Қаржылық талдаудың мақсаты, міндеті және түрлері
Қаржылық талдаудың мақсаты – қаржылық қызметтегі уақытысында жетіспеушіліктерді анықтау мен жою және ұйымның қаржылық жағдайын және оның төлем қабілеттілігін жақсарту резервтерін табу.
Қаржылық талдаудың міндеттер болып келесілер табылады:
Ұйым қызметінің рентабельділігін, қаржылық тұрақтылығын, өтімділігін анықтау.
Ұйымның мүліктік жағдайын бағалау;
Нарықтағы шаруашылық жүргізуші субъектінің жағдайын анықтау және оның бәсекеге қабілеттілігін сандық өлшеу.
Жоспарлы қаржылық шаралардың, бағдарламалардың, жоспарлардың және т.б. орындалу деңгейін бағалау.
Анықталған жетіспеушіліктерді жою үшін және қаржылық ресурстардың қайтарымдылығын жоғарылату үшін құрастырылған шараларды бағалау.
Қаржылық талдаудың мазмұндық жағы келесідей элементтерден (процедуралардан) тұрады:
Талдаудың нақты міндеттерін қою және айқындау;
Себеп-салдарлы байланысты қалыптастыру;
Оларды бағалау әдістері мен көрсеткіштерін анықтау;
Қызметтің нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтау және бағалау, мәнді факторларды іріктеу;
Теріс факторлардың әсерін жою жолдарын қалыптастыру және оң әсер ететін факторларды ынталандыру.
Қаржылық талдаудың пәні қаржыны басқару саласында ұйымның жеке бөлімшелерінің арасындағы қарым-қатынас болып табылады, сондай-ақ ұйымның сыртқы ұйымдармен қаржылық қатынастары.
Қаржылық талдаудың объектісі ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі болып табылады, сонымен қатар, келесідей өзгерумен байланысты процестер:
Ұйымның ресурстық базасы (жарғылық және қарыз капиталы);
Ұйым активтері (қысқа және ұзақ мерзімді);
Ұйым табыстары мен шығыстары;
Ұйымның ақша ағымдары және т.б.
Тәжірибелік жұмыста сыртқы және ішкі қаржылық талдау қолданылады.
Сыртқы қаржылық талдау ұйым үшін бөтен тұлға болып табылатын аналитик жүргізеді және сол үшін ішкі ақпараттық базаға қол жеткізе алмайды. Сыртқы талдау азырақ егжей-тегжейлі және көбірек нысандандырылған.
Талдау жүргізу кезінде негізгі акцент салыстыру әдістеріне жасалады, себебі қаржылық талдаудың сыртқы пайдаланушылары жиі таңдау жағдайында болады – қай зерттеліп жатқан ұйыммен қарым-қатынас орнату немесе қарым-қатынасты жалғастыру және қандай нысанда оны неғұрлым мақсаттырақ жасау.
Сыртқы қаржылық талдаудың сипатты ерекшеліктері келесідей:
Талдау субъектісінің жан-жақтылығы – ұйымның қызметі туралы ақпаратты пайдаланушылар;
Талдау субъектілерінің қызығушылығы мен мақсаттарының әртүрлілігі;
Типтік әдістердің, есеп және есептілік стандарттарының қолданылуы;
Ұйымның сыртқы, жарияланатын есептілігін ғана талдауға бейімделу;
Ұйымның жұмысы туралы ақпаратты қолданушылар үшін талдау нәтижелерінің максималды ашықтығы.
Ұйым серіктестері сыртқы қаржылық талдауды келесідей бағыттар бойынша жүргізеді:
Ұйымның қаржылық жағдайын жалпы бағалау;
Қаржылық тұрақтылықты, балан өтімділігін және төлем қабілеттілікті талдау;
Активтерді, меншік және қарыз капиталын тиімді пайдалануды талдау;
Абсолютті табыс көрсеткіштерін зерттеу;
Салыстырмалы табыс көрсеткіштерін талдау және т.б.
Ішкі қаржылық талдау ұйым қызметкерімен жүргізіледі. Бұндай талдаудың ақпараттық базасы анағұрлым кеңірек және ұйым ішінде айналатын және басқару шешімін қабылдау үшін маңызды ақпаратты енгізеді. Ішкі қаржылық талдау, сыртқы талдауды толықтыра отырып, ұйымның қалыптасқан қаржылық жағдайының себептерін, қысқа және ұзақ мерзімді активтердің қолдану тиімділігін, ұйым қызметінің көрсеткіштерінің өзара байланысын тереңірек зерттейді.
Талдау барысында ұйымның қаржылық жағдайында болып жатқан өзгерістер себептеріне және бұл жағдайды жақсарту бағытындағы шешімдерді іздестіруге көбірек көңіл бөлінеді. Бұл ретте, алдыға қойылған мақсатқа стандартты әдістер немесе басқа әдістерді қолдану арқылы жету маңызды емес.
Сыртқы талдауға қарағанда, ішкі қаржылық талдау ұйымды толық талдаумен ғана шектемейді, көп жағдайда ұйымның жеке бөлімшелері және бағыттары, сондай-ақ өнім түрлері бойынша талдаудан тұрады.
1 - кестеде қаржылық талдаудың екі тәсілі салыстырылып көрсетілген.
Кесте 1 – Сыртқы және ішкі қаржылық талдаудың сипаттамасы
Көрсеткіштер
|
Сыртқы талдау
|
Ішкі талдау
|
Мақсаты
|
Қаржылық жағдайды талдау (іріктеу мәселесі)
|
Қаржылық жағдайды жақсарту
|
Бастапқы деректер
|
Жарияланатын (стандартты) қаржылық есептілік
|
Қойылған міндетті шешуге қажетті кез-келген ақпарат
|
Әдістер
|
Стандартты
|
Қойылған міндетті шешуге сәйкес келетін кез-келген ақпарат
|
Акцент
|
Басқа ұйымдармен салыстыру
|
Себеп-салдарлы байланыстарды анықтау
|
Зерттеу объектісі
|
Толық ұйым
|
Ұйым, оның құрамдас бөлімдері, қызмет бағыты, өнім түрлері
|
Достарыңызбен бөлісу: |