6.3. Табыс көрсеткіштерін себепкерлік сараптау
Ұйым табысының негізгі көзі қарапайым қызмет түрлерінен келеді, оған өнімді өткізілімнен түскен пайданы да жатқызады. Өнімді өткізуден түскен пайда, жалпы, бірінші деңгейлі бағыныштылықтың төрт факторына байланысты: өнімді өткізу көлемі (Q); оның құрылымы (УДi); өзіндік құны (Сi) мен орташа өткізілген бағалар деңгейі (Рi).
Өнімді өткізу көлемі, пайда суммасына оң және теріс әсер етуі мүмкін. Рентабелді өнімді өткізудің көлемін арттыру табыстың пропорционалды түрде артуына әкеледі. Егер өнім шығынды болатын болса, онда өткізу көлемін арттырған кезде табыс суммасы азаяды.
Өнім құрылымы табыс суммасына оң және де теріс әсер етуі мүмкін. Егер өнімді өткізудің жалпы көлеміндегі өнімнің рентабелдігі көбірек түрлері артатын болса, онда табыс суммасы артады, және керісінше, рентабелдігі төмен немесе шығыны көп өнімнің меншікті салмағы артатын болса, жалпы табыс суммасы азаяды.
Өнімнің меншікті құны және табыс бір біріне кері пропорционал болып келеді: баға деңгейі артқан кезде табыс суммасы артады және керісінше.
Сараптама жүргізу ыңғайлы болу үшін соңғы үш жылда түскен пайда мен шығындар туралы есеп мәліметтерін 46 кесте түрінде көрсетейік. .
Өнімді өткізуден түсетін пайдаға себептік әсер етуді формалды түрде есептеу әдістемесі алты кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде өнімді өткізуден табыстың жалпы өзгерісін есептеу жүргізіледі:
ΔП = П1 - П0,
мұндағы: П0 – жыл басына келетін табыс; П1 – жыл соңындағы табыс.
Жалпы 1-ші жыл ішінде өткізілімнен түсетін пайда 160 мың теңгеге, 2-ші жылы - 1348 мың теңгеге дейін артқан. 3-ші жыл ішінде өткізілімнен түсетін пайда 10904 мың теңгеге азайды.
Екінші кезеңде рөткізілген өнімді сатып жіберу бағасының табысқа әсері есептелінеді:
ΔП1 = ΣР1Q1 - ΣР0Q1,
мұндағы: ΣР1Q1 – жыл басындағы бағалармен есепті жылдағы сатылымы; ΣР0Q1 – жыл басындағы бағалармен жыл аяғындағы сатылымы.
Себепті сараптаманы жүргізу кезінде инфляция әсерін ескерген жөн. 3 жыл ішіндегі индекс-дефлятор 12 деңгей арасында өзгеріп тұрды. Ал қарастырылып жатқан ұйымдағы өткізілім бағасы базистімен салыстырғанда орташа шамамен 3,4 артқан.
Онда баға индексі
IP = (100 + 3,4 / 100 = 1,034,
мұндағы IP– баға индексі.
Демек, есепті жылдағы сатылымнан келген кіріс, сәйкес бағада келесіге тең болады:
В1 = В1 / IP,
мұндағы: В1 – сәйкестендірілген бағадағы сатылымнан түскен пайда; В1 – жыл аяғында өнім сатылымынан түскен пайда.
Сарапталып жатқан ұйым үшін сәйкестендірілген бағадағы кіріс:
• 2-ші жыл басына - В1 = 158476 / 1,034 = 153265 мың теңге;
• 3-ші жыл басына - В1 = 178020 / 1,034= 172166 мың теңгені құрайды.
Кесте 46 – Өнім сатылымынан түскен пайданы себепті сараптау үшін мәліметтер
(мың теңге)
Көрсеткіштер
|
1-ші жылы
|
2-шіжылы
|
3-шіжылы
|
Жыл басында
|
Жыл соңында
|
Өзгеріс
(+, -)
|
Жыл басында
|
Жыл соңында
|
Өзгеріс
(+, -)
|
Жыл басында
|
Жыл соңында
|
Өзгеріс
(+, -)
|
Өнім сатылымынан түсетін пайда
|
117144
|
158476
|
+41332
|
158476
|
178020
|
+19544
|
178020
|
212544
|
+34524
|
Өткізілген өнімнің меншікті құны
|
104412
|
145584
|
+41172
|
145584
|
163780
|
+18196
|
163780
|
209208
|
+45428
|
Сатылымнан түскен пайда
|
12732
|
12892
|
+160
|
12892
|
14240
|
+1348
|
14240
|
3336
|
-10904
|
Басқа (операциялық) табыстар
|
10544
|
7012
|
-3532
|
7012
|
11792
|
+4780
|
11792
|
7796
|
-3996
|
Басқа (операциялық) шығындар
|
9860
|
6900
|
-2960
|
6900
|
11152
|
+4252
|
11152
|
7696
|
-3456
|
Басқа (сатылымнан тыс) табыстар
|
0
|
0
|
|
0
|
125
|
+125
|
125
|
184
|
+59
|
Басқа (сатылымнан тыс) шығындар
|
134
|
0
|
-134
|
0
|
170
|
+170
|
170
|
400
|
+230
|
Салық салымына дейінгі пайда
|
13282
|
13004
|
-278
|
13004
|
14835
|
+1831
|
14835
|
3220
|
-11615
|
Ұжымдық табыс салығы
|
0
|
3120
|
+3120
|
3120
|
3692
|
+572
|
3692
|
784
|
-2908
|
Таза табыс
|
13282
|
9884
|
-3398
|
9884
|
11143
|
+1259
|
11143
|
2436
|
-8707
|
Демек, 2-ші жылы өнім сатылымынан түскен табыс 1-ші жылға қарағанда баға өсуі есебінен 5211 мың теңгеге артқан:
ΔВР = 158476 - 153265 = 5211.
3-ші жылы өнім сатылымынан келген табыс 2-ші жылмен салыстырғанда баға өсуі есебінен 5854 мың теңгеге артқан:
ΔВР = 178020 - 172166 = 5854.
Үшінші кезеңде өнім көлеміндегі өзгерістердің табысқа әсерін есептеу жүргізіледі (жоспарлы меншікті құны бойынша өнім көлемін бағалауда):
ΔП2 = П0 · (К1 - 1),
мұндағы: П0 – жыл басындағы табыс; К1 – өнім сатылымы көлемінің арту коэффициенті;
К1 = С1.0 / С0,
мұндағы: С1.0 – сәйкестендірілген бағадағы жыл соңындағы сатылған өнімнің нақты меншікті құны; С0 – жыл басындағы меншікті құны.
Осылайшы, 2-ші жылдың басындағы өнім көлемінің өзгеруі есебінен сатылымнан түсетін пайда өзгерісі 4436,77 мың теңгені құрады:
ΔП2 = 12732 · [(145584 / 1,034) / 104412] - 12732 = 4436,77.
3-ші жылдың басындағы өнім көлемінің өзгеруі есебінен сатылымнан түсетін пайда өзгерісі 1134,42 мың теңгені құрады:
ΔП2 = 12892 · [(163780 / 1,034) / 145584] - 12892 = 1134,42.
Төртінші кезеңде лөнім құрылымындағы өзгерістермен байланысты, өнім көлеміндегі өзгерстің табысқа әсерін есептеу жүргізіледі:
ΔП3 = П0 · (К2 - К1),
мұндағы К2 – жіберілетін баға бойынша бағалаудағы сатылым көлемінің өсу коэффициенті;
К2 = В1.0 / В0,
мұндағы: В1.0 – сәйкестендірілген бағадағы жыл соңындағы өнім сатылымы; В0 – жыл басындағы сатылым.
Осылайша, 2-ші жылдың басындағы өнім құрылымындағы өзгерістер есебінен, сатудан түскен пайда өзгерісі -511,83 мың теңгені аламыз:
ΔП3 = 12732 · [(158476 / 1,034) / 117144 - (145584 / 1,034) / 104412] = -511,83.
3-ші жылдың басындағы табыс өзгерісі -20,63 теңгені құрайды:
ΔП3 = 12892 · [(178020 / 1,034) / 158476 - (163780 / 1,034) / 145584] = -20,63.
Бесінші кезеңде өнімнің меншікті құнын азайтудан үнемдеудің түсетін табысқа әсері бағаланады:
ΔП4 = С1.0 - С1,
мұндағы: С1.0 – сәйкестендірілген бағадағы жыл соңындағы сатылған өнімнің нақты меншікті құны; С1 – жыл соңындағы сатылған өнімнің нақты меншікті құны.
2-ші жыл басында өнімнің 1 теңгесіне кететін шығынды арттыру -4787,09 мың теңгені құрады:
ΔП4 = (145584 / 1,034) - 145584 = -4787,09.
3-ші жылдың басында сатылымнан түсетін пайда өзгерісі -5385,41 мың теңгені құрады:
ΔП4 = (163780 / 1,034) - 163780 = -5385,41.
Алтыншы кезеңде оөнім құрамындағы құрылымдық ығыстырулар есебінен меншікті құнының өзгерісінің түсетін табысқа әсерін есептеу жүргізіледі.
ΔП5 = (С0 · К2) - С1.0.
Сарапталынатын ұйым үшін 2-ші жылдың басындағы құрылымдық ығыстырулар есебінен болған табыс өзгерісі -4189,78 мың теңгені құрайды:
ΔП5 = 104412 · [(158476 / 1,034) / 117144] - (145584 / 1,034) = -4189,78.
3-шы жылдың басындағы табыс өзгерісі сәйкесінше -233,94 мың теңгені құрайды:
ΔП5 = 145584 · [(178020 / 1,034) / 158476] - (163780 / 1,034) = -233,94.
Табыс бойынша жалпы ауытқу себептік әсерлер суммасы бойынша теңдестіріледі. 47 кестеден көрініп тұрғандай, табыс ауытқуына бағалық факторлар ең көп әсер еткен екен. Шамасы бойынша басты кері факторы ұйым шығындарының құрылымын өзгерту болып табылды.
Кесте 47 – Сатылымнан түскен пайданы себептік сараптау нәтижелері (мың теңге)
Көрсеткіштер
|
2-ші жылдың басында
|
3-ші жылдың басында
|
Табыс ауытқуы – барлығы,
|
+160
|
+1348
|
Соның ішінде:
|
|
|
- өнімді сату бағасын өзгерту
|
+5211
|
+5854
|
- өнім сатылымы көлемінің өзгеруі
|
+4436,77
|
+1134,42
|
- өнім құрылымының өзгеруі
|
-511,83
|
-20,63
|
- шығын деңгейін азайту (үнемдеу тәртібі)
|
-4787,09
|
-5385,41
|
- шығын құрылымын өзгерту
|
-4189,78
|
-233,94
|
47 кестедегі мәліметтер, өнімді сату бағасын және сатылым көлемін өзгертудің табыс суммасына оң әсер етуін көрсетеді.
Табыс суммасын арттыру қорлары әр өнім түріне қатысты анықталады. Олардың негізгі көздері өнім сатылымы көлемін арттыру, оның меншікті құнын азайту, өнім сапасын жақсарту, сатылымның тиімдірек нарығында сатылым жасау және т.б. болып табылады. (сурет 5).
Табыс суммасын арттыру қорлары
Өнім сатылымы Бағаны өсіру Өнімнің меншікті
көлемін арттыру құнын азайту
Өнім сапасын арттыру Сатылымның тиімдірек Қолайлырақ мерзімде
нарығын іздеу сатылым жасау
Сурет 5. Өнім сатылымынан түскен табысты арттыру қорларын есептеу сызбасы
6.4. Рентабелділіктің көрсеткіштерін факторлық талдау
Өндірістік қызметтін рентабельділік деңгейі (шығындарды өтеу) тұтастай ұйым бойынша есептелген, бірінші ретті үш негізгі факторға тәуелді: сатылған өнімнің құрылымының өзгеруінен, оның өзіндік құны мен орташа сату бағасынан. Бұл көрсеткіштің факторлық моделінің түрі мынадай:
R = Σ(Qжалп · УДi · Рi · Сi) / Σ(Qжалп · УДi · Сi),
где: Qжалп – табиғи өлшемдегі өнімді өткізу көлемі; УДi – i өнімінің құрылымы; Рi - i-өнімінің орташа сатылым бағасы; Сi - i-өнімінің өзіндік құны.
Тізбекті тәсілмен жалпы ұйым бойынша рентабельділік деңгейінің өзгеруіне факторлардың әсер ету есебін өткіземіз (48-кесте).
48кесте – Қызметтің рентабельділігіне факторлық талдау жүргізудің мәліметтері
Көрсеткіштер
|
жоспар
|
нақты
|
ауытқу
(+, -)
|
Жоспардың орындалуы, %
|
Сатылған өнім көлемі,дана
|
2000
|
2246
|
+246
|
112,30
|
Өнімді сатудан түскен түсім,мың.тг
|
158476
|
178020
|
+19544
|
112,33
|
Сатыліан өнімнің өзіндік құны,мың.тг
|
145584
|
163780
|
+18196
|
112,50
|
Сатылған өнімнен түскен пайда,мың.тг
|
12892
|
14240
|
+1348
|
110,46
|
Ұйым өнімнің бір ғана түрін өндіру себебінен, құрылымдық фактор есепке алынбайды.
Алынған мәліметтердің негізінде 49 кестені құрамыз,онда рентабельділік деңгейінің өзгеруіне әрбір фактордың әсерін көрсетеміз.
49 кесте - Қызметтің рентабельділік деңгейінің өзгеруіне факторлардың әсер етуін есептеу
көрсеткіштер
|
Есептеу шарттары
|
Есептеу тәртібі
|
Рентабельділік деңгейі, %
|
Сату мөлшері,мың дана
|
Бір дана өнімнің бағасы, тенге
|
Бір дана өнімнің өзіндік құны, тенге
|
жоспар
|
2000
|
79,24
|
72,79
|
[(Рж – Сж) · Qж / Cж · Qж] · 100%
|
8.86
|
шарт1
|
2246
|
79,24
|
72,79
|
[(Рж – Сж) · Qф / Cж · Qн] · 100%
|
8,86
|
шарт2
|
2246
|
79,26
|
72,79
|
[(Рн – Сж) · Qн / Cж · Qн] · 100%
|
8,89
|
нақты
|
2246
|
79,26
|
72,92
|
[(Рн – Сн) · Qн / Cн · Qн] · 100%
|
8,69
|
Сатылған өнім көлемінің өзгеруі есебінен пайдалылық (рентабельдік) дәрежесінің өзгеруі:
RQ = Rусл1 - Rпл = 8,86 - 8,86 = 0.
Өнім бірлігі бағасының өзгеруі есебінен пайдалылық дәрежесінің өзгеруі:
RР = Rусл2 - Rпл = 8,89 - 8,86 = 0,03%.
Өнім бірлігінің өзіндік құнының өзгеруі есебінен пайдалылық дәрежесінің өзгеруі: RС = Rф - Rусл2 = 8,69 - 8,89 = -0,20%.
Пайдалылық дәрежесінің жалпы өзгеруі:
R = Rф - Rпл = 8,69 - 8,86 = -0,17%.
Сол нәтижені әр фактор әсері есебіненөзгеруінің қосындысы ретінде алуға болады:
R = 0 + 0,03 + (-020) = -0,17%.
Алынған нәтижелер пайдалылық дәрежесінің артуы (көбеюі) бағаның орташа деңгейінің көтерілуне байланысты болғанын куәландырады.Бұйым бірлігі бағасының 72,79-дан 72,92-ге дейінөсуімен пайдалылық(табыстылық) 0,03% көтерілді. Сатылған өнімнің өзіндік құнының 18196мың теңгеге өсуі пайдалылық дәрежесінің 0,20% төмендеуіне әкелді.
Нәтижесінде пайдалылық дәрежесінің жалпы өзгеруі жоспармен салыстырғанда -0,17% құрады. Яғни, ұйым өнімді өндіру мен сатуға жұмсалған әр теңгеден жоспармен салыстырғанда 0,17 тиынға кем пайда тапты.
Бүтіндей ұйым бойынша есептелген өткізудің пайдалылық көрсеткішінің детерминантталған факторлық үлгісі келесі түрде болып келеді:
R = Σ(Qобщ · УДi · Рi · Сi) / Σ(Qобщ · УДi · Pi).
Ұйыммен қарастырылған жағдайларда өткізудің пайдалылық дәрежесі бағаның орташа деңгейі мен бұйым құнына (ұйым бір өнім түрін өндіреді) тәуелді болады.
R = Σ[Qi(Рi - Сi)] / Σ(Qi · Рi) = Σ[(Рi - Сi) / Рi].
Ұйымның өткізуінің пайдалылық дәрежесіне әр фактордың әсерін көрсететін 50-кестені құрамыз.
Кесте 50 – Өткізудің пайдалылық дәрежесінің өзгеруіне фактор әсерінің есебі.
Көрсеткіштер
|
Есептеу шарты
|
Есептеу тәртібі
|
Пайдалылық дәрежесі, %
|
өнім бірлігінің бағасы, теңге
|
өнім бірлігінің құны, теңге
|
жоспар
|
79,24
|
72,79
|
[(Рж – Сж) / Рж] · 100%
|
8,14
|
шарт1
|
79,26
|
72,79
|
[(Рн – Сж) / Рн] · 100%
|
8,16
|
Факт
|
79,26
|
72,92
|
[(Рн – Сн) / Рн] · 100%
|
8,00
|
Өнім бірлігі бағасының өзгеруі есебінен өткізудің пайдалылық дәрежесінің өзгеруі:
RР = Rусл1 - Rпл = 8,16 - 8,14 = 0,02%.
Өнім бірлігі құнының өзгеруі есебінен өткізудің пайдалылық дәрежесінің өзгеру:
RС = Rф - Rусл1 = 8,00 - 8,16 = -0,16%.
Пайдалылық дәрежесінің жалпы өзгеруі:
R = Rф - Rпл = 8,00 - 8,14 = -0,14%.
Сол нәтижені әр фактор әсері есебінен өзгеруінің қосындысы ретінде алуға болады:
R = 0,02 + (-0,16) = -0,14%.
Алынған нәтижелер пайдалылық дәрежесінің артуы (көбеюі) алдыңғы талдаудағыдай бағаның орташа деңгейінің көтерілуне байланысты болғанын куәландырады. Бұйым бірлігі бағасының 79,24-тен 79,26-га дейінөсуімен сатудың пайдалылығы (табыстылығы) 0,02% көтерілді.
Сатылған өнімнің өзіндік құнының 18196мың теңгеге өсуі пайдалылық дәрежесінің 0, 16% төмендеуіне әкелді.
Нәтижесінде пайдалылық дәрежесінің жалпы өзгеруі жоспармен салыстырғанда -0,14% құрады. Яғни, ұйым өнімді өндіру мен сатуға жұмсалған әр теңгеден жоспармен салыстырғанда 0,14 тиынға кем пайда тапты.
Теңгерімдік кіріс қарым-қатынасы ретінде аударылатын негізгі қаражат пен айналымдағы қаражаттың орташа жылдық бағасы жөніндеөндірістік капитал пайдалылығына талдау жүргіземіз (кесте 51):
R = П / (ОС + ОбС),
мұнда: ОС – негізгі қаражаттың орташа жылдық құны: ОбС – айналымдағы қаражаттың орташа жылдық құны.
Кесте 51 - Өндірістік капитал пайдалылығы дәрежесінің өзгеруіне факторлар әсерінің есебі
Көрсеткіштер
|
Есептеу шарты
|
Есептеу тіртібі
|
Пайдалылық дәрежесі, %
|
теңгерімдік кіріс, мың теңге
|
негізгі қаражаттың орташа жылдық құны, мың теңге
|
айналымдағы қаражаттың орташа жылдық құны, мың теңге
|
жоспар
|
13004
|
275785
|
19609
|
[Ппл / (ОСпл + ОбСпл)] · 100%
|
4.40
|
шарт1
|
14700
|
275785
|
19609
|
Пф / (ОСпл + ОбСпл)] · 100%
|
4,98
|
шарт2
|
14700
|
245797
|
19609
|
Пф / (ОСф + ОбСпл)] · 100%
|
5,54
|
Факт
|
14700
|
245797
|
19602
|
Пф / (ОСф + ОбСф)] · 100%
|
5,54
|
Теңгерімдік кіріс мөлшерінің өзгеруі есебінен пайдалылық дәрежесінің өзгеруі:
RП = Rусл1 - Rпл = 4,98 - 4,40 = 0,58%.
Негізгі қаражаттың орташа жылдық құнының өзгеруі есебінен пайдалылық дәрежесінің өзгеруі:
RОС = Rшарт2– Rшарт1 = 5,54 - 4,98 = 0,56%.
Айналымдағы қаражаттың орташа жылдық құнының өзгеруі есебінен пайдалылық дәрежесінің өзгеруі:
RОбС = Rф - Rусл2 = 5,54 - 5,54 = 0.
Өндірістік қызметтің пайдалылық дәрежесінің жалпы өзгеруі:
R = Rф - Rпл = 5,54 - 4,40 = 1,14%.
Сол нәтижені әр фактор әсері есебінен өзгеруінің қосындысы ретінде алуға болады:
R = 0,58 + 0,56 + 0 = 1,14%.
Жүргізілген талдаулар нәтижелерінен келесі қорытындыны шығаруға болады:
Пайдалылық дәрежесінің барынша артуы теңгерімдік кіріс мөлшерінің артуына байланысты болды. Кіріс мөлшерінің (14700 - 13004) 1696 мың теңгеге артуында пайдалылықтың дәрежесі 0,58% өсті.
Негізгі қаражаттың орташа жылдық құнының (245797 - 175785) 29988 мың теңгеге азаюы есебінен пайдалылықтың дәрежесі 0,56% өсті.
Айналымдағы қаражаттың орташа жылдық құнының мардымсыз азаюы пайдалылықтың өзгеруіне апармады.
Нәтижесінде пайдалылық дәрежесінің жалпы өзгеруі жоспармен салыстырғанда 1,14%. Яғни, ұйым өндірілген капитал құнының әр теңгесінен жоспармен салыстырғанда 1,14 тиынға артық пайда тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |