Джаншанло Р. Е



бет59/73
Дата27.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#484563
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73
annotation101972 2

Нақты –бағытталған талдау тұжырымдамасы, «Модернсофт» (АҚШ фирмасымен құрастырылған), компьютерлік технология және арнайы қолданбалы бағдарлама жиынын қолдануға негізделген. Бұл тұжырымдама негізі болып біріншілік қаржылық блоктың өзара әрекеті жиынтығы түрінде мекеме қаржы ағынынының түзілу үлгісін көрсету, қаржы ағынын түзетін «санат» элементтері үлгісі.
Тұтынушы ұйымның шаруашылық қызмет ерекшелігін ескере отырып санат және мұндай блок жүйесін өзі анықтайды, яғни өзі қалаған талдап тексеру дәрежесіне қарай үлгіде қаржы ағымын түзетін басты элементтерді көрсету. Үлгі құрастырылғаннан кейін тұтынушы мекеме бойынша есептік ақпаратты негізге ала отырып барлық блоктарды сандық сипатпен толықтырады. Блоктар жүйесін және санаттарды, қаржы ағыны түзілу процессі жайлы пайда болған нақты, толық ақпаратты да мекеме қызметінің бағыты өзгеруіне сай тереңдетіп немесе кеңейтіп отыруға болады.
Бағыттау-нақты талдау әдістемесінде негізгі түсінік нысан болып саналады, нысанды үлгі және нысан санаты. Себебі бағытталған – нақты талдауда және бағдарламалық жасақтаманы жобалауда бөлшектеп байланыстыруды жүйелендіру үшін бұл түсініктер маңызды, оларға нақты түсініктеме келтірейік.
Г. Буч анықтамасы бойынша, нысан – пайдаланып әрекет етуге болатын зат. Нысанға сәйкестілік және іс әрекет, қандайда бір күй тән. Бағытталған-нақты талдау әдістемесінде нысан жүйелілік көзқарасы бойынша таңбалы нысан болып саналады. Нысан күйі аталмыш нысанның барлық қасиеті көрсетілген тізіммен (қарапайым статистикалық) сипатталады және осы әрбір қасиеттің ағымдағы (әдетте динамикалық) мән мағынасымен сипаталынады. Нысан қасиетіне нысанды өздігінен жеке көрсететін оған тән немесе пайда болған мінездемелер жатады.
Қылық – бұл нысанның қалай жауап қайтаруы және әрекет етуі; қылық ақпаратты беру және нысан күйі терминімен анықталынады.
Нысан үлгісі – бағытталған-нақты талдау негізіне жататын, дерексіздендіру, қапшықтану, модульдік, иерархиялық, типтік, қатарлық және тұрақтылық қағидасына негізделген негіз қалаушы қағидалар жиынтығы.
Абстракция – басқа нысаннан анық ажырататын және бақылауға қажетті тұжырымдамалық шекарасын анық көрсететін нысанның нақты мінездемесі.
Дерексіздендіру – абстракцияны айқындау процессі.
Қапшықтану – абстракция элементтерін қорғау және қосу процессі, ол оның құрылымы мен қылығын құрайды. Нысанның сыртқы міндетін оны орындалуынан бөліп көрсетеді.
Сонымен, абстракция –нысанның нақты қасиетін (шешілетін тапсырма шеңберінде маңызды саналатын) бойын сіңірген бұл таңбалы үлгі. Сондай-ақ, абстракция нысан қылығы мен күйін түзетін құрама элементтерді рұқсат етеді. Жоғарыда көрсетілген жүйе түсінігі шеңберінде түсіну үшін, яғни нысан нысан компаненттері байланысының нәтижесі болып табылатын нақты мінездемемен және абстракциямен сипаталынады. Абстракция қапшықтанған нысан компанеттерінің байланысы нәтижесінде пайда болған эмергентті қасиетке ие болуы тиіс деген тұжырым әбден мүмкін.
Иерархия – бұл абстракцияның реттілігі немесе бағынуы.
Типтік – бір типті нысанның екіншіге алмасуына кедергі жасайтын немесе мұндай алмасуды қатаң шектейтін механизм.
Қатарлық – белсенді нысанды белсенді еместен ажыратып тұратын қасиет.
Қатар нысан – көп ағынды ортада жұмыс жасай алатын белсенді нысан.
Нысан бұзуға келмейтін, нақтырақ айтса – бұзуға болмайтын тұтастылыққа ие. Нысан күйін өзгерте алады, басқарылады немесе басқа нысанмен белгілі қатынаста бола алады. Басқалай айтсақ, нысан қасиетін және қылығын сипаттайтын қасиет, өзгеріссіз қалады.
Нысан және санаттар – бұл өте тығыз байланысқан, бірақ бір – бірінен өзгеше түсініктер. Әрбір нысан қандайда бір санаттың нұсқасы болып саналады; санат нысанның кез келген санын түзе алады. Көп тәжірибелік жағдайда санаттар тұрақты, яғни бағдарлама құрастырғанда олардың барлық ерекшелігі мен құрамы анықталып қойылады. Нысанның өзі керісінше бағдарлама орындалған кезде жасалынып, жойылып отырады. Жүйеде бөлініп алынған санат пен нысан сапасына баға беру үшін, келесі бес белгіні ұсынуға болады: байланыстық, жеткіліктік, толықтық, іліністік, қарапайымдылық.
Іліністік жеке модульдер арасындағы байланыс тереңдігі дәрежесін анықтайды. Модульдер арасында қатты байланыс болатын жүйені қабылдау және түрлендіру қиын. Жүйе күрделілігін төмендету жеке модульдер арасындағы іліністі азайту жолы арқылы іске асады.
Толықтық - абстракцияның барлық сипаттамасы санаттың барлық интерфейсті бөлігінде болуы деп қарастырылады. Қарапайымдылыққа абстракцияның ішкі бөлігін іске асыруға мүмкіндігі бар операциялар жатады.
Санатты және нысанды бөлу – бағдарлама жүйесінің негізгі абстракциясын декомпозиция процессі кезінде іске асатын бағытталған-нақты талдаудың ең күрделі міндеті.
Қайтабұйымдау бағдарламалық қамтамассыз етуді жобалауда және бағытталған – нақты талдауда орталық орын алады.
Бағытталған-нақты қайтабұйымдау дегеніміз пән саласының лайықты нысанына жүйені бөліктерге бөлу процессі. Бағытталған-нақты талдауды тәжірибелік тұрғыда қолдану оның қайтабұйымдалуына әкеледі, бұл жағдайда қажетті әрекетті қамтамассыз етуде келісілген әрекет жасайтын әлем нысан жиынтығы есбінде қарастырылады.
Қайтабұйымдау немесе бөлу келесі жағдайларда қолданылады, жаңа жүйе жобаланғанда немесе бар жүйе қарастырылса. Мұндай жағдайда жүйелеудің екі негізгі түсінігі пайдаланылады: талдау және жинақтау жүйесі. Талдау міндеті болып жүйенің берілген қасиетіне орай параметр мәні және оның құрылымына байланысты жүйе қасиеті мен әрекетін зерттеу саналады, жинақтау міндеті болып жүйенің берілген қасиетіне орай параметр мәнін және құрылымын таңдау болып саналады.
Қазіргі кезде күрделі жүйені жинақтаудың ресми әдісі жоқ. Бұлай болу негізінен мүмкін емес шығар, себебі күрделі жүйе жинақталуы жағдайдың ұдайы өзгеруіне байланысты нақты математикалық үлгімен сипаттауға келмейтін шартта жүреді. Сондықтан барлық жерде тәжірибеде талдау арқылы жинақтау қолданылады, яғни жүйенің кейбір құрылымы тәжірибелік тұрғыдан алынады, содан кейін ол талданады да құрылымы түрленеді немесе параметірі өзгереді, содан кейін анализ жасалады осылайша қажетті нәтиже шыққанша жасалынады.
Күрделі бағдарламалық жасақтама жасалған жағдайда жинақтау әдісінің міндеті болып саналатын талдау арқылы жинақтау шешіледі. Бір жағынан қараса жаңа құрылым жасау міндеті немесе жаңа абстракция жасау міндеті шығармашылыққа жатады, екінші жағынан бұл процессте көмектесетін жалпы ережелер бар.
Жалпы түрде жүйенің функционал тиімділігін көрсететін теңдік.
А = F(a1, а2, а3,…, an),
Мұнда: А – жүйенің негізгі мақсатын іске асыру сапасын көрсететін көрсеткіш (мысалы, жүйенің қандайда бір қасиеті или эмергентті қасиет), a1, а2, а3,…, an – аталмыш жүйе сапасына тәуелді параметрлер.
Тағайындалған функционалды түсіндіру мақсатында ақша ағымының төлемпаздығы ұлғайған есепті қарастырайық. А – ақша ағымының төлемпаздығы. Аталмыш есепті шешіп отырған адам жауап беретін бірінші сұрақ – ақша ағымының төлемпаздығы неге тәуелді? Түсінікті болу үшін екі құрамдас элементті қарайық: теріс және оң ақша ағыны. Берілген жүйе қасиетіне әсер ететін қасиетті бөліп қарастырайық, мысалы оң ағымда – ақшалай қаражаттың келу жиынтығы (бұл а болсын), ал теріс ағында – ақшалай қаражатты төлеу (b).
Яғни, жүйе сапасының артуы үшін (А) а және b көрсеткіш мәндері қажетті нәтиже беретін қаралған элементтер жүйесінің жинақтау мүмкіндігін қарастыру қажет. Бұл талдау арқылы жинақтаудың анық мысалы.
Әрине ақша ағынының төлемпаздығының ұлғаюын қарастыруда күрделі көрсеткіш комплексін алған дұрыс. Сонымен бірге аталмыш параметрлердің функционалдық тәуелділігін ескерген дұрыс және басқада ескерілмеген параметрлер әсерін де ұмытпаған дұрыс. Талданып отырған жүйе сапасы А-ға ескермеген параметрлердің бірі көп әсер етуі ықтимал.
Сонымен декомпозиция ережесі келесі негізгі сатыыларды орындауда болып табылады.
• алға қойған тапсырманы шешу үшін маңызды жүйе қасиетін анықтау
• жүйе қасиетін бөлуге әсер ететін жүйенің құрамдас бөлігі мен қаситеттерін іздеу.
Декомпозиция қарастырылып отырған жүйенің қарапайым құрамдас бөліктері мен оның жүйе бөлігі бөлініп алынғанша созылады. Мұнда «қарапайымдылық» – субъективті көрсеткіш болып саналады, яғни әрбір аналитик өзіне жүйені қаншалықты бөлу керектігін анықтайды және оның жүйе бөлігін құрамдас элементтерге бөлуді де. Бөлінген элементтер және қасиеттер жиынтығы түрінде қарапайым сипатталуы, қойылған тапсырманы орындауда қажетті болып абстракция саналады.
Бұлай жасау жүйенің логикалық қаңқасын құрайды: берілген абстракциядағы нақты жүйе нысанын сипаттайтын санаттар құрылымын. Талдаудың келесі фазасында негізгі абстракция мен механизмдердің әрекетіне назар аударылады, сонымен бірге физикалық ұсынылымына. Талдау процесіндегі шешімдер жүйе архитектурасын, процестер архитектурасын және үлгі архитектурасын береді.

Қорытынды сұрақтар


1. «Таза қаржы ағыны» түсінігінің мағынасы неде?
2. Қаржы ағыны талдауында қандай негізгі әдістер қолданылады?
3. Қаржы ағынының төлемпаздық коэффициенті қалай есептелінед?
4. Қаржы ағынын тікелей бағалау әдісі неге негізделген?
5. Қаржы ағынын жанама бағалау әдісінің негізі неде?
6. Төлемпазды қаржы ағынының алгоритімі деген неде?
7. Қаржы ағынын деңгейлес талдау неге негізделген?
8. Қалыптамалық теңгерім құрылу сатысыне не кіреді?
9.Қаржы ағыны тиімділігін талдау шеңберінде қандай коэффициенттерді қарастырады?
10. Мекемедегі қаражаттың айналымдылық коэффициентін қалай анықтайды?
11. Таза табыстан қаржы ағынының ауытқуына әсер ететін факторларды қалай жіктеуге болады?
12. Дюпон үлгісінің негізі неде?
13. Мекеменің сыртқы әлеуеттік мүмкіндігі неге негізделген?
14. SWOT-талдауы қандай сатылардан тұрады?
15. Бағытталған-нақты декомпозиция дегеніміз не?

Тест
1. Мекеменің ақша қаражаты қозғалысының есебінде кіріс және шығыс толық көрсетілген, олар есеп жасау нәтижесі аралығында түзілген:


а) операциялық, қаржылай және инвестициялық қызметі кезінде;
б) өндірістік-жүзеге асыру қызметі кезінде;
в) инновациялық, инвестициялық және қаржылай қызмет кезінде;
г) операциялық, инвестициялық және қаржылай қызмет.
2. Ақшалай қаражаттың қозғалысы жайлы есеп келесі екі әдіспен жасалады:
а) тікелей әдіс жәнеесептеу әдісі;
б) тікелей және жанама әдіс;
в) қарапайым және талдау;
с) математикалық және аналитикалық.
3. Өнімді алудан түсетін ақша қаражатына жатады:
а) инвестициялық қызмет;
б) оерациялық қызмет;
в) қаржылай қызмет;
г) барлық жауап дұрыс.
4. Кірістік қаржы ағыны дегеніміз:
а) есеп беру кезеңінде түскен ақша мөлшері;
б) есеп беру кезіндегі таза ақша ағыны;
в) есеп беру кезеңіндегі ақша шығынының мөлшері;
г) есеп беру кезеңіндегі ақшаның таза кетуі.
5. Шығыс ақша ағыны дегеніміз:
а) есеп беру кезеңінде түскен ақша мөлшері;
б) есеп беру кезіндегі таза ақша ағыны;
в) есеп беру кезеңіндегі ақша шығынының мөлшері;
г) есеп беру кезеңіндегі ақшаның таза кетуі.
6. Ұзақ мерзімді активтердің және негізгі қаражатты алу кезінде қаражаттың шығуына жатады:
а) инвестициялық қызмет
б) операциялық қызмет;
в) қаржылай қызмет;
г) барлық жауап дұрыс.
7. Акция сатылымы және өз қорындағы бөліктерді сату кезінде түскен қаражат:
а) инвестициялық қызмет
б) операциялық қызмет;
в) қаржылай қызмет;
г) барлық жауап дұрыс.
8. Қаржы қызметі нәтижесіндегі ақшалай қаражат қозғалысы дегеніміз -
а) алынған қарыздар;
ә) басқа да төлемдер;
б) қарыздардыөтеу;
в) меншіктікапиталдың түсуі;
г) дивиденд төлемі.
9.Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы - бұл:
а) пайыздар алу;
ә) қаржылық инвестицияны іске асыру;
б) дивиденд түсімі (алу) ;
в) ұзақмерзімдіактивтердісатыпалу;
г) барлықжауапдұрыс:
10.Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы - бұл:
а) қысқа мерзімді міндеттемелердің өзгеруі (ұлғаюы немесе азаюы);
ә) пайыздар төлемі;
б) табыс салығы;
в) сатып алушылардан түскен ақша;
г) жабдықтаушыға ақша аудару.
11. Жанама әдіспен ақша қаражатының қозғалысын бағалау:
а) Әр түрлі қызметке айланыты ақша қаражатының кірісін (шығысын) анықтау;
ә)қаржы нәтижелері мен ақша қаражатының қозғалысы арасындағы өзара байланыстыанықтау;
б)ұйымныңқаржылықнәтижесінанықтау.
12. Саудадан түскен ақша ... болып табылады:
а) қаржылық қызмет;
ә) операциялыққызмет;
б) инвестициялыққызмет.
13. Негізгі құралдарды сатып алуға байланысты ақша қаражатының қозғалысы келесі қызмет түріне жатады:
а) қаржылық;
ә) операциялық;
б) инвестициялық.
14. Жанама әдісті қолданған кездегі ақша ағынының бағасы түзетіледі:
А) дебиторлық қарыздың қалғаны;
ә) кезеңсоңындақолма-қолақшақалдығыныңсомасына;
б) қаралыпотырғанкезеңішіндегі таза пайданыңсомасын.
15. Қарастырылып отырған кезең үшін ақша қаражаттарының таза ағынын бағалау үшін ұйым келесі деректерді пайдаланады:
а) бухгалтерлік баланс;
ә) пайда мен шығын туралы есеп;
б) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет