Джаншанло Р. Е


Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы



бет6/73
Дата27.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#484563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
annotation101972 2

Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы

Ұйым қызметінің қаржылық нәтижесін басқару бойынша шешім қабылдау және қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету ішкі және сыртқы ақпарат көздері арқылы қалыптасады.


Сыртқы ақпарат көздеріне жатады:

  1. Мемлекеттің жалпы экономикалық дамуын сипаттайтын көрсеткіштер. Бұл топтың көрсеткіштерінің ақпараттық жүйесі ұйымның функционалдандыру ортасындағы сыртқы шарттарды болжауға талдауға негіз болады. Бұл жеткен ортасаладағы көрсеткіштер деңгейіне бағыттала отырып табыстың өсу резервін анықтау, инвестициялық қызметті іске асыру, табысты басқарудың кешенді саясатын өңдеу кезінде қажет. Берілен топқа ұлттық табыс, таза табыс, ортасалалық табыс нормасы, банк пайыздарының орташа нормалары, табыс салығы ставкасы, инфляция буралы мәліметтер, Қазақстанның Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасы сияқты көрсеткіштер жатады.

  2. Нарық конъюктурасын сипаттайтын көрсеткіштер. Бұл топтың көрсеткіштер жүйесі баға саясаты және операциялық қызмет бойынша табыс аумағында шешім қабылдау және талдау, бағалау, қосымша капиталмен жұмыс істейтін шығынды анықтау, ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция портфелін құрастыру, қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды іске асыру үшін қажет. Бұл көрсеткіштер құрамына сату көлемі, бос нарықтық текше, баға және табыс бойынша икемділік, ұсыну уақыты мен сомасына тәуелді кредиттік пайыз жатады.

  3. Бәсекелестер мен серіктестіктердің қызметін сипаттайтын көрсеткіштер. Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштер жүйесі табысты қолдану және қалыптастырудың жеке аспектілерін жедел талдауға және басқару үшін қолданылады. Оларға шикізат, құрамдас материалдар, бәсекелестер өмінінің, ауыстырылатын өнімдер бағалары және бәсекелестер мен серіктестердің шаруашылық қызметінің рентабельділігі жатады.

Ішкі ақпарат көздеріне жатады:

  1. Ұйымның қаржылық есептілік көрсеткіштері. Бұл көрсеткіштердің ішінде келесілерді атап өтуге болады: жылдық жадпы табыстың массасы, сатудан табыс, салық салынғанға дейінгі табыс, таза табыс. Бұл көрсеткіштер негізінде табысты ағымдық жоспарлау және болжау, жалпы талдау жүргізіледі. Бұндай ақпараттың қайнар көзі қаржылық есептіліктің мәсілметтері болып табылады. Қаржылық есептілік көрсеткіштерінің артықшылығы олардың бірегейленуі болып табылады., бұл табысты қолдану және қаржылық есептің жеке сұрақтары бойынша алгоритм құрастыру және типтік талдау әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат жоғары деңгейдегі сенімділікті және оқиғаларды басқаруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ басқа ұйым көрсеткіштерімен салыстырмалылығы. Қаржылық есептіліктің кемшілігі ұйым бойынша жалпы ақпараттың жалпылығы, ақшалай өлшем бірлікте ғана көрсетілуіболып табылады;

  2. Басқару есебінің көрсеткіштері. Бұл есеп түрі жалпы қабылданған халықаралық тәжірибеде бухгалтерлік есеп стандарттарына өтумен байланысты дамыды. Ол оперативті басқару шешімінің ақпараттық базасын құрайтын қажетті барлық көрсеткіштерін есептеу жүйесін білдіреді. Басқару есебі ол тек ақшалай өлшем бірлікте ғана емес, натуралды өлшем бірліктегі көрсеткіштерден де тұрады. Басқару есебі кез-келген құрылымдық тұрғыда болуы мүмкін:

а) жауапкершілік орталығы бойынша (шығыс, табыс, пайда, инвестиция орталықтары)
б) қызмет түрлері бойынша (операциялық, инвестициялық, қаржылық)
в) өнім түрі бойынша (топтық номенклатура немесе жеке түрлері бойынша)
г) ресурс түрлері бойынша (материалды, материалды емес, қаржылық, еңбекті)
д) қызмет аймағы бойынша (егер ұйым үшін қызметтің аймақтық диверсификациясы тән болса) және т.б.
Қаржылық талдауды және басқару есебіндегі табысты басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құрастыру процесінде қызмет көлемін, шығын сомасы мен құрамын, алынатын табыстардың сомасы мен құрамын сипаттайтын көрсеткіштер қалыптастырылады;

  1. Нормативті – анықтамалық көрсеткіштер. Бұл көрсеткіштер жүйесінің негізін ұйым шегінде жасалған әртүрлі нормалар мен нормативтер құрайды - сан нормативтері, уақыт шығыны нормативтері, қызмет көрсету нормативі, шикізат мен материалдардың салыстырмалы шығындарының нормативі және т.б. Бұл көрсеткіштер жүйесі сол мемлекетте немесе сол салада қолданыстағы әртүрлі анықтамалық-нормативті көрсеткіштермен толықтырылады: амортизациялық аударымдар нормасы, резервтік қорға табысты аудару формасы, салық ставкалары, салықты төлеу уақыты, кредит үшін пайыздар және т.б.

Сыртқы және ішкі ақпарат көздерінен құралатын барлық қызығушылығын көрсететін көрсеткіштерді қолдану әр ұйымда мақсатқа бағытталған тек стратегиялық шешімді қабылдауға бағытталып қана қоймай, табыстың көлеміне әсер ететін барлық факторларын есепке ала отырып табысты құрудың тиімді ағымдағы және оперативті басқаруға да бағытталатын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құрастыруға мүмкнідік береді.
Қаржылық талдаудың ақпарат көзі болып қаржылық есептілік табылады. Қаржылық есептілікті қолдану созылмалы кезең ағымында жиі және қол жетімді жинақталатын ұйымның қызметі бойынша жалғыз ақпарат түрі болып табылатындығымен ақталады.
Қаржылық есептілік – ұйымның қаржылық және мүліктік жағдайы және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы мәліметтер жүйесінің бірыңғайлығы,ол сыртқы және ішкі пайдаланушыларға жалпы ақпаратты ұсыну мақсатында қаржылық есеп мәліметтері негізінде құрастырылады. Қаржылық есептіліктің ұйымның есепті кезеңдегі жұмысының нәтижесі мен шартын сипаттайтын барлық элементтері экономикалық көрсеткіштер жүйесі ретінде біртұтас өзара тығыз байланысты.
Қаржылық есептілікті қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ретінде қолданудың бірнеше артықшылығы бар. Оларға әртүрлі ұйымдар үшін есептілік нысанының бірдейлігі (бұл көрсеткіштерді есептеуде бір әдісті қолдануға мүмкіндік береді), ашықтығы (бұл ішкі пайдаланушыларға да, сыртқы пайдаланушыларға да ұйымды бағалау үшін есептілікті қолдануға мүмкіндік береді) жатады. Қаржылық есептілікті құрастыру міндетті және талдау жүргізу үшін қосымша шығындарды есептемейді.
Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы келесілерден тұрады:

  1. Бухгалтерлік баланс (1 нысан);

  2. Табыс және зиян туралы есептілік (2 нысан);

  3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік (3 нысан);

  4. Капиталдағы өзгеріс туралы есептілі (4 нысан);

  5. Түсіндірме хат (5 нысан).

Қаржылық талдау ең бірінші бухгалтерлік баланс мәліметтері бойынша жүзеге асады. Баланс белгілі уақытқа ұйымның мүлігінің, меншікті капиталының және міндеттерінің жағдайын көрсетеді. Барлық қаржылық есептілік нысандарының ішінде бухгалтерлік баланс ұйымың қаржылық жағдайын бағалау үшін, қор жағдайын сипаттау үшін, ақша қаражаттарының, инвестицияның бар болуы мен оларды есептеу үшін қажетті ұйым қызметі туралы мәліметтердің басым бөлігінен тұрады. Баланс капиталды бөлу тиімділігін, оның ағымдығы және күтілетін қаржылық қызмет үшін жеткіліктілігін бағалауға, қарыз көздерінің құрылымы мен көлемін және олардың тиімді қолдануын бағалауға мүмкіндік береді. Баланс мәліметтері меншік иесіне салынған капитал салымдарын басқару үшін, ұйым басқармасына талдау және жоспарлау кезінде, банк және басқа кредиторларға – қаржылық тұрақтылықты бағалау үшін қажет.
Қаржылық нәтижені талдау үшін ақпарат көзі болып табыс және зиян туралы есептілік табылады.
Қаржылық талдау үшін бұл нысандардың ыңгайлығы ең бірінші талдау үшін дайындалмаған мәліметтер негізінде ұйымның алдыңғы кезеңдер үшін есептілік көрсеткіштеріне салыстырмалы экспресс-талдау жасауға болады. Екіншіден, ұйымның қаржылық жағдайын талдау үшін арнайы автоматтандырылған бухгалтерлік бағдарламасының пайда болуы, есептілік нысанын құрастырғаннан кейін бағдарламадан шықпай дайын қаржылық есептілік негізінде қаржылық талдаудың орнатылған блогы арқылы ұйымға қарапайым қаржылық экспресс талдау жүргізеді.
Қаржылық есептілік мәліметтеріне ғана негізделетін қаржылық талдау сыртқы талдау сыпатында болады, яғни ұймның шегінен тыс оған қызығушылығы бар контрагенттер, жеке меншік иесі немесе мемлекеттік органдар жүргізетән талдаулар. Бұл талдау есептілік мәліметтері негізінде ғана болады, ұйым қызметі бойынша ақпараттың шектелген көлемінен ғана турады, ұйымның табыстылығы мен күйреуі туралы құпияларды ашуға мүмкіндік бермейді, бірақ есептіліктің сыртқы пайдаланушыларына ұйымның қаржылық жағдайын, оның іскерлік белсенділігі мен рентабельділігін коммерциялық құпия болып саналатын ақпаратты қолданбай-ақ объективті бағалауға мүмкін болады.
Қаржылық талдаудың толығырақ ақпарат көзі болып ішкі (жұмыс) бухгалтерлік құжаттар – айналым ведомосі және бас кітап, есетің бастапқы мәліметтері табылады. Бұл ақпарат көздері есептілік көрсеткіштерінің ішкі тенднециясын анықтауға мүмкіндік береді, мысалы ұйымның шаруашылық қызметі бойынша серіктестерімен дебиторлық және кредиторлық берешектерін тереңірек зерттеу үшін әр шаруашылық келіссөз есептілігінің жағдайы туралы мәліметтер.
Ішкі пайдаланушылардың қаржылық талдауы кезінде ұйымның қаржылық жағдайына әсер ететін ішкі өндірістегі факторларды анықтау мақсатында өзіндік құнды, аяқталмаған өндірісті, дайын өнімді құрастыру бойынша басқару есебінің аумағындағы жауапкершілік орталықтарының мәліметтері қолданылады. Қосымша салық құрылымын, бар және потенциалды ұйымның іскерлік байланыстарын зерттеу үшін хат алысуы, салық және есеп саясатының мәліметтері тартылады.
Бұл құжаттардағы ақпараттар қаржылық есептілік ақпараттарына қарағанда егжей-тегжейлі болып келеді, бұл қосымша аналитикалық мәліметтерін алуға және зерттеу тереңдігін ұлғайта отырып, негізделген қорытынды дайындауға мүмкіндік береді, сол сияқты әр ай сайын, бухгалтерлік есепті автоматтандыру кезінде оданда жиі оперативті талдау жүргізу мүмкіндігін ұлғайтады.
Қаржылық есепте ұсынылатын ақпараттардың негізгі талапы ол пайдаланушылар үшін пайдалы болуы керек, яғни бұл ақпаратты негізделген іскерлік шешімдерді қабылдау үшін қолдана алу мүмкіндігі.
Есептілік ақпараттарын құрастыру кезінде есептілікке қосылатын ақпараттарға белгілі бір шектеулер қолданылуы керек:

  • Табыстар мен шығындардың оптималды ара қатынасы, есепті құрастыру кезінде шығындар табыстармен өзара қатынаста болуын білдіреді, бұл мәліметтерді қызығушылығы бар пайдаланушылардан ұйым өндіреді.

  • Қауіпсіздік қағидасы есептілік құжаттары активтер мен табыстардың көтеріңкі бағалауын және міндеттемені төмендетіп бағалауға жол берілмеуі керек.

  • Құпиялылық, есептілік ақпараттары ұйымның бәсекелестік позициясына зиян келтірмеуі керек.

Бақылау сұрақтары:



  1. Қаржылық талдауға анықтама беріңіз, оның пәнін, объектісін атаңыз және оның ұйымдастырылуының ерекшеліктерін атап өтіңіз.

  2. Ұйымды басқару жүйесінде қаржылық талдау қайдай орынды алады?

  3. Ұйым қызметіне қаржылық талдау жүргізудің міндеттері қандай?

  4. Ішкі және сыртқы қаржылық талдаудың ерекшелігін, басқару және қаржылық талдаудың өзара байланысын анықтаңыз.

  5. Жалпы ұйым қызметін басқару жүйесіндегі қаржылық талдауды қандай қағида бойынша бөліп көрсетуге болады?

  6. Қаржылық және басқаруушылық талдаудың айырмашылығы қандай?

  7. Қаржылық талдаудың негізгі көрсеткіштерін атаңыз және аналитикалық ақпаратта олардың қажеттілігі мен мақсатын анықтаңыз.

  8. Ұйым қызметінің қаржылық талдауы қандай қағидаларға негізделеді?

  9. Қаржылық талдау түрлері.

  10. Сыртқы қаржылық талдаудың ерекшеліктері неде?

  11. Ішкі қаржылық талдаудың мақсаты қандай?

  12. Қаржылық талдау әдістерінің жіктелуі.

  13. Қаржылық талдаудың негізгі тәсілдері.

  14. Қаржылық талдау процесінде қандай негізгі ақпарат көздері қолданылады?

  15. Қаржылық талдау үшін қажет ақпараттарға қандай талаптар қойылады?

Тест сұрақтары:



  1. Дәстүрлі түсінікте қаржылық талдау – бұл:

а) ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігі мен нәтижелігін бағалайтын тәсілдер, шаралар және әдістер жиынтығы
б) ұйымды банкрот болды деп тану бойынша шешім қабылдау үшін төлем қабілеттілігі мен өтімділікті бағалау әдісі
в) ұйымның қаржылық жағдайын оның қаржылық есептілігі негізінде бағалау және болжау әдісі;
г) ұйымның болашақ уақытта функционалдандыру мүмкіндігі туралы нақты және шынайы көрініс беретін көрсеткіштер жүйесі.
2. Қаржылық талдау - бұл құрылымдық бөлім:
а) ұйымның шаруашылық қызметін талдау;
б) ұйымның қаржылық қызметін талдау;
в) ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін талдау;
г) өндірістік есептілікті талдау.
3. Ұйымды басқару жүйесінде қаржылық талдау қандай орынға ие?
а) тиімді басқару жүйесін қалыптастырады;
б) алдыңғы кезеңдегі қызмет тиімділігін бағалауға және болашақта шешім қабылдау үшін ақпаратмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
в) ұйымды басқару жүйесінің тиімділігін қалыптастырады;
г) барлық жауап дұрыс.
4. Сыртқы қаржылық талдау кезінде негізгі ақпарат көзі болып табылады:
а) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәліметтері;
б) өндірістік есептің оперативті мәліметтері, нормативтері;
в) арнайы зерттеулердің мәліметтері;
г) сметалар (бюджеттер).
5. Сыртқы қаржылық талдаудың ерекшелігі болып табылады:
а) зерттеу объектісі – ұйымның сыртқы контрагенттерімен қатынасы;
б) заңдық реттеу;
в) тәуелсіз аналитиктермен талдау жүргізу;
г) дұрыс жауап жоқ.
6. Зерттеу көлеміне байланысты қаржылық талдау бөлінеді:
а) салалық және ішкі;
б) жалпы және тақырыптық;
в) жалпы, тақырыптық және егжей-тегжейлі;
г) сыртқы және ішкі.
7. Қаржылық талдау пәні болып табылады:
а) қаржылық ресурстар және олардың ағымдары;
б) ақша қаражаттарының ағымдары;
в) тауар ағымдары;
г) инвестиция ағымдары.
8. Қаржылық талдау әдістері – бұл:
а) көрсеткіштер жүйесін және аналитикалық кестелерді құрастыру;
б) мемлекеттегі саяси жағдайдың әсерін бағалауға мүмкіндік беретін аналитикалық құралдар;
в) қаржылық ресурстар және олардың ағымдары;
г) теоретико-танымдық категориялар, қаржылық қызметті зерттеудің жиілік қағидаларының және зерттеу құралдарының жүйесі.
9. Қаржылық талдау кезінде зерттеледі:
а) материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстарды тиімді қолдану;
б) ұйымның бағалық саясатын;
в) ұйымның қаржылық жағдайын және оның қызметінің қаржылық нәтижесін;
г) жоғарыда айтылғандардың барлығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет