталатын теріс үрдіс ретінде жиынтық теріс ақша ағымының ұлғаюымен түсіндіріледі. Ақырында, талдаудың осы кезеңінде күнделікті операциялық қызметтегі ақша айналымының ұзақтығы динамикасының қарқынын ұйымның ақша айналымы(қаржылық цикл) циклінің динамикасы қарқынымен салыстыру керек.
    Талдаудың екінші кезеңінде ұйымның оң ақша ағымынының (ақша қаражаттарының түсуі) қалыптасу құрылымы мен оның көлемінің динамикасы қарастырылады. Талдаудың бұл кезеңінде, ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінің түрлері бойынша ақша каражаттарының түсу көздерін зерттеуге аса назар аударылады. Операциялық қызмет оң ақша ағымының негізгі генераторы болғандықтан, осы ағымды қалысптастырудағы операциялық қызметтің қатысу коэффициенті бағаның маңызды көрсеткіші болып табылады.
    Ұйымның операциялық қызметіндегі оң ағымның қалыптасу құрылымы мен оның көлемі динамикасын зерттеу барысында,өнімді өткізу мен басқа да операциялық қызметтерден ақша қаражаттарының түсу көздерінің арақатынасына көбірек назар аударылуы қажет.
    Инвестициялық қызметтегі оң ақша ағымының қалыптасу құрылымы мен оның көлемінің динамикасын зерттеу барысында, инвестициялаудың ұзақ мерзімді қаржылық құралдарынын түскен табыс деңгейін капитал нарығындағы орта кіріс нормасымен салыстыруға аса назар аударылуы қажет
    Қаржылық қызметтегі оң ақша ағымының қалыптасу құрылымы мен оның көлемінің динамикасын зерттегенде, сыртқы көздерден тартылған қарыз бен меншікті капиталға аса назар аудару керек. Тартылған қарыз ақша қаражаттарының құрамы талдау кезінде қысқа және ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар бөлінісінде дифференциялануы керек.
    Талдаудың үшінші кезеңінде ақша қаражаттары шығындарының жекелеген бағыттары бойынша ұйымның теріс ақша ағымының (ақша қаражаттарының жұмсалуы) қалыптасу кұрылымы мен оның көлемі динамикасы карастырылады. Талдаудың бұл кезеңінде, ең алдымен, ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметі түрлері бойынша осы шығындардың қаншалықты мөлшерімен бөлінгендігі, олар тұрақты немесе төтенше сипатта бола ма, қаншалықты дәрежеде объективті шартталғаны анықталады. Инвестицилық жұмсалымдардың ұйымның дамуын қамтамасыз етуде үлкен рөл атқаратындықтан,теріс ақша ағымын қалыптастыруда инвестициялық қызметтің қатысу коэффициентібағалаудың маңызды көрсеткіші болып табылады.
    Ұйымның операциялық қызметтен түскен ақша ағынының теріс қалыптасу көлемі мен құрылымының динамикасын зерттеу процесінде бір жағынан, тауарлар мен қызметтерді өндіру мен сатуға жұмсалған ақша қаражаттары, басқа жығынан, операциялық қызметтің басқа да түрлерінің арақатынасына негізгі назар аударылуы тиіс. Шығындардың бірінші түрі содан кейін шығындардың статьялары бойынша талдауына тартылуға тиіс.
    Ұйымның инвестициялық қызметтен түскен ақша ағынының теріс қалыптасу көлемі мен құрылымының динамикасын қарастыру кезінде нарықтық құнының өсуін қамтамасыз ететін, осы ақша қаражатының жұмсалу есебінен жекелеген активтердің түрлері қаншалықты мөлшерлес дамығанын анықтау қажет; қандай пропорцияда инвестициялық шығындар нақты және қаржылық инвестициялармен байланысты болғанын; қандай көлемде жекелеген инвестициялық жобалар қаржыландырылған. Ұйымның инвестициялық қызметтен түскен ақша ағынының теріс қалыптасу көлемі мен құрылымының динамикасын талдау кезінде, бұрын тартылған кредиттер мен заемдардың негізгі борыштық сомаларын уақтылы өтеуіне негізгі назар аудару керек, және де дивидендтер (проценттер) бойынша төлемдердің көлемі мен есеп айырысудың уақтылығына.
    Талдаудың төртінші кезеңінде тұтастай ұйым бойынша оң және теріс ақша ағындарының теңгерімділігі қарастырылады. Бұл талдау процесінде ұйымның ақша ағынының баланстық модельдер теңдеуі пайдаланылады, ол келесідей анықталады:
    Қарастырылатын кезеңнің басына ақшалай активтер сомасы + Қарастырылатын кезеңде оң ақша ағынының жалпы сомасы = Қарастырылатын кезеңнің теріс ақшалай ағынының жалпы сомасы + Қарастырылатын кезеңнің соңындағы ақшалай активтердің сомасы.
    Талдаудың бесінші кезеңінде бүкіл қаржы менеджментінің нәтижелілігін бағалаудың маңызды көрсеткіш ретінде таза ақша ағынының сомасын қалыптастыру динамикасы қарастырылады, ол ұйымның нарықтық құнының өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.
    Талдаудың бұл процессінде "таза ақша ағынының сапасына" ерекше орын бөлінеді, оны қалыптастыру көздерінің құрылымының қорытылған сипаттамасы. Таза ақша ағынының жоғары таза пайданың үлес салмағының өсуімен сипатталады, ал төмен сапасы - сатудан тыс операцияларды жүзеге асыру, ұзақ мерзімді активтерді сатумен байланысты таза пайда үлесін арттыру есебінен жүзеге асырылады.
    Талдаудың алтыншы кезеңінде қаралып отырған уақыт кезеңінің жекелеген аралықтары бойынша ұйымның ақша ағындарының қалыптастыру біркелкілігі зерттеледі.
    Ұйымның ақша ағындарын біркелкілік талдау объектілері ретінде бірінші кезекте мыналар болуы тиіс:
    - ақша айналымының жалпы көлемі;
    - оң ақша ағынының жалпы сомасы;
    - теріс ақша ағынының жалпы сомасы;
    өнімдерді сатумен байланысты оң ақша ағынының сомасы;
    - нақты инвестициялаумен байланысты теріс ақша ағынының сомасы;
    - таза ақша ағынының жалпы сомасы;
    - өнімді сатудан алынған таза пайда сомасы.
    Ұйымның жеке уақыт аралықтары бойынша ақша ағындарын қалыптастыру дәрежесінің біркелкілігін есептеу үшін орташа квадратты (стандартты) ауытқу және вариация коэффициентінің көрсеткіштері пайдаланылады.
    Талдаудың жетінші кезеңінде қаралатын уақыт кезеңінде жеке интервалдардың бөлінісінде оң және теріс ақша ағындарының үндестігін қалыптастыру зерттеледі.
    Мұндай зерттеулер әр түрлі ақша ағындарының әркелкі қалыптасуына байланысты ұйымда уақытша бос ақша активтерінің көлемі немесе уақытша олардың тапшылығы белгіленеді.
    Талдау нәтижелері ұйымның ақша ағындарын оңтайландыру резервтерін анықтау үшін және оларды алдағы кезеңге жоспарлау мен бақылауда пайдаланылады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет