3
КІРІСПЕ
Технология – бұл өндіріс туралы ғылым. Тағам өнімдерінің технологиясы дайын
азық түлік тағамдары үшін әр түрлі шикізаттарды өңдеу үрдістері
мен әдістерін
оқытады.
Технология ғылымның жеке саласы ретінде, ірі машина өндірісінің дамуымен 18
ғасырда дами бастады. Дәстүрлі түрде технологияны механикалық және
химиялық
деп бөледі. Механикалық технология өңделетін материалдардың формалары мен
физикалық өзгерістері мен байланысты үдерістерді, ал химиялық – химиялық
айналымдарды оқытады.
Осыған сәйкес химиялық айналымдар өз кезегінде физикалық өзгерістерге алып
келеді. Физикалық қасиеттерінің өзгерістері өз кезегінде химиялық, кейде
биохимиялық айналымдармен байланысты. Сол себепті
технологияны механикалық
және химиялық деп бөлу ол шартты түрде ғана, олар бір-бірімен тығыз байланысты.
Химиялық технология жалпы түрде органикалық және органикалық емес заттармен
көрсетілген. Тағам технологиясы органикалық заттар технологиясының негізгі
тармағы. Тағам технологиясы білімнің қолданбалы
саласына жатады және басқа
технологиялардан мақсаттары, міндеттері мен оқу нысанына қарай ажыратылады.
Тағам технологияларының нысанына технологиялық желілер, ет және сүт, нан, шарап,
консерві тағам өнімдерін өндіру үдерістері мен операциялары жатады.
Тағам технологиясының пәні өзінің дамуы мен қалыптасуы үдерісіндегі
түсініктер, категориялар, принциптер, заңдарының жүйесінен тұрады. Сонымен бірге
тағам технологиясының пәніне өнімдер мен жартылай фабрикаттар мен үдерістерінің
айрықша
атаулары және олардың сапалық, сандық сипаттамаларын анықтау әдістері,
технологиялық үдерістердің (жылдамдық, тепе-теңдік ) жүруінің негізгі заңдылықтары
жатады.
Айта кету керек, тағам технологиясы пәнін құраушылар,
басқа ғылымдарда
қолданылуы мүмкін, бірақ осы салаға тән сипаты мен жалпы белгілері бар жүйелерге
біріктіріледі.
Технология - шикізатты дайын өнімге өңдеу әдістерінің жиынтығы, осы
әдістерді жетілдіретін ғылыми пән болып табылады. Тағам технологиясының жалпы
мақсаты мен негізгісі ассортименті кеңейту және жоғары
сапалы тағам өнімдерін
алудың тиімді әдістеріне зерттеме жүргізу.
Тағам технологиясы мәселелерінің негізгі мақсаттарына сәйкес мыналар кіреді:
- адамға толық қауіпсіздігін ескере отырып дайын тағам өнімінің қасиеттерінің
(сапасының) үйлесімділігі мен тапсырындылығын қамтамасыз ету;
- өнім өндіру үшін қоршаған орта мен адамға кері әсерін тигізбейтін үдерістерді
қолдану;
- технологиялық үдерістердің сенімді жүруі мен үйлесімді экономиялығын
қамтамасыз ету.
Тағам технологиясының жеке мақсаттары:
-
Тапсырысты сапалық сипаттамалары бар тағамдық өнімдерді алу үшін бар
шикізат түрлерінің жаңасын және
ең жақсысын қолдану;
-
Өңделетін шикізат пен жартылай фабрикаттарға мақсатты әдістер мен
құралдарының тиімді зерттемелерін жасау;
4
-
Өндірістік аудандарын,
құралдарын, энергияны тиімді экономикалық
қолдануды қамтамасыз ету;
-
Технологиялық үдерістер мен аппараттар есебінің және бағалау
әдістерімен қатар, технологиялық үдерістерді басқару және бақылау, жаңа әдістер мен
өлшеу құралдарын зерттемелеу, жаңа әдістерді жетілдіру.
-
Әр түрлі аналогтар теориясы негізіндегі (физикалық, математикалық және
т.б.) технологиялық үдерістерді модельдеу әдістерін жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: