Эргономиялық – бұл өнімнің тұтынушыға ыңғайлығы.
Биоз – шикізаттағы өмірлік процесстерді реттеу және оның табиғи
иммунитетін пайдалану.
Анабиоз – өсімдік шикізатының микроағзаларының өмір сүруін
физикалық, химиялық және биологиялық факторлар көмегімен баяулату.
Экстракция – сұйық немесе қатты қоспаларды ажырату, ол әр түрлі еріткіштермен өңдеуге негізделген, онда қоспа құрамдары бірдей ерімейді. Стерилизация – сыртқы қоршаған ортадан оқшауланып тығыз шөлмек
ыдыстарға қапталған өнімдерді микрофлораның дамуын тоқтату үшін
қыздыру.
Пастерлеу – сыртқы ортадан оқшауланған өнімдерді бір реттік
жылулық өңдеу, ол кезде микроағзалардың вегетативті формасы жойылады.
Ультрафильтрация – ақуыздық ерітінділерді, крахмалды және сүт пен
сүт сарысуы өндірісіндегі басқа да макромолекулаларды концентрлеу.
Кері осмос – өнімде ерітілген минералды заттарды, қантты немесе
тұзды алып тастау үшін қолданады.
Маринадтау – еттің жұмсақтығын арттыру және дәмін одан да
жақсарту мақсатында етті сұйық субстансаларда малып ұстау процесі.
Маринадтар өсімдік майы немесе су негізінде дайындалады және құрамында
әдетте қышқылдар мен дәмдеуіштер болады.
Ыстап сүрлеу– ет бөліктеріне құрғақ көмір түтінімен әсер ететін
процесс. Бұған қатты жынысты ағаш пайдаланылады, не болмаса сырт
жағынан ыстауыш сұйықпен өңделеді. Ысталып сүрленген өнімдердің дәмі
өте татымды әрі жарамдылық мерзімі ұзақ болады. Әдетте ыстау
шұжықтарды және дәмдеуіштер мен консерванттар қосылған басқа да
өнімдерді өндіруде пайдаланылады.
Өнімнің тағамдық құндылығы – адамның физиологиялық
қажеттілігін қажетті заттармен және қуатпен қамтамасыз ететін тағам
өнімдері қасиетінің жиынтығы.
Жартылай дайын өнімдер – алдын ала жылыту арқылы өңдеуге
дайындалған, шикі тағамдық азық-түлік. Олар еттен, балықтан, көкөністен,
ұннан және құс етінен дайындалады.