Джаншанло Р. Е


Қаржылық жағдайдың жалпы бағасы



бет9/73
Дата27.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#484563
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73
annotation101972 2

2.2. Қаржылық жағдайдың жалпы бағасы

Бухгалтерлік баланс ұйымның қаржылық жағлайын талдау үшін негіз ретінде қызмет етеді. Баланс қорытындысы баланс валютасы деп аталады және ұйымның қаржысының бағдарлы сомасын береді. Алайда ұйымның қаржылық жағдайының талдауы балансқа тікелей – еңбекті көп қажет ететін және нәтижесіз жұмыс, себебі есеп көрсеткіштерінің көп саны басты тенденцияларды анықтауға мүмкіндік бермейді. Баланстанудың негізін қалаушылардың бірі Н.А.Блатов ұйымның қаржылық жағдайын салыстырмалы аналитикалық баланстың көмегімен зерттеуді ұсынды.


Салыстырмалы аналитикалық баланс оның баптарын ірілендіру және оны құрылым көрсеткіштерімен толтыру жолыменжасалған алғашқы бухгалтерлік баланстан, есеп кезеңіндегі салымдар мен қаржы көздерінен жасалады. Аналитикалық баланстың міндетті көрсеткіштері:мерзімнің басы мен соңындағы бастапқы баланстың баптарының асболюттік шамалары; мерзімнің басы мен соңында баланс валютасындағы баланс баптарының үлесі; мерзім басындағы шамалардың проценттерде өзгеруі (баланс баптарының өсу жылдамыдығы);шамалардың проценттерде (құрылымдық өзгерістердің өсу жылдамдығы); баланс валютасы мен әрбір бабының бір пайызға өсуінің бағасы – мерзім басы мен соңындағы абсолюттік өзгерістершамаларының қатынасы.
Ұйымның қаржылық жағдайының жалпы бағасы үшін бухгалтерлік баланс баптарын жеке арнайы топтарға топтастыру қажет:
• өтімділіктің кему дәрежесі бойынша (активтер)
• төлем жеделдігі дәрежесі бойынша (пассивтер).
Салыстырмалы аналитикалық балансты әр түрлі жолдармен құруға болады.Әр түрлі бөлімдердің баптарының бірігуіне жол беріледі. Аналитикалық баланста тек актив және пассив негізгі бөлімдерін ұсынудың мағынасы бар.2 кестеде аналитикалық баланстың үлгілерінің бірі көрсетілген.
Кесте 2 – салыстырмалы аналитикалық баланс
(мың. тенге)

Көрсеткіштер

Жыл басы

Жыл соңы

Активтер

I. Қысқа мерзімді активтер
Ақша қаражаттары және олардың баламасы

-


10


Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

-

2160

Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер

25

104

Қорлар

546

935

Басқа қысқамерзімді активтер

9

2205

Қорытынды

580

5414

II. Ұзақ мерзімді активтер
Негізгі құралдар
Қорытынды

104
104



95
95



Баланс

684

5509

Пассивтер

III. Қысқа мерзімді міндеттемелер
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

100


2326


Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер

58

83

Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

93

1803

Қорытынды

251

4212

IV. Ұзақ мерзімді активтер

-

-

V. Капитал
Жарғылық капитал

100


100


Бөлінбеген пайда

333

1197

Қорытынды

433

1297

Баланс

684

5509

Салыстырмалы аналитикалық баланс аналитик баланспен танысқан кезде жасаған есептерді жүйелейді және біріктіреді. Аналитикалық баланстың сызбасы әдетте ұйымның қаржылық жағдайының статистикасы және динамикасын сипаттайтын көптеген маңызды көрсеткіштерді қамтиды. Бұл баланс іс жүзінде көлденең және тік талдаудың көрсеткіштерін қамтиды. Анатиликалық баланстан ұйымның қаржылық жағдайының маңызды сипаттамаларының қатарын тікелей алуға болады. Оларға келесілер жатады:


- баланстың соңғы жолында көрсетілген ұйым мүлкінің жалпы құны;
- баланстың І бөлімінің қорытындысына тең мобильді (қысқа мерзімді) активтердің құны;
- баланстың ІІ бөлімінің қорытындысына тең мобильді емес (ұзақ мерзімді) активтердің құны;
- материалды айналым құралдарының (қорлар) құны;
- баланстың ІІІ және ІV бөлімінің қорытындысына тең қарыздық құралдар шамасы;
-баланстың V бөлімінің қорытындысына тең ұйымның өзінің қаржысының шамасы;
-баланстың V және II бөлімдерінің қорытындыларының айырмасына тең өзінің айналым құралдарының шамасы.
Салыстырмалы аналитикалық баланс тік және көлденең талдау өткізген кезде қолданылады, ол талдауларда баланс құрылымы, оның жеке баптары мен бөлімдеріндегі өзгерістерінің тенденциясы, ұйым мүлкінің прогрессивтілік және оңтайлылық дәрежесі зерттеледі.
Ұйымның қаржылық жағдайының жалпы бағасын шартты түрде екі топқа бөлінетін баланстың «науқас» («ауру») баптарын анықтау негізінде жасауға болады:
1) есеп кезеңінде ұйымның аса қанағаттанғысыз жұмысын және соның нәтижесінде қалыптасқан нашар қаржылық жағдайды куәландыратын;
2) аналитикалық есеп мәліметтері бойынша анықталуы мүмкін ұйым жұмысының белгілі бір кемшіліктерін куәландыратын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет