Джаншанло Р. Е


Қаржылық нәтиженің құрамы мен серпінін талдау



бет61/73
Дата27.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#484563
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73
annotation101972 2

6.2. Қаржылық нәтиженің құрамы мен серпінін талдау

Ұйымның қаржылық нәтижесінің қызметін талдаудың негізгі мақсаты ретінде үш көрсеткішпен көрсету ұтымды: өткізімнен кіріс, салық салу мен таза кіріске дейінгі көрсеткіш. Кірісті қай көрсеткішпен көрсету керектігін сарапшы өзі таңдайды.


Ұйымның кіріс серпінін көрсету негізінде 2 формалы «Шығын мен кіріс есебі» деректемесіне сүйене отырып үш жылдық кезеңге талдау жасайық. 44 –кестенің деректерінде 1-ші жылда кірістің салық салуға (2,09%) дейін күрт төмендеуін көруге болады, дегенмен бірлестіктің қосымша салығының есебінен таза пайда 23,26% (100 - 76,74) дейін төмендеген.
44 – кесте Ұйымның кіріс серпіні көрсеткіші
(мың. теңге)

Көрсеткіштер



1-ші жыл

2-ші жыл

3-ші жыл

Жылдың басында

Жылдың аяғында

%-бен жоспарлы

Жылдың басында

Жылдың аяғында

%-бен жоспарлы

Жылдың басында

Жылдың аяғында

%-бен жоспарлы

Өнім өткізуден түскен ақша

117144

158476

135,28

158476

178020

112,33

178020

212544

119,39

Өнімнің өзіндік құны

104412

145584

139,43

145584

163780

112,50

163780

209208

127,74

Өткізімнен түскен кіріс

12732

12892

101,26

12892

14240

110,46

14240

3336

23,43

Қосымша (операциялық) кірістер

10544

7012

65,50

7012

11792

168,17

11792

7796

66,11

Қосымша (операциялық) шығыстар

9860

6900

69,98

6900

11152

161,62

11152

7696

69,01

Қосымша (операциялық) кірістер

0

0

0

0

125

0

125

184

147,20

Қосымша (операциялық) шығыстар

134

0

0

0

170

0

170

400

235,29

Салықтан түскен түсім

13282

13004

97,91

13004

14835

114,08

14835

3220

21,70

Бірлестік қосымша салығы

0

3120

0

3120

3692

118,33

3692

784

21,23

Таза кіріс

13282

9884

74,42

9884

11143

112,74

11143

2436

21,86

Өткізімнен түскен кіріс шектен тыс 12732-нан 12892 мың теңгеге дейін өнім өткізуден түскен ақша есебінен ұлғайды, ол өнімнің өзіндік құнының өсуімен де жетеленді. Дәл осындай үрдіс 2-ші жылы да қайталанды, бұл кезеңде өнім өткізуден түскен ақша мен өнімнің өзіндік құны бір мезетте теңбе-тең өсіп отырды.
Ал 3-ші жылы өнім өткізуден түскен ақша ұлғайды ( 212544 мың теңгеге дейін), дегенмен өткізімнен түскен кіріс өнімнің өзіндік құнынының ұлғаюы есебінен 3336 мың теңгеге дейін төмендеді (2-ші жылы 163780 мың теңгеден бастап 3-ші жылы 209208 мың теңгеге дейін). Мұндай жағдайды өнімнің өзіндің құнының мүмкіндіктерін шығару мен шығынның құрылымын талдауға тура келеді.
Кірістің салық салуға дейінгі шамалы өсуі операциялық сипаттар, эффектердің қосымша шығындар шамаларының төмендеуімен байлнысты, бірақ та 3-ші жылы біртектес кірістердің төмендеуі жүзеге асқандықтан айтарлықтай әсер етпеді.
2-ші жылы пайданың салық салу мен таза кіріске дейінгі бір мезеттегі өсімі байқалды. Қосымша кірістердің өсімі қосымша шығыстардың өсуіне байланысты болды.
Жалпы қорытындылай келетін болсақ, 2-ші жыл алдыңғы және 3-ші жылдарға қарағанда қолайлылау болып келді. Көрсеткіштердің тербелістерінде күрт өзгерілер мен ұйымнын басқа да құрылымдарында қолайсыздықтар байқалған жоқ. Дегенмен, 2-ші жыл үрдісі кірістің салық салуға дейінгі тұрақты өсуі мен таза кірістің 3-ші жылға дейін сақталуымен ерекшеленеді.
Ұйым кіріснің абсолютті ұлғаюы әрқашан өндірістің тиімділігін көтеруді объективті көрсетпейді. Егер кіріс абсолютті шама көрсеткіші, табыстылық өндірісстің салыстырмалы қарқындылық көрсеткіші. Ол ұйымға енген немесе басқа да қаржылық операциялық жолмен келген әрбір теңгеден алынған көрсеткішпен сипатталады.
Табыстылықтың көрсеткіші пайданың өндіріс қорлар бағасына қатынасы ретінде саналады, ол кіріс деңгейін бағалау үшін жеке кәсіпкерлік тәжірибеде қолданылады.
Жалпы табыстылықтықтың экономикалық көрсеткіші (өндірістік қорлардың табыстылығы) ресми түрде экономикалық табыстылық активінің көрсеткіші ретінде тасымалданады. Бұл көрсеткіш ұйым қызметінің бірден бір маңыздылығын көрсететін көрсеткіш болып табылады.
Активтің экономикалық табыстылығы (Rэ) келесідей формуламен көрсетіледі:
Rэ = (Пт / ВБ) · 100%,
мұндағы: Пт – таза кірістің сомасы; ВБ – ұйым активінің немесе валюта балансының сомасы. Бұдан басқа активтердің табыстылығы ұйымның жеке кәсіп қызметі талдау барысында өнімнің табыстылығы пайданың өндіріс қорлар бағасының өзіндік құнға қатынасы ретінде кеңінен қолданады. Табыстылықтың бұл көрсеткіші ішкі шаруашылық сараптау есептерінде, өнімнің жеке түрлерінің кірісін (шығысты) бағалау есептеулерінде, тиімсіз заттарды өндірістен алып тастау барысында қолданылады.
Ұйымның табыстылық қызметі көбінесе баланс пассивінің құрылымына, негізінен жекеменшік пассиві мен қарыз қаражатына тікелей байланысты. Тәжірибелер көрсеткендей, бірдей экономикалық табыстылық кезінде жеке қарыз қаражатының түрлі табысы орын алуы мүмкін. Бұл дегеніміз ұйым қарыз қаражатты қолданған кезде бір жағынан, оларға төлеу керек ол таза кірістің азаюына әкеліп соғады. Бірақ екінші жағынан жеке қаражаттың сомасынан аз болуы да мүмкін және оның қолданыс тиімділігін арттыруы ғажап емес.
Өнімнің табыстылығы келесі формуламен есептеледі:
R = (П / С) · 100%,
Мұндағы: R –өнімнің табыстылығы; П – Өткізімнен түскен кіріс С – Өнімнің жалпы өзіндік құны
Ұйымның экономикалық мақсаттылығы мен нәтижелерін функциялау табыстылық көрсеткішімен өлшенеді, 45- кестеде көрсетілген:

45- кесте – ұйым табыстылығының негізгі көрсеткіштері:



Көрсеткіштер

1-ші жылдың басына дейін

2-ші жылдың басына дейін

3-ші жылдың басына дейін

4-ші жылдың басына дейін

Cалық төлеуге дейінгі кіріс, мың теңге

13282

13004

114835

3220

Бірлестікті табыс салығы, мың теңге

0

3120

3692

784

Есеп мерзімінің таза кірісі (шығыс) , мың теңге

13282

9884

11143

2436

Активтердің орташа жылдық бағамы (валюта балансының орташа жылдық шамасы), мың теңге

97884

102052

105668

99700

Жеке капиталдың орташа жылдық бағамы, мың теңге

44212

44264

44480

38460

Өнім өткізуден түскен ақша, мың теңге

117144

158476

178020

212544

Активтердің экономикалық табыстылығы, %

13,57

9,69

10,54

2,44

Жеке капиталдың табыстылығы, %

30,04

22,33

25,05

6,33

Өткізімнен түскен өнімнің табыстылығы, %

12,19

8,85

8,69

1,59

Таза табыстың теңгерім (актив) валютасына қатынасы ретінде есептелінетін активтердің рентабелділігі коэффициенті, ұйым активтерінің әрбір теңгесі қандай пайда әкелетінін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер, ұйымның бәсекеге қабілеттілігін көрсететін маңызды белгілердің бірі. Алынған мәліметтерге сәйкес, ұйымның бәсекеге қабілеттілігі 1-ші жылдың аяғында кенеттен төмендеп кеткен, алайда оң үрдіс ретінде 2-ші жылдың аяғында бұл көрсеткіштердің артқанын айта кету қажет, бірақ бұл үрдісті сақтап қала алмады, және 4-ші жылдың басына қарай активтердің рентабелдік коэффициенті 2,44% дейін төмендеді.


Меншікті капиталдың рентабелдік коэффициенті, таза табыстың меншікті капиталдың орташа жылдық бағасына қатынасы түрінде есептелінеді. Бұл инвестицияланған меншікті капиталдың әрбір теңгесі қандай пайда әкелетінін көрсететін көрсеткіш. Жүргізілген есептеулерге сәйкес, меншікті капиталды қолдану тиімділігі, 1-ші жылдың соңындағы сәйкес көрсеткіштермен салыстырғанда, 2-ші жылдың аяғына қарай 2,72% (25,05 - 22,33) дейін артқан. Бұл көрсеткіштің 4-ші жылдың басына қарай 6,33% дейін бірден төмендеуі, қарастырылып жатқан ұйымда кейбір қиындықтардың бар екендігін көрсетеді.
Өткізім рентабелдігінің коэффициенті таза табыстың өткізілімнен түсетін кіріске қатынасы ретінде есептелінеді. Бұл көрсеткіш, өткізілген өнімнің ақшалай бірлігі таза табыстың қанша ақшалай бірлігін әкелгенін көрсетеді. Берілген көрсеткіштің төмендеуі кері үрдіс болып табылады..
Келтірілген көрсеткіштер нормативті мәндерге ие емес, көптеген себептерге тәуелді және әртүрлі саладағы, көлемдегі, актив құрылымы мен қаржыландыру көздері болатын ұйымдар бойынша айтарлықтай өзгеріп тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет