3.2. Іскерлік белсенділікті бағалау көрсеткіштері
Ұйымның іскерлік белсенділігі сандық және сапалық көрсеткіштер жүйесінің көмегімен өлшенеді. Іскерлік белсенділіктің коэффициенттері қаншалықты ұйым өзінің құралдарын тиімді пайдаланып отырғандығын талдауға көмектеседі. Іскерлік белсенділіктің талдауы айналым коэффициенттерінің қаржылық динамикасы мен зерттеу деңгейінде көрінеді.
Сапалық критерийлері – бұл іске асыру нарығының кеңдігі (ішкі және сыртқы), ұйымның іскерлік беделі, оның бәсекеге қабілеттілігі, дайын өнімді сатып алушылар мен жеткізушілердің тұрақты болуы. Берілген критерийлерді осы салада қызмет ететін ұқсас бәсекелестер сипаттамаларымен салыстарған жөн. Деректер негізінен қаржылық есептіліктерден емес маркетингтік зерттеулерден алынады.
Іскерлік белсенділіктің сандық критерийлері – абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Абсолютті көрсеткіштер құрамына кіреді: дайын өнімнің іске асырылған көлемі, пайдаланылатын активтер мен капиталдар, соның ішінде меншік капиталы мен пайданың көлемі.
Осы сандық параметрлерді бірқатар кезеңдер (тоқсан, жыл) динамикасында мақсатты салыстыру. Олардың арасындағы оңтайлы арақатынасы:
Тк>Тр>Тп> 100%,
Мұндағы Тж, Тіа, Тп- ұйым қызметіне авансталған жиынтық капитал, іске асыру және пайда көлемінің өзгеру қарқыны.
Сол жақтан оңға қарай қарастырылып отырған теңсіздік айқын экономикалық талдауды көрсетеді. Сонымен бірінші теңсіздік ұйымның экономикалық әлеуетінің өсіп жатқандығын, яғни қызмет көлемінің артып жатқандығын білдіреді. Ұйымның активтерін өсіру, басқаша айтқанда, олардың көлемінің артуы жиі ұйымның меншік иегерлері мен олардың басқару персоналдары арқылы анық немесе анық емес формада қалыптастырған негізгі мақсатты шарттардың бірі болып табылады. Екінші теңсіздік экономикалық әлеуеттің артуымен салыстырғанда іске асыру көлемі анағұрлым жоғарғы қарқынмен өсуін көрсетеді, яғни ұйым қорлары аса тиімді пайдаланылады, ұйымға салынған әр теңгеден қайтарым артады. Үшінші теңсіздіктен пайданың жедел қарқынмен өсіп жатқанын, оның контрагенттермен қарым-қатынасы мен технологиялық процесстерді оңтайландыруға бағытталған өндіріс шығындары және айналымның есепті кезеңде салыстырмалы төмендегенінкөреміз.
Келтірілген арақатынасты шартты түрде «ұйым экономикасының алтын ережесі» деп атауға болады. Әрине бұл тамаша байланыстан ауытқулар да болуы мүмкін, дегенмен барлық жағдайда оларды жағымсыз түрде қарастырудың қажеті жоқ. Атап айтқанда, теңсіздіктер жүйесінің бұзылуының кең тараған себептері: капитал қосымшаларының жаңа перспективалық бағыттарын игеру, жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта жаңарту және жаңғырту және т.б. болып табылады. Бұндай қызмет түрі әрдайым қаржылық қорлардың елеулі салымдарымен үйлестіріледі, олар көп жағдайда тез арада пайда әкеле қоймайды, бірақ болашақта өзін-өзі екі еселей ақтауы әбден мүмкін.
Іскерлік белсенділікті талдау ұйымның қаншалықты өздерінің құралдарын тиімді пайдаланатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандай іскерлік белсенділікті сипаттайтын көрсеткіштерге айналымдылық және рентабельділік коэффициенттері жатады.
Ұйымның қаржылық жағдайын бағалауда айналымдылық коэффициенті үлкен рөл атқарады, себебі, капитал айналымдылығының жылдамдығы, яғни оның ақшалай формаға айналу жылдамдығы ұйымның төлем қабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді. Одан басқа, капитал айналымының жылдамдығы басқа да тең шарттар негізінде ұйымның өндіріс-техникалық әлеуетін арттыруда көрініс табады. Ол үшін айналымның он көрсеткіші және ұйымның шаруашылық белсенділігіне жалпылама анықтама беретін, «іскерлік белсенділік индексі» кешенді бір көрсеткіші есептеледі.
Активтер айналымдылығының коэффициенті ұйымның жиынтық капиталының айналым жылдамдығын көрсетеді, яғни пайда түрінде сәйкесінше әсер әкеліп отырған немесе сатылған өнімнің әр актив бірлігінің қанша ақша бірлігін әкеліп отырғандығы қарастырылып отырған кезең ішінде қанша рет өндіріс пен айналымның толық циклі жүргізілетінін көрсетеді:
Каа = Өнімді сатудан түскен түсім / Активтердің орташа жылдық құны.
Достарыңызбен бөлісу: |